Заңнама бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылар құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 19:48, дипломная работа

Описание

Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық істі қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процесуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтіру мен заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б) процесуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................7
1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҰРГІЗУДЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі, олардың процесстегі орны мен рөлі.............................................................................................................................10
1.2 Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны...........................................................................................................28
1.3 Азаматтық іс жүргізу құқық мирасқорлық түсінігі және негіздері............47
2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ БІРІГІП ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕССТЕГІ ТИІСТІ ЖӘНЕ ТИІСТІ ЕМЕС ТАРАПТАР ТҮСІНІГІ
2.1 Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық түсінігі, саралануы ............51
2.2 Азаматтық іс жүргізудегі тиісті және тиісті емес тараптар түсінігі, оларды ауыстыру тәртібі........................................................................................................57
3. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
3.1. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалардың қатысуы және олардың түрлері.......................................................................................................................65
3.2. Азаматтық іс жүргізудегі прокурордың сот ісін жүргізуге қатысуы ........73
3.3. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының іс жүргізуге қатысуы ....................................................... ..........................................80
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................87
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ....................................................................89

Работа состоит из  1 файл

Гражданское право- КР заңнамасы бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық жағдайы.doc

— 404.50 Кб (Скачать документ)

       Талапкер мен жауапкер – бұл құқықтары туралы дауды сот қарастыратын тұлғалар. Осылай азаматтық іс жүргізуде әр уақытта екі тарап болады. Олардың бірі талапкер, екіншісі жауапкер деп аталады.

       Талапкер – бұл өз мүдделерін қорғау үшін талап қойған, не олардың мүдделеріне қатысты талап қойылған азамат пен заңды тұлға. Талапкер істе құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты туындаған құқық туралы дауы сот шешетін тараптардың бірі, яғни даулы құқық пен заңи мүдденің ықтимал субъектісі /5,158Б/.

    Сотқа талап қою туралы шағымданған  тұлға әрдайым талапкер болмайды. Азаматтық істер мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, азаматтар не прокурор азаматтардың, заңды тұлғалардың, қоғамдық және мемлекеттік мүдделердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында шағымданған жағдайда да қозғалуы мүмкін. Бұл шешім Азаматтық іс жүргізу кодексінің 48-бабының 3- тармағынан шығады. Бұнда келесі норма бекітілген: «Өзге тұлғалар құқықтары мен, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа шағымдануға заң бойынша құқығы бар тұлғалар мүддесіне қатысты іс қозғаған тұлғаларды сот туындаған іс туралы алдын ала ескертеді және олар сотта талапкер ретінде қатысады». Бұл жағдай өз кезегінде келесі басқа процессуалдық нормаларының мазмұнына негізделеді: егер талапкер прокурор ұсынған талаптармен келіспесе, онда сот үшінші тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделеріне кері әсер етпейтін болса талапты қараусыз қалдырады. Егер мүдделеріне қатысты мемлекеттік орган яғни жергілікті өзін-өзі басқару органы, ұйым не жеке азамат іс қозғаған тұлға қойылатын талаптармен келіспейтін болса, онда сот үшінші тұлғаларға кері әсе етпесе істі қараусыз қалдырады. Тиісті құзыреті болғанда өкілдікке алушы атынан және оның мүдделерін қорғау үшін істе әрекет ететін сот өкілі талап қою арызына қол қоя және оны ұсына алады.

      Азамат әрекет қабілеттілікті  толық не толық емес еселенетініне  қарамастан іс жүргізуде тарап  болып саналады. Талапкердің мүдделерін  қорғау үшін іске қатысушы  тұлғалар сотта оның өкілдері  жағдайына иеленеді. Яғни талап қою талапкерді анықтайтын белгі болып табылмайды. Іс бойынша талапкерді анықтағанда сот кімнің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтынын, материалдық пайданы алуда және мәжбүрлеп орындалатын сот шешімінің өзі үшін тиімді болуын күтуде кім қызығушылық танытатынын ескеру керек.

    Іс  жүргізуде тараптар ретінде Қазақстан  Республикасының азаматтары мен  заңды тұлғаларынан басқа шетел  құқығының субектілері, яғни шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңи тұлғалар, халықаралық ұйымдар  олардың құқықтары дау қатысуымен Қазақстан Республикасының соттары құқық туралы дауды қарастыратын болса қатыса алады. Заңмен қарастырылған жағдайда заңды тұлға болып табыдмайтын мекемелер де тараптар бола алады. Іске тарап ретінде заңды тұлға емес мекеменің қатысу мүмкіндігіне М.А Викут көңіл бөлген: Азаматтық іс жүргізу кодексі Азаматтық іс жүргізуде заңды тұлға болап табылмайтын мекеменің тарап ретінде қатысуына бөгет етпейді. Істегі тараптар ретінде тек заңды тұлға болатын мекемелер ғана қатысады деген қорытынды процессуалдық нормалардан шықпайды /6,121бБ/.

    Заң шығарушы басқа анықтама «заңды тұлға құқықтарын пайдаланатын» қолданған. Сондықтан тарап ретінде заңды тұлға болып табылатын, сонымен қатар заңды тұлға құқықтарын қолданатын мекеменің қатысуына жол беріледі. Заңды тұлға емес мекеменің тарап ретінде қатысуына мысал ретінде ұжымдық еңбек дауы бойынша азаматтық істі келтіруге болады. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 8 шілдесінде қабылданған «Ұжымдық еңбек туралы» заңының 1-бабы 1-тармағында келесілер анықталған: Ұжымдық еңбек даулары – бұл мекемелерде еңбек ақысын төлеу мен жұмыс жағдайларын орнату және өзгерту, ұжымдық шарттар мен келісімдерді орындау, сондай-ақ әрекет етуші заңдылықтарды, ұжымдық шарттар мен келісімдерді қолдану мәселелеріне байланысты жұмыс беруші мен жұмысшылар ұжымы арасындағы келіспеушіліктер. Яғни құқық туралы дау тараптары жұмысшылар ұжымы талапкер және жұмыс беруші жауапкер болып табылады.

     Еңбек туралы заңдылықтың немесе өзге нормативті құқықтық актілерді қолдануға байланысты ұжымдық еңбек дауларын тараптардың бірінің өкілі берген арыз бойынша сот қарастырады. Құрылтай құжаттарына сәйкес өкілдік етуге құзыретті кәсіподақ органдары мен оның бірлестіктері, мекеме жұмысшылары жиналысында құрылған қоғамдық органдар мен оның бөлімшелері және өкілдіктері жұмысшылырдың өкілдері болып табылады. Тараптар іске қатысушы барлық тұлғалар сияқты құқықтарға иеленіп, міндеттер атқарады. Бірақ, азаматтық құқықтық  дау субъектілері ретінде тараптарға талап қою қызметін жүзеге асыруға және оған шағымдануға, сондай-ақ құқық туралы дау объектісін иеленуге мүмкіндік беретін тек оларға тиіс  процессуалды құқықтар мен міндеттер беріледі /7,145Б/.    

    Заңда азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың нақты тізімі жоқ. Азаматтық іс жүргізуге  қатысушыларын негізгі үш топқа бөлуге болады: Бірінші топқа сот пен сот орындаушысы; Екінші топты іске қатысушы тұлғалар құрайды. Олар тараптар, үшінші тұлғалар және Азаматтық іс жүргізу кодексінің 41-бабында көрсетілген өзге тұлғалар. Өз кезегінде олар екі топқа бөлінеді:

    - іске өз атынан және өз мүдделерін қорғау үшін қатысатын және іс шешілуінде материалдық және құқықтық қызығуы бар тұлғалар;

    - іске өз атынан, бірақ басқа адамдар мүдделерін қорғау үшін қатысатын, сонымен қатар іс шешімінде тек құқықтық қызығуы бар адамдар.

      Талапты өндіру тараптары  талапкер мен жауапкер болып табылады. Талапкер мен жауапкерлер ретінде жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Әрекет етуші азаматтық іс жүргізу заңдылығы азаматтық іске талапкердің қатысуының екі негізгі нысанын ажыратады.

    Біріншіден, сотқа өзінің бұзылған не дауласушы құқығын қорғау үшін шағымданған тұлға талапкер болып табылады.

    Екіншіден, талапкер болып өзге тұлғалардың  құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа шағымдануға  құықығы бар тұлғалар мен айыптаушы  арызы бойынша қозғалатын істе қызығушылығы бар тұлға табылады.

    Бірінші жағдайда істі талапкер бастайды, ал екіншісінде  туындаған іс туралы хабарлаған сотпен іске қатысады.

    Бұл нормаларды салыстыру талапкерді даулы  құқығы не сот қарастыратын дауда  заңмен қорғалатын мүдделерін иеленуші тұлға ретінде сипаттауға болады.Сонымен талапкер презумпциясы туралы айтуға болады. Бұл презумпция біріншіден, сотқа шағымданғанда хабарлайтын дәлелдемелер, екіншіден, даулы материалды-құқықтық қатынас қатысушыларының мүмкін тізімін анықтайтын құқық нормаларының бастамаларына негізделген /8,58Б/.

        Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде жауапкердің нақты түсінігі жоқ. Азаматтық іс жүргізі кодексінің 44 және 48 баптарының салыстырмалы талдауы жауапкер туралы, біріншіден сотқа шағымданушы тұлғаның субъективтік құқықтары мен мүдделерін бұзушы тұлға ретінде, екіншіден талапкердің субъективтік құқықтары мен мүдделерін ықтимал бұзушы ретінде сот іске тартатын тұлға ретінде айтуға мүмкіндік береді. Яғни жауапкер бұл талап қойылған тұлға, сонымен қатар сот талап бойынша жауап беру үшін тартатын тұлға.

    Талапкерге  қатысты сияқты, жауапкерге қатысты  өз презумпциясы әрекет етеді. Оған сәйкес негізінен талап қойылған тұлға (талап бойынша жауапқа тартылған) ақырында бұл талап бойынша жауап бермейді. Талапкер мен жауапкердің процессуалдық мүдделері өзара қарама- қайшы. Талапты өндіру кезінде іс тараптар атынан жүреді. Сот шешімі ең алдымен талапкер мен жауапкерге таралады. Тараптар іс бойынша сот шығындарын өтейді.

    Тараптардың процессуалдық жағдайы олардың процессуалды құқықтары мен мүдделерінде көрініс табадаы. Субъективтік құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделер сот қарауының пәні болып табылады. Сот шешімдерінің заңдылығы мен негізделуі іс бойынша барлық жағдайларды зерттеу мен бекітуді толық жүргізуге байланысты. Көбінесе бұл іске қатысушы барлық тұлғалардың ең алдымен тараптардың процессуалдық жағдайын дұрыс анықтаумен негізделеді. Іс қатысушысының құқықтық жағдайын дұрыс емес анықтау сот қателігіне әкеледі. Сондықтан іске қатысушылардың қайсысы тараптарға жататынын дұрыс анықтау өте маңызды. Бұл мәселені шешу тәжірибеде қиындықтар туғызады. Азаматтық процессуалдық заңдылықта тараптар түсінігін бекіту азаматтық сот өндірісінің негізгі қатысушыларының құқықтық жағдайын соттардың дұрыс анықтауына және оларға заңмен берілген субъективтік құқықтарын қолдануға мүмкіндік береді. /9,125Б/.

       Азаматтық процессуалдық заңдылықта тараптар түсінігін бекіту азаматтық сот өндірісінің негізгі қатысушыларының құқықтық жағдайын соттардың дұрыс анықтауына және оларға заңмен берілген субъективтік құқықтарын қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ азаматтық процессуалдық заңдылыққа тараптар түсінігін кірістіру туралы мәселе заңи әдебиеттерде даулы болып қала беруде. Теориялық жағынан ол дұрыс өңделмеген. Бұл азаматтық іс жүргізуде тараптар түсінігін зерттеудің жәнеодақтас республикалардың Азаматтық іс жүргізу кодексінде бекітілуіне ғылыми бастама қалыптастырудың маңыздылығына дәлел болады. Тараптар үшін іске тікелей жеке қызығуының болуы қажет. Бұл қызығушылық материалды құқықтық (сот шешімі бір бірімен олардың материалдық құқықтық жағдайына әсер етеді), сондай-ақ процессуалдық (олардың әр біреуі шешімнің өз пайдасына шешілуіне қызығушылық танытады) сипатта болады.

    Тараптар  азаматтық істе өз атынан және өз мүдделерін қорғау үшін қатысады.      Тәжірибеде Азаматтық істе тараптар әрдайым негізінен сот қарастыратын даулы материалдық құқықтық қатынас тараптары болмайды. Бұл іс шешілуіне дейін сот отырысында сот әрқашанда емес келесілерді:

     -   талапкер арызы негізделген бе жоқ па;

    -   сотқа шағымданушы тұлға қорғалуын сұрайтын субъективтік құқық иесі   болып табылатындығын;

     -   оның құқығы шынымен бұзылды ма, жоқ па.

    Талапкер  жауапкер ретінде тартуды сұрайтын тұлға құқықты бұзғандығын дұрыс анықтамауы бола алады /10,144Б/.

       Тараптардың заңи қызығушылығы материалды құқықтық және процессуалдық болып жіктеледі. Талапкердің материалды – құқықтық қызығушылығы талапты қанағаттандыру туралы сот шешімінің оған әкелетін пайдасын алуды құрайды. Бұнымен талапты қанағаттандыру туралы сот шешімін шығару талапкердің процессуалдық қызығушылығы негізделген. Жауапкердің материалдық – құқықтық қызығушылығы соттың талапкер алдында қандайда бір құқықтық міндеттемелері жоқтығын шешіммен бекітуді құрайды. Сондықтан оның процессуалдық қызығушылығы соттың талаптан бас тартуы туралы шешім шығару болады. Сонымен, талапкер мен жауапкер қарама – қайшы материалды – құқықтық және процессуалдық қызығушылықтар танытады.

       Тараптардың заңи қызығушылықтары заңмен қарастырған жағдайда құқықтар мен мүдделерін қорғау туралы арызбен шағымданған тұлғалар қызығушылығынан ерекше болады. Бұл тұлғалардың мүдделері жеке сипатта емес және көбіне тек процессуалдық, яғни соттың сотқа құқықтарын қорғау үшіншағымданған тұлғаның пайдасына шешу болып табылады. Тараптар белгілеріне сонымен қатар шешімі мен заңды күшіне енген барлық материалды – құқықтық және процессуалдық салдардың (сот шешімінің обеътивтік және субъективтік шектері) міндеттілігі де жатады. Дау пәніне жеке талаптар қоятын үшінші тұлғалардан басқа іске қатысушы өзге тұлғалар үшін заң күшіне енген сот шешімі тек кейбір салдар туындатады. Тараптар сонымен қатар іске өзінің субъективтік құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін түсуімен сипатталады.

    Тараптар  іс бойынша сот шығындарын заң  бойынша не сотпен босатылмаса өтейді. Сонымен талапты өндіруге тараптарды сипаттайтын белгілерге жатады:

    -   істе заңи қызығушылықтың материалдық – құқықтық және   процессуалдық болуы;

    -    өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін іс жүргізуге қатысу;

         -  сот шешімінің заңи күшіне енгенде оларға барлық материалды –құқықтық және процессуалдық салдардың тарауы;

       - іс бойынша сот шығындарын толтыру.

      Аталғандар кеңестік азаматтық  іс жүргізуде тараптар – бұл  материалды –құқықтық  және  процессуалдық қызығушылығы бар  және заң күшіне тек сот тәртібін реттелуі мүмкінқұқықтыр немесе өзара қатынас туралы арасында дау туған азаматтық істегі материалды-құқықтық қатынастың нақты және ықтимал субъектілері екендігі туралы нәтиже шығаруға мүмкіндік береді. Сот қарастыратын құқықтық қатынастың нақты не ықтимал субъектісі ретінде тараптарды анықтау М.С. Шакарян сынап ескертпелер келтірген. Ол бұл анықтамада тараптар түсінігі құқықытық қатынас субъектілері түсінігімен негізделмей байланыстырады деген. Сол уақытта тараптар – бұл материалдық институт емес, ал процессуалдық құқық институты дейді, сондықтан анықтамада процессуалдық аспект ескерілмеуі мүмкін емес және ақырында бұл анықтама тек сәйкес тараптар түсінігін ғана қамтиды

         Бұл сын негізделмеген секілді. Біріншіден, аталған анықтамада азаматтық іс жүргізуде тараптарды материалды – құқықтық қатынастар субъектілеріне қатаң түрде ұқсату жоқ. Бұл жерде сонымен қатар даулы қатынастың ықтимал субъектілері туралы да айтылады. Яғни тараптың істе материалды – құқықтық қатынас субектісі болуы міндетті емес жағдайлардың болу мүмкіндігі көрсетіледі. Бірақ сотта істі қозғау кезінде бұл туралы мүмкіндік қажет. Егер сотқа арызбен шағымданған азаматтың материалды – құқықтық қатынас субъектісі болу мүмкіндігі де болмайды. Істе тарап кем дегенде сот қарастыруы тиіс материалды – құқықтық қатынас субъектілеріне жатқызылуы тиіс. Екіншіден, М.С Шакарянның бұл түсініктеме «процессуалдық аспект» ескертілмеген туралы бекітілімі де негізделмеген /1,132Б/.

    Өз  кезегінде М.С. Шакарян, «азаматтық істегі тараптар – бұл құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделер туралы дауларын сот шешуі тиіс тұлғалар болып табылады» дейді. Бұл анықтаманы сәтті деп тануға болмайды. Себебі, онда тараптардың айырықша белгілерінің бірде біреуі жоқ. М.С. Шакарян көрсеткен құқық туралы дауы белгі емес, себебі ол тек тараптарды емес, сонымен қатар өзінің жеке талаптарын қоятын үшінші тұлғаларды да сипаттайды.

Информация о работе Заңнама бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылар құқықтық жағдайы