Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2013 в 17:21, курсовая работа
Көптеген жылдар бойы адам құқықтарын қорғау саласына көптеген ұйымдар мен мемлекеттер басты назар аударып келеді. Себебі көптеген жылдар бойы адамның негізгі құқықтары, яғни өмір сүру құқығы, жеке адамға қол сұпау құқығы сияқты құқықтары танылмады, алайда қоғамның күнделікті дамып келе жатқанына орай, бұл мәселеге назар аудара бастады.
Адам құқықтары – əмбебап қолданылатын құқықтық нормалар.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ЕУРОПАДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕПІЛІ РЕТІНДЕ
1.1 Еуропалық соттың құрылу тарихы және негізгі функциялары мен құзыреті
1.2 Еуропалық сот қызметінің құқықтық негізі
2 АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Адамның өз құқықтарын Еуропалық сотта қорғау құқығы
2.2. Еуропалық сот қызметі
2.2.1 Еуропалық сот қызметін жүзеге асырушы органдар
2.2.2 Еуропалық соттағы судьялар және ad hoc судьяларының мәртебесі
2.3 Еуропалық соттағы процесс
3 ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ІСТЕРГЕ ҚЫСҚАША ТАЛДАУ
3.1Киган Ирландияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
3.2 Касадо Кока Испанияға қарсы ісі бойынша қысқаша талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Құқықтық қорғалудың мемлекет ішіндегі құралдары- мемлекеттің сот және әкімшілік органдары, шағымданушышың ісін қарауға, ол істің мәні бойынша шешім шығаруға құзыретті органдар. Органдардың құзыреттілігі мемлекеттердің заңдарына сәйкес анықталады.
Құқықтық қорғалудың ішікі құралдарын пайдалану талабын орындау кезінде, шағымданушы ұлттық заңдардың барлық талаптарын орындауға міндетті. Егер өзінің жеке себебеіне байланысты шағымданушы кассациондық инстанцияға жүгіну мерзімінде шағымданбаса, Еуропалық сот оның арызын қабылдамайды, себебі шағымданушының бұл әрекетті жасауға барлық мүмкіншіліктері болған, бірақ ол оны істемеді.
Өзінің еуропалық сотқа өтінішінде Мәскеу бизнесмены А. Козлов ресей прокуратурасы оның кәсіпорнының меншігіне заңсыз түрде тәркілеу жасағаны жөнінде айтты. Азамат Козлов өзінің шағымымен Мәскеудің жалпы юрисдикциясындағы көптеген соттарына жүгінген, бірақ бұ ліс арбитражды соттар қарауына жататындығы себебіне басқа,азамат жүгінген соттарда қаралмады. Бірақ шағымданушы арбитраджық сотқа жүгінбеді, сол себептен Еуропалық сот Козлов шағымын қарауға жатпайтындығы жөнінде шешім шығарды. Сот ішкі құқыққорғалудың барлық құралдарын пайдалану талабын орындамады деп Козловтың әрекетін түсіндірді.
Әр мемлекетте,Конвенция
мүшесінде қызмет ететін сот
және әкімшілік органдар түрлілігі
мен көптілігін ескере тұра, Еуропалық
сот мемлкетішіндегі
1.Қолжетімділік. Мемлекет
заңдары шағымданушы
2. Эффектілігі. Шағымданушы
өз құқықтары мен
Тиімділікке нақты мүмкіншілктері бар жүгінулер эффектілік критерийіне жауап береді.
Мысалы, Киганның Бірікке Корольдікке қарсы ісінде шағымданушы ұлттық Жоғарғы сотқа жүгінбеді, және ішкімемлекеттік құқыққорғау құралдарын толық пайдалану қағидасын бұзды деп мәлімдеген жауапкер-мемлекеттің өтінішін Еуропалық сот қабылдамады, бұл шешімді Жоғарғы Соттың тәжірибесіне қарасақ, бұл сотқа жүгіну істің мәні бойынша шағымданушы пайдасына шешім күтуге мүмкіншілік болмағанымен түсіндірді.
Егер мемлекетішіндегі құқыққорғау құралы эффектілік пен қолжетімдік критерийлеріне жауап бермесе, шағымданушы оларды өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін пайдалануы міндетті емес. Бірақ ішкі мемлекеттік құқыққорғау құралдарын толық пайдалану қағидасы бұзылмайды. Бірақ, егер шағымданушы өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатымен белгілі-бір сот немесе әкімшілік органдарына жүгінбесе, ол Еуропалық сотқа неге екенін түсіндіріп, бұл органдарға жүгіну эффектілі еместігі туралы нақты дәлелдермен келтіруі керек. Егер шағымданушы өзінің позициясын дәлелдейтін барлық жоғары атаып кеткен талаптарды орындамаса, Еуропалық сот оның шағымын қарауға жатпайтындығы жөнінде шешім шығарады.
Батыс Европадағы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген адамдардың соғыстың құрбандары болғаннан және жаңа экономикалық,саяси,әлеуметтік мәселелері пайда болған уақытта Еуропа Кеңесі шеңберінде адам құқытарын және бостандықтарын сақтау жөніндегі Еуропалық Конвенцияның әзірленуі басталды. Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижелері адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында жоғары дәрежеге жету үшін, ұлттық күштермен емес,халықаралық дәрежеде, адам құқықтарын және бостандықтарын кепілдендіретін тізбе болатын аймақтық халықаралық-құқықтық актісін қабылдау және мемлекеттердің бірігуі арқылы шешу қажеттілігінің негізі болды. 1948 жылдың 10желтоқсандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпы декларациясы осындай халықаралық-құқықтық акт болып табылды. Бірақ, Адам құқытарының жалпы декларациясы ұсынылатын сипатта болғанмен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымында қарастырылған адам құқықтары мен бостандықтары толық кепілдендіру үшін арнайы жүйесі жоқ. Ол үшін арнайы құзыреттері бар қадағалау жүйесі қажет болды.
Нәтижесінде, Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сот Конвенцияның құрылу мақсаттарын былай сипаттайды: «Келісетін мемлекеттермен сақталатын олардың құзыретіндегі тұлғалармен қатынастардағы белгілі –бір халықаралық стандарттарды қабылдау» [14].
1950жылдың 4 қарашасында Рим қаласында Еуропа Кеңесінің мүше-мемлекеттері 2-14 баптарда құқықтар мен бостандықтар тізімі көрсетілген Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөніндегі конвенциясына қол қойды. Олардың ішінде, өмір сүру құқығы,еркіндік,жеке қолсұғылмаушылық құқығы ,сөз бостандығы және ассоциация еркіндігі құқығы көрсетілген.
Берілген Конвенция негізінде, Адам құқықтары бойынша Еуропалық соттың классикалық халықаралық сотпен және еуропалық қауымдастық сотымен ұқсайтын жақтары көп. Айталық, халықаралық сот процедураларының негізгі сипаттамалары- сот органының тәуелсіздігі, халықаралық құқықтың негізінде құқықтық талас- егестердің шешілуі, алдын-ала анықталған істі қарау тәртібі , шешімдердің міндеттеушілік сипаты адам құқықтары бойынша еуропалық сотқа да тән. Дегенмен, адам құқықтары бойынша еуропалық сотқа тән бірқатар ерекшеліктер де бар. Біріншіден, аталмыш халықаралық сотқа жеке адамдардың тікелей қол жеткізе білуі. Қоғамның құқықты мүшелері мен заңды құқықтары бар адамдар тікелей өтініш жасауға, және осы сотта қарсы жақ ретінде сөйлеуге құқылы. Еуропалық сот жеке адамдардың пайдасына қарай шешім шығара алады, олардың құқықтары бұзылған жағдайда жеке адамдардың пайдасына қарай әділ компенсация жөнінде үкім де шығара алады. Екіншіден, жеке адамдардың тікелей қатысуымен қатынастарды реттейтін халықаралық (және еуропалық) құқық нормаларының қолданылуы. Еуропалық сот халықаралық құқық бойынша жеке адамдардың алдында тұрған мемлекеттердің міндеттемелерімен байланысты талас-егестерді шешеді. Үшіншіден, халықаралық соттағы процесс пен ұлттық соттағы процесстің өзара әрекеті,қызметті жүзеге асыру үшін қадағалау жүйесі бар,ол үш органнан тұрады: Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық комиссия,Адам құқықтары мен негізгі бостандықтары жөніндегі Еуропалық сот, Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті.
Конвенцияның 59бабы 2-тармақшаға сәйкес, Конвенция он грамотамен Еуропа Кеңесінің Бас хатшысына сақталуына тапсырылғанннан кейін өз күшіне енеді. Белгіленген грамоталар саны 1953 жылдың 3 қыркүйегінде жиналды. Бұл күн- Еуропа Кеңесінің Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі конвенцияның күшіне енген күн.
Конвенцияда қарастырылған құқықтар мен бостандықтардың бұзылуы жөнінде шағымдану құқығына ие субьектілер тек мемлекеттер ғана емес,сонымен қатар жеке тұлғалар да болды. Бұл жағдай Конвенцияның революциялық қағидасы болды [15].
Халықаралық дәрежеде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау соттық қорғау барлық тұлғалар қолын жеткізе алатындай деңгейге жетті.
Жеке шағымдану институтының пайда болуы кез-келген заңды және жеке тұлғаның өз құқықтары мен бостандықтарының Конвенцияға мүше-мемлекетпен бұзылуы жөнінде,келген арыздарды қарайтын, ол бойынша қадағалауды жүргізетін және шешім шығаратын халықаралық сот инстанциясына хабарлау құқығын иемденуі.
Жеке тұлғалардың Еуропалық сотқа жеке арыздарымен жүгіну құқығын Конвенцияға мүше-мемлекеттер мемлекеттік егемендіктің және мемлекеттің жеке істеріне қол сұғылуы ретінде түсінді. Осыған байланысты келесідей компромисстік шешім қабылданды: Конвенцияға мүше-мемлекет өз атына түскен шағымды заңды және құқықтық негізі бар деген жариялым жасағаннан кейін ғана, заңды және жеке тұлғалар Сотқа және Комиссияға жүгіну құқығын алады. Бұндай жарияланым үшін ешқандай мерзім қойылмаған, осыған байланысты оның міндетті түрде түсетініне кепілдік болған жоқ. Мысалы: Франция өз азаматтарына Комиссия және Сотқа жүгіну құқығын тек Конвенцияны бекіткеннен 30 жылдан кейін ғана берді [16].
Конвенцияның қадағалаау жүйесі өз қызметін жүзеге асыруды бастамас бұрын, бұл аумақтық халықаралық-құқықтық актінің сегіз мүше-мемлекеттердің өтініші түсу қажет болды.
Мүше –мелекеттердің оларға қарсы шағым түскен кезде жеке келісімінің болуы қажеттілігі нәтижесінде, Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөніндегі Комиссия қызметіндегі бірінші шағымдарды тек 1955 жылы ғана қарады,ал Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөніндегі Еуропалық сот Комиссиямен қарастырылатын мәселелер бойынша бірінші қорытынды шешімді 1959 жылы шығарды [17.б.118].
Адам құқықтары жөніндегі
Конвенцияға Адам құқытары жөнінде Еуропалық Комиссия және Сот жеке арыздарды қарау құқығы енгізілуі адам құқықтарын қорғау жөнінде қосымша кепілдік ретінде қарастырылды. Сол себептен Конвенцияның қадағалау жүесінің қызметін ұйымдастыру, түскен шағымдарды қарау мемлекетаралық дауларға негізделді. Бірақ, Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот өз қызметінің алғашқы 30 жыл ішінді бір ғана мемлекетаралық дауды қарастырды- Қаулысы 1978 жылы шыққан Біріккен Корольдікке қарсы Ирландия ісі бойынша[19].
Iстердiң басым көпшiлiктерi бойынша
жеке тұлғалар болды. Жеке
Бұл тенденциялар бастапқы шағылысуды адамның құқықтары жөніндегі Еуропалық комиссия Қаулылары және Еуропалық соттың Регламентiнде тапты[20].
Мысалы, комиссияның алдын ала сұрағына, 1960 жылғы Ирландияға қарсы Лоулес арызы бойынша Еуропалық сот оның баяндамасы бойынша мәлiмдеушiнiң жазбаша ескертулерiмен мiндеттi түрде танысуы қажет пе, сот iстiң қарастыру кезiнде мәлiмдеушiнiң сотта қатысуы ескерiлмейді деген терiс жауап бердi. Ашық тыңдауларда Комиссия және жауапкер- мемлекеттiң өкiлдерi ғана сөз сөйлей алады.
Мәлiмдеушiге және оның өкiлiне қарсы мемлекетпен қатар тыңдауларға қатысу құқығы берілмегені теңдiк және тараптардың жарысатындығының қағидасын бұзды.Еуропалық сот пайда болатын тәжiрибенiң өзгерiстерi үшiн Еуропалық соттың Регламентiне өзгерiстерiнiң енгiзулерiне келтiрген бiртiндеп адымдарды қабылдады. Мысалы, тұлға мәлiмдеушi соттың Регламентiнiң 1983 жыл қабылданған жаңа редакцияларында процесстегi тараптың мәртебесiн алды, бiрақ дербес сапада емес, Еуропаның Кеңесiнiң кез келген мүше-мемлекет қолданатын қорғаушы бола алатын өз өкiлiнiң бетте.
Өзгерiстер тараптардың iс жүргiзу мiндеттерi мен құқықтарына ғана емес,адамның кепiлдендіруші құқықтар мен бостандықтарының тiзбесіне де әсер тигiздi. 1952 -2004 жылдар аралығында Конвенцияның «Құқықтар мен бостандықтар» 1 Бөлімін толықтыратын алты Хаттама бектілді. Шағымдарды қарау процедурасын өзгертетін және толықтыратын Конвенцияға 1963-1992 жылдар аралығында тағы алты Хаттама бекітілді[21.б.35].
Бірақ Еуропа Кеңесіне жаңа мемлекеттердің қосылуы және Адам құқықтары жөніндегі Комиссия мен Еуропалық сотқа түсетін арыздардың көбеюі бұл жүйенің қиындата түскен жұмысты орындау үшін құрылымды қайта ұйымдастыру қажеттілігін туындатты.
1992 жылы Конвенцияның қадағалау жүйесін нақтылы қайта ұйымдастыруды Еуропа Кеңесінің Парламеннтік Ассамблея қолдады, ал 1993 жылдың қазан айында Еуропа Кеңесінің мүше-мемлекеттер үкіметтері мен мемлекет басшыларымен бұл жөнінде шешім қабылданды. 1993 жылдың 9 желтоқсандағы Вена Декларациясына сәйкес, «Конвенцияның біртұтас бөлігі ретінде Еуропалық сот болған органдардың орнын басады» деп жазылған. Ал 1994 жылы Конвенцияға №11 Хаттама қосымша бекітілді [22]. Бұл Хаттамаға сәйкес, Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Еуропа Кеңесінде болған үш тармақты қадағалау жүйесін айырбастады.
2 АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ СОТ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Адамның өз құқықтарын Еуропалық сотта қорғау құқығы
Қазақстан Республикасы 1950 жылғы Адам құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөніндегі Еуропалық Конвенциясына қосылмаған болғандықтан, Ресей Федерациясын мысал ретінде алдым. РФ-ң Конституциясының 3 Б. 46 б. Сәйкес «Ресей Федерациясының халықаралық келісім-шарттарына сай әркімнің адам құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөніндегі органдарға жүгіну құқығы бар,егер барлық басқа құқыққорғау тәсілдері біткен болса» [23.б.45]. Біріккен Ұлттар Үйымы саласында адам құқықтары жөніндегі алты Конвенция бар: Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт; Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пакт; Нәсілдік кемсітудің барлық формаларын жою туралы Конвенция; Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық түрлерін жою туралы Конвенция; Қинауға және тағы басқа қатаң, адамгершіліксіз немесе адамның абыройын түсіретін жаза түрлеріне қарсы Конвенция; Балалар құқықтары туралы Конвенция. Оның көмегімен халықаралық және ұлттық құқытың жүйелердің өзара әрекетінің жаңа деңгейі айқындалған адам құқықтары бойынша еуропалық соттың нақ осы ерекшелікті белгілері еуропалық құқық кепілдендірген, барынша тиімді құқықтар мен бостандықтарды қорғау механизмін жасауға мүмкіндік береді. Адам құқықтары бойынша еуропалық сот құруды 1950 жылы еуропалық Конвенция кепілдендірген, құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың тиімді жүйесін жасау мақсатында,адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау жөніндегі еуропалық Конвенция алдын-ала қарастырғанын айта кеткен жөн.