Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат

Описание

Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.

Работа состоит из  1 файл

sootn.doc

— 1.51 Мб (Скачать документ)

- туысқандары мен жақындарының қуғын-сүргін ұшырауына байланысты моральдық және материалдық шығынға ұшыраған тұлғаларға, соның ішінде қуғын-сүргін кезінде 18 жасқа толмаған және ата-ана қарауынсыз қалған балаларға, қамау орындарында негізсіз атылған немесе көз жұмғандардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік-тұрмыстық жеңілдіктер және өтемақыларды беру туралы бөлікке  бұл Заңның күшін тарату мүмкіндігі туралы;

- ақталған азаматтарға олардан тартып алынған дүние-мүлікті қайтару немесе оның құнын қайтару мәселелер бойынша заңнамалық акт қабылдау қажеттігі туралы және саяси  қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша Комиссияға өз ұсыныстарын беру;

Қазіргі заманда саяси қуғын-сүргін құрбандарының құқықтары тұлғаның конституциялық құқықтарының бір көрінісі болып саналады, сондықтан олар біздің еліміздің Конституциясында нақты бекітілмеген, бірақ жалпы Қазақстанның ақталған азаматтарының құқықтарын қорғау саласындағы заңнама мен атқарушы органдардың қызметі үнемі жетілдірілуде.

Қуғын-сүргінге жазықсыз ұшырағандарды ақтаумен байланысты маңызды міндеттердің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргінге, жекелеген халықтардың геноцидіне алып келетін билікті шектен тыс асыра пайдаланудың алдын алу. Бұл міндетті шешу адам құқықтары туралы Халықаралық Пактілерді ратификациялау туралы және ұлттық заңнаманы ратификацияланған халықаралық құқықтық құжаттарға, бұл жерде Қазақстан Республикасы қосылған «Геноцид қылмысын алдын алу және ол үшін жазалау туралы» Конвенцияға сәйкестендіру мәселесін шешумен байланысты.

Көптеген ТМД мемлекеттері саяси қуғын-сүргін құрбандарын  ақтау туралы арнайы заңдар қабылдады. Біздің ойымызша, 1991 жылы 18 қазанда қабылданған «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы » Ресей Федерациясының Ресей Федерациясының Заңы (1992 жылы 26 маусымдағы, 22 желтоқсандағы,  1993 жылы 3-қыркүйектегі,   1995 жылы 4-қарашадағы өзгертулермен) (ары қарай   «Ақтау туралы» РФ  Заңы) 1993 жылы 14-сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасының  «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңына қарағанда халықаралық құқық нормаларына анағұрлым толық сай келеді. Сондықтан осы екі нормативтік құқықтық актілердің кейбір ережелерін салыстырып көру пайдалы болады,

ҚР Заңы тек жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарымен ғана шектеледі, ал РФ Заңы одан кең ауқымдағы саяси құрбандарды, 1917 жылы 25-қазаннан (7-қараша) кезіндегі және саяси, діни, көзқарастары үшін, әлеуметтік, ұлттық және өзге де белгілері үшін қудаланған барлық тұлғаларды қамтиды.

«Ақтау туралы» РФ Заңында  Ресей Федерациясы Жоғары Кеңесі көп жылғы террор мен  өз  халқының ұзақ жылдар бойы  жаппай қудалануы құқық пен әділеттілік идеясымен мүлдем сәйкес келмейді деп айыптайды, негізсіз қуғын-сүргін құрбандарына, олардың туыстары мен жақындарына  үлкен аяушылық танытатындықтарын  білдірді және адам құқықтары мен заңдылықты қамтамасыз етудің нақты кепілдіктеріне жетуге ұмтылатындықтарын жариялады. Яғни, жаңа биліктің өз азаматтар алдында  бас июі көрініс тауып отыр.

Бұл Заңның мақсаты Ресей Федерациясының  аумағында жаппай қуғын сүргін құрбандарын ақтау деп жариялай отырып, Ресей мемлекеті қазіргі ТМД азаматтары, оның ішінде Қазақстан азаматтары үшін де жауапкершілікті өз мойнына алады. Заңның 2 бабының мазмұнынан көрінгендей,  ақтау бойынша оның күші РФ азаматтарына, бұрынғы КСРО одақтас республикалары – мемлекеттерінің азаматтарына, Ресей Федерациясының аумағында 1917 жылы 25-қазаннан (7-қараша) бері саяси қуғын сүргінге ұшыраған шет азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға тарайды. Ал «Ақтау туралы» ҚР Заңының күші тікелей бұрынғы КСРО аумағында саяси қуғын сүргінге ұшыраған, қазіргі күні Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын тұлғаларға тарайды.

«Ақтау туралы» РФ Заңы кеңес уақытында саяси қуғындалғандарды ақтауға ғана емес, сонымен бірге, мұндай қылмыстарды қазір және болашақта болдырмауға бағытталған. 1 бапта саяси қуғын сүргіндер деп  саяси себептер бойынша мемлекет қолданатын әр түрлі мәжбүрлеу шаралары танылады.

Ал қазақстандық заңда болса тарихта болған қуғын-сүргіндер сипаты айтылып, 1 бап бойынша мемлекеттік органдар саяси себептер бойынша жүзеге асырған мәжбүрлеу шараларын қуғын-сүргін деп мойындалатыны бекітілді. Одан ары қарай осы құжатта қазіргі таңда жоқ «еңбек армиясы», «ІСХК (НКВД) жұмыскерлер колонналары» қатарында бас бостындығын шектеу арқылы мәжбүрлі еңбеке тарту сияқты жазалау түрлері әдейі келтірілген.

Қазіргі жағдайда қуғын-сүргіннің барлық ауырлығы мен қайғысын көрген сол кездің балалары туралы сұрақ аса маңызды болып табылады.

«Ақтау туралы» ҚР Заңы бойынша, саяси қуғын-сүргіннен жапа шеккендер ретінде ата анасымен бірге болған немесе олардың орнына бас бостандығынан айыру орындарында, жер аударуда, арнайы қоныстарда болған саяси қуғын-сүргін құрбандарының балалары, сонымен бірге, (1997жылы 22-шілдедегі  ҚР №169 Заңымен енгізілген) саяси қуғын-сүргін кезінде 18 жасқа толмаған және қуғын-сүргін кесірінен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар танылады. Осы баптың мазмұны бойынша, өкілетті органдар жапа шеккен балалар деп тек ата-анасынан екеуінен бірдей айрылғандарды таниды, ал РФ Заңының  2.1-бабында көрсетілгендей, саяси қуғын-сүргіннен жапа шеккендер ретінде бас бостандығынан айыру орындарында, жер аударуда, арнайы қоныстарда ата анасымен бірге болған немесе олардың орнына болған саяси қуғын-сүргін құрбандарының балалары; сонымен бірге, кәмелеттік жасқа толмай тұрып саяси қуғын-сүргінге негізсіз ұшыраған бір немесе екі ата-анасының қарауынсыз қалған балалар;  бас бостандығынан айыру орындарында атылып немесе көз жұмған және кейін ақталғандардың балалары, жұбайы (зайыбы), ата-аналары танылады.

Сонымен бірге, 1995 жылы 23-мамырда азаматша З.В.  Алешникованың 1991 жылы  18-қазандағы  «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын  ақтау» РКФОР  Заңының (1993 жылы 3 қыркүйектегі редакциясы) 2.1 және 16-баптарының   конститутциялық  екеніне тексеру жүргізу туралы шағымы бойынша іске қатысты РФ Конститутциялық Соты «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын  ақтау туралы»  Қаулы қабылдады. Онда 2.1-баптың бірінші тармағында бас бостандығынан айыру орындарында, жер аударуда, арнайы қоныстарда ата анасымен бірге болған немесе олардың орнына болған саяси қуғын-сүргін құрбандарының балаларын қуғын-сүргінге ұшырағандар ретінде емес,  саяси қуғын-сүргіннен жапа шеккендер ретінде тану мақсатқа сай емес, бұл тұлғалардың ақталу мүмкіндігін шектейді, ақталғандарға қарағанда басқа мәртебе белгілейді, оларға тиісті өтемақылардың көлемін азайтады деп  анықтады.   РФ Конститутциялық Соты, бірақ бұл балалардың қуғын-сүргінге ұшырап қойғанын, мәжбүрлеу шараларына тартылғанын атады.

Ата-аналары негізсіз қуғын-сүргінге ұшыраған кезде балаларын заңды жауапкершілікке тартуға мүмкіндік беретін жасқа жетпегені олардың құқықтық жағдайын бағалауда маңызды емес және ақтау процесі кезінде олардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негіз болмауы тиіс. Мұндай балалар саяси себептермен қуғын-сүргінге ұшырағандар деп бұдан туындайтын барлық салдарларымен танылуы тиіс.

Ресей Федерациясы мен  Қазақстан Республикасының  «Ақтау туралы» заңдарын салыстырмалы талдау бізді ресей  заңы саяси қуғын-сүргін құрбандары мен  саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккендердің құқықтарын  анағұрлым толығырақ қорғайды деген қорытындыға  келтірді, бұл мәселеде Ресей өзінің үлкен экономикалық мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен бірге ресейлік  заңшығарушының анағұрлым ізгі ұстанымда екендігін де көрсетіп  отыр.

«Ақтау туралы» заңның 10 жылғы қызметінің  нәтижесінде 320 мың азамат ақталды. 1986 жылы желтоқсанда Алматыда тоталитарлық режимге  қарсы шығып, осы оқиғаға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылғандарды ақтауға ерекше орын беруге болады. Осы уақытта оқиғаға қатысқандарды негізсіз  қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту кезінде жасырын ұйымдар құру, ұлтаралық араздықты өршіту сияқты 1937 жылғы  қуғын-сүргін үлгісі пайдаланылған. 1986 жылы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған 103 адамның 92-сі ақталған. Республика соттары желтоқсан оқиғасына қатысқандардың материалдық және  моральдық шығындарды өтеу туралы  40  талап арызын қарап,  оның 29 толық қанағаттандырды. Азаматтарды ақтау мәселесі басым бақылауда тұрады /65/.

Егер ақтаудың бірінші кезеңі 2000 жылға дейін жеткілікті  түрде белсенді жүргізілсе, жаңа мыңжылдықтың басында бұл процесс  баяулап қалды, тіпті тоқтап қалды десе де болады. Бұл жерде басты қиындық  «Ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26-бабын түсіндіруден туды, онда  18-24 баптардың  (ақталғандарды әлеуметтік қорғау туралы баптар) күші осы  Заң  күшіне енгенге дейін ақталған  саяси қуғын-сүргін құрбандарына  да таралады делінген.  Бірақ Заңның күшін уақыт бойынша шектеу Конституцияның өз елі азаматтарының құқықтарына бұзылған уақытына қарамастан кепілдік беретін ережесіне қайшы келеді. Бұл жерде бұрынғы үлкен державаның аумағында,  әр кезеңде болған билікті асыра пайдаланулар  бөлігінде бұрын болмаған мемлекет азаматтарының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге кепілдік беру арқылы Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы өзінің  кері күшін көрсетеді. 

Кейбір азаматтар толық  ақталу туралы сот шешімін  алғанымен, ҚР Үкіметі бекіткен бірыңғай үлгідегі «Ақталған  азамат куәлігін» де ала алмаған.  Бұл құжат ақтау бойынша  ай сайынғы жәрдемақы және өзге  де жеңілдіктер,  сонымен бірге, келтірілген моральдық залалдар мен материалдық зияндар  үшін өтемақы алуға негіз  болады, ал  көптеген азаматтар  әжептәуір материалдық қолдаудан  құр қалды.

2000 жылы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының № 17-33-924-2000 хатында «...жергілікті жерлердегі халықты әлеуметтік  қорғау органдары құжаттарды  қабылдап,  тиісті үлгідегі куәлік беруге және Заңда көрсетілген тиісті жеңілдіктерді рәсімдеуге,  ақшалай өтемақыға мұқтаждарды тіркеп, есепке қоюға міндетті » деп атап  өткен. 2000 жылы 10 қарашада Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі  №02 -1/6974 түсінік берді, онда «...Бұл Заңның 18-24 баптары  Заң күшіне енгеннен кейін, 1993 жылдың 14 сәуірінен кейін  ақталған азаматтарға таралмайды».  Дәл осыны  2000 жылы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы  Бас прокуратурасы растады. Бұл жерде  екі ведомство да «Ақтау туралы»  Заңның  26-бабына сілтеме жасады.

Осылайша «Ақтау туралы» Қазақстан Республикасының заңы оған бір баптың енгізілуіне байланысты әрекет ете алмай қалды. Заң жобасы авторларының айтуына қарағанда берілген бап олар жасаған жобада мүлде болмаған. 26 –бап ҚР Конститутциясының 1, 12, 13,14 баптарына және «Ақтау  туралы»  заңның мәні мен мазмұнына  мүлдем қайшы келеді. Мұндай кезде  шешуші сөз Қазақстан Республикасының Конститутциялық Кеңесіне беріледі, ол  2003 жылы  24 қаңтарда өзінің № 9 Қаулысы арқылы Қазақстан Республикасының   Жоғары сотына  «Ақтау туралы» заңды қолдану сұрақтарын түсіндіретін  нормативтік қаулы қабылдауды міндеттеді.

1993 жылы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси  қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңды  қолдану сұрақтарын түсіндіру қажеттігі туралы  2003 жылы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасы  Конституциялық Кеңесінің № 9 Қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының  Жоғары Соты пленарлық отырыс  өткізіп,    2001 жылы  21 маусымдағы   Қазақстан Республикасының  Жоғары Сотының  «Моральдық залалды өтеу туралы заңнамаларды соттардың қолдануы туралы» №3 нормативтік қаулысының 8 тармағына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы етті. Бұл түсіндірудің мәні 18-24 баптардың күші құрбандарды заң күшіне енгенге дейінгі немесе кейінгі сәтпен шектелмейді және заң күшіне енгенге дейін де, енгеннен кейін де ақталған саяси қуғын-сүргін құрбандарына тарайды. Жоғары Сот судьясы В.Ким  18-24 баптың күші заң күшіне енгенге дейін ақталғандарға тарайды деген 26 баптың ережесін заңға кері күш беру керек деп түсіну керек деп атап көрсетті. Яғни, заң күшіне енгеннен кейін ақталатындардың құқықтарын шектеу деп түсінбеу керек, өйткені бапты бұлай түсіну заңның мазмұнын мүлдем жояды деді /66/.

Саяси қуғын-сүргін құрбандары мен саяси қуғын-сүргіннен жапа шеккен деп танылған елдегі азаматтардың  материалдық әл-ауқатының жақсарту үшін осы санаттағы азаматтарды соғысқа қатысқандардың жеңілдіктер мен кепілдіктеріне теңестірілгендер деп тану қажет.  Ол  үшін 1995 жылы  28 сәуірдегі  Қазақстан Республикасы  Президентінің  «Ұлы Отан соғысының  қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер мен   әлеуметтік қорғау   туралы» заң күші  бар  Жарлығының 9 -бабына толықтырулар  енгізу керек.  1988-1989 жылдарда  Чернобыль АЭС-дағы апат   салдарын жоюға қатысқан тұлғалардың ішінен Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өздері келген) азаматтарды, соның ішінде эвакуация күні жатырда болған балаларды соғысқа қатысқандарға теңестірген заңшығарушының оң қызметін атап өткен дұрыс.

Егер саяси қуғын-сүргін  құрбандарына қатысты мемлекет қабылдаған шаралар  жеткілікті түрде тиімді болса, жендеттерге қатысты ондай нормалар мүлдем жоқ деп айтса да болады. Қуғын-сүргінді ұйымдастырушыларға, идеяны ұсынғандарға және тікелей орындаушыларға, яғни жендеттерге жаза саяси жүйе өзгергеннен кейін белгілі бір уақыт өткеннен соң, жазықсыз жандарға қатысты жасалған жаппай қуғын-сүргіндер арасында біраз уақыт өткеннен кейін ғана келеді.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау – кеш  те болса, жартылай болса да  әділеттікті қалпына келтіру болып  саналады. Алайда, адамның өмір сүру және адамзаттың бейбіт өмірге құқықтары сияқты құқықтардан құралған адам мен адамзаттың толық құқықтарына қатысты қылмыстарды болдырмаудың алдын алу  адамзаттың басым міндеті болып табылады. Өз  халқын  жаппай  қуғындау, қуғын-сүргінге  және  геноцидке ұшырату сияқты билікті   шектен тыс асыра пайдалануға адамзат ең басынан жол бермеуге, болдырмауды  алдын  алуға  міндетті, тіпті болмағанда жіберілген қателікті түзеп, әділеттікті қалпына келтіруге міндетті. Осы мақсаттар үшін тұрақты қызмет атқаратын Халықаралық сот немесе белгілі бір жағдайларда құрылатын, мысалы, Югославия бойынша Халықаралық трибунал секілді халықаралық соттар қызмет атқаруы қажет

Қазақстан Республикасында адам құқықтары  толық салтанат құрды деп  айтуға әлі  ертерек.  Елдің заң шығарушылары да, азаматтары  да  ҚР Конституцияның 1-бабындағы Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деген ережені естен шығармауы  қажет.

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» Бағдарламасында азаматтар мемлекет олардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтынына сенуі керек деді. Қазақстан халқы адам құқықтары туралы барлық Халықаралық Пактілерді тез арада ратификациялауға, олардың ұлттық заңнама нормаларынан сөзсіз басымдығының қамтамасыз етілуіне мүдделі, өйткені елдегі әрбір адамның қорғалуы деңгейі оған тікелей байланысты. Осы арқылы Қазақстан Республикасының қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деген Конституцияның 1 бабының 1 тармағы өмірде жүзеге асырылады.

Информация о работе Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)