Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат

Описание

Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.

Работа состоит из  1 файл

sootn.doc

— 1.51 Мб (Скачать документ)

Талап арызды қайтара отырып, облыстық сот талапкер соттың кейбір нұсқауларын, соның ішінде бас компанияның Тронинг Тауар-Өндіріс Палатасында (Нидерланды) тіркелгенін дәлелдейтін құжатты консульдық заңдастыру туралы талабын орындамағанын көрсеткен. Бірақ Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдығы 1961 жылғы Гаага Конвенциясының қатысушылары болып табылады, ал бұл конвенция шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру туралы талапты жоққа шығарады. Конвенцияның 2 бабына сәйкес әрбір келіскен тарап конвенция тарайтын және осы аумаққа ұсынылған құжаттарды заңдастыру туралы талаптан босатады. Конвенцияның 3 бабына сәйкес құжатқа қол қойған тұлғаның қолының растығын куәландыру үшін немесе мөрдің растығын куәландыру үшін осы мемлекеттің құзіретті органының апостилін қоюды талап етуге ғана рұқсат етіледі. Қарастырылып отырған жағдайда облыстық сот АІЖК 424 бабында көрсетілген консулдық заңдастыру туралы ереже заңда немесе халықаралық шартта өзгеше көзделмесе ғана қолданылатындығын ескермеген. Халықаралық шартта консулдық заңдастырудан босату көзделгендіктен Жоғары Сот талап арызды бұл негізбен қайтару негізсіз болған деп шешті.

Құжаттарды заңдастырумен байланысты келесі жағдайда 2002 жылы 22 қаңтарда Жоғары Сот Алматы қалалық сотының 2001 жылы 4 желтоқсандағы талап арызды қараусыз қалдыру туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы анықтамасын өзгеріссіз қалдырды. Бұл ЖАҚ «Сина» бірлескен кәсіпорынына «Сиеменс Санаи Ве Тиджарет Аноним Ширкети» деген түрік компаниясының атынан «Регата» Консалтинг фирмасы» деген ЖШС-тің 300 мың АҚШ доллары көлеміндегі қарызын қайтару, моральдық залалды және  сот шығындарын өтеу туралы талап арызы болатын.

Жауапкер өтінішін талапкердің Түркияда мүддесін қорғау үшін берілген сенімхаты заңдастырылмаған және онда апостиль жоқ деп негіздеді. Бірақ АІЖК 424 бабында көрсетілген консулдық заңдастыру туралы ереже заңда немесе халықаралық шартта өзгеше көзделмесе ғана қолданылады. Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы қатысушылары болып табылатын 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага Конвенциясының 2 бабына сәйкес әрбір келіскен тарап конвенция тарайтын және осы аумаққа ұсынылған құжаттарды заңдастыру туралы талаптан босатады.

Сонымен қатар, Жоғары Сот өзінің қаулысында мынаны нақтылайды, Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы 1995 жылы 13 маусымдағы шарттың 8 бабына сәйкес тараптардың бірінің құзіретті органдары жасаған және бекіткен құжаттары, егер оларға тиісті қол қойылып, ресми мөрмен рәсімделген болса, екінші тараптың соттарында қолдану үшін заңдастырылудан босатылады. «Регата» Консалтинг фирмасы» ЖШС берген сенімхатта тиісті қол қойылып, Түрік Республикасының нотариусы, яғни ресми құжатты бекітетін функцияны жүзеге асыруға құзіретті тұлғасы куәландырған. Сол себепті Алматы облыстық сотының сенімхатты заңдастырудың қажеттігі жоқ деген қорытындысын Жоғары Сот дұрыс деп шешті.

Жоғары Сот 2002 жылы 14 наурызда Маңғыстау облыстық сотының 2001 жылы 26 желтоқсандағы анықтамасының күшін жойды. Онда В.А.Секретарюктің Ташкент облысы Ангрен қалалық халық сотының 1993 жылы 22 маусымдағы баланы асырауға алимент өндіріп алу туралы шешімін мойындау және мәжбүрлеп орындау туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартылған болатын. Облыстық сот өтінішті қанағаттандырудан бас тартты және өз шешімін жауапкер талапкер көрсеткен мекенжай бойынша Ақтау қаласында өмір сүрмейді, ал сотта басқа мәліметтер жоқ деп негіздеді.

Бірақ Жоғары Соттың пайымдауынша, бұл қатысушылары болып Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары табылатын 1993 жылы 22 қаңтардағы «Азаматтық, қылмыстық, отбасы істері бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» Минск Конвенциясының 54 бабына қайшы келеді. Осы бапқа сәйкес мойындау туралы өтінішті қарайтын сот тек конвенция талаптарының сақталғанын ғана анықтауы тиіс, егер ол сақталған болса, онда басқа мемлекетке тиесілі сот актісін мойындау және мәжбүрлі орындау туралы шешім шығаруы тиіс.

Шешімді мойындап, орындаудан бас тартудың негіздері Конвенцияның 55 бабында қарастырылған. Жауапкердің тұрғылықты мекенжайы анықтамау бұл негіздер қатарында көрсетілмеген. Осылай облыстық сот халықаралық құқық нормаларына қарамастан, өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан деп Жоғары Сот  анықтайды.

ТМД мемлекет басшылары қол қойған «Азаматтық, қылмыстық, отбасы істері бойынша құқықтық көмек туралы» Конвенцияның жаңа редакциясы (Кишинев Конвенциясы, 2002 жылы 7 қазан) ратификацияланған соң, ТМД елдері азаматтарының құқықтарын қорғау бұдан былай бұрынғыдан да тиімді болады. Бұл Конвенция 1993 жылы 22 қаңтардағы «Азаматтық, қылмыстық, отбасы істері бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» Минск Конвенциясы қарағанда кең мәселелерді реттейді.

Құқықтық көмек көрсету тек халықаралық шарттармен ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңдық актілерімен, Қазақстан Республикасының Әділет министрі 1998 жылғы 8 қаңтарда №13 бұйрығымен бекіткен «Қазақстан Республикасының соттары мен Әділет органдары құқықтық көмек көрсету тәртібі туралы және шет мемлекеттердің осындай органдарына құқықтық көмек көрсету туралы өтініш жасау тәртібі туралы» Нұсқаулығымен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 1997 жылы 17 маусымдағы «Прокуратураның халықаралық шарттардың орындалуын және шетел азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарының қамтамасыз етілуін қадағалау бойынша өкілеттігі туралы» №20 бұйрығымен реттеледі.

2002-2004 жылдары республика соттары істі қарау кезінде ҚІЖК 55 тарауының ережелерін қолданған істер саны бойынша статистикалық мәліметтер қылмыстық іс жүргізетін органдардың шет мемлекеттің қылмыстық істер бойынша құзіретті органдарымен және лауазымды тұлғаларымен өзара байланысу тәртібі туралы негізгі ережелерді (ҚІЖК 55 тарауы) қолданудың соттық тәжірибесіне Шолуда берілген. Сонымен, республикалық соттарға 2002-2004 жылдары «Қылмыстық іс жүргізетін органдардың шет мемлекеттің қылмыстық істер бойынша құзіретті органдарымен және лауазымды тұлғаларымен өзара байланысу тәртібі туралы негізгі ережелер» атты ҚІЖК 55 тарауы қолданылған 158 қылмыстық іс түскен. Олардың ішінде ҚР азаматтарына қатысты-110, шетелдік азаматтарға қатысты-41, азаматтығы жоқтарға қатысты-2 тапсырма бар. 2002-2004 жылдар қазақстандық соттар шет мемлекеттерге мынадай тапсырмалар жіберді: қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында беру туралы-97; экстрадиция, қамауға алу-18; қылмыстық қудалауды жалғастыру-12; сотталғаннан жауап алу -6; істі сырттай қарауға келісім-8; куәгерді уақытша беру-1; үкімді орындау үшін-13; куәгерден, жәбірленушіден жауап алу-7.

ҚІЖК 523-бабына сәйкес тергеу ісінің өндірісі туралы тапсырма Бас прокурор арқылы жіберіледі, ал сот әрекеттері Әділет министрі арқылы, немесе оның орынбасарлары арқылы, немесе басқада өкілетті лауазымды тұлғалар арқылы өтеді, олар қажет жағдайларда Сыртқы Істер Министрлігінің делдалдығына жүгіне алады. Шолу көрсетіп отырғандай, құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша қатынастар тәртібін реттейтін заң нормаларының бұзылуы көбінесе, кейбір соттар аталған органдар мен лауазымды тұлғаларға жүгінбестен, халықаралық шарттар талаптарын бұзып, тапсырманы тікелей шет мемлекетке, оның қылмыстық іс жүргізетін органдарына жіберуінің салдарынан болады. Және судьялар іс жүргізу әрекеттерінің өндірісі туралы тапсырмаларды кейде дұрыс рәсімдемейді, бұл соттардың өтініштерін, тіпті кейде қылмыстық істерді толық рәсімдеу үшін кейін қайтаруға негіз болады. Ал ол істі қараудағы кедергілерді көбейтеді. Мысалы, КазКСР ҚК 88 бабының 2 тармағы бойынша айыпталушы Кулумбетовтың қылмыстық ісі қылмыстық қудалау органдары мен соттың халықаралық шарт талаптарын сақтамауы салдарынан Ақтөбе облыстық сотының өндірісінде 9 жылдан астам болған. Бұл кедергілер мен шет мемлекеттердің тапсырмаларды орындау мерзімінің ұзаққа созылуына субъективті себептер болатынын куәландырады. Ондай себептерге қылмыстық қудалау органдары мен соттың тапсырманы тиісті рәсімдемеуі, халықаралық ынтымақтастық тәртібін реттейтін заң нормасын білмеуі жатады.

Сонымен халықаралық шарттардың нормалары мен ұлттық заңнамаларды дұрыс қолдануды істі дұрыс шешуге әкеледі. Мысалы, Павлодар облыстық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 96 бабының 2 тармағының «ж», «з»- тармақшалары, 175 бабының 2 тармағының « а,б,г,д» тармақшалары бойынша айыпталған Пономаренко, Новолодский және Сорокинге қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотта сотталушы Пономаренко мен оның қорғаушысы оның бұл қылмыстарды жасамағанын, себебі, бұл қылмыстар орын алған уақытта Пономаренконың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде, яғни Мәскеу қаласында болғанын мәлімдеді. Және соған негіз ретінде өз алибиін дәлелдейтін тиісті құжаттарды сотқа ұсынды. Сот айыпталушы Пономаренко мен оның қорғаушысының келтірген дәлелдері мен алибиін тексеру мақсатында Минск конвенциясына сәйкес Ресейдің тиісті аймақтарында бірнеше қылмыстық іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге тапсырма дайындап, оны сот құрамы бекітті. Содан кейін ҚР ҚІЖК 523 бабына және Минск Конвенциясына сәйкес Бас Прокуратураға бұл тапсырманы қолдап, Ресей Федерациясының құзіретті органдарына жіберу үшін жіберілді.

Нәтижесінде Павлодар облыстық сотына орындалған тапсырмалар бойынша мәліметтер түсті. Және 2004 жылы 11 наурызда сот шет мемлекет аумағында алынған дәлелдемелердің жарамдылығы қағидасын ескере отырып ( ҚР ҚІЖК 522-б) алынған мәліметтер бойынша істі қарап, үкім шығарды. Павлодар облыстық сотының 2004 жылы 11 наурыздағы үкімімен Пономаренко ҚР ҚК 96-бабының 1-тармағының «а», «б» тармақшалары, 175-бабының 2 тармағы, 58 бабы бойынша дүние мүлкін тәркілеумен қоса қатаң режимдегі түзеу колониясында жазасын өтеуге 21 жылға бас бостандығынан айырылды /50/.

2004 жылдың соңында республикамызда 2423 судья штатымен (соның ішінде 17 облыстық және оған теңістірілген, 319 аудандық және оған теңестірілген судьялар) 336 жергілікті сот жұмыс істеді. Тек 2001-2004 жылдары судьялар штатының саны 600-ге дейін көбейді, бұл жүктемені азайтып, мамандандырылған соттар ашуға мүмкіндік берді.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңы мен 2002 жылы 20 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының Тұжырымдамасы сот жүйесінің алдына сот төрелігі мекемелерін, әсіресе істің басым бөлігі қаралып, шешілетін аудандық (қалалық) сот органдарын ары қарай жетілдіру тапсырмасын қойды. Өйткені, сот жүйесі, оның әділдігі туралы халықтың көзқарасы осы мекемелерге жүгінген кезде пайда болады. Осы бөлікте қабылданатын шаралардың бағыттылығы соттар мен судьялардың мәртебесі мен беделін халық алдында көтеріп қоймайды, сонымен бірге оның материалдық-техникалық базасын жақсартады.

Сот ісінің негізгі ауырлығы аудандық соттардың мойнында болуына орай, кез-келген ауқымдағы сот шетелдік қатысушылары бар істерді мемлекеттегі қолданыстағы құқықты және халықаралық құқықты белсенді қолдана отырып шешуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің заңнама және соттық құқықтық реформа бойынша Комитет төрағасы С.М.Жалыбиннің пікірінше, сот сатыларында адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесінің ары қарай қалыптасуы ең алдымен адамдар санасына және мемлекеттің құқықшығармашылығына бірнеше халықаралық-құқықтық актілерде, соның ішінде Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында, 1966 жылғы Адам құқықтары туралы Халықаралық Пактілерде бекітілген негізгі қағидаларды енгізумен тығыз байланысты. Адам құқықтары саласында негізгі актілер болып табылатын бұл актілер адамның құқықтары мен негізгі бостандықтарының басты салаларын қамтиды. Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пакті жеке тұлғаға қатысты мемлекет тарапынан заңсыз әрекеттер болған жағдайда мемлекет пен адам арасындағы пайда болатын құқықтық қатынастарды алдын ала анықтайды және халықаралық құқық тұрғысынан Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясына қарағанда көбірек заңдық күшке ие. Сондықтан ол Декларацияда жарияланған адамның көптеген құқықтары мен бостандықтарын кеңейткен, нақтылаған құжат болып табылады, өйткені жоғарыда айтып өткендей осы Пактіде бекітілген міндеттемелер қатысушы мемлекеттерге орындауға міндетті. С.М.Жалыбин сот жүйесінің әрі қарай реформалануы жоғарыда көрсетілген құжаттар  негізінде өтетіндігін болжау жасайды /52/.

Халықаралық міндеттемелеріңіз орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттер тек ішкі заңнаманы ғана емес, халықаралық бақылаудың әртүрлі нысандарына да көңіл бөледі. Бақылау халықаралық құқықтың қызмет етуінің қажетті шарты болып саналады. Л.Оппенгейм айтқандай, «құқық іс жүзінде орындалуына кепілдік көп болған сайын күштірек болады» /53/.

Халықаралық бақылау мәселесі қазіргі халықаралық құқықтың барлық салаларымен, бірінші кезекте халықаралық шарттар құқығымен байланысты. Алайда, 1969 жылғы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясында халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасын бекіткен 26-баптан басқасы халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдерді көрсеткен нормалар жоқ. Халықаралық бақылау – салыстырмалы түрде халықаралық құқытың жаңа институты ретінде қарастырылады. Оның объектісі болып халықаралық құқық нормаларымен реттелетін әр түрлі халықаралық қатынастар, сонымен бірге мемлекеттердің  халықаралық міндеттемелерді орындау бойынша, халықаралық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша тиісті қызметі табылады.

Халықаралық жүйеде шарттық ережелернің толық және бірыңғай орындалуын қадағалайтын бірыңғай орган жоқ. Сондықтан мемлекеттер өздері бақылау механизмдерін жасайды, арнайы комитеттер құрады, олар шарттарды жүзеге асыру бойынша өткізілген шараларды талдау үшін жиналып тұрады. О.И.Тиунов, И.И.Котляров еңбектерінде халықаралық бақылау қызметінің мазмұнына ауқымды түсінік беріледі. Бұл еңбектерде халықаралық міндеттемелердің бұзылмауын алдын алудағы бақылаудың рөлі туралы және олардың толық, адал, әрі уақытылы орындалуы мақсаттары туралы айтылады /54/. Р.М.Валеевтің айтуынша, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық кеңейген сайын, ғылыми-техникалық прогресс пен халықаралық құқықтың мәселелер жаһанданған сайын халықаралық бақылаудың рөлі артып, жаңа нысандар мен әдістерге ие бола бастайды. Халықаралық бақылауға қазіргі кезде келесідей анықтама беруге болады, бұл халықаралық құқық субъектілері мен олар құрған органдардың қазіргі халықаралық құқықтың жалпыға танымал қағидалары мен нормаларына негізделген қызметі және бұл қызмет мемлекеттердің халықаралық құқықтық міндеттемелерін орындауын бақылаудан және оларды орындау бойынша шаралар қабылдаудан тұрады.

Әлемдік деңгейде халықаралық құқықтың жасалуы мен қолданылуы ісінде неғұрлым тиімді ұйымдастырушы, бақылаушы функцияны Біріккен Ұлттар Ұйымы атқарады. БҰҰ Жарғысында осы ұйымның функциялары толықтай бекітілгенімен, ол туралы халықаралық құқық бойынша көптеген еңбектерде жан жақты жазылғанымен, оның кейбір органдары мен олардың негізгі, соның ішінде бақылау функцияларына тоқталған жөн. Жарғысына сәйкес БҰҰ қызметінің негізгі мақсаттарына мыналар жатады: халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету; теңдік және халықтардың өз тағдырларын өздері анықтау қағидасын сыйлау негізінде ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту; бүкіләлемдік бейбітшілікті нығайту үшін басқа да тиісті шараларды қабылдау; экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешу бойынша және адам құқықтары мен нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан барлығының негізгі бостандықтарын сыйлауды көтермелеу мен дамыту бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; осы ортақ мақсаттарға жетуде ұлттардың әрекетін үйлестіретін орталық болу;

Информация о работе Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)