Заңнама бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылар құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 19:48, дипломная работа

Описание

Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық істі қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процесуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтіру мен заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б) процесуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................7
1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҰРГІЗУДЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі, олардың процесстегі орны мен рөлі.............................................................................................................................10
1.2 Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны...........................................................................................................28
1.3 Азаматтық іс жүргізу құқық мирасқорлық түсінігі және негіздері............47
2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ БІРІГІП ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕССТЕГІ ТИІСТІ ЖӘНЕ ТИІСТІ ЕМЕС ТАРАПТАР ТҮСІНІГІ
2.1 Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық түсінігі, саралануы ............51
2.2 Азаматтық іс жүргізудегі тиісті және тиісті емес тараптар түсінігі, оларды ауыстыру тәртібі........................................................................................................57
3. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
3.1. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалардың қатысуы және олардың түрлері.......................................................................................................................65
3.2. Азаматтық іс жүргізудегі прокурордың сот ісін жүргізуге қатысуы ........73
3.3. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының іс жүргізуге қатысуы ....................................................... ..........................................80
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................87
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ....................................................................89

Работа состоит из  1 файл

Гражданское право- КР заңнамасы бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық жағдайы.doc

— 404.50 Кб (Скачать документ)

       Қазіргі кезде азаматтық іс  жүргізу құқығы теориясында азаматтық  іс қатысушылары түсінігінің  екі түрлі анықтамасы бар. Олардың  мәні келесі:

    -  тараптар бұл - даулы материалды – құқытық қатынастың нақты немесе ықтимал субъектілері;

    -  тараптар бұл – құқық туралы дауларын сот шешуі тиіс тұлғалар.

       Бұл екі анықтаманы да М.Х. Хутыз сынға алған. Біріншісіне қатысты ол бұндай анықтама «Логика ғылыми жағдайларына қарама-қайшы. Кез-келген түсініктер пәннің нақты белгілерін сипаттайтын нәтижелерін еселейді. Бұл белгілер-объективті. Аталған жағдайда нақты белгі логикалық байланыс құрамында болуы да, болмауы да мүмкін. Яғни, талданушы анықтама логикалық тексеріске шыдамайды » - деп жазған.

      М.Х. Хутыза бекітілімі жеткіліксіз.

    Біріншіден, тараптар материалды – құқытық қатынастың ықтимал субъектілері болып табылады. Бұл оларды сипаттайтын жалғыз белгі емес. Жоғарыда тараптардың объективті белгілері көрсетілген (іске заңи қызығушылық таныту; өз құықтары мен мүдделерін қорғау үшін іске қатысу; оларға шешім заңды күшіне енгеннен кейін барлық материалды – құқықтық және процессуалдық салдардың тарауы және т.б).

    Екіншіден, белгінің қарама – қайшылығы бұл белгі объекті еместігін білдірмейді. Объективті белгіге аталған азамат материалды – құқықтық даулы қатынас субъектісі болуы да, болмауы да жатады.

      Істегі сәйкес тарап егер сот  оның құқығы туралы дау қарастырса  және шешсе әрдайым даулы материалды  – құқықтық қатынас субъектісі. Сонымен қатар сотқа шағымданған тұлғаның, не талапкер, не іске қатысуға тартылған тұлғаның (жауапкер) материалды – құқық қатынас субъектісі болуы туралы мәселе сотта істі қозғау кезінде тек ықтималдық деңгейінде болады. Негізінен, істі сотта қарау барысында бұндай ықтималдық сотты сендіруге айналады, және егер де талапкер мен жауапкер сәйкес болмаса, яғни материалды – құқықтық қатынас субъектісі болмаса, онда олар азаматтық іс жүргізу заңдылығы бекіткен тиісті ережелер бойынша сәйкестерге алмастырылады /4,161Б/.

    Сонымен, М.Х. Хутызаның жоғарыда көрсетілген «тараптар» түсінігінің екі анықтама тобының біріншісіне сыны сенімсіз. Анықтаманың екінші тобына: тараптар – бұл құқықтары мен мүдделері туралы дауларын сот шешуі тиіс тұлғалар, десек, онда онда бұл жағдайда М.Х. Хутызаның сыни ескертпелері негізделген болады.

    Біріншіден, ол құқық туралы дауды, дау пәніне жеке тараптар қоятын үшінші тұлғаларды да сипаттайтындықтан тараптардың негізгі белгісі болмайтынын әдебиетте көрсетілгені туралы әділ жазады.

    Екіншідіен, бұндай анықтама әдебиетте кейде  жасалатындай ерекше өндіріс істерін  қатысушы тұлғаларды тараптар қатарына жатқызуға болады. Онымен келіспеуге болмайды, себебі ерекше өндіріс тәртібінде соттар құқық туралы дауларды қарастырмайды, ал бұл істер бойынша арызданушылар ешкімге ешқандай материалды – құқықтық талаптар қоймайды. Бірақ М.Х. Хутызаның бұл сыни ескертпелері өз алдына дұрыс. Олар тараптардың ұсынылған анықтамасында толықтай ескерілмейді: «ол, азаматтық істе тараптар – бұл істі қозғауға түрткі болған құқықтық қатынастар мазмұнын бағалауда істі қарағанша туындаған құқық туралы дауларын сот қарастыруы тиіс тұлғалар – деп жазған».

    Егер  бұл анықтаманы қажетсіз көп сөзден бастасақ, онда ол автор сынға салатын  түсінікке «тараптар – сот дауларын қарау қажет тұлғалар» сәйкес келеді.

      Талап өндірісінде тараптар түсінігі  туралы мәселені азаматтық іс  жүргізу құқығы теориясында шешудің  кейбір аспектілері осындай болады. Әкімшілік құқықтық қатынастардан  туындайтын істерге қатысатын  тұлғаларды тараптар деп есептеуге болатыны туралы әдебиетте біртұтас ой жоқ. Бір ғалымдар бұндай тұлғаларды тарап деп есептейді, басқалары оларды тарап деп есептеуге болмайды дейді, себебі тараптар түсінігі тек талап өндірісіне ғана тиісті. Әкімшілік құқықтық қатынастардан туындайтын істегі шағымданушы және әрекетіне жасалған шағымға байланысты іске қатысуға  тартылған лауазымды тұлғаны (әкімшілік орган) тарап деп санау құқық сай сияқты.

    Бұл істер бойынша соттар аталған  тұлғалар арасындағы құқық туралы дауларды қарастырып шешеді. Яғни бұл істер өзінің процессуалдық мәніне қарай талап өндіру істерімен біркелкі болады. Олардың арасындағы айырмашылық – бірінші жағдайда соттар мемлекеттік, әкімшілік, қаржылық қатынастардан туындайтын дауларды, ал екінші жағдайда – азаматтық, отбасы, еңбек шаруашылық қатынастардан туындайтын дауларды қарастырады және шешеді.

    Материалды  құқықтағы айырмашылықтар көрсетілген  азаматтық сот өндірісі түрлеріне  тиесілі істерді қараудың процессуалдық  ерекшеліктеріне сай келеді, бірақ  олар аталған істерде қатысатын тұлғалардың процессуалдық жағдайларының мәнін өзгертпейді. Бұл барлық істерде соттар бір тараптың (талапкердің), екінші тарапқа (жауапкерге) қойылатын материалды – құқықтық талаптарын қарастырады. Әдебиетте әкімшілік құқықтық қатынастан туындайтын істер бойынша сотта талап өндіру істеріндегідей бір тараптың екіншісіне материалды – құқықтық талаптарын қарастырмайды және бұл істердің сотта қарау пәні лауазымды тұлға, не әкімшілік орган әрекетіне шағымы дұрыс емес әрекеттен бас тарту, бұл әрекеттердің жағымсыз салдарын жою туралы өтініші болады деп жазылған. Бұнымен келіспеуге болмайды. Дұрыс емес әрекеттен бас тарту, бұл әрекеттердің жағымсыз салдарын жою туралы өтініші талапкер сотқа арызданған бір тараптың екіншісіне қойған материалды – құқықтық талаптары болып табылады. Мысалы, салынған айыппұлды алып тастау туралы талап сотқа берілген тұлғаның шағымы қалай қалыптасқанына қарамастан дәл сондай талап болады. /3,126Б/.

    Талапты өндіру ісіндегідей бұл жерде  де тараптар түсінігі даулы материалды – құқықтық қатынас субъектілері түсінігімен байланысты. Қарама – қайшы заңы қызығушылығы бар араларында құқық туралы дау туған екі тараптың болуы аталған азаматтық сот өндірісі істері үшін де тән. Істегі заңи қызығушылық сондай ақ азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын істердегі тараптардың да міндетті белгісі болады. Әр тараптың материалды – құқытық және процессуалдық қызығушылықтары бар. Бұл істер бойынша тараптарға сот шешімінің заң күшіне ену салдары да толық таралады. Кейбір авторлар тараптар түсінігі негізінен талапты өндіру ісіне жатады, дегеннен бұл түсінікті ерекше өндіріс істеріне мүлдем қолдануға болмайды деп есептейді. Бұл жағдай даусыз авторлардың көбі бұл істерде құқық туралы дау болмағандықтан тараптар болмайды деп есептейді. Сонымен қатар көпшілік авторлар ерекше өндіріс ісінде заңи факті, құқықтық жағдай немесе заңмен қорғалатын мүдделер туралы дау туындауы мүмкін дейді.

    М.С. Шакарян тараптар түсінігі ерекше өндіріс істеріне қатысушы тұлғаларға да қолданылады деп ой айтқан. Бұл бекітілім келесі жағдайлармен негізделген:

    • ерекше өндіріс істері азаматтық сот өндірісінің жалпы ережелері          бойынша соттармен қарастырылады;
    • ерекше өндіріс істеріне қатысушы тұлғалар заңмени бекітілген құқықтарға иеленіп, міндеттер атқарады;
    • заңда бұл тұлғаларды тарап деп атауға шектеу жоқ.

    Бұл жерде дәлелдемелерді нақты деп  тану мүмкін емес деген ой туады. Ерекше өндіріс істері азаматтық сот  өндірісінің жалпы ережелерімен соттардың қарастыру фактісі  бұл өндіріс ісіне қатысатын  тұлғалардың құқықтары тараптар жағдайымен бірдей дегенді білдірмейді. Бұл істерді бір тараппен екіншісіне қойылатын материалды – құқықтық талаптары болмайды. Бұл оны қарастыру кезінде диспозитивтік толық түрде көрініс таппайды дегенді білдіріеді. Құқық туралы даудың болмауы тараптар болатындағыдай бәсекелестіктің жоқтығын алдын ала анықтайды.

    Азаматтық сот өндірісінің негізін салушы бұл принціптердің толық әрекетінсіз  азаматтық істегі тарап секілді  процессуалдық бейненің бомауын  көрсетеді. М. С. Шакарянның екінші дәлелдемесіне: ерекше істер өндірісіндегі тұлғалар заңменкөрсетілген құқықтарды қолданып, міндеттер атқарады – келсек, онда да ол өз ойының негізделуін көрсетпейді. Заңмен белгілеген құқықтарға иеленіп, міндеттемелер атқарады түсінігі іске қатысушы өзге тұлғаларға да, мысалы дау пәніне жеке талап қойған үшінші тұлғаларға, сондай-ақ бұндай талаптар қоймайтын үщінші тұлғаларға да қолданылады. Бірақ бұл тұлғалар тараптар болатынын білдірмейді.

    М. Х. Хутыз процессуалдық жағдайды осылай анықтау тәсілін заң техникасы тарапынан дұрыс деп есептегені ақиқат. Бірақ, ол осындай жолмен құқықтық жағдайлары анықталған тұлғалар тараптарболып табылатынына дәлелдеме болмайды. Сонымен қатар заң техникасы тарапынан бұл тәсіл істің әр нақты субъектілерінің құқықтық жағдайын нақты біржақты анықтауға мүмкіндік бермейтінін айта кеткен жөн. Сондықтан заңда іске қатысатын әр тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттерін нақты көрсету дұрыс болады.

    М. С. Шакрянның соңғы дәлелдемесіне: ерекше істер өндірісіне қатысатын барлық тұлғаларды тарап деп тануға заңда шектеу жоқ. Бұл дәлелдеменің ғылыми негізделуі күмән тудыртады. Заң істің өзге қатысушыларын да тарап деп тануға шектеу қоймайды. Бірақ бұл олардың барлығында тарап деуге болады дегенді білдірмейді. Нәтижесінде, М. С. Шакарянның ерекше іс өндірісіндегі барлық қатысушыларын тараптарға жатқызу ұсынысы не ғылыми, не тәжірибе тұрғыдан қолдау таппайды.

      Жоғарыда айтылғанның барлығын  ескеріп ерекше істер өндірісінде  тараптар институтының болмайтынын  көрсетеді. Ерекше іс өндірісіне  қатысатын тұлғалар шеңберін 246 баптың 2 тармағымен қарастырады: «ерекше істер өндірісін соттар арызданушы мен қызығушы азаматтардың, мемлекеттік басқару органдарының, мемлкеттік мекемелердің, ұйымдардың, колхоздардың, өзге кооперативтік ұйымдардың, олардың бірлестіктерінің, өзге қоғамдық мекемелердің қатысуымен қарастырады». Ерекше істер өндірісінде тараптар болмайтындықтан, яғни талапкер болмағасын сотқа арызбен шағымданған тұлғаны арызданушы деп атайды. Ерекше істер өндірісіне қызығушы тұлғалар тартылады. Ерекше істер өндірісіндегі қызығушы тұлғалар – бұл нақты іс бойынша шешімнің заңды күштері субъективтік құқықтары мен міндеттеріне жанама түрде әсер етуі мүмкін істің қатысушылары. Бұл кезде сот шешімі нәтижесінде қандай-да бір шешімді орындау міндетін тудыратын, не оларджың құқықтық беделін өзгертуіне әкелетін бұл тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне әсер ету мүмкін. Істің бұл қатысушылары істің дұрыс шешілуіне қызығады.

    Ерекше  өндірісті дұрыс қаралуына оған прокурор мен мемлекеттік басқару  органдарының қатысуы кепілдеме  болады. Заң тікелей сілтемесімен прокурордың қатысуы 261, 255, баптарымен қарастырған жағдайда міндетті. Сонымен, азаматтық істе сәйкес тараптарға сот қарастыратын азаматтық, отбасы, еңбек, шаруашылық, әкімшілік, қаржылық және өзге даулы материалды – құқықтық қатынастардың субъектілері, сондай-ақ араларында құқық туралы дауы жоқ, бірақ заңға сәйкес өз қатынастарын тек сот тәртібін реттей алатын тұлғалар жатады. Егер сотқа арызбен шағымданған немесе іске жауапкер ретінде тартылған тұлға негізінен даулы материалды – құқықтық қатынас субъектісі болмаса, бірақ бұл жағдай істі сотта қарау аяқталғанша сот анықталмаса, онда бұл тұлға іске нақты түрде тарап ретінде қатысты. Сондықтан азаматтық істе даулы материалдық – құқықтық қатынастың нақты, сонымен қатар ықтимал субъектілері тараптар бола алады.

    Азаматтық іске қатысатын кеңестік азаматтық  істегі тараптар  - бұл тек сот  тәртібімен ғана заңға сәйкес реттелетін қатынас немесе құқық туралы араларында дау туған және де істе материалдық  – құқықтық және процессуалдық қызығушылық танытатын материалдық – құқықтық қатынастың нақты не ықтимал субъектілері. /8,148Б/. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1.2 Азаматтық процесстегі  тараптардың құқықтары  мен міндеттері және оның    мазмұны 

      Тараптардың процессуалдық жағдайы  олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттерінде көрініс табады. Заңға сәйкес тараптар тең процессуалдық құқықтарға иеленеді, олардың көлемі іске қатысушы өзге тұлғалардың құқықтары мен міндеттеріне сәйкес келеді. Бұл құқықтар жалпы деп аталады. Жалпы құқықтармен қатар оларға Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің өзге баптарында көрсетілген арнайы, диспозитивтік құқықтарда тиесілі.

      Жалпы процессуалдық құқықтар  Азаматтық іс жүргізу кодексінің 30-бабы мен қарастырылған. Оларға:

     -  іс құжаттарымен танысу құқығы;

     -  іс құжаттарының көшірмесін түсіру;

      -  іс құжаттарын жазба алу;

     -  шығарып тастауға өтініш беру;

     -  дәлелдемелер ұсыну;

     -  дәлелдемелерді зерттеуге қатысу;

     -  іске қатысушы өзге тұлғаларға, куәлар мен сарапшыларға сұрақ қою;

     -  өтініш жасау;

     -  сотқа жазбаша және ауызша түсініктеме беру;

           - сот өндірісі барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша    қортындылар мен ойлар ұсыну;

    -  іске қатысушы өзге тұлғалар өтініштеріне, қорытынды мен пікірлеріне қарсы болу;

        -  сот шешімі мен анықтамасына шағымдану.

      Тараптардың арнайы құқықтары – жалпы процессуалдық құқықтар мен міндеттерден басқа заң тек азаматтық істің тараптарына тән құқықтарды қарастырады. Бұл құқықтар диспозитивтік болып табылады. Олар бір деңгейден екіншісіне өтуді болжайтын іс объектісінің қолдануына бағытталған. Бұл топта басым құқық қабілеттілік жоқ. Бұл құқықтардың кейбіреулері талапкерге тән:

Информация о работе Заңнама бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылар құқықтық жағдайы