Көптеген жылдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 17:21, курсовая работа

Описание

Көптеген жылдар бойы адам құқықтарын қорғау саласына көптеген ұйымдар мен мемлекеттер басты назар аударып келеді. Себебі көптеген жылдар бойы адамның негізгі құқықтары, яғни өмір сүру құқығы, жеке адамға қол сұпау құқығы сияқты құқықтары танылмады, алайда қоғамның күнделікті дамып келе жатқанына орай, бұл мәселеге назар аудара бастады.
Адам құқықтары – əмбебап қолданылатын құқықтық нормалар.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ЕУРОПАДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ
1.1 Еуропалық соттың құрылу тарихы және негізгі функциялары мен құзыреті
1.2 Еуропалық сот қызметінің құқықтық негізі
2 АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Адамның өз құқықтарын Еуропалық сотта қорғау құқығы
2.2. Еуропалық сот қызметі
2.2.1 Еуропалық сот қызметін жүзеге асырушы органдар
2.2.2 Еуропалық соттағы судьялар және ad hoc судьяларының мәртебесі
2.3 Еуропалық соттағы процесс
3 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ІСТЕРГЕ ҚЫСҚАША ТАЛДАУ
3.1Киган Ирландияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
3.2 Касадо Кока Испанияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

dip_2019.doc

— 399.50 Кб (Скачать документ)

Адам және мемлекет арасындағы қарым-қатынастырда адам құқығы маңызды  рольге ие. Ол әр адам үстіндегі мемлекеттік  қызметтің жүзеге асырылуын реттейді, мемлекетпен қатынастағы азаматтарға  бостандықтарын береді. Конвенцияның жалпы қадағалау жүйесі келесідей үш іс-шаралар тобын қамтитын қайта ұйымдастыруды қажет етті:

Жеке шағымдарды беру процедурасын  жеңілдету мақсатымен жеке  тұлғаларға Адам құқықтары  жөніндегі Комиссиядан өтпей-ақ Еуропалық Сотқа тікелей жүгіну құқығын беру;

Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғаудың жоғары сапада сақтай отырып, шағымдарды қарау процессін тездету шаралары;

Жалпы Конвенцияның қадағалау  жүйесінің эффектілігін жоғарлату  шараларын ұйымдастыру.

Бұл мақсаттарды жүзеге асыру шаралары Конвенцияның «Конвенцияға сәйкес қадағалау жүйесін қайта ұйымдастыру туралы» 1994 жылдың 11 мамырда қол қойылған және 1998 жылдың 1 қарашасында күшіне енген №11 Хаттамасында белгіліенген [9].

Еуропа Кеңесі  гуманитарлық ынтымақтастықтың мәселелеріне жауапты  орталық халықаралық ұйымға айналды. Осыған байланысты, Еуропа Кеңесінің  сот механизмінің  қызметін реттейтін негізгі құжат- адам құқықтары бойынша Еуропалық конвенция болып табылатындығын айта кеткен жөн. Құрылған құрылым  шеңберінде қатысушы мемлекеттер  тарапынан да, сондай-ақ,  халықаралық ұйымның өзінің тарапынан да жасалған  халықаралық келісімдердің  бірыңғай түсіндірілуі мен  қолданылуын, ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету қажет болды. Аталмыш функция халықаралық  ұйымның-адам құқықтары бойынша Еуропалық соттың құрылымына кіретін Еуропа Кеңесінің сот органына жүктелген болатын. Уақыт өте келе адам құқықтары бойынша Еуропалық соттың сот қызметі еуропалық құқықтың тиімділігі мен оның одан арғы дамуының маңызды факторының негізгі кепілдіктерінің біріне айналды.

Кез келген мемлекетте, тіпті тұрақты демократиялы елдердің өзінде де адам  құқықтары мен бостандығының бұзылуы орын алатындығын айта кету керек. Халықаралық (еуропалық) сот пен ұлттық соттағы процесстердің арасында тығыз байланыс бар. Мысалы, жеке адам мемлекет ішіндегі құқық қорғаудың барлық құралдарын  сарқа пайдаланып болғасын,адам құқықтары бойынша  еуропалық сотқа өзінің құқықтарын қорғау мақсатында өтініш жасай алады. Осының барысында процес басқа сатыға , ұлт үстінен жоғары (наднациональный) сатыға өтеді: ұлттық соттағы процесс,ұлттық процесс барысында жеке адамның  құқықтарын қорғау халықаралық соттың зерттеу обьектісіне айналады. Төртіншіден, сот қызметінде құқық көздері құқық принциптерінің, қатысушы- мемлекеттер үшін  ортақ халықаралық келісімдердің қолданылуы.  Еуропалық сот талас-егестерді шешу барысында, халықаралық құқықтың қайсыбір нормаларын түсіндіру барысында қатысушы- мемлекеттерде қалыптасқан құқық принциптерін қолданады.  Бесіншіден, еуропалық соттың прецеденттері құқық көздері болып табылады. Өзінің сот шешімдерінде еуропалық сот берген еуропалық құқық нормаларына түсінік берудің ресми және кейін қолданылуы үшін,соның ішінде ұлттық соттар қолдануы үшін міндетті сипаты бар.

№11 Хаттамаға сәйкес:

1.Барлық шағымдар Адам  құқықтары жөніндегі Еуропалық Сотпен қаралатын болды, ал Комиссия функциялары мен аткаратын қызметтері Сотқа берілді;

2.Жеке шағымдар және  мемлекетаралық даулар Еуропалық  Сотқа шағымданатын болды;

3. Конвенцияны талдау  және қолдану бойынша сұрақтардың  барлығы Еуропалық сотта қаралды. Сонымен қатар, Еуропалық сотта Конвенцияның  1963 жылғы  6 мамырдағы  № 2 «Адам құқықтары жөніндегі еуропалық соттың  консультативті шешімдір шығару құзыреті туралы» Хаттамасымен белгіленген Еуропа Кеңесінің Министрлер комитетінің сұранысы бойынша консультативті шешімдер шығару құқығы  сақталды [10].

4.Бұрын әрайлық сессиялар  тәртібімен жұмыс істеген Еуропалық  сот енді тұрақты негізде жұмыс  істеуді бастады.

5. Еуропа Кеңесiнiң  Министрлерiнiң комитетi iстiң маңызы  бойынша  қаулыны шығару өкiлеттiгінен айрылып қалды, дегенмен Конвенцияның мүше-мемлекеттерiнiң Еуропалық соттың қаулыларының орындауын  бақылауды iске асыру құқығын сақтады.

Еуропалық сот және Комиссия №11 Хаттаманың күшіне енуінен кейін  де түскен шағымдарды қарайды жалғастыра берді. №11 Хаттаманың күшіне енуіне дейін қарауға жататын деп анықталған шағымдар бұрынғы жүйемен қарастырылды. Қайта ұйымдастыру кезінде қарауға жататындығы бойынша қарастырылған кез-келген шағым, Еуропалық сотпен тек істің маңызы бойынша ғана қаралды. №11 Хаттаманың күшіне ену күнінен 12 ай аралығында Комиссия шығарған арыздар, Конвенцияның бұрынғы 48 бабына сәйкес Сотқа тапсырылған. Конвенцияның бұрынғы 35 бабына сәйкесжаңа Сотқа тапсырылмаған істер Еуропа Кеңесінің Министрлен комитетіне берілген болатын.

Конвенцияның № 11 Хаттамасы күшіне енген күннен бастап сол уақытқа дейін өз функцияларын жүзеге асырған Еуропалық сот қызметін тоқтатты. Бұрынғы Соттың қарауында жатқан хаттар жаңа Соттың Үлкен палатасына өткізілді[11.б.123].

Сонымен қатар, 1998 жылдың 4 қарашасында қабылданған еуропалық соттың Регламенті 2000-2005 жылдар аралығанда көптеген мәселелер бойынша өзгертілермен толтырылған. Бұл өзгертулер 2000 жылдың 8 желтоқсан, 2002 жылдың 17 маусым және 8 шілде, 2005 жылдың 1 желтоқсан және 2006 жылдың 29 мамыр күндері енгізілген. Регламент мәтініне  Сот  Регламентінің 32 б. сәйкес Еуропалық Соттың Төрағасы «Тергеу әрекеті туралы» Қосымша, «Алдын-ала шаралар жөнінде», «Шағымдану» , «Әрекеттесуші іс-қағаздар туралы» тәжірибелік инструкцияларды қосқан[12]. Бұл Ережелер,бір жағынан, тараптарға олардың Сотпен көптеген аспектілер бойынша әрекеттесуі туралы қажетті мәліметтерді беру, екінші жағынан, Соттың істерді қарауда біркелкі процедураларды енгізу мақсатымен енгізілген. Мәселен,жыл сайын тек қана Ұлыбританияның өзінде Еуропа Кеңесіне мыңнан астам шағымдар түседі, оны адам құқықтары бойынша Еуропалық сот табысты турде шешуде. Әр жеке адамның намысын және өмірін құрметтеу адам құқығының негіздері  ретінде көптеген дүниежүзілік  ұлы діндер мен философиялық білімде бар.

Адам құқықтарын сатып алуға , мұра ретінде алуға болмайды, адам нәсіліне, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа да нанымдарына, ұлттық және әлеуметтік жаратылысына, мүліктік жағдайына, тумысына және басқа жағдайларға тәуелсіз беріледі  және  әр адаммен «біртұтас» болып келеді.

Адам және мемлекет арасындағы қарым-қатынастырда адам құқығы маңызды  рольге ие. Ол әр адам үстіндегі мемлекеттік  қызметтің жүзеге асырылуын реттейді, мемлекетпен қатынастағы азаматтарға бостандықтарын береді. Қазақстан Республикасы үшін адам құқықтары бойынша Еуропалық соттың қызметі,біздің еліміздің еуропалық  елдермен тығыз мәдени және экономикалық,саяси гуманитарлық  байланыстарын  ескере отырып,үлкен қызығушылық тудырады. Еуропалық тәжірибені біздің заңгерлеріміз соттық-құқықтық реформаны  жургізуде және қалың жұртшылық үшін ақпараттық мәлімет  ретінде пайдалана алады. Сонымен қатар,әртүрлі халықаралық келісімдерді жүзеге асыру барысында адам құқықтарының бұзылуы, қазақстандық   және сондай-ақ , еуропалық сот органдары шешуге тиісшағымлар тәрізді  талас-тартысты сәттер де жиі туындайды. Соған сәйкес тек соттың тұрған жерінің іс жүргізу заңы қолданылады. Демек, қазақстандықтардың, соның ішінде Еуропа Кеңесі елдерінде бұзылған құқықтарын тиімді қорғауды ұйымдастыру үшін олардың соттық-құқықтық жүйесінің принциптерін және адам құқықтары бойынша Еуропалық конвенцияны  жақсы білу қажет.

Осылайша, Еуропалық соттың қызметiнiң ұйымы  2007 жылдың 1 ақпанындағы  күйi бойынша  №11-шi Хаттаманың редакциясындағы  Конвенцияның 2-шi бөлiмiмен, Еуропалық сотының Регламентiмен жоғары аталған оған өзгерiстер және қосымшалар редакциясында реттелген[13].

Еуропалық сотттың құзыреті. Еуропалық сот Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің олардың  заңдылығындағы әр адамның Конвенцияда және оның Хаттамаларында көзделген құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету міндеттемесін атқарылуын қадағалау үшін адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі Еуропалық конвенция негізінде құрылды.  Осыған байланысты, Еуропалық соттың Еуропалық Конвенцияда және онық Хаттамаларында  көзделген адам құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы негізінде түскен шағымдарды қарау құзыреті бар.

Осылайша, Ресейге қарсы Бурков ісінде Семейдегі ядролық сынақтар кезінде зардап шеккен шағымданушы қажетті деңгейде әлеуметтік қамтамаыз етілмеген деп нұсқады. Еуропалық сот қарауға жататындығы бойынша шағымды қабылдамады,  оны  Еуропалық сотқа іс бойынша жауапкер-мемлекетпен қамтамасыз етілетін әлеуметтік кепілдіктердің сапасы мен деңгейін қарау оның құзыретіне кірмейді деп түсіндірді.

Конвенция мен оның Хаттамаларында көптеген әлеуметтік және экономикалық адам құқықтары орнын таппады.,мысалы ақысыз тұрғын үй алуға құқық, еңбек ету құқығы, ақысыз медициналық қызметпен қамтамасыз етілу құқығы, белгілі-бір әлеуметтік деңгейін сақтау үшін мемлекет атынан қаржылы көмек алуға және т.б. Еуропалық сотта аталғандардың біреуі де қарастырылмайды және бұл сұрақтар бойынша түскен шағымдар қаралуға жатпайды деп танылады.

Бұдан басқа, еуропа Кеңесінің  барлық мемлекеттері мүшелер болып  табылатын  Конвенциядан ерекшелінеті оған қосымша Хаттамаларды ратификациялау міндетті болып табылдмайды, сол себепті мемлекеттер мемлекеттер әр түрлі Хаттамалардың қатысушылары болып табылады. Еуропалық соттың қарауына белгілі-бір Хаттамамен көзделетін құқықтары мен бостандықтары бұзылғаны жөнінде шағымдарды қарауға құзыреті бар,егер бұл  Хаттама жауапкер-мемлекетпен ратификацияланған болса.

Адам құқықтары мен  бостандықтарын қорғау жөніндегі Еуропалық  Ковенция – ықшамды және қысқаша  халықаралық-құқықтық акт болып  табылады, оның жағдайлары Еуропалық сотпен әр  қаралатын істерге қатысты талқыланады. Конвенциямен және оның Хаттамаларымен кепілдендірген құқықтар мен бостандықтарды талқылай, Еуропалық сот,өзінің белгілі-бір құқықтық сұрақ бойынша позициясын басшылыққа алып,  Ковенцияның мақсаттарына сәйкес олардың көлемі мен мазмұнын ашады, шағымның қаралуғы жататындығы жөнінде  немесе шағымданушының құқықбұзушылығы жөнінде шешім шығарады.

Осылайша, Ресейге қарсы О.В.Р. ісінде нотариус қызметінен шешілген шағымданушы біріккен палатадағы міндетті мүшелік оның ұйым құқйқғйн бұзады деп мәлімдеді. Бірақ Еуропалық сот оның арызын қабылдамады,өйткен гуманитарлы қызметтерді, профсоюздардан айырмаш Ресейге қарсы Черепков ісінде шағымданушы оның көптеген жылдан бері ұзаған активті және пассивті сайлау құқықтарының  бұзылуына шағымданыған .Еуропалық сот шағымданушышың шағымын қарауға жатпайды деп таныған,оның пікірі бойынша, жергілікті өкілді сайлауға Ковенцияның бірінші Хаттамасаның 3 бабына таралмайды.

  1998 жылдың шілде айында Ульяновсктың облыстық соты Халықтық демократиялық «Ватан » пратиясының жергілікті бөлімінің қызметін  халықаралық және діни  қарама-қайшылықтарды  тұтандырғандықтан  тоқтатты. Партия оның әділ сот  шеімі мен бейбіт жиналыстар мен ұжымдар құру құқығының бұзылу зардап шегушісі деп өзін танытты . Еуропалық сот бұл шағымды қарауға жатпайды деп таныды,себебі ол өз құзыреті бойынша әділ сот шешімін саяси  емес, тек қана азаматтық істер бойынша ғана шығара алады.

Конвенция мен оның  Хаттамаларымен ұсынылған құқықтар мен бостандықтардың көлемі мен мазмұны  ашу және  талқылау нәтижесінде айтарлықтай кеңейді, себебі фактілі дербес  құқықтар қосылды.

Мысалы, Біріккен Корольдікке голдер ісі Қаулысында Еуропалық сот әділ сот шешімі құқығы  ішіне азаматтардың дербес қорғау сот құралдары ретінде  әділдікті   қолжетерлік ету қажет деп айтты.

Конвенцияның мәтінінің 6 бабында  әділдікке қолжетерлік  құқығы тікелей  бекітілмегеннен,оның бұзылуы Еуропалық сотқа  Конвенцияның 6 бабаының 1 тармақшасына сілтей жүгінуге негіз бола алады.

Біріккен корольдікке  қарсы Джеймс және тағы басқалары  ісінде Еуропалық сот Конвенцияның номер бірінші Хаттамасының  1 бабы өзіне үш бөлек, бірақ өз ішінде байланысқан нормаларды қосады: өзінің мүлкісін құрметтеу құқығы; тұлғанын мүлкінен тәркілеу негіздері және мүліктің орындалуын қадағалау тәртібі.

Еуропалық сотқа жүгінгенде шағымданушы үш нормалардың біреуне  бөлек шағымдау құқығы бар, Конвенцияның  номір бірінші Хаттамасының 1 бабында  көзделген құқықтың бұзылуын негізге  алады.

Еуропалық соттың құзыреті  немесе сот терминолониясына сәйкес ratione materia,сонымен қатар Конвенцияның мүше-мемлекеттердің егемендігімен және ұлттық құқықтық қорғалу құралдарына қатысты Сот қызметінің субсидиарлы қағидасымен анықталады.

 Еуропалық сот шағым  бойынша жауапкер-мемлекеттің соттарының  жоғары тұрған сот инстанцияларына қатысты функцияларын атқармайды, және мемлекет сотымен шығарылған үкімді өзгертуге немесе күшін жоюға құқығы жоқ, сонымен қатар шағымданушының  іс  жағдайларына жаңа баға беруге,  оның кінәлілгі жөнінде дәлелдемелерге, куәлардың  сөздеріне және істің басқа да жағдайларына. Сот ұлттық сот және әкімшілік органдармен жіберілген Еуропалық Конвенцияда көрсетілген  фактілі қателерді бағаламайды және өзгертпейді. Еуропалқ соттың заңдардың күшін жою немесе оны қажет ету құқығы жоқ, сонымен қатар қаулылардың, шешімдердің, үкім мен т.б. мемлекеттік  нормативті актілердің және белгілі-бір іске қатысты  қандай да бір билік шараларының қолдануын талап тет алмайды.

 

 

Барлық ішкі құқықтық қорғалу құралдарының пайдалану. Конвенцияның 35 бабына сәйкес «қабылдануға жарамдылығы» бойынша сот істі қабылдай алады, халықаралық құқықтың номаларымен жалпы бекітілгендей, егер барлық ішкі құқық қорғалу құралдары пайдаланып болса.

Еуропалық сот  өзінің қаулыларында  «Келісуше тараптарға мемлекеттерге шағымдар сотқа түсер алдында, оның негізі болған себептердің алдын-алуға мүмкіншілік беру керек деп бірталай рет айтқан болатын. Осыған байланысты мемлекеттер халықаралық органдар алдында өздерінің әрекеттері үшін жауапкершіліктен, өзінің құқықтық жүйесін пайдаланып іс жағдайын өзгертуге мүмкіншілік алғанға дейін, босатылады».

Информация о работе Көптеген жылдар