Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат

Описание

Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.

Работа состоит из  1 файл

sootn.doc

— 1.51 Мб (Скачать документ)
>ТМД елдері өздерінің Солтүстік Америка мемлекеттері де жататын батыс европалық мемлекеттерінен артта қалушылығын түсіне отырып, әрқайсысы жеке дара мықты мемлекеттілік құруға ұмтылады, сондықтан өздеріне ұқсас мемлекеттермен емес, аса дамыған «өркениетті» мемлекеттермен байланыстарын жақсартатын болады. Осы себептерге байланысты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы  мүше мемлекеттері әлі ұзақ уақыт бойы жеке-жеке дамиды. Посткеңестік мемлекеттерінің интеграциясын ортақ қауіпке: әскери, экономикалық, экологиялық қауіптерге қарсы күштерін біріктіру жеделдете алады. Сонымен қатар тек сыртқы қауіптермен туындамаған, толық аумақтар мен континенттердің бірігу процесі, мысалы Европа бірлестігі, Достастық мемлекеттерінің мамандарын осы мемлекеттердің тәжірибесін егжей-тегжейлі зерттеуге мәжбүрлейді. Мамандар еуропа мемлекеттерінің орталық азия мемлекеттерімен қатынастарына жағымды әсер ететін күшті жақтарына мыналарды жатқызады:

- Еуропа мемлекеттерінің экономикалық, қаржылық, техникалық әлеуеті;

- Орта азиялық мемлекеттерге қатысты жағымсыз империялық тәжірибенің жоқтығы;

- Еуропалық мемлекеттерде жағымсыз «антиисламдық имидждің» жоқтығы;

- Кейбір еуропа мемлекеттерінің (бірінші кезекте Германия) көптеген Орта Шығыс мемлекеттерінің басты экономикалық серіктестері ретіндегі дәстүрлі ролі;

- Дамушы мемлекеттердің өндіруші өнеркәсібіне инвестициялар тәжірибесі;

- Еуропа Одағының және НАТО позициясының күшеюіне төзімділігі;

Орта Азия мемлекеттеріндегі адам құқықтарының сақталуы сұрақтары бойынша европа мемлекеттерінің ұстамдылық позициясы /18/.

Бұған  Петр I кезінен, Орталық Азияға, әсіресе Қазақстанға көп неміс мамандары: осы аумақ мемлекеттерінің өнеркәсіптіік және мәдени әлеуетіне елеулі үлес қосқан ғалымдар, инженерлер, шенеуніктердің келгендігін қосқан жөн. Қазақстандығы неміс халқының саны  күштеп жасалған депортация нәтижесінде әсіресе Ұлы Отан соғысы жылдарында көбейді. Нәтижесінде 1991 жылы неміс халқының саны 1 миллионға жетті және жергілікті халықты еуропа мәдениетіне тартуда баға жетпес үлес қосты.

Қазақстан Республикасы мен Европа қауіпсіздігі арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамуда. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 26 мамырдағы Заңымен «Бір жағынан Қазақстан Республикасының  Европа Қауымдастығымен, екінші жағынан оның мүше - Мемлекеттерінің арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық туралы» Келісімі ратификацияланды,  1995 жылы 23  қаңтарда Брюссельде қол қойылды (бұдан әрі - Келісім).

Келісім тоғыз тарауға біріктірілген 100 баптан тұрады. Бұл құжатта тараптардың өзара қатынасы  құрылатын қағидалар жарияланған: демократия, халықаралық құқық және адам құқықтарын құрметтеу қағидасы. Осы қағидаларға сәйкес құжат мазмұны баяндалған, мысалы IV бөлім «Кәсіпкерлік қызмет және инвестициялауға әсер ететін Ережелер» еңбек талаптарын регламенттейді; мекеме және компания қызметіне қатысты ережелер; Қазақстан Республикасы мен Қауымдастық арасындағы трансшекаралық қызмет көрсету; ағымдағы төлемдер мен капитал, интеллектуалдық, өнеркәсіптік және коммерциялық меншікті қорғау.

V тарау «Заңнамалық аясындағы Ынтымақтастық»; VI – «Экономикалық ынтымақтастық»; VII – «Мәдени ынтымақтастық»;  VIII – «Қаржылық ынтымақтастық» мазмұнды болып келеді. Келісімдегі маңызды сәт ынтымақтастық Кеңесінің, ынтымақтастық Комитетінің және осы Келісімнің сақталуы мен жүзеге асырылуын  бақылауды қамтамасыз ету мақсатында парламенттік ынтымақтастық Комитетінің бекітілуі болды.

Еуропалық Одақ мемлекеттері  Орталық Азия мемлекеттерімен, әсіресе Қазақстанмен өзара әрекеттестігіне баса назар аударады. Олардың тиісті консолидацияланған позициясы  «Еуропалық Одақ және Орталық Азия: жаңа серіктестік стратегиясы» атты құжатта көрініс тапты, бұл құжат 2007 жылы ЕО саммитінде қабылданған болатын.

Қазақстан да өз кезегінде  технологиялық, энергетикалық, транспорттық, сауда – экономикалық  өзара әрекеттесудің кеңеюіне әкелетін Еуропалық мемлекеттермен  тығыз ынтымақтасуда, сондай-ақ Еуропалық интеграция мен институциялық-құқықтық реформалар тәжірибесіне қызығушылық танытады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті 2008 жылы 29 тамызда Еуропалық елдер мен Қазақстан арасындағы жан-жақты ынтымақтастықтың жаңа негіздері қаланған, 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» атты Мемлекеттік бағдарламаның бекітілуі туралы Жарлыққа қол қойды.

Бағдарламаның басты мақсаты – Еуропалық елдермен сауда айналымының көбеюі, транспорттық желілерді дамытудың біріккен жоспары, техникалық регламент пен өлшемдерді, яғни стандарттарды  Еуропалық Кеңес елдері талаптарына сай ету, еуропалық нормалардың ескерілуімен болатын қазақстандық заңнаманы жетілдіру және т.б. істерде көрініс табатын еліміздің беделді еуропалық елдермен стратегиялық ынтымақтастық деңгейіне шығуы.

Көрсетілген мақсатқа жету үшін бірнеше мәселені шешу керек. Біріншісі, Еуропа елдері мен Қазақстан арасындағы технология, энергетика, транспорт, техникалық реттеу мен метрология, кіші және орта бизнес бағыттарындағы ынтымақтастықты дамыту және одан әрі жетілдіруге қатысты Қазақстандық өмір сүру деңгейін еуропалық стандарттарға жақындатуды көздейтін өмір сапасы саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен көңіл бөлінеді. Қоршаған ортаны жақсарту, су ресурстарын қорғау, климаттық өзгерістерді алдын ала болжау, био алуантүрліліктің сақталуына қатысты жүйелі жұмыс жоспарлануда. Одан басқа халыққа көрсетілетін медициналық қызмет көрсету сапасы жоғарылайды. Олар ақпараттық технология ендіру; диагностика, ауруларды емдеу және алдын алу  сапасының жақсаруы; дәрілердің сапасы мен жетімділігін арттыру; тамақтану стандарттарын енгізу; кадрлық ресурстар жүйесін дамыту арқылы еуропалық стандарттарға сәйкестендіріледі.

Екінші мәселе - жағымды еуропалық тәжірибені қолдана отырып қазақстандық институциялық-құқықтық базасын жетілдіру. Негізгі әрекет мемлекеттік құрылымның қазақстандық моделінің жетілдірілуі, мемлекеттік қызмет пен кадрлық ресурстарға тиімді басшылық жасау жүйелерінің енгізілуі, елдің саяси өмірінің либерализациялануына бағытталады. Дәлірек айтқанда, ол сайлау, саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары  туралы заңнаманы жетілдіру; мемлекеттік қызмет, соттық жүйе және басқа салалар бойынша да жүзеге асырылады.

Үшінші мәселе - Қазақстанды 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге дайындау. Ол үшін бағдарламада нақты түрде көрсетілген басымдықтар: ЕҚЫҰ кеңістігінде демократиялық институттардың дамуы үшін жағдай жасауда жұмысты жалғастыру; ЕҚЫҰ мемлекеттерінің транзиттік – транспорттық әлеуеті мен еуразиялық трансконтиненталды дәліздерін дамыту; экологиялық мәселелерді шешу; Қазақстанның бейбітшілік пен ядролық қарусызданының қамтамасыз етуіне жасаған үлесін ескере отырып сенім шаралары мен аумақтық қауіпсіздікті күшейту; ұйымдасқан қылмыстылық, наркобизнес, экстремизм, терроризммен күресу мәселелеріндегі қауіпсіздіктің әскери емес аспектілерін дамыту; Ауғаныстанды қалпына келтіру.

Қазақстан, 2010 жылы Еуропалық Одақ елдерімен сауда – экономикалық салада ынтымақтастығын едәуір күшейтті. Еуропалық Одақ сауда айналымы бойынша, жақын орналасқан Ресейден де озып, Қазақстанның басты сауда – экономикалық әріптесіне айналды. Индустриалдық – инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырып жатқан Қазақстан үшін Еуропалық Одақпен 2006 жылы енгізілген, мақсаты болып осы салада басшы, яғни АҚШ пен Жапония, мемлекеттерімен пайда болған қашықтықты қысқарту болып саналатын саясат жүргізуі маңызды болып табылады. Қазақстанның Еуропалық Одаққа кіру болашағы, алшақ болса да нақтылануда. Ол осы қадамның үлкен перспективаларымен байланысты. Қазіргі Еуропа 27 мемлекетті, соның ішінде бұрын социалистік лагерде болған мемлекеттерді, 500 млн халқы бар, әлемдік ең ірі экономиканы құраушы қауіпсіздік пен экономикалық өсімнің алып территориясын қамтиды. Еуропалық елдердің бірігу үрдісі әлі де жалғасып келеді.

ТМД елдерінің бірігуі, әлі де толық анықталмаған және ЕО тәжірибесінің жай ғана көшірмесі емес, себебі бұрынғы КСРО елдері тотолитарлық мемлекет шегінде де тығыз интеграция саясатының барлық жағынан жағымсыз бола бермегендігін атап өту қажет. КСРО ыдырауы кезінде үш жыл бойы (1990-1992 ж) КСРО мемлекеттік құрылымның түптік қайта құрылу барысында бір-бірін өзара алмастыратын үш ресми модель ұсынылған болатын:  «Кеңестік Республикалардың жаңартылған одағы»; «Егеменді мемлекеттер одағы»; «Тәуелсіз мемлекеттер одағы» /19, 5 б. Осы анықтамалардың негізігі сөзі «одақ», ол өзінде интеграцияның түрлі дәрежесін, алайда мемлекеттердің жай бірігуінен жақынырақ ұғымды білдіреді, сол себепті бұрынғы КСРО мемлекеттері өзара тиімді ынтымақтастықта максималды эффектіге жету үшін барлық мүмкіндіктерге ие. Және ол түрлі нысандарда бола бастайды, алайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің қабылдаған Конституциялары таяу болашақта ондай мүмкіндіктерге ие емес. С.Ю. Кашкиннің ойы бойынша мұндай конституцияны әлі ұзақ уақыт бойы гуманитарлық, экономикалық, қорғаныс және белгілі бір дәрежеде құқықтық кеңістікті қамтамасыз ететін  негізі құжатттар жиынтығы алмастырады: Адам құқықтары мен бостандықтары декларациясы, Экономикалық қауымдастық туралы шарт және  Алматылық құжаттар /20/.

Сонымен, Еуропалық Одақ пен Тәуелсіз Мемлекеттер  Достастығы құрылуының тарихи-құқықтық аспектілерінің анализі, Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құраушысы болатын Достастық елдерінің Еуропалық Одақ елдеріне қарағанда барынша тығыз интеграцияға қабілеттері жоғары екенін көрсетті.

Осы интеграцияның  табыстылығы мемлекеттердің саяси көшбасшыларының еркіне байланысты болады. Аумақтық интеграцияның дұрыс жақтаушыларының бірі Қазақстан Президенті 2005 жылы 18 ақпанда өзінің жыл сайынғы Жолдауында Орталықазиялық мемлекеттер одағын құру идеясының  ішкі және сыртқы саясат бағыттарын ұсынған болатын. «Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы мәңгілік достық туралы шарт осындай бірігу үшін мықты база бола алады. Мен аумақтың басқа елдерін де тыс қалдырмаймын. Біздің ортақ экономикалық мүдделеріміз, мәдени-тарихи тамырымыз, тіліміз, дініміз, экологиялық ортақ проблемаларымыз, сыртқы қауіп-қатеріміз де ортақ болып табылады. Еуропалық Одақ құру архитекторлары осы алғышарттар туралы ойлай да алмаған. Біз тығыз экономикалық интеграцияға көшіп, ортақ нарық пен ортақ валютаға ұмтылуымыз керек» /21/ деп,  Президент ерекше атап өткен болатын. Ол аумақ халқымен қолдалынатын, әрі нақты жүзеге асырылатын мәселе.

Бұрынғы КСРО халықтарының жаңартылған интеграция құру процесінде уақыт маңызды фактор болып табылады: ерікті, әрі теңдік негізде  шынында да теңдей халықтар, мемлекеттер, экономикалар, бірыңғай ішкі және сыртқы саясатпен біріккен, бірыңғай не үйлесімді құқықтық жүйелермен құрылған Одақ құру үшін және бұрын бар болған бірыңғай мемлекет туралы естелікті жойып, алдамшы әрекеттерді болдырмай ұлттық егемендікті нығайтудағы нақты әрі дұрыс шешім қабылдай алуы қажет.

 

4.2. Қазақстан Республикасының егемендігі және ТМД аймақтық бірігулерінің ұлт үстілілік органдары және ұлт үстілік құқығының қалыптасуы.

Мемлекет егемендігінің қалыптасуы, нығаюы мен болмысы және  сыртқы әлеммен өзара байланысы мен қатынасын зерттеумен жемісті, әрі нәтижелі түрде бірқатар отандық ғалымдар айналысты: М.Т. Баймаханов, С.С.Сартаев, С.Н.Сабикенов, А.К. Котов, Н.Х.Клишев, Е.К. Көбеев, Д.К. Нүрпейісов; сонымен қатар шетел ғалымдары:И.Д. Левин, Г.В.Мальцев, Н.А. Ушаков, А.А.Чобан, А.Шайо, В.С. Шевцов және т.б.

Ғылыми әдебиетте аталған ғалымдардың аттары жиі аталып, жеткілікті түрде дәйектер жиі қолданылады, бірақ «Казахстанская правда» атты газеттің бір мақаласында, тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясын қабылдар алдында, қоғамның «егемендік» түсінігіне ерекше қызығушылық танытқаны айқындалған. Осы мақаланың авторы С.Н.Сабикенов  Президент Н.Ә.Назарбаевтың: «егемендік бұл қазақтардың бастауы мен әдет-ғұрыптарына қайта оралтатын егемендігінің және жалпы бірыңғай этносаяси қауымдастық ретінде қазақстандық барлық халықтың өз алдына синтезі (жетекші буын ретінде)» деген анықтамасына келіспей өз алдына бұл мәселе бойынша ғалым өз ойын айтады: «егемендіктің мұндай түсіндірілуі саяси-заңды мазмұнға сай келмей, идеологизацияға ұшырады, және тек нормативті-заңды позиция тұрғысынан келсек «егемендік» - саяси-заңды категория. Мемлекетке қатысты қолданылуы бойынша ол кез-келген мемлекеттің басты белгілерінің бірі ретінде ұғынылады. Егемендік белгісі жоқ мемлекет – мемлекет емес. Халықтық егемендікке келсек, ол тікелей мемлекеттің өзіне емес, оның билікті жүзеге асыру механизміне байланысты болады. Халықтық егемендік – халық билігінің көрінісі, халық-мемлекеттік биліктің бастауы. Осының барлығы мемлекеттік егемендік  ұлттық егемендік көрінісі және халықтық егемендік халық билігі ретінде бір-бірімен тығыз байланыста болғанымен, әр түрлі сипаттағы ұғымдар екенін айқындайды» /22/.

Іс жүзінде, мұнда мемлекеттің егемендігі туралы көзқарастардың келіспеушілігі туралы емес, берілген түсініктің жаңа мазмұнға толу сатылары айтылады. Қазақстан Республикасы Президентінің пікірі тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа қалыптасқан кезде  ұлттық егемендік туралы сөз қозғалғанда халықаралық құқықтың маңызды-теңдік және халықтың өзін-өзі анықтау қағидалары - іс жүзінде жүзеге асырылуын белгілейтіні дұрыс болды. Мемлекетіміздің көпұлттылық сипатын ескере келе, Президент жалпы қазақстандық халықтың бірыңғай этносаяси қауымдастық ретінде егемендігі туралы айтқан болатын. Сол кезде егемендік туралы профессор С.Н.Сабикеновтің идеологияландырылған деген пікірімен келісуге болады, ол егемендігіміздің бұрынғы КСРО аумағы мен жалпы барлық әлемде XX ғасырда қалыптасқан  қиын, саяси және экономикалық жағдайда бекітілгеніне байланысты болғандығын атап өтеді. Осы алғашқы қадам Қазақстанның егемендігін алуына және бекітіуіне дайындық болған еді. Мұндай жұмыс мемлекет көшбасшысына жүктелді. Осыдан кейін Қазақстан егемендігінің саяси-заңды рәсімделуі болды, одан кейін және қазіргі уақытқа дейін посткеңестік елдердің егемендігін алудың қарқынды процесінің анализі, егемендік мазмұнын нақтылау, даму перспективалары, егемендіктің практикалық іске асырылуы, нығайтылуы және ғылыми түсіндірілуі жүзеге асырылады.

Сайып келгенде, мемлекеттің егемендігін ұстап тұру динамикалық тұрғыдан тез дамушы категория болып табылады, саяси-құқықтық рәсімдеудің идеологиялық негіздемесі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа тәуелсіз мемлекет құру мәселелерін, әлемдік қауымдастық жүйесінен берік орын алатын, аумақтық және жаһандық ынтымақтастық көлемінде ұйымдарға елдердің қатысу мәселелері және осымен байланысты туындайтын Егемендікті ерікті шектеудің тың мәселелер жиынтығын қамтитын жалпы мемлекетті қалыптастыру процессі ретінде қарастырған түсінікті сияқты.

Осы бөлімде біз іс жүзінде ғалымдардың еңбектерінде талқыланбаған сұрақтарды қарастырамыз, атап айтқанда – егемендікті ерікті шектеу мәселелері және оның көрсеткіштерінің бірі – ұлттық егемендік пен интеграциялық бірігудің ұлт үсті органдарының өкілеттіктерінің бірігуі болып табылатындығында. Бұл мәселені амалсыздан  Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дамушы елдерінің және барлық елдердегі интеграциялық процестердің алдыңғы жоспарларына жылжытып отыр. Осыған байланысты С.Ф.Ударцев егеменді ұлттық мемлекетпен «мемлекет үстілік біріктіру құрылымы – саяси жүйенің жоғары деңгейдегі аумақтық және ұлттық ішкі жүйелерімен, сонымен қатар планеталық мемлекеттік білім құрастырудың қатар өмір сүруіндегі паралелль дамитын процестерді қарастыра отырып, адамзат масштабындағы қоғамдық келісімнің келесі кезеңін жүзеге асыру ретінде жүреді, егер қоғамдық келісімнің бірінші кезеңінде жеке ұлт, халық, ел шеңберінде ғана жеке мемлекет құрылса, қазірде біріккен адамзаттың саяси және құқық жүйесі біртіндеп қалыптасуда» - деп жазады, (автордың курсиві – А.Е.) /23, 109 б./.

Информация о работе Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)