Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 19:48, дипломная работа
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық істі қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процесуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтіру мен заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б) процесуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды.
КІРІСПЕ..................................................................................................................7
1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҰРГІЗУДЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі, олардың процесстегі орны мен рөлі.............................................................................................................................10
1.2 Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны...........................................................................................................28
1.3 Азаматтық іс жүргізу құқық мирасқорлық түсінігі және негіздері............47
2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ БІРІГІП ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕССТЕГІ ТИІСТІ ЖӘНЕ ТИІСТІ ЕМЕС ТАРАПТАР ТҮСІНІГІ
2.1 Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық түсінігі, саралануы ............51
2.2 Азаматтық іс жүргізудегі тиісті және тиісті емес тараптар түсінігі, оларды ауыстыру тәртібі........................................................................................................57
3. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
3.1. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалардың қатысуы және олардың түрлері.......................................................................................................................65
3.2. Азаматтық іс жүргізудегі прокурордың сот ісін жүргізуге қатысуы ........73
3.3. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының іс жүргізуге қатысуы ....................................................... ..........................................80
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................87
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ....................................................................89
Біріншіден, заң тараптардан сотқа олардың келмей қалған жағдайында келмей қалу себептері туралы хабарлауын және бұл себептердің сыйлы екендігін дәлелдеуді қатаң түрде талап етеді.
Екіншіден, егер талапкер істе өзі болмаған жағдайда қарай беруді өтінбесе және сотқа қайта шақырту бойынша келмесе, ал жауапкер істі мазмұны бойынша қарауды талап етпесе сот арызды қараусыз қалдырады. Бұл істің аяқталуына әкеледі. Ал егер талапкер өзі болмағанда істі қарай беруді өтінген не жауапкер бұндай өтініш болмағанда істі мазмұны бойынша қарауды талап етсе (бұл талапты қанағаттандырудан бас тартуы тиіс екеніне жауапкердің көзі жетіп тұрып және арызды қараусыз қалдырған жағдайда талапкердің сол талаппен қайта шағымдану құқығын сақтағысы келмесе өз құқықтарын жүзеге асыру үшін керек), онда істі сот қолдағы айғақтарға тсүйеніп, талапкер қатысуынсыз қарай алады.
Үшіншіден, егер жауапкер сот бекіткен мерзімде талапқа жазбаша түсініктеме бермеген және өзінің қарсылығына дәлелдемелер ұсынбаған болса, онда сот отырысына ол келмеген жағдайда бұл істегі бар айғақтар бойынша оны қарауға бөгет болмайды. Жоғарыда айтылғандай тараптар сотқа келмеген жағдайда ол туралы хабарлауы және келмей қалу себептері сыйлы екнін дәлелдеуге міндетті. Сот келесі жағдайларда істі жауапкердің қатысуынсыз қарай алады. Егер келмей қалу себептері туралы хабарлама болмаса, келмей қалу мәліметтер бар, бірақ сот оларды сыйлы емес деп мойындаса, жауапкер іс бойынша өндірісті саналы түрде ұзартса.
Соңғы екі жағдайды сот жауапкердің келмей қалу себептерін, егер келмеу себептері туралы мәлімет болса және оның саналы түрде істі қарауды созып жүргені туралы қорытындыға келсе, тәртібін іске қатысушы тұлғалар мен олардың өкілдерінің пікірін тыңдағаннан кейін барлық жағдайларды ескере отырып әр нақты жағдайда бағалайды. Жауапкер қатысуынсыз істі қарау қарапайым, сондай-ақ жаңа сырттай өндірісте жүзеге асырылуы мүмкін. Кез-келген өндірісте тараптың қатысуынсыз істі қарауға тек, егер бұл тарап сәйкес тәртіпте сот отырысы уақыты мен орны туралы алдын ала ескертілген болса ғана жол берілетінін айта кету жөн.
Іске қатысушы тұлға мен оның өкілдері міндеттерін орындамағаны, өзінің тұрғылықты мекен-жайының өзгеруі туралы іс өндірісі кезінде хабарламағаны, сыйлы себептерсіз сот отырысына келмей қалуы, ал алимент өндіру туралы істер бойынша жауапкердің келмей қалуы үшін айыппұл шараларымен мәжбүрлеп әкелу шараларын қолдану тәжірибе көрсеткендей пайдасыз болды. Ол істің бәсекелестігіне қайшылық тудырады және жоғарыда аталған ережелерді ескере отырып, оларды жүзеге асыру тым артық. Сол себептен бұл нормалар Азаматтық іс жүргіз кодексінен алынып тасталған.
Жаңа
заң бұл мәселелерді
1.3
Азаматтық прцесстегі
құқық мирасқорлық
түсінігі және
негіздері
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 54-бабының 1-тармағы даулы немесе шешіммен бекітілген құқықтық қатанастарда тараптардың бірі шығып қалған жағдайда (азамат өлімі, заңды тұлғанаың қайта құрылуы, жабылуы; талаптан бас тарту; материалды – құқықтық қатынаста қарызды ауыстыру және тұлғалардың ауысуының басқа жағдайлары) сот бұл тарапты оның құқық мирасқорымен ауыстыруға жол береді деп бекітеді. Бұл кезде екі жағдайға көңіл бөлу керек:
Біріншіден, заң талапкерге дау пәніне жеке талап қойған үшінші тұлғаға және жауапкерге қатысты істі қарастыру және шешу барысында, сондай-ақ іс бойынша өндірісті тоқтату туралы сот шешімін немесе анықтамасын орындау кезінде қарызгер мен қарызын өндірушіге қатысты құқық мирасқорлыққа жол беріледі.
Екіншіден, азаматтық сот өндірісіндегі құқық мирасқорлық азаматтық құқықтағы құқық мирасқолықпен тығыз байланысты. Азаматтық құқықтар мен міндеттердің құқық қатысушысынан құқық қабылданушысына өтуі процессуалды құқық мирасқорлық туындау үшін негіз болып табылады. Сондықтан азаматтық құқықтағы құқық мирасқорлық туралы мәселесін қарастыру керек. Азаматтық құқықта құқық мирасқорлықтың екі түрі ажыратылады:
- Жалпы (әмбебап) құқық мирасқорлық-бұл барлық құқықтар мен міндеттердің бір субъектіден екіншісіне өтуі (мысалы, заңды тұлға қайта құрылған, азамат өлімі жағдайында)
- Бір реттік (сингулярлық) құқық мирасқорлық-жеке субъективті құқықтың немесе міндеттің бір тұлғадан екіншісіне өтуі, жеке материалдық-құқықтық қатынастағы мирасқорлық (мысалы, қарызын аудару, талапты азайту).
Бірақ,
әр азаматтық құқықтық қатынаста
құқық мирасқорлыққа жол
Материалдық құқықтағы құқық мирасқорлық процессуалды құқық қабылдаушылық туындаудың негізі материалды құқықтық қатынастың субъектілері іс қатысушылары болған жағдайда ғана болады. Басқа сөзбен айтқанда, процессуалды құқық қабылдаушылыққа құқық мирасқорлық тәртібінде материалды құқықтар мен міндеттер бұл құқықтар мен міндеттер иелері тараптар немесе үшіеші тұлғалар болып қатысқан сот өндірісінде өткен жағдайда жол беріледі. Бұл жерде процессуалдық құқық қабылдаушылық азаматтық құқықтағы құқық мирасқорлық түріне байланыссыз әрдайым жалпы болатын ескеру керек (барлық процессуалдық міндеттер құқықтық қатысушыдан құқық қабылдаушыларға өтеді). Осылай, процессуалды құқық мирасқорлық даулы немесе шешіммен бекітілген құқықтық қатынастың бір тарапын оның құқық мирасқорына ауыстыру нәтижесінде процессуалды құқықтар мен міндеттердің бір тұлғадан екіншісіне өтуі /16,146Б/.
Іс бойынша басталған іс жүргізуге қатыса отырып, құқық мирасқорлар олармен ауыстырылған тұлғалар жағдайын иеленеді. Сонымен қатар бір талапкердің немесе жауапкердің одан да көп құқық мирасқорларымен, бірнеше бірккен қатысушыларды бір тұлғамен ауыстыру жағдайлары болуы да мүмкін. Талапкер жағындағы процессуалды құқық мирасқорлықтың маңызды жағдайын істен талапкердің шығып қалуы процессуалды құқық мирасқорлық жедел түріне әкелмейді, ол егер құқық мирасқоры істен шығып қалған талапкер орнына қатысуға немесе істен шығып қалған жауапкер орнына ауыстырылған тұлғамен істі жалғастыруға рұқсат берсе мүмкін болады. Бұл азаматтық іс жүргізу құқығындағы диспозитивтілік қағидасының әрекетімен байланысты. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 54-бабының 1-тармағына сәйкес құқық мирасқорлық істің кез-келген сатысында мүмкін болады. Істі бірінші және аппеляциялық деңгейлі сотта қарастыру және шешу, істі кассациялық және бақылау сатыларындағы соттарда қарау, жаңадан ашылған жағдайлар бойынша сот актілерін қайта қарағанда және орындау өндірісінде. Құқық мирасқорлық кезінде тиісті емес жауапкер ауыстырылғандағыдай жауапкер тарапынан тұлғаларды ауыстыру жүзеге асады.
М.А.
Викут көрсеткендей бұл екі процессуалды
институттар арасындағы айырмашылықтардың
үлкен тәжірибелік мәні бар. Бұл мәселені
зерттей келсе, ол келесіні бекітті: жауапкер
тарапындағы құқық мирасқорлық пен тиісті
емес жауапкерді ауыстыру бір бірінен
негіздер бойынша да, салдар бойынша да
ажыратылады. Процессуалды құқық мирасқорлықтың
негізі даулы және сот бекіткен материалды
– құқықтық қатынастағы құқық мирасқорлық
болып табылады. Тиісті емес жауапкерді
тиісті жауапкерге ауыстыру бірін бірі
ауыстыратын тұлғалар арасындағы ешқандай
материалды–құқықтық байланысты қарастырмайды.
Тиісті емес жауапкерді ауыстыру негізі
құқық туралы дау субъектісін анықтағанда
талапкердің сот көрсеткен қателігі болып
табылады. Бұл негізден сәйкес процессуалды
салдар шығады. Құқық мирасқорлық кезінде
біртұтас болып табылады, себебі бұнда
бір материалды-құқықтық қатынастан шығатын
дау қарастырылады және шешіледі. Сот
қарауының пәні болып өзгертілген субъективтік
құрамдағы даулы материалды-құқықтық
қатынас болып табылады. Тиісті емес жауапкерді
ауыстырған жағдайда іс жаңасымен ауыстырылады.
Тиісті емес жауапкерді ауыстыру тәртібінде
істегі тұлғаларды ауыстыру сот қарауы
пәнін өзгертеді, яғни сот қарауының пәні
жаңа материалды – құқықтық қатынас болады.
Іске құқық мирасқорлықтың түсуі туралы
мәселені сот анықтама шығару жолымен
шешеді. Іске құқық мирасқорлықты қатыстыру
сот анықтамасына шағымдануға, яғни наразылық
білдіруге жол берілмейді /17,138Б/.
II. Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық және олардың тараптар мәртебесіне әсері
Азаматтық
іс жүргізуге бірнеше талапкерлер
мен бірнеше жауапкерлер қатыса
алады. Істе тараптар ретінде қатысатын
бірнеше тұлғалардың іс жүргізуге
бірігіп қатысуы «іс
Процессуалдық бірігіп қатысушылық – бұл бірден азаматтық процесте талап қоюшы не жауапкер жағында немесе екі тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) жағынан бір-біріне мүдделері қайшы келмейтін бірнеше тұлғалар қатысуы.
Бірақ әр тараптағы тұлғалар
санына байланыссыз іс
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығында бірігіп қатысушылық институтына Азаматтық іс жүргізу кодексінің 50-бабы арналған. Оның мазмұнынан бірігіп қатысушылықтың келесі екі белгісін көрсетуге болады:
- істегі әр тарапта не тараптардың бірінде бірнеше тұлғалардың болуы (талапты бірнеше талапкерлер немесе бірнеше жауапкерлер бірігіп қоюы мүмкін);
- істегі әр біріккен қатысушылардың өз еріктігі (әр талапкер немесе жауапкер екінші тарапқа қатысты іске өзі қатысады);
Бірақ, аталған белгілер бірігіп қатысушыларды іске қатысушы өзге тұғалардан ажырату үшін жеткіліксіз. Сондықтан азаматтық іс жүргізу құқығы теориясында іс жүргізудегі біріккен қатысушылықтың басқа да белгілері көрсетіледі:
- біріккен қатысушылық – бұл әрдайым даулы материалды – құқықтық қатынастың субъектілері. Бұл белгі бойынша жеке талап қоймайтын үшінші тұлғалардан талапкерлер, ал жауапкерлер сәйкес емес жауапкерлерден ажыратылады;
- Талапкерлердің талаптарының құқықтары және жауапкерлердің міндеттерінің қойылған талап бойынша өзгерілмейді. Бұл белгі құқық туралы дау пәніне жеке талап қоймаған үшінші тұлғалардан бірігіп талап қоюшыларды шектеуге мүмкіндік береді;
- Басқа тараптағы біріккен қатысушылар мүдделеріне қарсы бір тарап бірігіп қатысушылар мүдделерінің жалпылығы.
Іс жүргізудегі бірігіп қатысушылықтың соңғы екі белгісі азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларында бекітілген. Осылай Азаматтық іс жүргізу кодексінің 228-бабы келесіні бекітеді: бірнеше талапкерлер пайдасына шешім шығарғанда сот олардың әрқайсысына тиесілі үлесін және өндіру құқығы жалпы келісілгендігін көрсетеді. Бірнеше жауапкерлерге қарсы шешім шығарғанда әр жауапкер шешімнің қандай үлесін орындайтынын немесе олардың жауапкершілігі жалпы келісілгендігін көрсетеді. Осылай, іс жүргізудегі біріккен қатысушылық – бұл іс шешімінде жалпы қызығушылығы бар не мүдделері бір-біріне әсер етпейтін бірнеше талапкерлердің немесе жауапкерлердің бір іске қатысуы /18,26Б/.
Бірігіп қатысушылықтың негізгі мақсаты – істегі үнемділікке қол жеткізу. Бұл мақсаттың болуын Е.А Нефедьев ескеген: яғни, оның ойынша бір өндіріске бірнеше тұлғаларды талапкерлер немесе жауапкерлер ретінде біріктіру арқылы келесіге қол жеткізуге болады:
- сот өндірісін жеңілдету және жылдамдату;
- сот пен тараптар үшін еңбектерін жеңілдету (айғақ деректерін бір істе бірігуі);
Информация о работе Заңнама бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылар құқықтық жағдайы