Көптеген жылдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 17:21, курсовая работа

Описание

Көптеген жылдар бойы адам құқықтарын қорғау саласына көптеген ұйымдар мен мемлекеттер басты назар аударып келеді. Себебі көптеген жылдар бойы адамның негізгі құқықтары, яғни өмір сүру құқығы, жеке адамға қол сұпау құқығы сияқты құқықтары танылмады, алайда қоғамның күнделікті дамып келе жатқанына орай, бұл мәселеге назар аудара бастады.
Адам құқықтары – əмбебап қолданылатын құқықтық нормалар.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ЕУРОПАДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ
1.1 Еуропалық соттың құрылу тарихы және негізгі функциялары мен құзыреті
1.2 Еуропалық сот қызметінің құқықтық негізі
2 АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Адамның өз құқықтарын Еуропалық сотта қорғау құқығы
2.2. Еуропалық сот қызметі
2.2.1 Еуропалық сот қызметін жүзеге асырушы органдар
2.2.2 Еуропалық соттағы судьялар және ad hoc судьяларының мәртебесі
2.3 Еуропалық соттағы процесс
3 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ІСТЕРГЕ ҚЫСҚАША ТАЛДАУ
3.1Киган Ирландияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
3.2 Касадо Кока Испанияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

dip_2019.doc

— 399.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ 
КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
1 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ЕУРОПАДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ 
1.1 Еуропалық соттың құрылу тарихы және негізгі функциялары мен құзыреті 
1.2 Еуропалық сот қызметінің құқықтық негізі

2 АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
2.1 Адамның өз құқықтарын Еуропалық сотта қорғау құқығы 
2.2. Еуропалық сот қызметі 
2.2.1 Еуропалық сот қызметін жүзеге асырушы органдар 
2.2.2 Еуропалық соттағы судьялар және ad hoc судьяларының мәртебесі 
2.3 Еуропалық соттағы процесс

3 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ІСТЕРГЕ ҚЫСҚАША ТАЛДАУ 
3.1Киган Ирландияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау 
3.2 Касадо Кока Испанияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау

ҚОРЫТЫНДЫ 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Адам құқықтарының бұзылуы көптеген жылдар бойы адамзат aлдында тұрған маңызды мәселелердің - бipi болып табылады. Жеке адамға қол сұқпау құқығы, өмір сүру құқығы сияқты адамның табиғи құқықтары көптеген жылдар бойы негізгі құқықтар ретіннде танылмады. Біздің қоғамның дамуемен мемлекеттер бұл мәселеге назар аудара бастады.

Адам құқытары мен  бостандықтарын- қорғау мен бекiту аясындағы  халықаралық ынтымақтастық екі  бағыт бойынша жүрді. Біpiншi адам құқықтарын бекіту аясындағы арнайы және жалпы актілерді қабылдау және өңдеумен сипаттaлады. Eкiншi -адам құқықтарын қорғаудағы нақты жүйені құру және оның жүзеге асырылуын қадағалау бойынша мемлекеттердін ынтымақтасатығы. Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету саласындағы және мемлекеттердің қызметін қадағалау функциясы мен істеткен халықаралық-құқықтық актілердегі және мемлекеттердің iшкi адам құқықтары иен бостандықтары жөніндегі заңдарында және жүйелендірілген және жазып алықған халықаралық органдардың кешенді қорғау және қамтамасыз ету жүйесін құру халықаралық құқықтың ең негізгі функциясы болып табылады. Қазіргі кезде адам құқықтар аясында  мемлекеттер ькнтымақтастығының негізгі ерекшеліктерінің бірi мемлекеттердің өздеріне алған заң міндеттемелерін жүзеге асыруды халықаралық қадағалау жүйесін құру болып табылады. Жиырмасыншы ғасырдың eкiншi жартысынндағы адам құқықтарын халықаралық реттеудегі функционалдыда, аумақтық деңгейде екі маңызды жетістіктердің- бipi халықаралық қадағалаудың қалануы мен жұмыс істеуі болып табылады.

Аталып кеткен адам құқықтарын және бостандықтарын бекіту аясындағы ынтымақтастық бағыттарының субьектілері ретінде, көбiнесе мемлекеттер, халықаралық үкіметаралық  ұйымдар болып табылады.

Адам құқықтары жөніндегі  халықаралық-құқықтық актілердің қабылдануы мен өңделуінде негізгі ролді  атқаратындықтан, мемлекеттер халықаралық ынтымақтастықтың жетекші орнын алуда. Сонымен қатар мемлекеттердің негігзі функциясы -адам құқықтарын қорғау болып табылатын әмбебап халықаралық ұйымдарды, адам құқықтарын қорғау мәселелеімен айналысатын мамандандырылған халықаралық үкіметаралық ұйымдарды құруда да маңызы зор. Мемлекеттерге адам құқықтарын бұзумен байланысты сұрақтарды халықаралық ұйымдардың талқылаууына ерікті түрде тапсыруға жол ашық. Бұл процесс, көбінесе халықаралық келісімдер негізінде жүзеге асырылады. 1966 ж. Азaматтық және саяси құқықтары жөніндегі халықаралық пактіге тиісті 1950 ж. адам құқықтары мен негізгі бостандықтар жөніндегі Еуропалық конвенцияның, 1969 ж. Адам құқықтары жөніндегі Американдық конвенцияның ережелері aлғашкы Факультативті хаттамада бар.

Барлық келісімшарттар халықаралық ұйымдарда «жеке өтініштерді» қарастыру мүмкінндігін ескереді. Қaзiргi заттанға сай мемлекеттердің құрған халықаралық бақылау органдарының рөлі әрдайым өсуде. БҰҰ –ның қызметі  мен түрлі әмбебап  және аймақтық келісімдерде олардың қызметтері мен өкілеттіліктеріне ең көп назар аударылады.

Білетініміздей, халықаралық  қатынастарда, халықаралық құқықтың  қағидалары мен нормаларын  қадағалайтын  және қажетті жағдайда оларды жүзеге асырып, алынған міндеттемелер үшін санкциялар салатын мемлекетүстіндегі  билік жоқ.Сол себептен, мемлекеттер халықаралық қадағалау механизмінің  құрылуын ескерді. Бұл- Адам құқықтары мен бостандықтары  жөніндегі Еуропалық Конвенцияның  негізінде Еуропа Кеңесімен құрылған 1950 жылдың 4 қарашасында қол қойылған Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот [1].

Мен дипломдық жұмыстың мақсаты ретінде  Еуропалық сот  жүйесі  арқылы адам құқықтарының  бұзылуын шешуді алып отырмын. Сонымен  қатар, адам құқықтарын қалпына келтіру, қорғау және  реттеудегі Адам құқықтары  жөніндегі Еуропалық соттың рөлін ашуға тырысамын.

Қазіргі кезде Еуропада 30-ға жуық ірі халықаралық ұйым бар,олардың  әрқайсысы еуропалық құрлықтың  проблемаларын шешудің өзіндік  жолдарын ұсынады. Олардың ішінде Еуропа Кеңесі (1949ж. құрылған) сияқты өте ескі және ірі халықаралық ұйымның неғұрлым маңызды рөл атқаратындығы сөзсіз. Бүгінде Еуропа Кеңесіне әртүрлі әлеуметтік-экономикалық деңгейде тұрған 40-тан аса мемлекет кіреді [2]. Менің жеке көзқарасым бойынша, Еуропа Кеңесін құрудағы негізгі идея- бұл әр адамның өзін мейлінше толық  көрсетуі мен жаһандық адамзат проблемаларын  шешудің мақсаттарына  қызмет ететін біртұтас еуропалық кеңістік құру.

Еуропа Кеңесі  гуманитарлық ынтымақтастықтың мәселелеріне жауапты  орталық халықаралық ұйымға айналды. Осыған байланысты, Еуропа Кеңесінің сот механизмінің  қызметін реттейтін негізгі құжат- адам құқықтары бойынша Еуропалық конвенция болып табылатындығын айта кеткен жөн. Құрылған құрылым шеңберінде қатысушы мемлекеттер тарапынан да, сондай-ақ,  халықаралық ұйымның өзінің тарапынан да жасалған  халықаралық келісімдердің бірыңғай түсіндірілуі мен қолданылуын, ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету қажет болды. Аталмыш функция халықаралық ұйымның-адам құқықтары бойынша Еуропалық соттың құрылымына кіретін Еуропа Кеңесінің сот органына жүктелген болатын. Уақыт өте келе адам құқықтары бойынша Еуропалық соттың сот қызметі еуропалық құқықтың тиімділігі мен оның одан арғы дамуының маңызды факторының негізгі кепілдіктерінің біріне айналды.

Кез келген мемлекетте, тіпті  тұрақты демократиялы елдердің өзінде де адам  құқықтары мен бостандығының бұзылуы орын алатындығын айта кету керек.  Мәселен,жыл сайын тек қана Ұлыбританияның өзінде Еуропа Кеңесіне мыңнан астам шағымдар түседі, оны адам құқықтары бойынша Еуропалық сот табысты турде шешуде[3.б.25].

Қазақстан Республикасы үшін адам құқықтары бойынша Еуропалық  соттың қызметі,біздің еліміздің еуропалық  елдермен тығыз мәдени және экономикалық,саяси  гуманитарлық  байланыстарын  ескере отырып,үлкен қызығушылық тудырады. Еуропалық тәжірибені біздің заңгерлеріміз соттық-құқықтық реформаны  жургізуде және қалың жұртшылық үшін ақпараттық мәлімет  ретінде пайдалана алады. Сонымен қатар,әртүрлі халықаралық келісімдерді жүзеге асыру барысында адам құқықтарының бұзылуы, қазақстандық   және сондай-ақ , еуропалық сот органдары шешуге тиісшағымлар тәрізді талас-тартысты сәттер де жиі туындайды. Соған сәйкес тек соттың тұрған жерінің іс жүргізу заңы қолданылады. Демек, қазақстандықтардың, соның ішінде Еуропа Кеңесі елдерінде бұзылған құқықтарын тиімді қорғауды ұйымдастыру үшін олардың соттық-құқықтық жүйесінің принциптерін және адам құқықтары бойынша Еуропалық конвенцияны  жақсы білу қажет.

Бұдан басқа да, жақсы  ұйымдасқан және тиімді қызмет етіп тұрған адам құқықтары бойынша еуропалық  сот, құқықтық мемлекет ғимаратының іргетасын және Қазақстан республикасы азаматтарының құқықтық мәдениетінің негіздерін қалаушы қазақстандық Заң шығарушылар үшін де маңызды болып табылады.

Адам құқықтары бойынша  Еуропалық соттың классикалық халықаралық  сотпен және еуропалық қауымдастық  сотымен ұқсайтын жақтары  көп. Айталық, халықаралық сот процедураларының негізгі сипаттамалары- сот органының тәуелсіздігі, халықаралық құқықтың негізінде құқықтық талас- егестердің шешілуі, алдын-ала анықталған  істі қарау тәртібі, шешімдердің міндеттеушілік сипаты  адам құқықтары бойынша еуропалық сотқа да тән [4]. Дегенмен, адам құқықтары бойынша еуропалық сотқа тән бірқатар ерекшеліктер де бар. Біріншіден, аталмыш халықаралық сотқа жеке адамдардың тікелей қол жеткізе білуі. Қоғамның құқықты мүшелері мен заңды құқықтары бар адамдар тікелей өтініш жасауға, және осы сотта қарсы жақ ретінде сөйлеуге құқылы. Еуропалық сот жеке адамдардың пайдасына қарай шешім шығара алады, олардың құқықтары бұзылған жағдайда жеке адамдардың пайдасына қарай әділ компенсация  жөнінде үкім де шығара алады[5]. Екіншіден, жеке адамдардың тікелей қатысуымен қатынастарды реттейтін халықаралық (және еуропалық) құқық нормаларының қолданылуы. Еуропалық сот халықаралық құқық бойынша жеке адамдардың алдында тұрған мемлекеттердің міндеттемелерімен байланысты талас-егестерді шешеді. Үшіншіден, халықаралық соттағы процесс пен ұлттық соттағы процесстің өзара әрекеті. Халықаралық (еуропалық) сот пен ұлттық соттағы процесстердің арасында тығыз байланыс бар. Мысалы, жеке адам мемлекет ішіндегі құқық қорғаудың барлық құралдарын  сарқа пайдаланып болғасын,адам құқықтары бойынша  еуропалық сотқа өзінің құқықтарын қорғау мақсатында өтініш жасай алады[6.б.56]. Осының барысында процес басқа сатыға,ұлт үстінен жоғары (наднациональный) сатыға өтеді: ұлттық соттағы процесс,ұлттық процесс барысында жеке адамның  құқықтарын қорғау халықаралық соттың зерттеу обьектісіне айналады. Төртіншіден, сот қызметінде құқық көздері құқық принциптерінің, қатысушы- мемлекеттер үшін  ортақ халықаралық келісімдердің қолданылуы[7.б.12].  Еуропалық сот талас-егестерді шешу барысында, халықаралық құқықтың қайсыбір нормаларын түсіндіру барысында қатысушы- мемлекеттерде қалыптасқан құқық принциптерін қолданады.  Бесіншіден, еуропалық соттың прецеденттері құқық көздері болып табылады. Өзінің сот шешімдерінде еуропалық сот берген еуропалық құқық нормаларына түсінік берудің ресми және кейін қолданылуы үшін,соның ішінде ұлттық соттар қолдануы үшін міндетті сипаты бар.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы  Еуропалық сотта адам құқықтарын қорғау нысандарын жеке құқықтық нысанда  сипатталуында болып отыр. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотта адам құқықтарын және бостандықтарын қорғаудаында қалыптасқан ережелердің дамуына, әр түрлі реттеу нысанындағы аспектісінкөрсетілген мәселелерді жеке зерттелуі қамданған. Салыстыру әдісінің негізінде адам құқықтарын қорғау табиғаты, құрылым механизмі, процедурасы, материалдық-құқықтық негіздері, құқықтық реттеу актілерін қабылдаудың салдарының салыстырылуы ашылады. Салыстыру процессі кезінде дау субьектілерінің құқықтық статусы, халықаралық құқық нормаларының құқықшығарушылығы мен жүзеге асырылуы,олардың қандай-да бір нысанда көрінуінің  аспектісіндегі халықаралық- құқықтық  дәлелденуі мәселелері қозғалады.

Зерртеу пәні Еуропалық  сотта адам құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөніндегі істерді қарау кезінде пайда болатын халықаралық қатынастар болып табылады. Оларға біріншіден адам құқықтарын Еуропалық сотта істі қорғау түсінігі, құқықтық табиғаты, екіншіден, Еуропалық сотта істі қорғау кезеңдері, бейбіт әдістері және оларды шешуге әсер ететін факторлар кіреді.

Зерртелу тақырыбының  теориялық негіздері мен дайындалу  дәрежесі. Адам құқықтарын Еуропалық  сотқа шағымдану арқылы қорғау нысандар халықаралық –құқықтық регламентациясы  халықаралық құқық нормаларының әр түрлі құқық салаларымен және институттарымен жүзеге асырылады. Адам құқықтарын қорғаудағы нысандарды салыстыру аспектісіндегі мәселелердің кешенді анализі ғылыми зерттеулердің әртүрлі бағыттарына негізделеді.

Зерттеудің нормативті-құқықтық негізін мемлекеттік территорияның құқықтық мәртебесінің, істегі келіспеушіліктерді шешетін әдістері мен нысандарының негіздерін бекітетін халықаралық құқықтық қайнар көздері құрайды. Ең маңызды көздерге БҰҰ-ң Жарғысы,Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі Еуропалық Конвенция және т.б.

Зерттеудің методологиялық негізін тәсілдер мен әдістер  құрайды. Зерттелеген негізді тану үшін және негізгі заңдылықтарын  түсіну үшін келесі логикалық тәсілдер қолданылады: салыстыру жүйесі,логикалық  анализ, соттық тәжірибені талдау,жалпылау, заңды анализ әдісі.

Зерртеудің теориялық  және практикалық маңызы Еуропалық  сотта болған істерді зерттеумен байланысты келеді.Яғни, Еуропалық  сот шешімдерін және қорытындыларын зерттеу негізінде пайда болады.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты Адам құқықтары мен бостандықтарын Еуропалық сотта шешудегі рөлі,оның нысандарының анализі, халықаралық құқық пен дүниежүзілік ынтымақтастыққа сәйкес өзара әрекет ету перспективасын және дамуын анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ЕУРОПАДАҒЫ  АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ  КЕПІЛІ РЕТІНДЕ

 

 

1.1 Еуропалық соттың құрылу тарихы және негізгі функциялары мен құзыреті

 

Адам құқықтары жөніндегі еуропалық  комиссия бірінші түскен Конвенциямен кепілдендірілетін бұзылған құқықтар мен бостандықтар жөніндегі арыздарды қарауға кірген 1955 жылдан бастап Конвенция соңғы Хаттама жазылған 2004 жылға дейін Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі Конвенцияның қадағалау жүйесі қатты  өзгерген. 

Алғашқы өзгерістер Еуропалық соттың қызметінің ұйымдастыру мен оның құзыреті жөніндегі жеке аспектілеріне байланысты болды. Мысалы, Конвенцияның №2 Хаттамасына сәйкес Еуропалық сотқа Еуропа Кеңесінің Министрлер комитетінің сауалнамасы бойынша қосымша қорытындыларды шығару құзыретіне ие болды.

Бірақ орталық және шығыс  Еуропа мемлекеттері Еуропалық Кеңеске  қосылып, мүше-мемлекеттер саны өсуі  (1998 жылы Еуропа Кеңесі құрамында 40 мемлекет болды) және осыған байланысты Комиссия мен Сотқа түскен арыздардың көбеюі,сонымен  қатар Комиссия,Соттың және Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті арыздарды қарау процедурасының  көп қадамды болуы, және Комиссия мен Соттың функцияларының ұқсастығы арыздары қарау мерзімдерінің орташа есептегенде 5-6,ал кейде 8-9 жылдарға дейін ұзап кетті [8.б.85].

Қазіргі кезде Еуропада 30-ға жуық ірі халықаралық ұйым бар,олардың  әрқайсысы еуропалық құрлықтың  проблемаларын шешудің өзіндік  жолдарын ұсынады. Олардың ішінде Еуропа Кеңесі (1949ж. құрылған) сияқты өте ескі және ірі халықаралық ұйымның  неғұрлым маңызды рөл атқаратындығы сөзсіз. Бүгінде Еуропа Кеңесіне әртүрлі әлеуметтік-экономикалық деңгейде тұрған 40-тан аса мемлекет кіреді. Менің жеке көзқарасым бойынша, Еуропа Кеңесін құрудағы негізгі идея- бұл әр адамның өзін мейлінше толық  көрсетуі мен жаһандық адамзат проблемаларын шешудің мақсаттарына  қызмет ететін біртұтас еуропалық кеңістік құру.

1994 жылдың қаңтар айында  Еуропалық сотта 2700 іс болды,оладың 1500 әлі қарауға да жатқызылмаған.  Еуропалық комиссияның және Еуропалық  соттың қызметін жеке аспектілер бойынша дамыту, Конвенцияның жалпы қадағалау жүйесінің қарқынды жұмыс істеуіне ықпал етпейтіні анықталды. Әр жеке адамның намысын және өмірін құрметтеу адам құқығының негіздері  ретінде көптеген дүниежүзілік  ұлы діндер мен философиялық білім де бар. Адам құқықтарын сатып алуға , мұра ретінде алуға болмайды, адам нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа да нанымдарына, ұлттық және әлеуметтік жаратылысына, мүліктік жағдайына, тумысына және басқа жағдайларға тәуелсіз беріледі  және  әр адаммен «біртұтас» болып келеді.

Информация о работе Көптеген жылдар