Заңнама бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылар құқықтық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 19:48, дипломная работа

Описание

Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық істі қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процесуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтіру мен заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б) процесуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................7
1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҰРГІЗУДЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі, олардың процесстегі орны мен рөлі.............................................................................................................................10
1.2 Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны...........................................................................................................28
1.3 Азаматтық іс жүргізу құқық мирасқорлық түсінігі және негіздері............47
2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ БІРІГІП ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕССТЕГІ ТИІСТІ ЖӘНЕ ТИІСТІ ЕМЕС ТАРАПТАР ТҮСІНІГІ
2.1 Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық түсінігі, саралануы ............51
2.2 Азаматтық іс жүргізудегі тиісті және тиісті емес тараптар түсінігі, оларды ауыстыру тәртібі........................................................................................................57
3. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
3.1. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалардың қатысуы және олардың түрлері.......................................................................................................................65
3.2. Азаматтық іс жүргізудегі прокурордың сот ісін жүргізуге қатысуы ........73
3.3. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының іс жүргізуге қатысуы ....................................................... ..........................................80
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................87
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ....................................................................89

Работа состоит из  1 файл

Гражданское право- КР заңнамасы бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылардың құқықтық жағдайы.doc

— 404.50 Кб (Скачать документ)

     Бұл жағдайлар В.Н Аргунов ұсынған  анықтамамен келісуге мүмкіндік  берілмейді. Сонымен қатар, кейбір зерттеушілер үшінші тұлғалардың екі түрі үшін ортақ анықтама беруді мүлдем мүмкін емес дейді. Бөтен істегі заңи қызығушылық сипатындағы және процессуалды жағдай сипатындағы айырмашылықтар үшінші тұлғалар түсінігінің ортақ анықтамасын қалыптастыру мүмкіндігін жоққа шығарады. Азаматтық іс жүргізуге сот құқық туралы дауларын шешетін талапкер мен жауапкер қатысады. Бірақ бұл дауға дау пәні оның құқықтық мүдделеріне тиесілі болуына байланысты үшінші тұлға тартылуы мүмкін. Мысалы, бөтен адамның заңсыз қолдануынан тоңазытқышты қайтару туралы жоғарыда келтірілген істе үшінші тұлға құқығы қорғалады.

     Дау пәніне жеке талап қоятын үшінші тұлғалар іске бірінші деңгейлі сот шешім  шығарғанда бір немесе екі тарапқа  талап қою жолымен қатысады. Үшінші тұлға іске тіпті сот оған қаралатын  іс туралы алдын-ала мәлімдесе де өз қарауымен қатысады, яғни іске қатысу туралы мәселені бұл тұлға өзі шешеді. Үшінші тұлға іс жүргізуге сот қарауына істі дайындау кезінде, істі бірінші деңгейлі сотта қарағанда, бірақ ол бойынша сот шешімі шыққанға дейін қатыса алады. Үшінші тұлғаның іске істі қараукезінде қатысуы көбіне істі қарауды кейінге қалдыруға әкеледі. Себебі, үшінші тұлға талаптарын негіздейтін қосымша айғақтарды жинау қажеттігі пайда болады. Бірінші деңгейлі сот іс бойынша шешім шығарғаннан кейін қаралуы аяқталған іс шешімінде қызығушылығы бар үшінші тұлға өз субъективті құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жалпы негіздерде талап қоя алады. Бұл жағдайда жеке іс қозғалады.

     Үшінші  тұлға іске қатыса отырып өз субъективті  материалды – құқықтарын қорғау туралы жеке талап қояды және өз пайдасына жауапкер мен талапкер дауласатын пәннің шешілуіне немесе тараптар дауласатын құқықтарды оған тиісті деп тануға қол жеткізеді. Үшінші тұлға іске заңның барлық талаптарын сақтай отырып,талап қою арызын беру жолымен қатысады. Бұл жағдайда іс соттылығы туралы ережелердің таралмауы ғана ерекшелік болады. Себебі, үшінші тұлға талабы тараптар арасындағы құқық туралы дау бойынша іс қаралатын сотқа қойылады. Іске үшінші тұлғаны қатыстыру туралы сот ұйғарымы шығарылады. /24,63Б/.

     Сот үшінші тұлға ретінде іске қатысуға үшінші тұлғаға бұл нысанда оны іске қатыстыру үшін негіздер жоқ деп есептесе жол берілмейді. Іске үшінші тұлғаны қатыстырудан бас тарту туралы сот ұйғарымына шағымдануға жол берілмейді. Егер бірінші деңгейлі сот ұйғарымына шағымданудың жалпы ережелерін басшылыққа алса, онда бұндай сот ұйғарымы жеке шағымдану объектісі болмайды. Іс жүргізуге үшінші тұлға ретінде қатысатын тұлға сот пайдасына шешім шешім шығаратын тарапқа талап қоя алады. Бірақ, орнықпаған үшінші тұлға мүддесін қорғаудың бұл жолы әсерлі емес. Себебі, алғашқы талап объектісін пайдасына шешім шығарылған тарап қолдана алады. Сот қарауының әсерлілігі көз қарасынан іске қатысуға бас тарту туралы анықтамаға үшінші тұлғаның шағымдану құқығын заң жүзінде қарастыру нақты болар еді.

       Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 52-бабына сәйкес үшінші тұлға іске тек қатысады, яғни іс жүргізуге оның қатысуы оның жеке еркімен байланысты. Нәтижесінде үшінші тұлғаны іске сот еркінен тыс қатыстыра алмайды. Бұл мәселені реттейтін нормалар мазмұны азаматтық іс жүргізу құқығының диспозитивтілік қағидасы әрекетінен шығады. Негізінен, дау пәніне жеке талап қоятын үшінші тұлғалар – бұл дәл сол талапкер болады. Сондықтан олар талапкерге тиесілі процессуалдық құқықтарды қолданады. Дау пәніне жеке талап қоятын үшінші тұлға іс жүргізуге қатысқан жағдайда сот екі талап қарастырады: талапкер қоятын және үшінші тұлға қоятын талапты. Сот қарастыру және шешу пәні құқық туралы екі дау болып табылады. Осылай, дау пәніне жеке талаптар қоятын үшінші тұлға құқық туралы даудың ықтимал субъектісі болып табылады. Іс жүргізуге үшінші тұлғаның қатысуына негіз оның талаптары мен талапкер талаптарының құқық туралы даудың бір объектісіне бағытталуы болып табылады.

    Үшінші  тұлға талабы кімге бағытталғанын анықтау даулы мәселелердің бірі болған. Бұған орай іс жүргізу әдебиеттеріне түрлі көзқарастар орын алған:

    - талап екі тарапқа да бағытталуы мүмкін барлық ғалымдар бұл ойды ұстанады;

    - үшінші тұлға талабы тек екі тарапқа ғана емес,   сонымен қоса тек  жауапкерге ғана бағытталуы  мүмкін;

    - үшінші тұлға кейбір жағдайлар   қатарында тек талапкерге ғана бағытталуы мүмкін.

    Іс  жүргізуде екі тарапқа жауапкер мен талапкерге талап қою екі  тарап және үшінші тұлғаны ықтимал  даулы құқықтық қатынаспен байланысқа негізделеді. Ықтимал даулы материалды – құқықтық қатынас субъектілеріне жатады: талапкер мен үшінші тұлға, жауапкер мен үшінші тұлға. Сондықтан үшінші тұлға талапкер және жауапкердің дау пәніне құқығын дауласқан барлық жағдайда үшінші тұлға талабы бойынша жауапты талап екі тұлғамен қарастырылған үшінші тұлға талабы талаптардың біріне ғана талапкерге не жауапкерге қарсы бағытталуы да мүмкін.

      Дау пәніне жеке талап қоятын үшінші тұлға бұл даудың пәніне субъектісіне құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін тараптар арасында туындаған дау бойынша іске қатысатын тұлға. Үшінші тұлғамен іске бірігіп, қатысушы талапкерлер арасындағы айырмашылықтарды көрсету маңызды. Бұл айырмашылық үшінші тұлға мен іс бойынша талапкер арасында ортақ құқықтық мүдденің болмауында сонымен қатар олардың материалды – құқықтық мүдделері өзара қарама қайшы болады. Үшінші тұлға мен талапкер бір-бірін жоятын мүдделерді тасушылар болып табылады және талапкер талаптарын қанағаттандырудан бас тартуға әкеледі және керісінше /25,78Б/.

      Азаматтық іс жүргізу кодексінің 53-бабына сәйкес дау пәніне жеке талаптар қоймайтын үшінші тұлғалар іске талапкер немесе жауапкер тарапында іс бойынша бірінші деңгейлі сот шешім шығарғанша бұл бір тарапқа қатысты олардың құқықтарына не міндеттеріне әсер ете алса қатыса алады. Бұл нормада үшінші тұлғаның іске қатысу не тарту негізі анықталған.

      Даудың нысанасына дербес талаптарын  мәлімдейтін үшінші тұлғалар  сипаттамасы:

    -  процеске талап қою арқылы қатысады, талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады;

    - үшінші тұлғалардың талап қою пәні талап қоюшының талап қою пәнімен толық көлемде немесе жарым жартылай толық сәйкес келу керек, сондықтан талап қоюшының талабын қанағаттандырса әлбетте, үшінші тұлғаның талап арызын қабылдаудан бас тартады. Іске қатыса алмаған дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар жеке талап қоюға құқылы.

    - Іске қатысу ықылас көбінесе үшінші тұлғалардың өздерінен болады.

    Даудың  нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін  үшінші тұлғалар – бұл бірінші  сатыдағы қаралатын іс бойынша қабылданатын шешім тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін болғанда, талап қоюшы не жауапкер жағында іске қатысатын тұлғалар болып табылады. Олардың сипаттамасы:

    - егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе алады;

    - олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін;

    - дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, снодай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды мойындау не бітімгершілік келісімін жасау, қарсы талап қою, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндетін мойнына алады.

    Даудың  нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар іске келесі жағдайларда кірісе алады:

    - өз бастамасы бойынша;

    - тараптардың өтініші бойынша;

    - іске қатысушы басқа тұлғалардың өтініші бойынша;

    - соттың бастамасы бойынша;

    Бұлар іске соттың бірінші сатысындағы  шешімі қабылданға дейін кірісе алады және ол соттың ұйғарымымен белгіленеді /8,129Б/      
 
 
 
 
 
 
 
 

    3.2 Азаматтық іс жүргізуге  прокурордың қатысуы 

      Азаматтық іс жүргізуге прокурор қатысуының негізі сот өндірісінде заңдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың, мекемелердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерін қорғау қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. «Сот өндірісінде мемлекет атынан заңдардың дұрыс қолдануын жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей, сондай-ақ өзіне бағынышты прокурорлар арқылы жүзеге асырады» көрсетілген процессуалды норма мазмұнын 1997ж 6-наурыздағы Қазақстан Республикасының Конститутциялық Кеңесінің № 3/4 қаулысына сәйкес түсіну керек. Бұл қаулыға сәйкес прокуратура мемлекет атынан заңдардың, Қазақстан Республикасының президенті қаулысының  және өзге нормативті құқықтық актілердің республика аумағында дұрыс қолдануына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

    Прокуратура жоғары қадағалауды жүзеге асыру  барысында прокуратура туралы қаулы және прцессуалдық заңдарда бекітілген тәртіпте әрекет етуші Қазақстан Республикасының құқығын, сондай-ақ сот органдары актілерін бұзып қабылданған заң астылық құқықтық актілерде шағымдана алады және күшін жоя алады. Сот органдарың актілері, үкімдері, шешімдері, қаулылары және нақты сот істері бойынша ұйғарымдар құқық нормаларын қолданудың құқықтық актілері болып табылады және олар әрекет етуші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қабылданса, республиканың барлық аумағында міндетті заңды күшке иеленеді. Яғни прокуратураның, соттардың заңдарды дұрыс қолдануын жоғары қадағалауын жүзеге асыруды келесі түрде түсіну керек:

       Біріншіден, актілердің сәйкестігі және негізделмегеніне зерттеу барысында нәтижеге келгенде сот актілеріне шағымдану мүмкіндігі.

       Екіншіден, сот актілерін атқаруды тоқтату мүмкіндігі. 

    Прокурорлардың  бұл құқықтарын жүзеге асыру азаматтық  іс жүргізу заңдылығы нормаларына  сәйкес жүргізіледі. Бұл жерде прокурордың  шағым жасауы прокурордың сот  актісінің құқыққа сәйкестігі туралы ойы ғана болатынын айту қажет, ал оның заңдылығы мен негізділігіне тексеруді жоғары тұрған сот инстанциясы жүзеге асырады. Прокурордың шағымы сот актілерін қайта қарау бойынша аппельяциялық, кассациялық және бақылаушылық деңгейлердегі соттардың қызметтерін қорғау құралдарының бірі ретінде қарастырылады.

    Осылай, прокурорлар Қазақстан Республикасының  әрекет етуші заңдылығына сәйкес соттардың азаматтық істерді  қарастыруына қатысады, егер оларды заңсыз және негізсіз деп таныса сот актілеріне шағымданады және оларды орындалуын тоқтата тұруға құқылы. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44-бабына сәйкес прокурор іске қатысушы тұлға болып табылады. Заңмен азаматтық сот өндірісінде прокурор қатысуының екі нысаны қарастырылған:

        - талапты, арызды сотқа беру;

        - өзге тұлғалар бастаған іске қатысу.

    Прокурор  талабы бойынша істі қозғау  - прокурор азаматтың құқықтарын, бостандықтары  мен заңды мүдделерін, мекемелердің құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүддесін қорғау туралы шағыммен сотқа талап қоя алады. Азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы талапты прокурор тек қызығушы тұлға сұранысы бойынша сыйлы себептермен өзі шағымдана алмаған жағдайда ғана шағымданып қоя алады. Әрекет қабілетсіз азамат мүдделерін қорғау бойынша талапты қызығушы тұлға сұранысынан тәуелсіз қоя алады /12,129Б/.

     Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу  кодексінің 55-бабының 3-тармағына сәйкес азаматты мәжбүрлеп психикалық ауруханаға жатқызу туралы істі сотта тек  прокурор арызымен ғана қозғауға болады. Нақты субъект (азамат немесе ұйым) заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау бойынша прокурор арыз талап қойғанда заңмен қарастырылған талаптар сақталуы тиіс. Оған қоса прокурордың өзге тұлғалар не мемлекет мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін сотқа талап қоюмен шағымдану ерекшеліктері де бар:

    - прокурор мемлекеттік баж төлеуден және сот шығындарын тартудан босатылады (Мемлекеттік баж туралы заңның 9 бабы, АПК 115б);

    -   прокурор әрекеттке қабілетті тұлға болғандықтан және оған сотқа шағымдану мен іс жүргізу құзыреті заңмен берілгендіктен Азаматтық іс жүргізу кодексінің 154бабы 1-тармағының үшінші және төртінші тармақшалары прокурорға қатысты әрекет етпейді;

    -  Қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін прокурор берген арызында мемлекет немесе қоғамдық мүдденің нег негізделгендігі, қандай құқық бұзылғандығы, сондай-ақ заңға немесе өзге нормативтік құқықтық актіге жасаған сілтемесі көрсетілуі тиіс. Азаматтың заңды мүдделерін қорғаумен прокурор шағымданса талап арызында азаматтың өзі бұл талапты қоя алмау мүмкіндігінің себептеріне негіздеме жасалуы тиіс, арызға қосымша ретінде әрекет қабілетсіз адам мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда азаматтың сотқа тек талап қоюымен жүгінуге келісімін растайтын құжат қос тіркелуі тиіс.

Информация о работе Заңнама бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылар құқықтық жағдайы