Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат
Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.
ҚХР, Тайвань, Гонконг, Макао және Сингапурды біріктіруге ұмтылған, Қытайдың күш қуаты арта бастады. XXI ғасырда біртіндеп жоғарғы держава болуға қабiлеттi жаңа саяси-экономикалық бiрлестік не, кем дегенде, ірі әлем полюстарының бiрi қалыптаса бастады.
Еуразия кеңiстiгiнде бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының өзара ықпалдастықтары арта түсті, құрамы Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Қазақстан Республикасынан тұратын Кеден Одағы құрылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ММУ-де оқыған дәрісінде Еуразия Одағын құру туралы идеясын тұңғыш рет жариялағанын атап өту керек және осы идея тәжірибеде жүзеге асты да. Алғашқы қадам ретінде қызмет саласына ортақ кеден аумағы және сыртқы шекаралар, Кеден Одақ шекараларының барлық контуры (нобайы) бойынша бiр iздендірілген бажды бекіткен бiртұтас кеден саясаттары кiретiн Кеден Одағын құрылуын атап өтуге болады.
2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Кеден Одағын құру туралы құжаттар пакетіне 2009 жылдың 27 қарашасында Минскіде Белоруссия, Ресей және Қазақстан президенттері қол қойған болатын. Келiсiмге сәйкес, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бiртұтас кеден тарифы күшiне ендi. Кеден Одағының өзі 2010 жылдың 1 шiлдесiнен бастап Кеден Одағы Кеден кодексiнiң күшіне енуiмен өз жұмысын бастады. Осы кезден бастап Кедендік бақылау ресей-белорусь шекарасынан алынып тасталды, ал 2011 жылдың шiлдесiнен бастап ресей-қазақстан Кедендік бақылауды шекарасынан алып тастау көзделіп отыр.
2010 жылдың наурызында Қазақстан Парламентінің Сенаты Белоруссия, Ресей және Қазақстанның Кеден Одағы жұмыс регламентін белгiлейтiн келiсiмдердi бекiттi. «Кедендік одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік бағасын анықтау барысында дұрыс бақылау жүргізу реті туралы Келісімді бекіту туралы», «Кедендік одақтың кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік бағасын ресми мәлімдеу реті туралы Келісімді бекіту туралы», «Дамушы және дамыған мемлекеттердің тауарларының шығу тегін анықтау ережелері туралы Келісімді бекіту туралы» заңдар қабылданды.
Кедендік Одақ құрамына Украина да кіруі мүмкін. Соған байланысты, 2010 жылы Ресей Федерациясының Премьер-министрі В.Путиннің ұсынысына Украина президенті В.Янукович Украина Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болғандықтан, Кедендік Одақ құрамына тек осы ұйымның шарттары негізінде кіретінін жария етті. Бұған дейін Кедендік Одақ мемлекеттері өздерінің экономикалық саясатына сай, ДСҰ-на бірге, әрі синхронды түрде кіруге келіскен болатын. Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстіктегі көршілерінің – Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінің Кедендік Одаққа кіру мүмкіндігі қарастырылуда.
Алдағы уақытта Кеден Одағы төңірегінде Бірыңғай Экономикалық Кеңістік құрылуы мүмкін. Бұл кеңістіктегі егеменді мемлекеттердің бірыңғай тарифтік, энергетикалық, бәсекеге қабілетті саясат және т.б. функцияларын осы кеңістік органдарына тапсыру жағдайы қарастырылады. Бұл жердегі мәселе саяси емес, тек қана экономикалық интеграция төңірегінде жүреді. Мемлекеттердің егемендігі сақталады және бірлескен кеңістік құра отырып, экономикасын интеграциялайды.
Сондай-ақ басқа да ұйымдардың құрылуы нәтижесінде интеграциялық процестер өз күшін алып келе жатыр. Мысалы, 2001 жылы «Шанхай бестігі» (Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына айналды. Оның қатарына алтыншы болып Өзбекстан кірді. Қытай халқының санын ескере отырып, ШЫҰ Еуразия материгіндегі ең ірі халықаралық ұйым болып табылады. Терроризм, сепаратизм, экстремизмге қарсы күрес туралы Конвенция қабылданды. Сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері, Қытай және Ресей мемлекеттері экономикалық ынтымақтастығын одан әрі нығайту керектігін жариялаған болатын. Бүгінгі таңдағы көлік коммуникацияларын, инвестицияны дамыту, тауарлардың, капиталдың, азаматтардың еркін қозғалуы үшін шекараны ашу негізгі басымдықтары болып табылады. ШЫҰ-ның негізгі жұмыс жасайтын органдардың бірі – Аумақтық антитеррористік құрылым. Оның негізгі атқаратын жұмыстарының бірі БҰҰ-ның, ЕҚЫҰ-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың сәйкесті органдарымен ынтымақтастықты нығайту болып табылады. ШЫҰ БҰҰ-мен ресми түрде халықаралық ұйым ретінде танылды, оның штаб-пәтері Пекин қаласында орналасқан. Дәстүрлі түрде бейтараптық ұстанған Қытайдың осындай халықаралық ұйымды өзінің астанасына орналастыруы /3/, ШЫҰ-ның Қытай және барлық аймақтар үшін қандай маңызды екенін көрсетеді.
Орталық Азия экономикалық бірлестігі өзінің жұмысын тоқтатып, 2001 жылдың желтоқсан айында жаңа бірлестік - Орталық Азияның ынтымақтастық ұйымы құрылды. Бұл бірлестіктің атауы өзгертілсе де, негізгі мақсаты – өзара экономикалық ынтымақтастық сол қалпында қалады. Орталық Азиядағы бұл ұйымның жұмысы жақсы деңгейде жүруі үшін, қатысушы әр мемлекет даулы мәселені шешу кезінде белсене қатысуы қажет, мысалы, трансшекаралық су ресурстарын қолдану мәселесі. 2003 жылы шілде айының басында Алматы қаласында өткен Орталық Азия ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Бұл кездесуде осы ұйымды нығайту мақсатымен өзінің нақты бадарламасымен таныстырған Н.Ә.Назарбаев ұйымның кезекті төрағасы болып сайланды. Оның бағдарламасы халықаралық үш консорциум (су энергетикалық, көлік және азық-түлік) құруды және терроризмге, экстремизмге қарсы, есірткінің заңсыз айналымымен күресуді күшейтуді көздеді. 2000 жылғы әлем мемлекеттерінің басшыларымен қабылданған осы аталған аумақтық бастамалар мыңжылдық Декларацияның мақсатын жүзеге асырудағы барлық адамзаттың келісіп атқаратын жұмыс құрамына кіреді, сондай-ақ 2002 жылдың қыркүйек айында Йоханнесбургте өткен Тұрақты дамудың дүниежүзілік саммитінің шешімдеріне сай келеді.
Дүниежүзілік интеграция процессі аясындағы ірі жетістіктер бойынша Еуропалық Кеңес тәжірибесі дүниежүзінің барлық мемлекеттерін қызықтырады. Соған байланысты, А.К.Жуниор, Африкалық Бірлік Ұйымы дамуының ерекшеліктерін талдай отырып, Африкалық экономикалық бірлестігін құру туралы ұзақ мерзімді бағдарламасының басталуын және бұл бірлестіктің тұтастай экономикалық және саяси интеграция моделі ЕО-ның институттарының даму моделіне ұқсас болып келуіне әкеледі деп атап көрсетті /4/.
Еуропалық Одақтың прогрессивті дамуының тәжірибесі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қандай әсер әкеледі деген сұрақ туады. Бұл КСРО-ның және Еуропа мемлекеттері арасындағы болған тарихи, экономикалық, саяси байланыстармен тығыз байланысты. Посткеңестік мемлекеттер Ресейде XVIII ғасырда енгізілген және Кеңес Одағы кезінде де сақталған романо-германдық құқықтық жүйесін қолданады.
Еуропалық құқықтың мысалы ретінде ұлттық және халықаралық құқықтың байланыстарымен үйлесетін, халықаралық ынтымақтастықпен әкелген мемлекеттердің аумақтық бірлестіктері, аумақтық халықаралық бірлестіктер немесе аумақтық құқық деген жаңа құқық салаларының пайда болуына әкелді. Б.Н.Топорнин Еуропалық құқықтың түсінігін ауқымды және тар мағынада қарастыру кең таралған деп жазады. Бұл жерде еуропалық құқықтың ауқымды мағынасы ретінде ғалым тек Еуропаға ғана қатысты құқықтық қатынастарды реттеу және барлық еуропалық халықаралық ұйымдардың жұмысы, экономикалық, әлеуметтік, саяси, ғылыми және мәдени қастынастардың жиынтығы деп түсіндіреді Сондықтан мәселе өзінің негізінде халықаралық құқық болып табылатын аумақтық құқық (курсив біздің – А.Е.) туралы айтылып жатыр. Тар мағынадағы еуропалық құқық – бұл белгілі бір ауқымда Еуропалық Одақтың құқықтық реттеуімен толықтырылған еуропалық бірлестіктердің құқығы. Бұндай құқық халықаралық құқықтан алшақтаған және де өзін ерекше құқықтық құбылыс ретінде көрсетеді /5, 19 б./.
Ғылымда бекітілген терминологияға сүйене отырып, алдағы уақытта Еуропалық Одақтың құқықтық реттеуімен толықтырылған еуропалық бірлестіктердің құқығы және ТМД-ның құқықтық реттеуімен толықтырылған Еуразиялық Экономикалық Кеңестің аумақтық бірлестік құқығы болып табылатын «аумақтық құқық» терминін тар мағынада қолданамыз.
Еуропалық Кеңес мемлекеттерінің интеграциясының негізгі факторларын және ТМД-ның құрылу себептерін қарастыра отырып, Еуразия құрлығындағы болып жатқан интеграциялық процесстердің жалпы және ерекше мәселелерін анықтауға, яғни, ТМД аумағындағы интеграциялық процесстердің спецификасын түсінуге мүмкіндік береді. Соған байланысты Еуропа құқығы Академиясының президенті Л.Фицере былай деген: «Қазіргі уақытта барлығы Еуропалық Кеңес деп атайтын Еуропалық бірлестік – ерекше эксперимент. Оның мақсаты тәуелсіз ұлттық мемлекеттерді саяси, экономикалық, ұйымдастырушылық және заңдылық деңгейде бірлестіктің жаңа типіне (курсив біздің – А.Е.) біріктіру болып табылады /6, 19 б./.
Соғыстан кейінгі (1945 ж.) тығыз еуропалық интеграция еуропалық ұлттардың және мемлекеттердің ұзақ тарихи қалыптасу кезеңі болып табылады. Қазіргі еуропалық мемлекеттілікті қалыптастырған Еуропа территориясында мыңжылдық шамасында орасан зор империялар өмір сүрді. Герман королі Отто I құрған (Otto – 912-973 ж.) Қасиетті Рим империясы (962-1806 ж.), XV ғасырдың соңынан «герман ұлтының Қасиетті Рим империясы» өзінің құрамына батысславяндық жерлерді (Чехияны), скандинавиялық және франция жерлерін қосқан болатын. Осы жағдайлардың әсерінен империя халқында ортақ еуропалық өркениет сезімі қалыптаса бастады.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағының көп бөлігінде кезекпен түрік, монғол, славян империялары өмір сүрді. Бұл ұлттық тарихтың үзілмелі сипатта болуына әкеліп, қазіргі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрамындағы елдер ұлттық мемлекеттілікті қайта жаңғыртуды мақсат етіп қойды. Бұл бірігу процесінде белгілі бір қиындықтар әкеледі. Соған қарамастан бұл аумақтағы елдерді мекендейтін еуразиялық ұлттар жан-жақты байланыстарды, ынтымақтастықты дамытуға тырысуда.
Еуропада күшті интеграциялық фактор болған христиан діні. Католицизм және оның негізінде құрылған протестантизм Батыс Еуропаның ұстанатын христиан дінінің негізгі бағыттары болып табылады. ТМД-да таралған православие христиандарынан, мұсылмандардан, буддисттерден және басқа да діндік бағыттардан және конфессиялардан бұлардың айырмашылығы – өздеріне «populus christianus» деген атау қолдануы. Бұд жеке дара конфессионалдық бірлестік болған, тек XX ғасырда Рим папасы Иоанн Павел II әсерімен католик және православие әлемдерінің қарым-қатынастары жақсара бастады.
Ортағасырлық Еуропаның саяси дамуына ерекше идеологиялық және практикалық әсері болған римдік мемлекеттіліктің res publica – қатар идеясы, мемлекеттік билікті атқаратын лауазым иелерінің ауысуына тәуелсіз идеясы. Бұл мемлекеттің персонификациясымен сәйкес келмейтін. Бұл идея халықтың өзін бірегей экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени бірлестік болып сезінуі үшін әсер етті.
Патшалы Ресей аумағында шексіз монархтың билігі күшті болды, ал жергілікті билікті билігі шексіз басқарушылар әкімшілік, әскери, соттық билікті жүзеге асырды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрамына кіретін кейбір ұлттар мен мемлекеттер, сондай-ақ қазақ ұлтында да XIX ғасырдың екінші жартысында парламентаризмнің кейбір элементтерінің көрінісі болған. Алайда, патшалы Ресейдің реформалары және КСРО-ның орталықтандырылған басқару жүйесі бұл қалыптасуды бұзды.
Қазіргі таңдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің байланысы жақсаруда, алайда олардың әрқайсысының экономикалық даму деңгейі әртүрлі болғаннан кейін тағы да белгілі бір қиындықтар туындайды.
Профессор Л. Фицере Еуропалық бірлестіктің интеграциясы экономикалық интеграциядан бастау алады, ал оның ішкі және сыртқы саясаттағы, ішкі істер және әділеттің анықтаушы элементі болып саяси ынтымақтастық болып табылады деп көрсетеді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері, керісінше, алдымен саяси бірлестік ретінде құрыла бастады және соның әсерінен әлі күнге дейін экономикалық байланыстар жақсармады.
КСРО-ның құлауынан кейін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы ең бірінші саяси мәнді оқиға болды. 1991 жылдың 17 наурызында халық ортақ мемлекеттің сақталуы үшін дауыс берген болатын, соның себебінен, халықта кеңестік психологияның сақталуынан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрушы мемлекеттер әлем алдында бірліктің сақталатынын жариялады. Сондықтан 1991 жылы 23 шілдеде КСРО республикаларының делегациясымен қабылданған Егеменді Мемлекеттер Кеңесінің келісім-шартында көрсетілгендей бұл мемлекеттер «өздерінің Кеңестегі қарым-қатынастарын жаңа бастамаларға негіздей отырып құрады». Бұл құжаттағы көрсетілген ең негізгі мәселе Кеңес құрып жатқан әр мемлекет халықаралық бірлестіктің толық құқықты мүшесі болып табылады және дипломатиялық және консулдық байланыстар, шетел мемлекеттерімен сауда қарым-қатынастарын жасауға, олармен лауазымды өкілдіктерімен алмасуға, Кеңеске кіретін мемлекеттердің құқықтарын және оның халықаралық міндеттерін бұзбай халықаралық келісім-шарттар жасасуға және халықаралық ұйымдардың жұмысына араласуға құқылы. Жаңа ұйымның құрылуының негізгі қағидаларын атап көрсетуге:
- Әр мемлекет – келісім-шартқа қатысушы – егеменді мемлекет болып табылады. Кеңестік Егеменді Республикалар Одағы – зайырлы федеративті демократиялық, тең құқықты мемлекеттердің нәтижесінде қалыптасқан және өзінің мемлекеттік билігін келісім-шартқа қатысушы мемлекеттер ерікті түрде берген өкілеттігі негізінде жүзеге асыратын мемлекет.
- Кеңес құратын мемлекеттер маңызды қағида ретінде БҰҰ-ның Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларциясына және басқа да әлем таныған халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес адам құқығын таниды. Барлық азаматтарға туған тілін оқуға және қолдануға, ақпаратқа еш кедергісіз қол жеткізуге, дін, саяси, әлеуметтік-экономикалық және басқа да жеке құқықтар мен бостандықтарға кепілдік беріледі.
- Кеңестік Егеменді Республикалар Одағы халықаралық қатынастарда зайырлы мемлекет ретінде қатысады, халықаралық құқықтың субъектісі болып табылады және Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құқықтық мирасқоры болып табылады. Оның негізгі мақсаттары болып халықаралық аренада бейбітшілік орнату, қарусыздандыру, ядролық және басқа да жаппай қырып-жоятын құралдарды жою, адамзаттың әлемдік мәселелерін шешудегі халықтардың бірлігі және мемлекеттердің ынтымақтастығы /7/.
Одақтың ыдырауынан кейінгі «егемендік шеруі», экономикалық байланыстардың үзілуі, тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының тек қағаз жүзінде өмір сүруіне әкелді, себебі бұрынғы КСРО мемлекеттері ұлттық мемлекеттілікті құру, егемендіктің қалыптасуы және халықаралық сахнада өзін бекітуімен айналысып жүрді. Көптеген мемлекеттер қарулы шиеленістерді, өндірістік апат құлдырауларын бастан кешті, Республиканың саяси элиталары ел ішінде өз жағдайын нығайтты. Н.К.Есенғарин, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сол кезеңін әлемдегі билік етуші интеграциялық топтармен салыстыра отырып, посткеңестік кеңістіктегі интеграциялық үрдістің бастамашылығы, яғни жаңадан басталып келе жатқандығы туралы айтады. Достастық көрсеткіштері басқа әлемдік аймақтардан айтарлықтай артта қалып отырды. Егер Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында өзара тауар айналымының әріптес елдермен сыртқы саудасының жалпы көлемінің үлесі шамамен 30 % болса, НАФТА – 50 %, Еуропалық Одақта 60 % -дан жоғары /8, 145 б./.
Еуропалық Одақта мемлекеттер мен аймақтарды теңестіру үшін қызмет ететін арнайы қор құрылды, яғни Еуропа елдері Еуропалық Одақтың әр мүшесінің күшеюіне мүдделі, сонымен қатар материалдық көмек көрсетеді. 2000-2006 жылдар аралығында ЕО ортаеуропалық елдерге - ЕО кандидаттарына жыл сайын Одаққа кіруіне дайындық үшін 3,12 миллиард еуро көлемінде көмек көрсетіледі, оның 30% басқару құрылымдарын құруға, 70% – ЕО жалпы құқықтық жүйесіне өтуіне инвестицияларды қолдау ретінде /9/.