Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Апреля 2012 в 19:48, дипломная работа
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық істі қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процесуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтіру мен заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б) процесуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды.
КІРІСПЕ..................................................................................................................7
1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҰРГІЗУДЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігі, олардың процесстегі орны мен рөлі.............................................................................................................................10
1.2 Азаматтық іс жүргізудегі тараптардың құқықтары мен міндеттері және оның мазмұны...........................................................................................................28
1.3 Азаматтық іс жүргізу құқық мирасқорлық түсінігі және негіздері............47
2. АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ БІРІГІП ҚАТЫСУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОЦЕССТЕГІ ТИІСТІ ЖӘНЕ ТИІСТІ ЕМЕС ТАРАПТАР ТҮСІНІГІ
2.1 Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық түсінігі, саралануы ............51
2.2 Азаматтық іс жүргізудегі тиісті және тиісті емес тараптар түсінігі, оларды ауыстыру тәртібі........................................................................................................57
3. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
3.1. Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалардың қатысуы және олардың түрлері.......................................................................................................................65
3.2. Азаматтық іс жүргізудегі прокурордың сот ісін жүргізуге қатысуы ........73
3.3. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарының іс жүргізуге қатысуы ....................................................... ..........................................80
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................87
ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ....................................................................89
Процессуалды
Ал азаматтық іс жүргізу кодексінің 8-бабының 1-тармағында келесі ереже қарастырылған: «Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделеген жағдайларда өзге азаматтың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңи мүдделерін қорғау туралы арыз беріп жүгінуге құқылы». Нормалар арасында қайшылықтарды сотқа жүгіну құқығына ие тұлғалар тобын белгілеу құрайды. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56-бабымен салыстырғанда Азаматтық іс жүргізу кодексінің 8 бабында бұл субъектілердің аз ауқымы көрсетіледі. Дәлірек, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын атамайды және ұйымдар орнына заңды тұлғалар делінген. Бұл жерде 8-бап пен 56-бап нормаларына сәйкес келтірілуі және өзгертілуі тиіс деген ой туады. Сонымен қатар Азаматтық іс жүргізу кодексінің 8-бабының 1-тармағында сотқа адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын қорғау үшін жүгінуге жол беріледі /30,14Б/.
Ал Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56-бабында бұл норма жоқ. Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңдылығы бойынша сотқа «ұжымдық талаптар» адамдарының белгісіз бір тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін талап қою мүмкіндігі бар. Мысалы, КАЗАКСР тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңы тұтынушылардың қоғамдық ұйымдары сатушының, өндірушінің (олардың өкілдерінің), атқарушының, сондай-ақ басқару органының тұтынушылардың белгісіз бір тобына қатысты әрекетін құқыққа қайшы деп тану және бұл әрекеттерді тоқтату туралы сотқа талап қойып жүгіне алады делінген. Ұжымдық талапты қанағаттандырғанда сот құқық бұзушыға бұқаралық ақпарат құралы немесе өзге тәсіл арқылы белгілі мерзім ішінде сот шешімін тұтынушыларға жеткізуді міндеттейді. Заң күшіне енген ұжымдық талап бойынша сот шешімі бұл тұлғалардың әрекеттерінің азаматтық құқықтық салдары туралы тұтынушы талабын қарастырған сот үшін міндетті /31,165Б/.
Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56-бабына сәйкес мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және жеке азаматтар нақты субъектінің заңды мүдделерін қорғау үшін оларды өтінуімен әрекетке қабілетсіз азаматтың заңды мүддесін қорғау жағдайларынан басқа сотқа талап қоюға құқылы екеніне коңіл бөлу керек. Бірақ Азаматтық іс жүргізу кодексі бұл өтінім қандай нысанда берілуі туралы және бұл жағдайда арызбен шағымданғанда соқа не қоса берілетіні туралы мәселені реттейді. Бұл мәнде Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56-бабының мазмұнынын қызығушы тұлға өтінімсіз өзге тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы талаппен сотқа шағымдану құқығын бере отырып өзгерту керектігі көрінеді. Бұл ой келесі жағдайларға негізделеді:
- Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56-бабы негізінде сотқа шағымдану заңымен қарастырған жағдайда ғана мүмкін болады. Яғни нақты санаттағы істерді заңда көрсеткен тұлғалар ғана қозғай алады.
- Көптеген жағдайда кәмелетке жетпеген тұлғаның немесе жалпы танылған тәртіптен ауытқулары бар тұлғаның құқықтарын қорғау үшін сотқа шағымдануға жол беріледі.
Бұл тұрғыдан азаматтың мүддесіне сотқа прокурордың шағымдануына қатысты ғана талаптар қатарын қарастыратын Азаматтық іс жүргізу кодексінің 150-бабының 4-тармағының нормасы ойға сыйымды: прокурор талап қою арызында азаматтың өзі талап қоя алмау мүмкіндігінің себептерінің негізін көрсетуі тиіс; әрекетке қабілетсіз тұлға мүддесіне арыз беру жағдайын қоспағанда сотқа талап қою үшін азамат келісімін растайтын құжат арызға қоса берілуі тиіс. Бұны прокурордың азаматтық істі қозғау тәртібі туралы заңды шешімді түсіндіруге болады. Соңғысы заң бұзылған және қандай да бір себептермен өз құқықтарын өз бетінше қорғай алмау мүмкіндіктерімен азамат мүддесінде кез-келген санаттағы істерді қозғауға құқылы. Заңда прокурор қозғай алмайтын нақты істер санаттарын көрсетпейді. Азамат келісімінің болуы прокуратура өз қарауымен жеке құқықтық қатынастар саласына араласуға жол берілмеушілік болып табылады /8,125Б/.
Азаматтық іс жүргізу әдебиеттерінде өз атынан өзге тұлғалар мүдделері үшін істі қозғаған тұлғаларды белгілеу және істе олардың құқықтық жағдайын анықтау үшін «процессуалдық мәндегі талапкерлер» түсінігі кең қолданылады. Олар сот отырысында, оларға сот тәртібінде қойған талаптарды негіздеу және ұстануы, талапкер секілді нысанда барлық әрекеттер жасауы тиіс. Бұл істі қозғағанға дейінгі сот қарастыратын дау бойынша өз ойын қалыптастырған іс жүргізудің белсенді қатысушысы. Бұл қатысушыны талапкерге ұқсатуға екі жағдайда жол берілмейді. «Процессуалдық мәндегі талапкерлер» іс жүргізудегі талапкерлер болып табылмайды, себебі олар құқық туралы даудың субъектілері болмайды. Заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін азаматтық іс қозғаған тұлға талапкер болып табылады. «Бөгде» құқықтар мен заңды мүдделерді қорғайтын мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар мен азаматтар даулы материалдық құқықтық қатынас субъектісі болмайтындықтан оларға заңды күшіне енген шешімнің материалдық – құқықтық салдары тарамайды.
Мемлекеттік органның, ұйымның және жеке азаматтардың талап қоюдан бас тарту мүдделері үшін іс қозғаған тұлғаны істі мәні бойынша қаруды талап ету құқығынан айырмайды. Өзге тұлғалар құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін шағымданған мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, сондай-ақ азаматтар өкілдері сот пікір таластарында соңғы болып сөз сөйлейді. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56-бабы негізінде азаматтық іс жүргізуге тұлғаның қатысуын іске прокурордың және сот өкілдерінің қатысуынан ажырату қажет. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56-бабы негізінде азаматтық істі қозғаған тұлға мен өзге тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін талап қойған прокурор арасындағы айырмашылық келесідей:
- жоғарыда аталғандай әрекет ететін процесуалды заңдылыққа сәйкес прокурор заңмен бекіткен тәртіпте кез-келген санаттардағы істерді қозғауға құқылы;
- мемлекеттік
органдар, жергілікті өзін-өзі басқару
органдары, ұйымдар мен жеке азаматтар
тек заңмен қарастырған жағдайда ғана
«бөгде» құқықтар мен заңды мүдделерді
қорғау үшін сотқа шағымдана алады. Яғни,
нақты санаттағы істі қозғай алады /31,165Б/.
ҚОРЫТЫНДЫ
Азаматтық процестегі тараптар мәртебесінің ерекшеліктері туралы тақырыпта дипломдық жұмысымды қорытындылай келе, тараптардың процесуалды жағдайы олардың процесуалдық құқықтары мен мүдделерін, олардың материалды – құқықтық қатынастары тек сот арқылы жүзеге асатынын ескеру керек.
Іс жүргізуде
Өз кезегінде М.С. Шакарян, «азаматтық істегі тараптар – бұл құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделер туралы дауларын сот шешуі тиіс тұлғалар болып табылады» дейді. Бұл анықтаманы сәтті деп тануға болмайды. Себебі, онда тараптардың айырықша белгілерінің бірде біреуі жоқ. М.С. Шакарян көрсеткен құқық туралы дауы белгі емес, себебі ол тек тараптарды емес, сонымен қатар өзінің жеке талаптарын қоятын үшінші тұлғаларды да сипаттайды.
М.С. Шакарян тараптар түсінігі ерекше өндіріс істеріне қатысушы тұлғаларға да қолданылады деп ой айтқан. Бұл бекітілім келесі жағдайлармен негізделген:
- ерекше өндіріс істері
- ерекше өндіріс істеріне
қатысушы тұлғалар заңмени
- заңда бұл тұлғаларды тарап деп атауға шектеу жоқ.
Тараптардың
заңды мүдделері қарама – қарсы
болып табылады. Себебі, тараптар материалды
– құқықтық және заңды мүдде туралы дау
жағдайында болады. Субъектілері істе
тарап болатын құқық туралы дау, яғни даулы
материалды – құқықтық қатынас сотта
істі қараудың пәні болып табылады. Сот
тараптар арасындағы құқық туралы дауды
қарастырып шешім немесе тараптардың
ерік білдіруіне байланысты, яғни талаптан
талапкердің бас тартуымен не бейбіт келісім
орнатумен байланысты істі қарауды тоқтату
туралы анықтама шығарады. Осылай, сот
актілерін шығару жолымен азаматтық құқықтық
дау субъектілерінің тәртіп ережелері
анықталады. Сондықтан сот шешімінің заңды
күшіне енуіне байланысты туындайтын
салдар толық көлемде тек тараптарға ғана
таралады. Құқық туралы даулар бойынша
істерде материалды – құқықтық талаптарды
шешпей соттың бұзылған субъективтік
құқықтарды қорғау бойынша қызметінің
мәні болмайды. Бұның барлығы әкімшілік
– құқықтық қатынастардан туындайтын
істерге қатысатын тұлғалар бұл істерді
қарау және шешу бойынша сот өндірісіндегі
тараптар болып табылатынын дәлелдейді.
Заңға сәйкес талап өндіру ісіндегі тараптар
секілді сондай процессуалдық құқықтарға
иеленеді және процессуалдық міндеттерді
атқарады.
]
Пайдаланған
әдебиеттер
Қосымша
әдебиеттер
1. Адам құқығын қорғау – ардың ісі // Тураби, 1/2000ж, 40б.
2. Азаматтық
істер бойынша сот ісін
3. Актуальные проблемы теории и практики гражданского процесса. //Прововедение, 1/1999ж, 287б.
4. Д.
Жабаев – Атқарушы іс
5. Меншік құқығын қорғау // Тураби. – 2/2000. -35б.
6. Одинцов А.В. – Особенности договорного регулирования семейных имущественных отношений. // Прововедение. – 4/1999ж. – 67б.
7. Прокурордың басты сот талқылауына қатысуы // Тураби. – 3/2000ж. – 11б.
8. Трудовой конфликт: разрешать на месте или идти в суд? // Мир закона. – 3/2000ж. – 21б.
9. Шетелдік
тұлғаларға қатысты іс жүргізу
// Тураби. – 3/2000ж. – 47б.
Информация о работе Заңнама бойынша азаматтық іс жүргізуге қатысушылар құқықтық жағдайы