Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 13:49, автореферат
Екiншi өзгерiстермен толықтырылған монография әлемдік қауымдастықта жаңа саяси-құқықтық шындықтың туындауымен тығыз байланысты, сонымен қатар ұлттық заңнаманың шұғыл дамуымен, халықаралық құқықпен ұлттық құқық аспектілерінің, кеңеюімен байланысты шығарылып отыр. Кiтапта халықаралық және ұлттық құқық арақатынасы нысаны талданған, халықаралық шарттарды конституциялық қамтамасыз ету, халықаралық құқық нормаларының сот-құқықтық реформасына тигізіп отырған ықпалы, халықаралық құқықтық нормалар және қағидаларының ұлттық құқық сәйкестiгiнiң жетiлдiруіне бағытталған ұсыныстар енгiзiлген.
Ұлттық мемлекеттіліктің дамуының осы сатысында ТМД елдерінің халықтарының негізгі бөлігін Кеңес Одағы кезінде өмір сүрген, алып державаның артықшылықтары мен кемшіліктерін білген және негізінде Кеңес Одағынан кейінгі құрылған елдер арасындағы ынтымақтастық жақтаушылары болған адамдар құрайды. Бұл біздің мемлекетіміздің дамуының екінші басым, яғни басым тапсырмасына, яғни бұрынғы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің жаңа паритетті және өзара тиімді шарттарға негізделген интеграциясына негіз болды. Интеграция қоғамдық қатынастардың ұлттық және халықаралық құқықпен бірігіп реттелуі туралы мәселе қояды, қатысты ортақтық және қатысты дербестікті білдіреді. Осы қасиеттер Ю.А.Афанасованың пікірі бойынша, әрбір құбылыстың өзінің заңдылығы және даму фазалары бар, өзінің мазмұнының мирасқорлығын және басқа құбылыстармен тәуелділігін сақтайды, олардың ықпалына ұшырап, оларға кері әсер береді /35/. А.А.Рубанов құқықтық жүйелердің өзара әсерлесуінің теоретикалық негізін сараптай отырып, мемлекеттің қатысты дербестігі туралы жазды /36/.
Халықаралық және құқықтық жүйелердің қатыстық дербестігі мен ортақтығы туралы Г.Н.Манов Кеңестен кейінгі құрылған Жаңа елдердің қазіргі заманғы мемлекеттілігінің дамуындағы жаңа тенденцияларын сараптауға арналған мәліметтерді соңғы жұмыстарында жазған болатын. Оның пікірі бойынша, ішкі байланыстар мен халықаралық қатынастарды мемлекеттік егемендік әр түрлі жолмен анықтайды және кез келген мемлекеттік басқа анологиялық биліктің үстінен қараушылықтың халықаралық қатынастардағы заңдылығы туралы сөз қозғауға болмайды. Мұнда оның тек тәуелсіздігі туралы айтылады. Соңында тәуелсіздік адами өркениеттің ортақ құндылықтары негізінде консенсусқа әкелуі тиіс /37, 44 б./.
Интеграцияның өсімді процестері Кеңестен кейінгі кеңістік үшін мемлекеттердің қатар жүзеге асырылып жатқан ұлттық формаларындағы егеменді мемлекеттіліктің және аумақтық, планетарлы қауымдастықтың мемлекеттері арасындағы консенсусты іздеу тенденцияларын айқындайды. Мұнымен ұлттық мемлекеттілік өзінің ғасырлар бойғы ерекшеліктерін жоғалтпайды, оның дамуын және көп полярлы әлемде ұжымды өзара тәуелділіктің өсуіне және аумақтық бәсекеге қабілеттіліктің күшеюін, қабілетті, әрі көп аспектілі аумақтық және планетарлы өзара әрекеттердің толықтырылуын жалғастырады. Сонымен қатар блогқа қатысушы әрбір елдің экономикасы мен құқығының дамуы аумақтық бірігудің ортақ бәсекелестіктің органикалық құрамдас бөлігі – міндетті шарты болып табылады.
Біздің еліміз үшін Кеңестен кейінгі кеністікте аумақтық интеграцияның нағыз жүзеге асырылуы ЕврАзЭС нәтижесінде сатылы жүзеге асырылды
Егер Еуропалық Кеңесте интеграциялық ядро ролі Германия мен Францияға тиесілі болса, НАФТА да – АҚШ, Меркосурда – Бразилия мен Аргентина, ал Еуразиялық кеңістікте интеграциялық ядро ролі ЕврАзЭС елдерінің ішіндегі басым экономикалық және әскери әлеуеті бар және өзара тиімді интеграцияның жақтаушылары болып табылатын Ресей мен Қазақстанға тиесілі. Тек қана осы елдер тығыз интеграцияға сатылы түрде келеді. Дүние жүзілік сауда ұйымымен дайындалған интеграциялық сатылар, этаптар сызбасы жалпы түрде шынайы болады:
Еркін сауда зонасы: қатысушылар бір бірімен кедендік тарифтер мен квоталардың алынып тасталынуы туралы келісім формасы.
Кеден одағы: үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік саясат.
Жалпы нарық: қатысушы елдер арасындағы өндірістің орын ауыстыруына кедергі болатын барлық факторлардың жойылуы. Экономикалық саясаттың толық келісушілігі және экономикалық көрсеткіштердің түзетілуі және т.б. сол сияқты сұрақтар осы процесс барысында шешіледі.
Экономикалық одақ: бұл сатыда жоғары экономикалық даму пайда болады. Келісілген (бірыңғай) экономикалық саясат жүреді және осы негізде барлық кедергілер алынып тасталынады. Мемлекетаралық органдар құрылады. Барлық қатысушы елдерде экономикалық түрлендірулер жүреді.
Валюталық одақ: экономикалық одақ және біруақытта көлемді экономикалық одақты құрушы формасы. Валюталық одақ мынадай белгілермен сипатталады: 1) ұлттық валютаның үйлесімді (бірлескен) ауыстырылуы; 2) қатысушы елдердің Орталық банкілерден қолдау көрсетілген валюта бағамымен келісе отырып орнату; 3) бірыңғай аумақтық валютаны құру; 4) осы халықаралық бірліктің эмиссиондық орталығы болатын бірыңғай аумақтық банк құру;
Толық экономикалық интеграция: біртұтас экономикалық саясат және соның салдарынан заң шығару базасының бейімделуі. Шарттар: 1) жалпы салықтық жүйе; 2) біртұтас стандарттардың болуы; 3) біртұтас еңбектік заң шығару және т.б. /38/.
Жоғарғы алтыншы деңгейі интеграциялық бірігуге қарағанда одақтық мемлекет ретінде сипатталады. Қазіргі кезеңде ЕО елдері интеграцияның 4-5 деңгейінде көрінді, сол кезде ТМД 2-3 деңгейде, және біршама динамикалық түрде дамитын аумақтық ұйым ТМД – ЕврАзЭС Шекаралық Ұйым және Біртұтас экономикалық Кеңістікпен келісілген құрастыру процесінің келесісінің нәтижелі ілгері жылжуы үшін өзіне тән старттық ұйым ретінде құрылған. Сондықтан интеграциялық процесс жөніндегі белгілі маман Н.Қ. Есенғарин «Еуразиялық экономикалық ынтымақтастықтың құрылуы жөніндегі Келісім - өзара келісімді жүзеге асырудың ұйымдық-құқықтық тетігін босату және талпынысын тұжырымдау туралы жасалған алғашқы құжат болып табылады» - деп көрсетті /8, 143-148 б./.
ЕврАзЭС мемлекеттерінің интеграциясының бірінші кезеңінде Шекаралық одақ және біртұтас шекаралық аумақты құрастыруды аяқтау мақсаты болған. Анығында, мамандардың айтуы бойынша, Ресей мен Белоруссияда қойылған баж салықтарының мөлшерін салыстырсақ, бірнеше ондаған позициядан-ақ айырмашылығын айқындай аламыз, Қазақстанмен салыстырғанда олардың саны 600-ге асады, ал Қырғызстанмен тек позицияның алтыншы бөлігімен ғана сай келеді /39, 22-23 б./.
Сондықтан да интеграцияның бірінші кезектегі мақсаты – біртұтас кедендік тарифтерді бекіту мен оларды біріздендіру, яғни (унификациялау). 1996 жылғы 29 наурыздағы Ресей Федерациясы, Қырғызстан Республикасы, Қазақстан Республикасы және Беларусь Республикасы араларындағы гуманитарлық және экономикалық аядағы интеграцияны тереңдету жөніндегі шарт негізінде қабылданған 1999 жылдың 24 маусымындағы № 403 – I «Кедендік Одақ және біртұтас экономикалық кеністік туралы шартты ратификациялау» туралы Қазақстан Республикасының заңы интегрцияның тереңірек дамуына, ТМД қатысушы мемлекеттердің экономикасының жақындасуына, өндірістік және ғылыми-технологиялық байланыстардан туындайтын экономиканың өзара толықтырылу және өзара тәуелділігінің жандануын арттырды. Шарт халықаралық құқықтың қағидалары мен нормаларына: 1993 жылдың 24 қыркүйегіндегі «Экономикалық одақ жасау туралы» Шартына, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Жарғысына негізделген.
Екінші кезең Біртұтас экономикалық кеңістік құруды мақсат етіп қойды. Біртұтас экономикалық кеністік ұғымы бұл – экономиканы реттеудің біртекті механизмдерінен тұратын, нарықтық қағидалар мен үйлесімді құқықтық нормалардың қолданылуына негізделген, біртұтас инфроқұрылым, үйлесімді салық, ақшалай несие, валюталық-қаржы, саудалық және тауарлар қызметтері, капитал және жұмысшы күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін сауда және кеден саясаттарын жүзеге асыратын тараптардың территориясынан құралған кеңістік деп ұғынылады. Біртұтас экономикалық кеңістікті құрастырудың ең маңызды қағидалары: кемсітпеу қағидасы; өзара пайда қағидасы; (әмбебап) ортақ қағидалар. Қабылданған міндеттемелер еріктілік, тең құқықтық жауапкершілік қағидаларына сүйенеді.
Келісім шарт біртұтас экономикалық кеңістіктің белгілі бір кезеңін құрауын ескереді. Кезеңнен кезеңге өткен сайын тараптардың арасында осы келісім шартта қабылданған міндеттемелердің дұрыс орындалуы қадағаланады. Экономикалық ынтымақтастықта әрбір тараптардың макроэкономикалық көрсеткішінің параметрлері кезеңдерге сәйкес келуі тиіс. Мемлекеттердің азаматтарының еркін орын ауыстыруы Біртұтас экономикалық кеңістікті қамтамасыз етеді. Еркін орын ауыстыру тараптардың қатынасындағы кез келген кемсітуді жоюды және бір іздендірілген заңға сүйену тәртібін қалыптастыруды ойластырады.
2000 жылы 10 қазанда Астанада құрылып бастау алған, «Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру шартын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 2 сәуіріндегі қабылданған заңы 2001 жылдың 30 мамырында күшіне енді. Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан мемлекеттерінің арасында халықаралық келісімшарт қабылданды. Мұндағы негізгі мақсат – әлемдік экономиканы дамыту, халықаралық сауда жүйесіне кіру, өз халықтарының өмір деңгейін жоғарлату, экономикалық әлеуетінің тиімді қолданылуын қамтамасыз ету. Бір сөзге келе отыра міндеттемені өз жауапкершілігіне алды. Мемлекет басшыларымен 2003 жылдың 27 сауірінде Душанбеде болған Мемлекетаралық кеңесте «ЕуроАзЭСті дамытудын 2003-2006 жылдарға арналған басым бағыттары» туралы құжат қабылданды. Мемлекеттердің президенттері үкіметтерге осы мәселелерді ЕуроАзЭС бірігу комитеттерімен бірлесіп талқылауды соңына дейін аяқтауды тапсырды. Душанбеде қол қойылған құжат жүз елуден артық халықаралық шарт жобаларын қамтиды. Осымен еркін сауда аумағының қалыптасуы аяқталып, нәтижесінде Кеден Одағы құрылып, нәтежесінде біртұтас экономикалық кеңістік қалыптасады.
Интеграцияның қарапайым түрінен неғұрлым күрделі нысанына біртіндеп өту (еркін сауда аумағынан кедендік одаққа, сосын жалпы нарық және экономикалық одаққа), күрделі және ұзақ уақытты қамтыса да, әлемдік тәжірибе көрсеткендей өзін-өзі ақтаған үрдіс деп айтуға болады. Елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарының кезекті тәртіппен сатылардан өтуі қаншалықты меңгерілсе, интеграция үрдісі соғұрлым тезірек өтуіне жол ашылатындығы және экономикалық жағдайлардың жасалуымен тығыз байланысты болатындығы белгілі. Интеграциялық үрдістің заңдылық екенін елемеу, сәйкесінше дайындықсыз жоғары сатысына секіріп кетуге талпыныс жасау интеграциялық топқа қатысушылар арасындағы қатынаста дағдарысқа әкеліп соқтыратындығы, нәтижесінде интеграциялық үрдістің дамуын тежейтіндігі белгілі. /40, 14 б./.
Интеграцияның осы аталған кезеңінде бірлесіп атқаратын іс-әрекеттер жайлы келісім жасау Еуразия экономикалық қауымдастыққа қатысушы-мүше елдерге пайда әкеледі. Сонымен, 2003 жылдың шілдесінде Москвада өткізілген ЕврАзЭс форумында Дүниежүзілік Сауда Ұйымы басшыларымен келіссөз жүргізілген болатын. Еуразия экономикалық қауымдастығығының бес мүше мемлекеттерінің ішінен тек қана Қырғызстан ДСҰ-ның мүшесі болып табылады. ЕврАзЭс-тің экономикалық көшбасшылары Ресей мен Қазақстан – бұл ұйымға жақын арада кіруді жоспарлап отыр. Бұл әлемдік сауданың 90 пайызы ДСҰ аясында өтетіндігімен байланыстырылады. Ал қалған 10 пайызы ғана әлемнің басқа елдеріне, оның ішінде КСРО-ның бұрынғы республикаларына тиесілі. Мәскеуде 2003 жылдың шілдесінде Бүкіл әлемдік саудалық ұйымды басқару процесін талқылаудан өткізді. ДСҰ құрамындағы мемлекет мүшелері біздің елімізді осы ұйымға мүше болдыруға асықтыруда. ЕО шенеуліктерінің бірі айтқандай: «БСҰ – бұл жүріс – тұрысты олжаулайтын пойыз, Қазақстан бұған үлгеруі керек». Қазақстанның осы мүмкіндікті пайдаланып қалуына ЕурАзЭс елдерінің бірлескен күші қажет /41/.
2003 жылы 19 ақпанда Мәскеуде бірінші экономикалық форумда Н.Ә. Назарбаев ЕуроАзЭС елдерінің әлемдік нарыққа шығуы олар үшін тиімді екенін атап өткен болатын. Бұл түсінік тек Қазақстанда ғана көрініс тауып қоймай, Ресей тарапынан Бүкіләлемдік СаудаҰйымына синхронды қосылудың маңыздылығын атап өтті, осы жағдайда кеден тарифінің салық жүйелерін және саудалық келісімдерді реттеу мәселелерін тиімді шешуге болатындығын атап көрсетті.
Еуропалық экономикалық коммисия халықаралық ұйым болып табылады. ЕуроАзЭС мекеме туралы келісім шарт БҰҰ секретариятында тіркелген, 2003 жылдың желтоқсанда ЕроАзЭС – қа БҰҰ ұйымының Бас Ассемблеясының жанындағы бақылаушы мәртебесі берілді.
Мүдделі елдердің нақты кезеңде даму тиімділігі қатысушы елдердің өз егемендігінің бөліктеріне байланысты. Дәл осы сұрақ ТМД да осыған дейін қаралмаған. Достықтың қатысушыларын әр қайсысы ұлттық заңымен ортақ мүдделі мәселелерді шешуді қарастырды. Бұл ТМД шеңберінде қолданылған құжат емес, іс жүзінде жүзеге асыралатын әрекет.
Достастықтың Атқару хатшылығы Құқықтық департаментінің директоры Б.И.Покладтың мәлімдеуінше 1991 жыл 8 желтоқсанынан 1997 жылдың тамыз айына дейін ТМД аясында қабылданған 856 құжаттың 754 (88,1 пайызы) қабылданған күннен бастап күшіне енген, ал 102 құжат (11,9 пайызы) ТМД қатысушы мемлекеттердің мемлекетішілік процедураларын орындау немесе ратифациялауды қарастырады. Ратифакциялауға жатқызылған 31 құжаттың 21 күшіне енсе, ал 10 қажетті ратификациялық грамоталардың жетіспеуінен күшіне енбей қалды. Мемлекет ішіндегі процедураны қарастыратын 71 құжаттың 52 – сі күшіне енсе, мемлекетішілік процедуралардың орындалғаны жөнінде мәлімдеме болмағандықтан 19 күшіне енбей қалды. /5, 456 б./. Бұлай болу себептерінің бірі, бірде-бір Парламентаралық Ассамблея актілерінің ұсынылатын актілері, не болмаса мемлекет басшысы Кеңесінің актілері осы уақытқа дейін Достастық аясында бекітілген құқықтық мәртебеге ие емес. Еуразия елдерінің жаңа этап қалыптасуындағы интеграция мәселелері ЕуроАзЭС құру туралы келісім шартының 1 бабында көрініс тапқан. Келісім жасайтын тараптар халықаралық құқықтың егемендігі және субьектілердің тең құқығы болып табылады. Кейбір функциялар жаңа аймақтық біріктірудің өкілеттіліктерін сақтау идеясын басшылыққа алады. Білім және ғылым, техника және технология, сауда және қызмет саласының, ішкі және сыртқы саясаттың келісуі, әскери өнеркәсіптік экологиялық, экономикалық заңға сүйеніп саяси кеңістік құрайды.
Қазіргі жаһандану дәуіріне сәйкес Еуропалық Одақ құқығының тәуелсіз мемлекеттер егемендігінен үстемдігін бақылауымызға болады. Еуропалық Одақ тәжірибесінен егеменді мемлекеттердің етене тығыз жақындасу мүмкіндігінің басымдығы, соның нәтижесінде ұлттық егемендігінің басым бөлігін жоғалтатындығы және аумақтық егемендікке ие бола отырып жаһандану дәуіріндегі өзгерістерге сәйкес мемлекет өз егемендігінен гөрі аумақтық егемендігі мүдделерін көбірек қорғауға мүдделі екендігін бақылауымызға болады.
«Ұлт үстілік» термині жаңа кезеңде тұңғыш рет көмір және болаттың Еуропалық бірлестігін құру туралы шартта жүзеге асырылған болатын, сонымен қатар барлық қатысушы-мемлекеттер үшін аумақтық бірлестік құқығының міндеттілігі бірқатар Еуропалық мемлекеттер Конституцияларында қарастырылған болатын. Мысалы, 1946 жылғы Француз Конституциясының преамбуласында және 1958 жылғы 4 қазандағы Конституцияға сәйкес бейбітшілікті құру мен қорғау қажеттіліктеріне қатысты қағидалар ұстанымында Франция өзара екі жақты тиімді мақсатта егемендігін шектеуді де қарастырады. /43, 684 б./; Германия Федеративті Республикасының 1949 жылғы 29 мамырдағы Негізгі заңының 23 бабы 1 тармақшасында «Германия Федеративті Республикасы біріккен Еуропаны құру үшін демократия, құқықтық, әлеуметтік және федеративті мемлекет қағидаларын берік ұстанатын, сонымен қатар субсидиарлық қағидасына сәйкес мәні бойынша Негізгі заңға ұқсас негізгі құқықтарды қорғау екендігін атап өтеді».
Ұлт үстілік органдарға егеменді құқықтарын беруге Германия және Франция сияқты қуатты мемлекеттер ғана емес, сонымен қатар Еуропаның кішігірім мемлекеттері де дайын. Мысалы, Нидерланды Королевствасы Конституциясының 92 бабында көрсетілгендей заң шығарушы, атқарушы, сот функциялары халықаралық ұйымдарға халықаралық келісім арқылы берілуі мүмкін немесе халықаралық келісім шарттарға сәйкес «3 пункт 91 бапта бекітілген талаптар сақталған жағдайда» беріледі. Өз кезегінде 91 баптың 3 тарамақшасында «Конституцияға қайшы келетін халықаралық шарттардың кез-келген Ережелері Бас Штат депутаттарының кем дегенде үштен екісінің басым дауысымен қабылдануы керектігі айтылған.
Посткеңестік елдер интеграциясы жағдайындағы Ұлт үстілік құқық және Аймақтық басқару органдары өкілеттіліктерінің деңгейі Еуропалық Одақ елдеріндегі ұқсас құбылыстардан едәуір айырмашылық бар. Жұмыс гипотезасы ретінде А.С.Фещенконың пікірін қабылдаймыз, оның пікірінше формальды заңдық көзқарас бойынша мүше мемлекеттердің құзырына сәйкес құзіретті мүше-мемлекеттердің басымдық сипатын анықтайтын халықаралық ұйымдардың құрылымдық, функционалдық және рәсім ерекшелігінің жиынтығы болып табылады./44, 9 б./.