Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат
Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.
БҰҰ Бас Ассамблеясы осы ұйымға мүше барлық мемлекеттерден тұрады. Ол БҰҰ Жарғысының шегінде ұйымға мүше кез келген мемлекет немесе Қауіпсіздік Кеңесі немесе ұйымға мүше емес мемлекет қойған, халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауға қатысты кез келген сұрақтар мен істерді талқылауға және осындай кез келген сұрақ бойынша мүдделі тараптарға кеңес беруге өкілетті. Шара қолдануды қажет ететін кез келген сұрақтар пайда болған жағдайда БҰҰ Бас Ассамблеясы ол істі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне береді.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі- БҰҰ ең маңызды органдарының бірі. Ол 15 мүшеден тұрады: Ангола, Болгария, Гвинея, Ұлыбритания, Германия, Испания, Камерун, Қытай, Мексика, Пәкістан, Ресей, Сирия, АҚШ, Франция, Чили. Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі бар: Ұлибританя, ҚХР, РФ, АҚШ, Франция. Жарғының 24 бабы Қауіпсіздік Кеңесіне халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы басты жауапкершілікті жүктейді. Қауіпсіздік Кеңесі мүше елдерге міндетті шешімдер қабылдай алады.
БҰҰ Халықаралық Соты БҰҰ басты соттық органы болып табылады. Оның құзіретіне екі функция кіреді: 1)мемлекеттер арасындағы дауларды қарау; 2) БҰҰ органдарына, сонымен қатар оның арнайы мамандандырылған мекемелеріне құқықтық сұрақтары бойынша консультативтік қорытынды беру; Халықаралық Сот мемлекеттер арасындағы жария құқықтық сипаттағы дауларды шешеді. Ол мемлекеттер арасындағы, заңды тұлғалар және азаматтар арасындағы коммерциялық дауларды шешумен айналыспайды.
ТМД-да Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Соты табысты әрекет етуде. Ол мемлекетаралық экономикалық дауларды шеше отырып, Достастықтың актілерін түсіндіруді жүзеге асыра отырып, көптеген қарама қайшылықтарды жояды және ұлттық құқықтық жүйе мен халықаралық құқықтың өзара әрекетін байланыстыратын бөлік болып табылады. Мемлекетішілік деңгейде халықаралық құқық нормаларының басымдығы қағидасы бекітілгенімен, көптеген жағдайларда тек сот шешімдері, соның ішінде Экономикалық Сот шешімдері бар қайшылықтарды жоя алады. 1992 жылы 6 шілдеде қабылдаған ТМД Экономикалық Сотының мәртебесі туралы Келісім мен осы сот туралы Ережеде ТМД Экономикалық Сотының құзіреті анықталған. Достастықтың егеменді мүше мемлекеттерінің соттың юрисдикциясын мойындауы сотты құрудың мақсаттарына жетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл сот экономикалық қатынастардан туындаған дауларды шешу арқылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мүше мемлекеттері келісімдерді, оларға негізделген экономикалық міндеттемелер мен шарттарды бірыңғай қолдануын қамтамасыз ету үшін құрылған.
Достастықтың актілерін қолдануды түсіндіру туралы дауларды қарау кезінде Экономикалық Сот көптеген актілерді терең талдады. Ең бастысы олардың халықаралық құқықтың жалпыға танымал нормалары мен қағидаларына, Достастықтың жарғылық құқығына сәйкестігі және онда берілген шешімдердің негізділігі мен тиімділігі тұрғысынан талданды. Сонымен қатар, бұл Экономикалық Сотқа қол жеткізген уағдаластықтарды орындауға шақырған ұйымдастырушылық-құқықтық механизмнің тиімді қызмет атқаруын, мемлекеттердің әр саладағы, соның ішінде экономикалық саладағы интеграциясының мақсаттарын бағалауға мүмкіндік берді. Экономикалық Соттың шешімдері ынтымақтастықтың әр түрлі саласындағы Достастық актілерінің бірыңғай және тиімді қолданылуына көмектесті, Достастықтың құқықтық базасын қалыптастыруға, мемлекетаралық келісімдер мен шарттардың жасалу процесіне, әсіресе, олардың халықаралық құқық нормалары мен қағидаларына, ең бастысы, 1969 жылғы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына сәйкестіндіруді қамтамасыз ету процесіне жағымды әсер етті. Сонымен қатар Экономикалық Соттың түсіндіру туралы шешімдері Достастықтың кейбір органдарының мәртебесін нақтылауға, халықаралық -құқықтық кепілдіктерді олардың қызметінің әр саласында қолдануға мүмкіндік берді. Халықаралық аумақтық ұйымдарға мүше мемлекеттердің шаруашылық етуші субъектілерінің арасындағы дауларды халықаралық соттың шешуі халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Мұндай тәжірибе Еуропалық Одақта да бар /55/.
Сонымен қатар белгілі бір халықаралық шарттың орындалуын бақылаудың шарттық нысандары бар. Мысалы, 1966 жылы 16 желтоқсанда Бас Ассамблеяның 2200А (ХХІ) қарарымен қабылданып, 1976 жылы 23 наурызда күшіне енген «Азаматтық және саяси құқықтар туралы» Халықаралық Пактіде осы Пактінің ережелерін сақтауды бақылайтын ережелерді жан жақты жазылған.
Сонымен, 28 бапқа сәйкес Адам құқықтары бойынша Комитет (ары қарай Комитет) құрылды, Ол 4 жыл мерзімге сайланатын 18 мүшеден тұрады. Бұл комитет құрамына осы Пактіге қатысқан мемлекеттердің азаматтары кіреді. Олар жоғары өнегелік қасиеттерге және адам құқығы саласында мойындалған құзіреттілікке ие болуы тиіс және комитет құрамында заң тәжірибесі бар бірнеше тұлғаның болуы пайдалы екендігі ескеріледі. Комитет мүшелері жеке тұрғыдан сайланады және жұмыс жасайды, яғни олар өз мемлекеттерінің атынан өкілдік етпейді. Осы Пактіге қатысқан мемлекеттер құқықтарды өмірге енгізу бойынша қабылдап жатқан шаралар туралы, осы құқықтарды қолдануда жеткен жетістіктер туралы Пакт күшіне енгеннен кейін бір жыл ішінде және бұдан кейін Комитет талап еткен жағдайларда баяндама береді. Барлық баяндамалар БҰҰ Бас Хатшысына беріледі, ал Бас хатшы баяндамаларды Комитетке қарауға жібереді. Осы баяндамаларда Пактіні өмір енгізуге әсер ететін факторлар мен қиындықтар көрсетіледі.
БҰҰ Бас Хатшысы Комитетпен кеңескеннен кейін мүдделі мамандандырылған мекемелерге баяндамалардың олардың құзіретіне қатысты бөліктерінің данасын жіберуі мүмкін. Комитет Пактіге мүше-мемлекеттер ұсынған баяндамаларды толықтай зерттейді. Ол мүше-мемлекеттерге олардың баяндамаларын қайтарып және дұрыс деп тапқан жалпы тәртіптік ескертулер жасауы мүмкін. Сонымен қатар Комитет Экономикалық және Әлеуметтік Кеңеске осы ескертулер мен және мүше мемлекеттер берген баяндамалардың данасын табыс етуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы мойындаған халыкаралық құқық нормаларын қолданыстағы ұлттық құқыққа имплементациялау елде халықаралық міндеттемелердің толық орындалуы мен халықаралық құқық нормаларын қолданудың сұрақтарын туындатады. Осы мақсатпен халықаралық ұйымдар жекелеген елдердің мойнына алған міндеттемелерін орындауы бойынша әр түрлі ұлттық есептерді, баяндамаларды қарастырады. Мысалы, 1998 жылы Нью Йоркте өткен Комитет отырысында Қазақстан 1979 жылғы «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы» Конвенция талаптарын орындауы туралы алғашқы баяндамасын ұсынды және онда біздің елдің делегациясына Комитет мүшелері 160-тан астам сұрақтар қойды /56/. ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары бойынша Комиссия есептерді дайындаумен айналысты: 2001 жылы БҰҰ-нда қинауға мен басқа да қатал, адамға тән емес немесе ар ожданға тиетін жаза түрлеріне қарсы бағытталған Конвенциялардың нормаларының орындалуы бойынша, сонымен бірге, әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенция талаптарын орындауы туралы есептер тыңдалды және оған оң баға берілді. 2003 жылы 4 маусымда БҰҰ-нда Қазақстанның бала құқықтары туралы Конвенцияны орындауы туралы баяндама тындалды. Нәсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның орындалуы туралы есеп дайындалуда.
Бұл құқықты қорғау қағидасын жүзеге асырумен және әрбір адамға қатысты әділеттіліктің сақталуымен байланысты. «Әділеттілік», «құқық» - бұл халықаралық денгейде кездесетін терминдер. 1990 жылы маусымда Копенгагенде 35 мемлекеттің қатысуымен өткен адамдық өлшемдер туралы ЕЫҚК отырысында олар өздерінің құқықтың үстемдігінің негізін құрайтын әділеттілік қағидаларын қолдайтынын және осы мәселені көтеретінін жариялады. Олардың ойынша, «құқықтың үстемдігі» деген тек кана демократиялық тәртіптің орындалуына кол жеткізуде тұрақтылық пен бірізділікті қамтамасыз ететін формальды заңдылықты білдірмейді, сонымен катар, адам тұлғасының жоғары құндылығын толық мойындау мен қабылдауға және оның толық көрініс табу шегін қамтамасыз ететін мекемелердің кепілдігіне негізделген әділеттілікті білдіреді.
Сонымен, басқа мемлекеттермен экономикалық, саяси, мәдени және басқа да байланыстардың кеңеюіне байланысты құқықтық ынтымақтастықты нығайтатын елдердің де саны көбейеді. Сондықтан 2002 жылы 20 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының Тұжырымдамасында халықаралық құқықтық дамудың басым бағыттардың біріне қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша құқықтық көмек туралы, қылмыскерлерді ұстап беру, жедел іздестіру, ғылыми-техникалық, статистикалық ақпараттармен алмасу бойынша, ақпараттық қауіпсіздікті қорғау туралы, сондай-ақ, түрлі іс шаралар мен арнайы операцияларды бірлесе өткізу туралы, мамандардың өзара тәжірибе алмасуы мен оқуы туралы екіжақты халықаралық шарттар жасау және қабылдау жатады Сонымен бірге, ТМД, ЕурАзЭҚ және ОАЭҚ және басқа ұйымдар аясындағы қылмыскерлерді ұстап беру, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету, қылмыстық қудалау үшін беру, қылмыстылықтың ауыр түрлерімен бірлесе күресу туралы халықаралық келісімдерге мемлекеттің катысуын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдау қажет деп саналған.
Ең алдымен, аудандық соттардан бастап, Жоғары сотқа дейін барлық сот органдары қолданыстағы құқықты, соның ішінде халықаралық құқықтың нормаларын қолданып, сондай-ақ, ұлттық және халықаралық құқық нормаларын қолдану тәжірибесінде туындаған қайшылықтарды жоюы тиіс. туындаған мәселелерді сәйкес бірінші кезекте соттық органдар яғни аудандық соттан бастап Жоғарғы сотқа дейін қабылдауы керек. Бұл республика мойындаған халықаралық құқықтық нормалар мен қағидалардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және сол арқылы Конституциямыздағы Қазақстан Республикасы құқықтық және демократиялық мемлекет деген ереже іске асырылады.
3.4 Саяси қуғын-сүргін құрбандарының құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық және ұлттық құқықтық нормалар
Тоталитарлық режимдер адамзаттың өмір сүруінің барлық кезеңінде жер шарынын әр түрлі аймағында пайда болып отырды. Сондықтан ерте кезден бастап адамзат қоғамы күшті мемлекеттік билік пен тұлғаның еркін дамуы арақатынасының, бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізу мен азшылықтың пікірін ескерудің оптималды пропорциясын анықтауға, қоғам мен жеке адамның мүдделерін теңестіруге талпынып келеді. Бұл үрдіс шексіз, себебі әрбір ұрпақ өзінше өмір сүргісі келеді. Және ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы, яғни саяси қуғын-сүргіндер мен билікті асыра пайдалану адамдар мен бүкіл мемлекеттің тағдырын анықтаған оқиғалар көптеген адамдар үшін өте өзекті.
Л.И.Брежневке жіберген «Естелік жазбасында» А.Д. Сахаров кейінге қалдыруға болмайтын сұрақтар қатарына бірінші орында саяси қудалау туралы мәселені қойды және саяси қудалаудағы адамдарға рақымшылық жасауды қажеттігін атады; барлық сот істерін қарауды жариялы түрде өтуін қамтамасыз етуді, саяси, діни және идеологиялық мотивтермен психиатриялық қуғын-сүргінге ұшыратуды тоқтатуға шақырды. А.Д.Сахаров «адам құқығы үшін күрес - бұл бейбітшілік пен адамзаттың болашағы үшін шынайы күрес» деді /57/. Жаппай саяси қуғын-сүргіндер тақырыбына өзінің терең талдау еңбектерінің циклін М.Т.Баймаханов арнады /58/. « Жалпыұлттық идея Қазақстандағы әлеуметтілікке мойын бұрған азаматтық қоғамды құрудың негізі ретінде» атты халықаралық конференцияда жалпыұлттық идея ретінде кешіру мен кінәні мойындау идеясы туралы айтылған. Бұған себеп болған бұрынғы кеңес халқы үшін ұжымдастыру, жасанды ұйымдастырылған ашаршылық, сталиндік қуғын-сүргіндер, екінші дүниежүзілік соғыс сияқты апаттық салдарлар туғызған 1930-1940 жылдардағы фашизм немесе сталинизм зардаптары одан да қатты күшпен айналмайтындығына ешкім кепілдік бермейтіндігімен байланысты болды. Сол кездері қазақтардың үштен бірі аштықтан өлді, үштен бірі әлемге тарап кетті. Әсіресе, миллиондаған кеңес адамдары жазықсыз жәбірленген сталиндік қуғын-сүргін жылдары өте қайғылы болды. Қазақстан бүкіл аумағын Карлагтың 23 концлагері жаулап алып, олардан КСРО мен алыс шетелдердің 2 млн-нан астам адамы тұтқын болып өтті. Сталиндік геноцид жылдары республиканың 118 мың адамы қуғын-сүргінге ұшырап, әрбір төртінші адам күшпен өмірінен айырылды. Қазіргі уақытта республикада сталин лагерьлерін өткен 5 мыңдай адам ғана тірі қалды. «Заңсыз қуғын-сүргіннен жәбірленушілер» деген есепте тұрған қалған 70 мың адам қуғын-сүргінге ұшырғандардың балалары болып табылады /59/.
Ақталғандардың құқықтарын қорғау саласындағы қазақстанның ұлттық заңнаманың қалыптасуы тәуелсіздік процесі басталған кезден бастау алады. 1990 жылы 18 қыркүйектегі Қазақ КСР Президентінің «30-40 жылдар мен 50 жылдардың басындағы кезеңде заңсыз қуғын-сүргіндерден зардап шеккен, ақталған азаматтарға көмек көрсету бойынша шаралар туралы» №70 Жарлығы әділеттілікті қалпына келтіру және қуғын-сүргіндердің ақталған құрбандарына көмек көрсету мақсатында қабылданды. Сол кездің өзінде Президент Қазақ КСР Министрлер Кеңесіне ақталған азаматтардың осы санаты үшін бірнеше әлеуметтік жеңілдіктер мен артықшылықтар тағайындауды міндеттеді.
Егемендік туралы Декларацияға, тәуелсіздік туралы Заңға, 1993 жылғы Конституцияға ақталғандардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық құқық нормалары адам жалпы құқықтары тұрғысынан имплементацияланды. Бірақ белгілі бір халықаралық құқықтық нормаларды қолданыстағы құқық қосу туралы ережені Конституцияда бекіткенмен, олардың қлттық құқықтағы әрекетін айқындайтын тетіктен тыс әрекет ете алмайды.
1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының «Сот және сот төрелігі» тарауын бастайтын 75 бабында былай деп жазылған: «Арнайы және төтенше соттарды құруға тыйым салынады».
Заңсыз қуғын-сүргіннен зардап шеккен азаматтарды ақтап, әділеттілікті қалпына келтіруге «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (ары қарай «Ақтау туралы» Заң) көп үлес қосты. «Ақтау туралы» Заңға сәйкес ақтау ұғымына тұлғаны саяси қуғын-сүргін құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп соттық немесе заңда көзделген басқа да тәртіппен мойындау, оның бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, келтірілген моральдық немесе материалдық залалды өтеу жатады. Яғни, ақтау процесі негізі екі кезеңнен тұрады: біріншіден тұлғаны саяси қуғын-сүргін құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп ресми мойындау және аталған жеңілдіктерді алуға негіз Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен бірыңғай куәлік болып табылады; екінші кезеңде – құқықты қалпына келтіру, моральдық және материалдық залалдарды өтеу және т.б.
«Ақтау туралы» ҚР Заңы Конституцияның адам құқықтары мен бостандықтары туралы ережелерін дамытуда маңызды болып табылады. Егеменді посткеңестік елдің жаңа билігі бұл заңды қабылдауы арқылы ескі, кеңес биліктің, сталинизмнің қателіктерін түзеді. Бұдан екі жағдайды көруге болады: 1) бұл Заң жаңа егеменді мемлекеттің зорлық зомбылықтан, кеңес уақытындағы тоталитаризмнен бас тартқанын дәлелдеді және халықтың заң күшіне ғана негізделген құқықтық қоғам құруға ұмтылысын заңды нысанда бекітті және 2) Қазақстан Республикасы Кеңес Одағының құқықтық, саяси және басқа да мұрасының мұрагері екенін іс жүзінде дәлелдеді.
Осы мұраның басты құрамдас бөлігі – ол тоталитаризм қорқынышын әлі де ұмытпаған, жаңа биліктен әділеттік күтетін, тек қана материалдық қолдауды емес (бұл өте маңызды), сонымен бірге рухани, құқықтық ақтауды күтетін адамдар. Сондықтан бұл нормативті құқықтық актіні тек қана жәбірленушілерге өтемақы туралы Заң ретінде қарайтын кейбір шенеуніктердің ұстанымы құқықтық тұрғыдан да, саяси тұрғыдан да дұрыс емес. Сол себепті бұл Заңға 26-бап қосылды, әлеуметтік баптардың орындалуы кейінге шегерілді. Бұның барлығы Конституциялық ережелерді бұзу және Заңның өзіне қайшы әрекет болып табылады, өйткені оның басты мақсаты – ақтау.