Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат

Описание

Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.

Работа состоит из  1 файл

sootn.doc

— 1.51 Мб (Скачать документ)

Ғалым, біздің пікіріміз бойынша, адамзат тарихындағы, ертедегі тіршілік етушілерге қарағанда ауқымдырақ, жаңа түрінің қалыптасуындағы, жалпы адамзаттық қатар өмір сүрудің нысанындағы дамудың жаңа кезеңін дәл және дұрыс сипаттаған.

Бұл шарттарда адамзат тарихының жаңа кезеңінің қалыптасуында халықтың егемендікке талпынысы, тәуелсіздіктің жаһандану үрдісі барысында немесе оған қарамастан елене бастады.

Қазіргі заманғы мемлекеттердің Конституцияларының қатарында егемендіктің бастапқы мағынасы көрсетілген. Қазақстан Республикасы Конституциясы Кіріспесінде Конституцияны қабылдаудағы халықтың егемендік құқығы туралы 2-бабында кемелденген: «Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді».

Ресей Федерациясы Конституциясының кіріспесінде: «Біз, Ресей Федерациясының көпұлтты халқы, халықтың өзін-өзі анықтауы және теңқұқылықтың жалпыға танылған қағидаларынан бастау ала отырып, ата-бабалардан қалған мұра, Ресейдің егеменді мемлекеттігін жаңғырта отырып;

Қырғызстан Конституциясында «құқықтық, зайырлы мемелекет болып құрылған Қырғызстан Республикасы – егеменді, унитарлы, демократиялық Республика. Қырғызстан Республикасының егемендігі шектелмеген және оның бүкіл аумағын қамтиды. Қырғызстан халқы егемендіктің сақтаушысы және Қырғыз Республикасының мемлекеттік билігінің бастауы болып табылады. Өзбекстан Республикасының Конституциясының I бөлімі мемлекеттік егемендікке арналған және 1-бабында «Өзбекстан – егеменді демократиялы республика» - делінген. Франция Республикасы өзінің Конституциясының кіріспесінде «адам құқықтарына және ұлттық егемендік қағидаларына өзінің бұлжымайтындығын салтанатты түрде жариялайды;

Бұрынғы Конституциясына негізделген Жапония Конституциясында және генерал Мак-Артурдың басшылығындағы америкалық оккупациялық биліктің талаптарында «халық егеменді билікпен жанданады» делінген.

Жоғарыда келтірілген елдердің конституциялық жағдайлары әлемде болып жатқан заманауи интеграциялық процестер халықаралық құқықтың негізгі субъектісі ретінде мемлекеттің егемендігін нығайту жөніндегі мәселені қарастыруды екінші жоспарға жылжытпағандығын куәландырады, мұнымен әрбір мемлекет және әрбір аумақтық бірігулер ұлттық және аумақтық өкілеттіктердің үйлесуімен өз тәсілдерін іске асырады.

Сонымен 2002 жылы 7 маусымда Санк-Петербургте қабылданған Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы мүшелерінің мемлекет басшыларының Декларациясында «мемлекеттің жаһандастыру және ұлттық қызығушылығы өзара жойылмайды, ал даму үстіндегі әлемдік ұйымдастырудың құрылымдық элементтері өзара толықтырылады» делінген. Бірақ әлемнің барлық мемлекеті бұндай мазмұндас, яғни ұқсас пікір ұстана бермейді. Америка Құрама Штаттары «ұлттық мемлекет енді халықаралық қатынас жүйесінің негізгі элементі болып табылмайды, ал ұлттық егемендік және мемлекет шекарасы аумақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін шешуде интервенция үшін кедергі бола алмайды» - деп жариялады. /24, 374 б./.

Ұлттық егемендікті қорғау және сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықтың нығаюына талпынысы Қазақстанның басты серіктесі-Ресейге және әлемнің басқа да елдеріне тән болып табылады. Және бұл жалпыға бірдей қағидалармен 1970 жылы 24 қазандағы БҰҰ-ның Жарғысына сәйкес, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен достық қатынастарына қатысты халықаралық құқық қағидалары туралы Декларацияда айқындалған халықаралық құқық нормаларына сәйкес келеді. Бұл құжатта мемлекеттің егемендік теңдігінің, тәуелсіздігінің бірінші деңгейлі мағынасына ерекше көңіл бөлінген. БҰҰ мына жағдайда ғана өз мақсаттарына жете алады, егер мемлекеттің егемендік теңдігі болса және өзінің халықаралық қатынастарында осы қағиданың талаптарын толық сақтаса; халықтың шетелдіктердің үстемдігіне, эксплутациясына бағынуы халықаралық қауіпсіздіктің орнау жолына кедергі келтіретін болса; халықтың теңдік және өз тағдырын өзі шешу қағидаларында егемендік теңдік қағидаларын құрметтеуге негізделген мемлекеттер арасындағы достық қатынастардың дамуына көмектесудің бірінші деңгейлі жолы көрсетілген болса; ұлттық бірлікке жасалған кішігірім немесе толық қылмысқа және мемлекеттің аумақтық бүтіндігіне немесе олардың саяси қауіпсіздігіне бағытталған кез келген әрекет БҰҰ-ның қағидалары мен мақсаттарына ортақ емес.

Бұл қағидалар Жаңа Тәуелсіз Мемлекеттер үшін үлкен өзектілік танытады, сонымен қатар Қазақстан Республикасы үшін ұлттық мемлекеттіліктің қайта жасалуы және әлемдік қауымдастыққа бейімделу, ұлт үсті құрылыммен қатынасты реттеу, сонымен бірге олардың анықталған өкілеттіктерін үлестіріп берудің бірінші деңгейлі жолы бар. Ұлттық және ұлт үстілік құқықтың байланысын қарастыра келе, біз мемлекеттік (ұлттық) құқықтың өзінде ұлт үстіліктің белгілерінің бар екеніне көңіл аудардық. Бұл әрбір елдің құқығы бар көпұлтты елде тұрып жатқан он және одан да көп ұлттың және халықтың қатынастарын реттейтіндігімен түсіндіріледі. (мысалы, Қазақстанда-130 шамасында). Қазақстан Республикасының Конституциясында адам, адам өмірі, құқығы мен бостандығы жоғары бағаланады. Конституция мәтінінде ұлт туралы ешқандай түсінік жоқ, тек «халық», «адам», «азамат», «әркім» түрінде кездеседі. Ал Конституцияның 14-бабында «тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де жағдайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» -деп көрсетілген.

Халықаралық қатынастарда мемлекет әр түрлі құқық нормаларын өңдейді, өзара тиімді ынтымақтастықтың аумақтық және ғаламдық көлемдегі мәселелерді шешу мақсатында өзіне ерікті түрде міндет қабылдайды. Мұндай жағдайда бірден бірнеше әлемнің көбінесе жабырқаңқы мемлекеттері өздерінің ұлттық қызығушылығын қорғай отырып, өздеріне аумақтың, барлық адамзаттың, ұлттық мемлекеттің шектеулі бөліктерінің қызығушылығының атындағы ұлтүстілік сипаты бар міндеттерді ерікті түрде қабылдайды.

Біздің мемлекетіміздің дамуындағы қазіргі кезеңде 2 түрлі басым бағытты атап көрсету керек:

-            Ұлттық мемлекеттің нығаюы

-            Қатысушы елдердің мақсат-мүдделерін барынша есепке алатын тиімді, бәсекеге қабілетті аумақтық бірлестіктер құруға қатысу.

Біз белгілеген бірінші артықшылық әлемде немесе ТМД ауағында интеграцияның ешқандай қарқыны болмаған ұлттық егемендік идеясы екінші жоспарға қалдырылып қойылмай, керісінше өздерінің қолдаушылар қатарын нығайтумен байланысты болып табылады. Ю.А.Тихомиров «басқа құқық жүйелерінің күшті әсеріне қарамастан, әрбір елдің ұлттық-құқықтық «өзін-өзі қамсыздандыра алуы» өзінің қайнар көздерін жоғалтпайды» - дейді /25/. Қазақстанның танымал құқық теоретигі А.К.Котов «егемендік», «мемлекеттік билік» және «мемлекет» түсініктері қазіргі заманғы болмыста іс жүзінде бөліп қарастырылмайтын дүниелер - деп көрсетті.

Егемендік – биліктің әлеуметтік функциясының орындалуымен мемлекет қызметінде жүзеге асады. Мемлекет – егемендіктің пара-пар нысаны. «Егеменді емес мемлекет – отаршыл заманның қисынсыздығы». Егемендік – басқа егеменді билікпен қатынасқа тәуелсіз, халықтың жалпы құқық реттеушілік және құқық теңдігін, аумақтың жоғарғы билігін біріктіретін дүние. Егемендік – мемлекеттік билік болып табылады. Мемлекет шынында да - орталықтандырылған құрылымдық билік /26/.

Қазіргі кезде, бұрынғы КСРО республикаларының басшылығы халықаралық құқық нормаларын мойындай отырып, алайда, егеменді мемлекеттілік пен құқықтық жүйенің пайда болу барысында, көбінесе тарихи әдеп-ғұрыптарға және мемлекеттіліктің бай тәжірибесіне және өз елінің құқықтарына сүйенеді. Бұл, көбінесе КСРО-ның ұлттық мемлекеттігінің қайта құру кезеңіндегі М.Т.Баймахановтың «Қазақстан шарттарына қарай мезгілсіз болып табылады» дегеніне қарсы пікір болып танылады /27/.

Тәуелсіздікке ерекше талпыныс Кеңес Одағының құлауы жылдарында белең алды. 1990 жылы маусым айында С.С.Сартаевтың басшылығымен қазақстандық ғалымдар (құрамында М.Т.Баймаханов, В.А.Ким, С.Б.Байсалов, Н.Б.Мухитдинов, Ю.Г.Басин, және т.с.). Жаңа Одақтық келісім жасауға дайындалды. С.С.Сартаев атап өткендей, бұл құжатты анықтаудағы негізгі қағидалар:

- барлық ұлттар мен халықтар заң алдындағы, билік алдындағы өзара қатынаста тең болулары тиіс.

-  билік халық арасынан шығып, халыққа тиесілі болуы тиіс;

- Одақтық республика егеменді болып, өз аумағында толық билікке ие болуы тиіс;

- Одақтық республикалардың бірігуі Егеменді Мемлекеттер Одағында еріктілік бастамасынан шығып, осы қағидалар негізінде Одақтық республикалардың құзіретін қалай анықтаса, Одақтың құзіретін солай анықтайды. Республиканың егеменді құқықтық кез келген шектеуі заңды болып табылмайды, Одақтық келісім және халықаралық құқыққа қатысты келтірілген зиян туралы кезекті сұрақтарды қарастырумен тоқтатылуы тиіс;

   - Одақ мүшелері өздерінің егемендігінен бас тартпай, өз еріктерімен және қызығушылығы атынан одақтық органдарға берілген құқықтың қалай пайдаланылуын тексереді /28,. 434-435 б./.

Бұл құжат ұлттық егемендік, одақтық органдарға тәуелсіз республикалар тұрғысынан тексеріс жүргізу және олардың егемендігіне қысым жасаудағы санкция туралы ойды қызыл желімен таразыдан өткізеді. Біздің пікірімізше, бұл жағдай әлі де өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ және оларды ұқыпты түрде меңгеріп, іс жүзінде қолдануын талап етеді.

Мемлекеттіліктің қайта жандануы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріндегі егемендіктің нығаюы, сонымен қатар нәтижелі экономиканың құрылуы, елдің қауіпсіздігінің максималды түрде қамтамасыз етілуі бірінші ретте «ұлттық идея» іздеушілер мен өтпелі кезеңде қоғамды біріктіру қабілеттерімен байланысты бұрынғы Кеңеске дейінгі республикалардың көп ұлтты халқының консолидациясын талап етеді. Ұлттық идеяны іздеушілер қазірде тек Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына ғана емес, әлемнің барлық елдеріне тән десек қателеспейміз. Адамзаттың осы сұраққа қатысты саяси-құқықтық пікірінің алуан түрлілігіне өз пікірімізше мысал келтірейік. Сонымен, Э.Я.Баталов, ұлттық орыс идеясы мен американдық арманның императивтері бірінші ретте мессианизмге бағдар екендігін атап көрсетті /29, 33-37 б./. Белорусь зерттеушісі А.Г. Караткевич «белорусьтік ұлттық мемлекеттіліктің тұжырымдамасы барлық құрылымдық қоғам күшінің консолидациясын қабілеттендіреді» - деп есептейді. Оның ойынша, мемлекеттілік - ұлттық идеологияның «негізгі тірегі» болуы мүмкін және болуы тиіс, қазіргі заманғы кезеңде елдің тарихы егеменді Белорусиямен бекітілген, сонымен қатар Ресеймен теңдей қатардағы интеграцияны, яғни славян халқының бірлігін славяндық руханилықтың, православия мен мәдениеттің қастандықтан сақтануын және қорғалуын талдай келе, белорусьтік ұлттық идеологияның тұжырымдамасына шақырады /30, 11 б./.

Өзбек ғалымы А.Х.Саидов «Өзбекстанға діни-инабаттылық қағидалар мен нормалар дәстүрлі болып табылады және қабылданған заңдарда күнделікті өмір әрекетінде қалыптасқан ғасырлар бойғы ұлтаралық, адами аралық қарым-қатынас пен дін ұстанудан мұраға қалған және адамзат құндылығына, құқықтары мен бостандығына қарсы келмейтін халықтың салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы, инабаттылық нормалары ескерілуі тиіс екендігін атап өтеді /31, 448 б./.

Жартылай конфессионалды мемлекет ретінде Қазақстанда кез келген бір діннің діни-инабаттылық қағидалары мен нормалары белгілі рөл ойнамайды және М.С.Әшімбаевтың пікірінше, «біріктіруші сәт болып діни немесе басқа да идеялар емес, бәрінен бұрын, күшті экономикалық даму, тұрақтылық, қауіпсіздік, барлық халықтың жақсы өмір сүру шарттары болуы тиіс /32/. Сонымен бірге, А.Нысанбаев «жалпыұлттық мемлекеттік қазақстандық идеяның басты мақсаты – мемлекетіміздің тәуелсіздігінің экономика, саясат және мәдениет шеңберінде болашақ дамуы» - дей келе, М.С.Әшімбаевтың пікірімен келіседі /33/. Қырғызстан Республикасының Конституциялық сотының судьясы Ж.Тогойбаев «бұл елдің қазіргі заманғы ұлттық идеясы – Қырғызстанның адам құқықтары еліне айналуы болып табылады» - деді /34/.

Келтірілген пікірлердің әрбірі ұлттық бола алатын идеяның ерекшеліктерін дұрыс көрсетеді. Олардың бәрін көңіл бөле қабылдай отырып, біздің еліміздің көпұлтты халқына белгілі бір дінге басым берілген бір ұлттың қызығушылығын бейнелейтін қандай да бір идеяны таңдау қиын болады. «Адам құқықтары елі» атты құрылыс идеясы еуразия мемлекеттерінде батыс үлгісімен толық мәнде іске асырылуы екіталай. Бұл адам құқығының шексіз билігі индивидтің қорғалуына ғана емес, сонымен қатар оның басқа индивидтерден жекешеленуіне әкелуімен байланысты. Көптеген тарихи уақыт бойы қоғамдық ұйымның жалпы формасы, өзіндік дамуы халық күші арқасында болса да, олар ешқашан мойындамаған және қазір қоғамдық қатынастардың құқығын басты реттеуші арқылы мойындайды. Мұндай ұлттық мәдениеттерде құқықтан бөлек басқа да қоғамдақ қатынасты реттеушілер: мораль, салт-дәстүр және әдеп ғұрып, дін басты рольде ойнаған және солай болады да.

Идея өзіне ұлттық қызығушылықтың гармониялық байланысын лайықты өмір туралы, олардың елдегі нағыз тең құқықты жағдайын бейнелейтін шындық туралы заманауи ұсынысымен бірігуін қоса отырып, жалпыұлттылық түрінде қабылдауы мүмкін. Біздің пікірімізше, бұдан ұлттық идеяның Қазақстанның барлық азаматтарына бірдей маңызды, ұлттық және діни қатыстылыққа тәуелсіз мақсаты болуы тиіс. Бұл мақсат, біздің сенуімізше, Қазақстан Республикасының Конституциясының кіріспесінде тұжырымдалып қойған: «Біз тарихи тағдыры ортақ - Қазақстан халқы, ежелгі қазақ жерінде мемлекет орната отырып, өзімізді бейбітшілік сүйгіш, құқық, теңдік, келісім идеалынан бұлжымайтын азамат қоғамы деп санай отырып, әлемдік қауымдастықта лайықты орын алуымызға тілектес бола отырып, болашақ ұрпағымыздың алдында биік жауапкершілігімізді сезіне отырып, әрі өз егеменді құқығымызға сүйене отырып Конституциямызды қабылдаймыз». Бұл мақсаттарға жету жолында мемлекеттің барлық халқының алдында мемлекет анықтаған және халық мойындаған елдің даму басымдылығының белгілі бір тарихи жолы түрінде тұрған мәселелерді шешу қажет. Қазақстан халқын біріктіретін ұлттық идеяның нақты нұсқасының тұжырымдамасына талаптанбай, біз оның заманауи артықшылықтарын белгілей аламыз: әлемдік өркениеттің бөлігі бола алатын, өзара ынтымақтастығы, демократиялық және экономикалық дамуы ашық, бейбітшілік сүйгіш және егеменді мемлекет құру; және ол әрбір адам өзінің азаматтығын мақтан тұтатын, өзінің қорғауда екенін сезініп, ұрпақтарының гүлденген мемлекетте өмір сүруіне сенімді бола алатын мемлекет болуы тиіс.

Қазақстан мен Ресейді екеуінің де көпұлттылығы мен коп конфессионалдығы байланыстырады және Ресей үшін де жалпыұлттық идеяны талдау мәселесі өзектірек болып табылады. Ресей халқының көпұлтты және көп мәдениетті болатынын айта келе, ТМД елдерінің МПА Кеңесінің бас хатшысы М.И.Кротов «Ресей және ТМД елдеріндегі азаматтардың қоғамды қалыптастырудағы парламентаралық Ассамблеясының ролі» атты II Ресейлік Форумда былай деді: Ресейде Азаматтық Форумды қалыптастыру келесідей сандарға алып келеді: 2020 жылға қарай демографиялық жорамал бойынша Мәскеу және Петербург қалалары құрамының 40%-ға жуығын славян емес ұйымдар құрайды. Қарулы күштерде олардың үлесі 50%-дан асады. Шекарадағы бөлігі «таяу шетелдік елді» құра отырып, Ресей Федерациясындағыдай мемлекеттілік құрады. Ресей үшін тек қана осы фактор бұрын Кеңес Одағынан кейінгі елдердің өзара тиімді, әрі тең интеграциясында қызығушылық танытып, осы арқылы өзінің мессиандық мақсатын жүзеге асыру үшін негіз болады.

Информация о работе Республикасының ұлттық құқығы мен халықаралық құқықтың арақатынасы (басымдылықтың қалыптасу мәселелерi)