Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат
Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.
ТМД-да өзгеше жағдай байқалады. 2001 жылғы 20 шілдедегі «Известия» газетінің хабарламасы бойынша, Генуяда «үлкен сегіздік» елдерінің басшылары ең кедей мемлекеттер мәселелерін талқылады. Оларға 48 ел кіреді, 23 елдің қарыздары есептен шығарылып, 11 елге соғысушы мемлекетке жатқызылғандықтан бас тартылды. Ең кедей елдер тізіміне қазір еуропалықтар бұрынғы КСРО-ның төрт елін кіргізбекші: Грузия, Молдавия, Қырғызстан мен Тәжікстан. Сонымен қатар олардың 80-90% мемлекеттік қарызы Ресейге берілуі тиіс. Ресей бұл мемлекеттерге қарыздарын кешіруге қарсы. Аналитиктердің пайымдауынша бұл мемлекеттерді кешіруі Ресейдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысты саясатын айтарлықтай өзгертуге тура келеді: бұл мемлекеттердің Ресеймен саяси жоғалтуларды көңілге алмағанның өзінде экономикалық жақындығына мүдделілігі төмендейді - осы мемлекеттерді Мәскеу қауіпсіздік белбеуіне қосуына тырысып отыр.
1991 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы мен қызмет етуі екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңінде славян елдерінің басшылары Минск қаласында 1991 жылы 8 желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғанын жариялады, онда КСРО-ның өмір сүруі тоқтатылғаны хабарланды. КСР Одағын құру туралы 1922 жылғы Шартта үлкен елдің барлық бұрыңғы республикалары қатысты, бұл одақтас республикалар тек өздерінің Одақтан шығатынын жариялай алды, бірақ оның өмір сүруінің тоқтатылғанын емес. Алайда Одақтың негізі Ресей Федерациясы болса да, басқа екі славяндық республикалардың да рөлі маңызды болды. Республикалар Одағы формальді түрде ерікті болды, яғни 1922 жылғы КСРО құру туралы шарт халықаралық шарт жасасуда еріктілік, еріктердің келісімділігі сияқты халықаралық құқық талаптарына сәйкес келетіндігін білдіреді.
Шындығында, Одақ үкіметінің осы кезде федерацияның он екі субъектілерінің ішінен үшеуінің әрекеттерін тоқтату арқылы ұлы державаның құлауын тоқтатуға тағы бір мүмкіндігі болды, онымен қоса 1991 жылы 17 наурызда өткен референдумда ел азаматтарының абсолюттік көпшілік саны КСРО сақталуы үшін дауыс берді. Барлық республикалардың (бұрыннан шығып кеткен Балтық жағалауы елдерінен басқа) басшыларының еріктілігімен Алматы қаласында 11 республикамен қол қойылған келісім негізінде 1991 жылғы 21 желтоқсанда КСРО таратылды. Келісімде «ТМД құрылуымен КСРО қызмет етуін тоқтатады» делінген. Осы сәттен бастап бұрыңғы одақтас республикалардың «егемендік шеруі» аяқталды деуге болады, олар біржолата тәуелсіз мемлекеттер мәртебесін иеленді және олардың арасындағы қатынас халықаралық құқық нормаларымен реттелуге жатады.
КСРО-ның ресми таратылуынан бұрын қабылданған 1991 жылғы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң халықаралық қауымдастықта жағымды резонанс тудырды, жаңа мемлекеттің тәуелсіздігін бірқатар мемлекеттер мойындады. Бұл АҚШ идеологтарымен «жауыздық империясы» аталған ұлы державаларының бірінің ыдырау процесі әлемдегі елдердің маңызды бөлігінің мүдделеріне сәйкес келгенін көрсетеді, негізінен оның саяси, экономикалық, әскери қарсыластырының. Сондықтан БҰҰ немесе басқа беделді халықаралық ұйымдар деңгейінде Кеңес Одағының ыдырауына жол берілмеу туралы мәлімдейтін бір де бір дауыс табылмады.
Әлемдік тарихта достастық нысанындағы мемлекеттік және мемлекетаралық ұйымдар кездескен: Багам Аралдары Достастығы, Британ Достастығы, мүшелер арасында қатынастар үйлесімді дамыды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы басқа шындықты байқатады. Ең жоғары деңгейде қабылданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын нығайту туралы көптеген құжаттарға қарамастан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы әлі күнге дейін саясаткерлермен мәлімделген деңгейге сәйкес келмейді. «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы» сөз тіркесінің өзі үйлеспейтін ұғымдардың үйлесімін білдіреді. Бұл бастапқыдағы халықаралық бірлестік идеясында жатқан екі тенденцияны дәлелдейді.
1.Аталған мемлекетаралық қалыптасулардың субъектілері ретінде мемлекеттің түпкі мақсаты болашақта күшті мемлекетті қалпына келтіру (құру) және егемендікті бекіту болып табылады.
2. «Достастық» сөзі орыс тілінде «достыққа негізделіп, бір нәрсенің немесе біреулердің бірігуі» /10, 846 б./, жек көрініштік қарым-қатынастарын, әсіресе бір-біріне зорлық-зомбылық көрсетуді жою керек деп ұстанатын мемлекеттер бірлестігі болады деп болжамдалды, одан артық емес.
Бұл тенденция жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасындағы өзара байланыс деңгейінде де сақталды. Бірнеше жыл Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының елшісі болған Т.А.Мансуровтың айтуы бойынша, тәуелсіздікті алудың бастапқы кезеңінде екіжақты қатынастың шарттық-құқықтық ресімделуі мен дамуы және өздерінің халықаралық мәртебесін түсінуі көбіне екінші жоспарға ауысып отырды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің көпшілігі өздерінің халықаралық қауымдастықпен, ең алдымен жетекші державалармен мойындалу процесстерін жылдамдатуға баса назар аударды. /11, 335 б./.
Осылай, бұл халықаралық құрылымының атауы ол ең алдымен құқықтық мағынада посткеңестік республикалардың ұлттық мемлекеттілігін бекіту құралы болып табылатынын көрсетеді. Беловеж Пущасындаға Кеңес Одағының құлауынан кейін бірден Достастықты құру туралы шарт оның субъектілері үшін: а) барша әлемнің алдында бұрын бір мемлекет болған республикалар арасында болашақта берік экономикалық, саяси, әскери және т.б. байланыстар түріне жаңартылуы мүмкін достық байланыстарды сақтау туралы саяси мәлімдемені; б) КСРО-ны сақтап қалғысы келген 270 миллион кеңес халқының 1990 жылдың 17 наурызында өткен референдум нәтижесі бұзылды дегеніне жауап ретінде.
Қазіргі кезеңде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағында мемлекеттердің бірқатар аймақтық бірлестіктерінің құрылуы жүріп жатыр. Бірлестік нұсқаларын туыстық этносты немесе біріңғай географиялық аймақты құрайтын мемлекеттердің бір-біріне тартылуының бірқатар орталықтары орналасқан Еуропа да қарастырады.
ТМД-да бейтараптылық қағидасын ұстанатын мемлекет бар – Түркіменстан. Осы мемлекет Конституциясының 1 бабында Түркіменстан заң негізінде тұрақты бейтараптылық мәртебесіне ие екендігі бекітілген. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы «Түркіменстанның тұрақты бейтараптылығы» Резолюциясында: Түркіменстанмен жарияланған тұрақты бейтараптылық мәртебесін таниды және қолдайды; Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттерді Түркіменстанның тәуелсіздігі, егемендігі және аумақтық бүтіндігін құрметтей отырып осы мәртебені сыйлау мен қолдауға шақырады. 1999 жылы 27 желтоқсанда Түркіменстанның Халықтық кеңесінің отырысында «Демократия және татукөршілік, бейбітсүйгіштік қағидасы мен тұрақты бейтараптылыққа негізделген Түркіменстанның ХХІ ғасырдағы сыртқы саяси бағыты жөніндегі декларациясы» қабылданды. Түркіменстан Президенті Сапармұрат Түркіменбашы «адамзаттың ортақ прогресі бір модельдің диктатымен, нормалардың унификациясымен және өмір қағидаларымен ғана емес, сонымен қатар философия мен идеялар үйлесімділігімен анықталады» деп атап көрсетті /12/.
Ертеден бері Еуропада бейтарап дамыған мемлекеттер болатын: Швейцария және де Еуропалық аумақтық бірлестіктерге кіруге асықпайтын мемлекеттер, мысалы, Швеция. Ұлыбритания Еуропаның біртұтас валюталық кеңістігіне қосылмады. Посткеңестік кеңістікте жүрген, Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығының шегіндегі интеграциялық процесстер Қазақстанның егеменді мемлекет болып қалыптасуында маңызды рөлге ие. Біздің Президентіміз Н.А.Назарбаевтың пікірі бойынша, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы өзара тиімді және жемісті ынтымақтастықта қалыптасуы тиіс, онда, Ресей Мемлекеттік Думасының бұрынғы спикері Г.Селезневтің пікірі бойынша «заңның синхронизациясы» белсендірек жүруі керек деген. Бұл атау, біз түсінетіндей, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің егемендіктерін толық құрметтеумен ұлттық құқықтық жүйелерінің өзара үйлесуі. Және де поскеңестік кеңістіктің шеткі үйлестіруінің жақтаушылары бар: «Бізге ұлттық республика түсінігінің барынша идеологияланған және саясаттанған ұғымын негізінде азаматтық құқық мәні жатқан «аумақ» ұғымын деидеологияланған және саясаттанған түрде игеруіміз керек». Және де ерекше өркениет ретінде, поскеңестік федерализмның ерекше ұқсастығымен байланысты функцияларды тек қана федералды орталық қана алады, ол Батыстан да, Шығыстан да ерекше және жалпы Еуразия кеңістігінің ұлы дәстүрлерін сақтайды және оны білік ойымен бекітеді /13, 424 б./. Халықаралық деңгейдегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері Еуропалық Одақпен өзара әрекеттесулерін нығайтуға ұмтылады, ал аумақтықта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттері, оның ішінде Қазақстан да өздерінің аумақтық бірігулерінің үлгісі ретінде Еуропалық Одақтың тәжірибиесін алды. Осыған байланысты Н.А.Назарбаев, Батыс Еуропадағыдай интеграция деңгейі туралы айтуға әлі ерте, бірақ қойылған міндеттер (А.Е.ЕурАзЭС мемлекетаралық ұйымның бiрiншi мәжiлiсiндегi Минсктегi 2001 жылдың 1 маусымы) экономикалық және саяси жүйелердiң теңестiрулерiне итермелейдi деп атап өткен.
Осылай, 23.01.1995 жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақтың арасында сауда және инвестиция, демократия дамуының және әділеттілік аясындағы әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім бекітілді, онда «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» ынтымақтастық Кеңесі жұмыс істейді, оның үшінші отырысы Брюссельде 2001 жылы шілдеде өтті. Қазақстан Еуропалық мемлекеттерімен стратегиялық серіктестікке ұмтылады. Бірақ та Ресей Федерациясының тәжірибиесі бұл өте қиын процесс екенін дәлелдейді. Ю.Берестнев Ресей-Еуропалық қатынастарға анализ жасап, былай деп жазған, Ресей Федерациясының Еуропа Кеңесіне кіру үшін жасалған шарттарының ішінде маңызды орында Ресей заңнамасын Еуропа нормаларымен сәйкес келтіру талабы тұр. Соңғысында бірінші орында адамдардың құқықтары мен негізгі еркіндіктері туралы Еуропалық Конвенция және де прецеденттік сипаты бар адам /14, 14-15 б./. құқықтары бойынша Еуропалық Соттың шешімі түсіндіріледі. Ал бұл барлық билік құрылымдарының күшімен және де Ресей Федерациясының Президентінің қатысуымен шешілетін ұзақ процесс.
Украина Жоғарғы Кеңесінің төрағасы О.М.Ткаченко былай деп атап өткен болатын, «Егер де Украина тек Еуропалық ұйымдардың шегінде қабылданған міндеттерін ғана жүзеге асыратын болса, онда оған жаңа заңнама құруға тура келеді. Ол бұрын Украина мемлекетінің тәжірибиесінде қолданылмаған халықаралық қағидалар және үлгілерге негізделеді» /15/.
ТМД мемлекеттерінің жасалынған келісімдері: 1992 жылы 14 ақпан «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шегіндегі ынтымақтастық қағидаларын сақтау туралы» Декларация; 1992 жылы 13 наурыз «Несиелік қамтамасыз ету аясындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы-мемлекеттерінің азаматтарының құқығына кепілдеме туралы» Келісім; 1994 жылы 29 қазан «Тәуелсіз Мемлекеттердің азаматтарына кепілдеме және әлеуметтік құқық хартиясы»; «Еңбек етуші-мигранттарды әлеуметтік қорғау және еңбек миграциясы аясындағы ынтымақтастық туралы», 1994 жылы 8 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің ратификациялық қаулысы және т.б. халықаралық субьектілердің шаруашылық қызметі реттеледі, миграциялық процесстер қалпына келеді, халықты әлеуметтік қолдау және аумақтық даму Қорының құрылуына шаралар қолданылады және т.б.
2001 жылы 27 қазанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің Басшылар Кеңесінің отырысында, қазіргі уақытта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің күштері ең алдымен экономика аясындағы, еркін сауданың толық масштабты аймағын құруға көңіл бөлуі керек деп айтылған. Сондықтан да, бірінші кезекте бар тосқауылдардың жойылуын қадағалау, нәтижелі есептік-төлемдік жүйені құру, заңнаманы үндестіру. Бір-бірінің экономикасын өзара толықтыра алатын ұлттық және трансұлттық компанияларды құру және қызмет етуі маңызы аз емес процесс. Нақты мысал – Каспилік құбыр арнасы консорциумы. 27 қарашада газды саладағы ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойылды. Бұл қапталды құжат энергетика саласындағы Келісімді құрастыратын екі мемлекеттің сәйкес құрылымдарының жақындасу жолында көптеген кедергілерді алып тастауға мүмкіндік береді.
Германия Федеративті Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі М. Либаль германиялық саясаттың Еуропада әрекетқабілетті және дара еуропа мемлекеті ретінде жеке-жеке қарсы тұрғаннан гөрі болашақта алып державаларға қарсы тұра алатындай тиімді саяси одақ құруға бағытталғанын тілге тиек етті. Қауіпсіздіктің және қорғаныстың еуропалық саясатын құруды ЕО істеуі қажет және бұл аяда АҚШ және НАТО-мен тең құқылы бәсекелес болуы шарт. Осындай саясат ұлттық егемендіктің маңызды атрибуттарынан бас тартуға алып келеді. Бұндай бас тартушылықсыз интеграцияның болуы мүмкін емес. Тек осындай жағдайда ғана бірауыздан сөйлейтін, шешімді және біртұтас әрекет ететін Еуропалық одақты құруға болады /16, 4-5 б/.
Еуропадағы ұлттардың әртүрлі ұлттық мәдениеттерінің өзара әрекеттесу дәрежесінің жоғарылығы соншалық, аса дамыған мемлекет, халқының көп бөлігі түпкілікті халық болып табылатын германияның федералды канцлері Герхарт Шредер 2001 жылғы 18 қазанда герман Бундестагының алдындағы үкіметтік өтінішінде: «Еуропа – географиялық түсініктен жоғары, еуропа - сонымен қатар, біз қорғап, дамытқымыз келетін қоғам моделі мен жалпы өмірсүру нысаны, бұл еуропа ағартушылығының рухани және әлеуметтік негізіне құрылған және жүз жылдықтар шегінде мол Грек, Рим, Еврей, Христиан және Ислам мұрасын қабылдады. Біз, еуропалықтар, айырмашылықтарды тануды ғана үйреніп қойған жоқпыз, сонымен қатар біз конфессиялық даулар, терең қақтығыстар және де ұлттық мемлекеттер арасындағы жаугершілікті де жеңуді үйрендік» /9, 52 б./.
ХХ ғасыр соңында жалпы танылған ұлттық-құқықтық қағидалар мен институттардың халықаралық-құқықтық қамтамасыз етілуінің күшейгенін бақылауымызға болады. Ең алдымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, демократиялық құндылықтары, егемендігі, шекараның бұзылмастығына қатысты, аумақтық мемлекетаралық бірлестіктер өзінің құрамы, интеграцияланған дәрежесі, өмір сүру мерзімімен ерекшелене алады. Бірақ та бірде бір мемлекеттің белгілі бір дәрежеде аумақ шегінде интеграциялық бастамашылығына әсер ететін өзінің геосаяси орналасуын өзгерту қолынан келмейді.
Орта-Азиялық аумақ бір этнодемографиялық аумақ ретінде алғаш рет 1994 ж БҰҰ халық және даму бойынша Каир конференциясында, үлкен Оңтүстік Азияда жеке дара демографиялық өлке ретінде Таяу Шығыспен, Үндістан субконтинентімен, Үнді-Қытаймен (Азияның оңтүстік-шығысы) тең дәрежеде бөлінді. Орталық-Азия өлкесінде, үлкен кеңістікте (4 млн шаршы метр) қазіргі кезде 55 млн адам тұрады. Мұнда халық тығыздығы бір шаршы метрге 15-16 адам, Индостан субконтинентінен 25 есе аз, Қытайдан 9 есе аз, көрші аумақ - Таяу Шығыстан 2 есеге аз /17, 3 б./.