Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 06:25, реферат
Мемлекеттік қызмет тиімділігі мен оның қызмет көрсетулерінің сапалығының проблемалары көптеген елдердің күн тәртібінде тұр. Қоғамдық және экономикалық қатынастарды мемлекеттің рөлінің трансформациялық процесінің жүруі өтпелі экономикалық елдердің ерекшелігі. Сондықтан мемлекеттік қызмет тұрғындардың қажеттіліктері мен қоғамның күтімдеріне және де мемлекеттің ауысып жатқан функцияларына көп мән беру керек.
КІРІСПЕ
Мемлекеттік қызмет тиімділігі мен оның қызмет көрсетулерінің сапалығының проблемалары көптеген елдердің күн тәртібінде тұр. Қоғамдық және экономикалық қатынастарды мемлекеттің рөлінің трансформациялық процесінің жүруі өтпелі экономикалық елдердің ерекшелігі. Сондықтан мемлекеттік қызмет тұрғындардың қажеттіліктері мен қоғамның күтімдеріне және де мемлекеттің ауысып жатқан функцияларына көп мән беру керек.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, адамдар өз шенеуніктеріне қанағаттанатын ел табу қиын, бірақ әр ел өз проблемаларын өз дамуының нақты бір кезеңіне сай шешеді. Барлық демократиялық елдерде қоғам мемлекеттік қызметте пайда болып жатқан процестерді өз заң берушілері, мемлекеттің жоғары қызметтік тұлғасы арқылы мемлекеттік аппарат тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мен басқа да функцияларын аз шығынмен орындау мақсатымен тәртіпке салады. Мұндай қызығушылық мемлекеттік аппараттың тек азаматтардың проблемаларын шешуге емес сонымен қатар мемлекеттік қызмет орындары салық төлеушілердің ақшасына пайда болып жатқаны үшін. Біздің мемлекеттік қызметтің реформалануның негізгі бағыттары Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің "Қазақстан - 2030" жолдауында айқындалған.
Мемлекеттік қызметтің жоғары профессионалдығы - тағы бір лозунгы емес. Қайта реформалаудың ағымдағы этаптың ерекшеліктерінің бірі — бұл мемлекеттік қызмет пен қызметкерлердің сапалық деңгейін көтерудегі негізгі құрал. Жаңа заңда шенеуніктердің профессионализмін қадағалау мақсатында аттестация жүргізіледі. Әр 3 жыл сайын аттестация мемлекеттік қызметкерлердің дайындық деңгейін олардың құқықтық мәдениетін және адамдармен жұмыс істеу сипатын тексеріп отырады. Аттастациялық комиссия нәтижелері бойынша әр мемлекеттік органда қызметкердің қызметтік сәйкестілігі немесе оны жұмыстан шығарып тастауы жөнінде вердикт шығарылып отырады. Сонымен қатар комиссия қызметкерге квалификациялық деңгейін жоғарлату мақсатында белгілі бір курсты оқып үйренуте ықпал жасай алады.
Мемлекеттік қызметтің қарқындылығын жоғарылату туралы айтқанда "мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтың шегінен шығып кететін шаралар туралы айтып кету міндет. Бәрінен бұрын "Әкімшілік процедура туралы" заңды қабылдау керек. Бұл заң мемлекеттік органдардың шешім қабылдау процедураларының регламентті болуын, оларды азаматтарға жеткізіп шенеуніктердің берілген процедураларды сақтауы туралы міндеттеме жасауды қамту керек. Процедураларды жасап оларды қатаң сақтау коррупция деңгейін төмендетіп, заңның сақталуына демократия принціпі ретінде үлес қосады. Демократия бұл — процедуралар деп бекер айтпаған.
Мемлекеттік қызметтің профессионалдылығын жоғарлататын келесі фактор — меңеджменттің жаңа әдістерін енгізу, әсіресе персоналды басқару бөлімінен. Персоналды қарқынды басқару тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуге бағытталуы негізгі кезеңдердің бірі болуы керек. Бұл жағдай мемлекеттің нарық субьектілеріне қарағанда бәсекенің болмауы жағдайында жұмыс істейтін болғандықтан әсіресе маңызды. Олардың жұмыс істейтінің қарқындылығы заң, мемлекет аппаратының кадр профессионалдылығымен, басқару әдістерінің эффективтілігімен қамтылу керек.
Персоналды тиімді басқару әдістеріне мемлекеттік қызмет кадрларына мониторингті енгізу әдісін жатқызуға болады. Осымен байланысты кадрларды бақылауға: тәжірибе, проблематар, мақсаттарды қарауға глобалді ақпараттық жүйе енгізіліп отыр.
Қазақстандық модель біздің ерекшеліктеріміз бен дәстүрлерімізді ескере отырып карьералық және позициялық жүйелерді қамтып отыр.
1. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мемлекеттік қызмет мәні құқықтық негіздері мен принциптері
2000 жылдың 1-ші қаңтар айынан Қазақстан Республикасының "мемлекеттік қызмет" заңы және мемлекеттік қызметткердің ант мәтіні, мемлекеттік қызметкерлердің этика ережелері, мемлекеттік қызметкерлердіге дисциплиналық тәртіпке салу ережелері, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді атесстациялаудан өткізу тәртібі, кадрлық резервтің құрылуының тәртібі және басқада мемлекеттік қызметкерлердің қатынасын реттейтін: мемлекеттік қызметкердің сенімді басқармаға мүлікті беру тәртібінің Үкіметтік үкімі, мемлекеттік қызмет жұмыстары бойынша актілер — әкімшілік мемлекеттік орынға келу үшін конкурстарды өткізу тәртібі, әкімшілік мемлекеттік категорияларға деген типтік квалификациялық міндеттер бекітілген Республика Президентінің Үкімі күшке енді. Осылайша, осы жылдың басынан Қазақстанда жаңа мемлекеттік қызмет моделі әрекет етуде.
Мемлекеттік қызмет тиімділігі мен оның қызмет көрсетулерінің сапалығының проблемалары көптеген елдердің күн тәртібінде тұр. Қоғамдық және экономикалық қатынастарды мемлекеттің рөлінің трансформациялық процесінің жүруі өтпелі экономикалық елдердің ерекшелігі. Сондықтан мемлекеттік қызмет тұрғындардың қажеттіліктері мен қоғамның күтімдеріне және де мемлекеттің ауысып жатқан функцияларына көп мәне беру керек.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, адамда рөз шенеуніктеріне қанағаттанатын ел табу қиын, бірақ әр ел өз проблемаларын өз дамуының нақты бір кезеңіне сай шешеді. Барлық Демократиялық елдерде қоғам мкмлекеттік қызметте пайда болып жатқан процестерді өз заң берушілері, мемлекеттің жоғары қызметтік тұлғасы арқылы мемлекеттік аппарат тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мен басқа да функцияларын аз шығынмен орындау мақсатымен тәртіпке салады. Мұндай қызығушылық мемлекеттік аппараттың тек азаматтардың проблемаларын шешуге емес сонымен қатар мемлекеттік қызмет орындары салық төлеушілердің ақшасына пайда болып жатқаны үшін. Біздің мемлекеттік қызметтің реформалануның негізгі бағыттары Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің "Қазақстан - 2030" жолдауында айқындалған.
Халыкаралық тәжірибе көрсеткендей көптүрлілікте дүниежүзінде мемлекеттік қызметтің екі жүйесі бар - карьерлық Германия, Жапония, Австрия және басқа елдерде әрекет етеді және позициялық, Ұлыбритания, АҚШ және Канада елдерінде әрекет етеді. Карьерлік жүйенің ерекшеліктері (1 сурет) -мемлекеттік қызметтің төменгі қызметіне ие болу үшін конкурстық емтихан тапсыру, белгілі қызметке өмірлік сайлау (саясидан басқа), қызмет ішіндегі карьералық өсім, професионалдылықтың жоғары деңгейі, кадрларды мақсатты мамандандыру, консервизм және бюрократиялық иерархия.
Позициялық жүйенің ерекшеліктері (2-ші сурет) - кезкелген қызметке аларда (саясидан басқа), қызмет дәрежесін көтергенде конкурс негізінде тандау, мобильділік, қабылдаудың контрактты түрі, қызмет көрсетудің жоғары сапалығы, карьерадағы айқын тұрақсыздық, адам ресурсын зерттеуге көп көңіл бөлу.
Бірақ екі жүйенін де бірқатар ұқсастығы бар. Біріншіден, мемлекеттік аппаратқа саяси жағдайлардың әсерін шектеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлерді саяси және карьералық - деп бөлу. Саяси мемлекеттік қызметкерлерді тағайындауда осы процесстермен анықталады, бірақ професионалды бұдан сақтандырылып үкіметтің ауысуына қарамастан ары қарай қызмет ете береді. Екінші ерекшелігі - мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде конкурсты таңдау.
1-ші сурет
Мемлекеттік қызметтің карьералық моделі.
Негізгі сипаттар
• Кадрларға мақсатты білім беру
• Қызмет ішіндегі мамандандыру
• Маманданудың жоғары деңгейі
• Консерватизм мен бюрократиялық иерархия
Елдер: Германия, Жапония, Австрия
2-ші сурет
Мемлекеттік қызметтің позициялық қызметі
Негізгі сипаттар:
• Конкурсты таңдау
• Маңызды мобильділік
• Жеке менеджментке жақындау
• Қабылдаудың нақты формасы
• Қызмет көрсетудің жоғары сервисі
• Карьерадағы тұрақсыздық
• Адам ресурсын зерттеуге көп көңіл бөледі
Елдер: АҚШ, Ұлыбритания, Канада
Заңдарды дайындау кезінде біздің мемлекеттік қызметкерлерде сауалдама жүргізілді. Бұл сауалдама бар проблемаларды айқындауға мүмкіндік берді. Заң туралы мемлекеттік қызметкерлердің пікірін зерттеу келесіні көрсетті, мемлекеттік қызметкерлер өз әрекет ету барысында негізгі қиыншылығы-өз карьераларының айқынсыздығы әсіресе басшылық ауысқан жағдайларда. Сонымен қатар сауалдама таңдау мен кадрлардың жылжуында патронаждық жүйесінің қалыптасуы. Сауалдама нәтижесінде кадр резерві формальді кұрылып пайдаланылды. Сауалдамадан өткен мемлекеттік қызметкерлердің көбісінің ойынша әрекет етіп жатқан заң мемлекеттік қызметтің жоғары престижін, қызығушылығын қамтамассыз етіп отырды.
Жоғарыда айтылып кеткендерден мемлекеттік қызметті реформалаудың негізгі мақсаты айқындалды:
- қоғамды және оның әр азаматын қанағаттандыра алатын профессионалды аппаратты құру;
- меритократяның принциптеріне негізделген мемлекеттік қызмет моделін құру, өз кезегінде ол келесілерге негізделген: конкурсты таңдау негізінде қызметке алу,
- бірдей қызмет үшін бірдей төлем төлеу, мемлекет қызметінде мамандықтарды қалдырып сәйкес білімі жоқтарды жұмыстан шығару.
- Мемлекеттік қызметке кіруге бірдей мүмкіншілік беретін конституциялық құқыкты іске асырудың механизмін құру. Заң және зан актілерімен қандай принципиалды жаңалықтар енгізілді.
Мемлекеттік қызметті занды түрде саяси және әкімшілік етіп бөлу. Бұл принцип мемлекеттік қызмет сферасындағы демократизациялануды ғана қамтымай сонымен қатар халықаралық зерттеу көрсеткендей мемлекеттік аппарат эфективтілігі өте төменЗаңмен саяси тағайындаудың шектері көрсетілген, бұл жәй саяси процестердің профессионалды қызметкерлер аппаратына әсерін азайтады. Министрлік деңгейінде мемлекеттік Қызметкерлерге министр және оның орынбасарлары, аймақты Деңгейде — район және облыс әкімдері мен олардың орыбасарлары. Басқа қызметтердің барлығы әкімшілік Қызметтерге жатады.
Мемлекеттік қызметкерлердің 96-97 пайызын құрайтын әкімшілік қызметкерлер саяси басшылықтың ауысуы жағдайында жұмыстан шығарып жіберуден сақтандырылып мемлекеттік қызметінде жетістік жасауына стимул алды. Осылайша мемлекеттік оргондардың кадрлар құрылымына саяси мемлекеттік қызметкерлер, әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер, мешекеттік қызметкер болып есептелмейтін бірақ уақытша жұмысқа алынған қызметкерлер кіреді (4-ші сурет).
Cурет 4 Нақ ты мемлекеттік органның құрылымы
Әкімшілік мемлекеттік қызметте жылжу және келу кезіндегі міндетті түрдегі конкурстық таңдау. Мемлекеттік қызметке тең тұруы азаматтардың конституциялық құқықты іске асыруға мүмкіншілік беретін ашық, жариялы конкурсты таңдау. Дүние жүзінде осы уакытқа дейін конкурстық таңдаудан басқа қызметке жақсы мамандалған кадрларды алуға мүмкіншілік беретін әдісті ойлап тапқан жоқ. Бұны үлгеріп отырған мемлекеттердің тәжірибесі көрсетеді.
Мемлекет басшысының бұйрығы бойынша өткен жылдың ақпан айынан бастап конкурсты таңдау механизмін жетілдіру мақсатында орталықты іске асырушы органдарда міндетті конкурсты таңдау жүйесі енгізілген. Президант үкімін орындауын талдай отырып келесі нәтижелерді шығаруға болады:
1) Төлем ақының төмен болған жағдайында кадр дефицитінің пікіріне қарсы орта есеппен алғанда 1 орынға конкурс есебінде 4 адам болды.
2) Үкімді іске асырмай отырғанда көптеген квалификациялық мамандар үшін вакансия жайлы ақпараттың болмауында.
3) Мемлекеттік оргондардың көптеген басшылары кандидаттардың кең ауқымынан таңдау мүкіншілігін жақсы бағалады.
Конкурсты 2000 жылдың 1-ші қаңтар айынан вакансиялары бар мамлекеттік органдарының өзі өткізетін болды. Агенттік болса конкурстың бір этапын ғана өткізеді - кандидаттарды тесттеу. Бастапқы этапта тесттердің бастапқы мәндері дайындығы нашар кадрларды қабылдамауға мүмкіндік береді. Тесттеуден өткенді таңдаудан органдардың өзі жасайды. Осылайша әкімшілік мемлекеттік қызметке таңдау процедурасы максималды ашық болады.
Сол уақытта біздің реалилерді еспке ала отырып конкурсың ашық және жабық формаларын өткізе бастады, бұл жағдай біздің модельге иілгіш қасиетін берді. Одан басқа біздің заң берушінің ерекшелігі бір категориялы қызмет ауқымында бір мемлекеттік органның ішінде қызметке конкурс негізінде тұру.