Мемлекеттік қызметті жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 06:25, реферат

Описание

Мемлекеттік қызмет тиімділігі мен оның қызмет көрсетулерінің сапалығының проблемалары көптеген елдердің күн тәртібінде тұр. Қоғамдық және экономикалық қатынастарды мемлекеттің рөлінің трансформациялық процесінің жүруі өтпелі экономикалық елдердің ерекшелігі. Сондықтан мемлекеттік қызмет тұрғындардың қажеттіліктері мен қоғамның күтімдеріне және де мемлекеттің ауысып жатқан функцияларына көп мән беру керек.

Работа состоит из  1 файл

МЕМ кызмет 1.doc

— 845.50 Кб (Скачать документ)

              Реформаларды жасағанда сияқты баска сфераларда да қалыптасып қалған стереотиптпрді басып өту керек. Мұндай стереотипке келесі де жатады — мемлекеттік оргондардың басқарушылардың арасында қол астындағы қызметкерлердің білімдерінің сомасының иемденушісі болып, сол қызметткерлердің творчесволық потенциалына кедергі жасау стереотипі. Мұндай жағдайда адам ресурстарын рационалды пайдалану мүмкін еместігі айқын болып отыр. Егер әкімшілдік мемлекеттік қызметкерлер өз басқарушыларымен іске асырушылар ретінде бағаланса мемлекет оргондарының әрекеттері қарқынды болмайды. Басқа да стереотип — Қызметкерлерді қайтадан мамандыруды уақытты бостан-босқа өткізу деп көруі. Персонал мемлекеттік қызметтің ең бағалы резерві болып табылады, сондықтан оның мамандылығы жайлы проблемалар туындаған кезде үнемдеуге болмайды.

              Мемелкеттік қызмет сферасы сияқты сфераларда ұтысқа келу бірқатар базалық шарттардың бар болуының нәтижесінде болады. Реформаларды өткізудің маңызды міндеттердің бірі жүйелілік пен кезеңділік. Бұл мемлекеттік қызметті реформалауда асықты қадам жасауға болмайтынымен байланысты. Бірақ ең маңызды міндеттер ел дамуының стратегиялық приоритетіне кәсіпкерлік қадамдардың сай келуі мен реформанф іске асыруына мемлекет басшылығының құштарлығы. Бұл жерде Қазақстан басқа елдерге қарағанда бірқатар артықшылығы бар, өйткені профессионалды басқарманы құру, мемлекет қызметін реформалау, коррупцияға қарсы күрес жүргізу, мемлекет басқармасының қарамағында жүргізіледі. Конкурсы таңдау жүргізуге жасалған қадамдар барлық басқарушылармен позитивті қабылданбағанын айтып кету керек, тек ел Президентінің мемлекет қызметіндегі тандау мен қатынастар жүргізуді демократияландыру құштарлығының арқасында мемлекеттік қызметтін заңды базасы құрылды.

              Бірақ бұдан былай мемлекеттік қызмет туралы заң мен актілердін іске асырылуы жақсы өтеді деп айтуға болмайды. Жаңа барлық бірдей қабылданбайды. Бірақ ең негізгісі мемлекеттік қызмет сферасында қатынастарды реттейтін, оның жариялылығына максималды жауап беретін заң базасы іске қосылды, ендігінше мемлекет қызметкерлерінің өзі заң нормаларын орындауына жауап беруі керек. Осымен байланысты мемлекеттік қызмет заңының баптарын іске асырылуы туралы қадағалау мәні пайда болады. Берілген сұрақта Бас Прокуратурамен жұмыстың тығыз жүретініне күмән жоқ. Бұл іс жүріп жатыр, бірақ барлығымыз бірігіп коррупцияға қарсы нақты қаруды құра; аламыз. Мемлекет  қызметкерлерінің  өзі заң, этика  нормаларын  сақтап  өз құқықгарын қорғай білуі де маңызды болып отыр. Заңды ұстанға бақылау, анықтамалық жұмыстар, тесттеу Агенттік және оның территориялық бөлімшелердің, маңызды бағыттары болып отыратынын айтып кету  керек.

              Өмір бір орында тұрмайды, сондықтан ел басының "Қазақстан — 2030" бағдарламасында қойылған "Қазақстан үшін нарықтық экономикаға сай болатын қарқынды, кәзіргі заманға сай мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымын құру" мақсатына жету жолында бізге әлі көп жұмыстарды іске асыру керек және келесі перспектикаларды дұрыс жоға қою керек:

•   Қызметтер класификацияларын жетілдіру

•   Мемелекет қызметкерлерінің төлем ақы жүйесін жетілдіру

•   Мемлекеттік қызмет жайлы заңды жасау

• Мемлекеттік   қызметтің   адекватты   қажеттіліктеріне   сай мемлекеттік қызметкерлерді мамандандыру

•   Білім   беру   бағдарламаларын   қаржыландырудың   тұрақгы жүйесін құру

•   Мемлекеттік        қызметкерлер       кадрларын        басқаруға  ақпараттық жүйені енгізу

•   Дистанциялық тесттеу мехенизмін  енгізу

•   Мемлекеттік   қызмет   заңдарын   орындалуына   қадағалау жүргізуді жетілдіру

•   Талдау:

•   мемлекеттік қызметтің кадрлық потенциалына

•   мемлекеттік қызметтің ерекше жүтіелерін қаржыландыру

•   мемлекеттік    қызметті    жетілдіруге    жасалынып    жатқан ұсыныстарға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 бөлім. Мемлекеттік қызметтің қалыптасуы мен дамуы

2.1 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік  қызметтің                    қалыптасу кезеңдері

 

              Жоғары мемлекеттік басқару органдарының толыққанды әрекет етуі, оның үстіне елімізегі әлеуметік - экономикалық және саяси өзгерістерді ойдағыдай іске асыруы тиімді және жедел өзгерістегі өмірдің қалыптасып отырған нақтылықтарына тұрақты бейімделу мүмкін емес. Экономикада, әлеуметтік және саяси салаларда реформаларды жүзеге асыру және олардын қорытындылары, әлбетте, Қазақстанның бүкіл мемлекеттік аппаратының нәтижелі де тиімді жұмысына тікелей байланысты.

              XX ғасырдың 80-ші жылдарының соңы мен 90-шы жылдарының басында КСРО-да бір өзі билеп-төстеген және жетпіс жыл боый КОКП мен кеңес мемлекетінің ат төбеліндей басшы тобының мүддесіне бағынған бір кездергі құдіретті, алайда қарапайым адамдарға қатыгез әміршілдік-әкімшілдік жүйе елеулі мүдірістерге жол бере бастады. Ол жүйенің кабетін жаңартудың, оны ішінара қайта құру мен кейбір жаңғыртудың барша ебедейсіз әрекеттері нәтижесіз болды, өйткені қоғамның коммунистік иллюзиядан арылуына байланысты мемлекеттік басқарудын әміршілдік-әкімшілдік жүйесі дейтін қалып-үлгінің өзінің болашақсыздығы нақтьыыққа айналды.

              Егер сол тұста мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесін реформалау жөнінде дер кезіндегі қадамдар жасалмағанда, Қазақстан тәуелсіздіктің 10 жылында өз дамуының бүгінгідей прогресіне қол жеткізе алмас еді.

      1991    жылы    тәуелсіздік   алуымызбен    Қазақстанда    оның  тұңғыш   Президенті   Н.Ә.   Назарбаевтың   бастамасы   бойынша жедел түрде жаңа ұлттық мемлекеттілікті құру басталды. Алғаш рет және өте қасқа мерзімде мемлекетік басқарудың жаңа, тиімді әрекет ететін жүйесін құрудың тарихи да ел тағдырын шешер мақсаты талдап жасалып, жария етілді, сөйтіп мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби корпусын қалыптастыру бастау алды. Осындай міндеттерді шешу қажеттігімен КСРО-ның бұрынғы республикаларының бәрі де бетпе-бет келді. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жаңадан құрылған мемлекеттері іс жүзінде мемлекеттік құрылымды реформалауға бір мегілде кірісті, содан да бүгін қазақстандыктардың бұл бағытта біздің қаншалықты алға жылжығанымызды салыстыру мүмкіндігі бар.

              Айта кетейін, мемлекетгік қызметтің тиімді кәсіби жүйесін құру жөніндегі Қазақстан тәжірибесі халықаралық деңгейде атап өтілген. Дүниежүзілік банк, бірқатар өзге ірі халықаралық ұйамдар мен институтер бұл жәйтпен есептеседі және лайық көреді. Біз ммлекеттік қызметті реформалауда ТМД-ның көптеген елдерінен ілгері бола алдық. Бүгінде Беларусь пен Украина, Қырғызстан, Әзірбайжан, сондай-ақ алыс шетелдің кейбір елдері біздің тәжірибеге белсенді қызығушылық танытып, жетістіктерімізден үйренуде. Осы жәйттердің бәрі Қазақстан тәуелсіздігінің он жылында жүргізілген мемлекеттік басқаруды реформалау нәтижелілігінің көрсеткіші болып табылады.

              Қазақстан Республикасында осы заманғы мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасу шешуші кезеңдерге бөлуге болады. Олар, әлбетте, жаңа қазақстандық мемлекеттілікті құру мен елді реформалаудың негізгі кезеңдерімен сәйкес келді.

              Қазақстандық   қоғамтанушылар   мен    заңгер құқықтанушылар,  әдетте, жаңа мемлекеттіліктің құрылысы мен қалыптасуыңың   төрт-бес   кезеңің   атап   көрсетеді.    Бұл  нені білдіреді?   Біріншіден,    бүкіл   процесс   өте    қысқа,   былайша айтқанда,   тым   аз   мерзімде   жүзеге   асырылғанын   дәлелдейді. Екіншіден, он жыл бойына бірінші кезекте мемлекеттік құрылыс реформаларының    нормативтік    құқықтық    және    институттық базасын жетілдіру және институтты базасын жетілдіру жоспарлы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      да   дәйекті  түрде  жүргенін  көрсетеді.         

              Бұл процестің әрбір кезеңі күн тәртібіндегі нақты тарихи,  экономикалық саяси және әлеуметтік міндеттерге сай келуімен және      қоғамға     дағдарыс     тигізетің      ықпалды      жұмсартуға  бағытталуымен  сипатталады.     

              1991 жылғы желтоқсанда Қазақстанның тәуелсіздік алуымен мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың бірінші кезеңі басталды.                                                              

              Біз оны өте күрделі жағдайда қолға алдық. Бұл кезең өткеннің әлі де айтарлықтай күшті екпінімен, жергілікті әкімшіліктер бұрынғы партия коммитеттеріне "егіздің сыңарындай" ұқсас болып, өткілетті органдар бұрынғысынша көне халық депутаттары кеңестерінің деңгейінде әрекет еткен ескі қалыптар мен қатаң дәстүрлердің тұтас қойыртпағы адамдардың санасында орын алып, нақты өмірде сақталып тұруымен сипатталады.                                                                          

              Жаңа мемлекеттік билік органдарының қалыптпсуы КОКП диктатының, жоспарлы социалистік экономика мен іс жүзінде барлық материалдық-техникалық және қаржы ресурстары алыстағы және "шет аймақтардың" қажеттеріне немқұрайды Орталықтан бөлудің орталықтандырылған жүйесінің салдары ретіндегі аса терең экономикалық, саяси әлеуметтік және рухани дағдарысты еңсеруге байланысты міндеттерді шешудің шеруінде жүріп жатты.

              Нақ осы кезеңде Қазақстанда жаңа тәуелсіз мемлекеттің базалық   институттары   қалыптастырылып,   сыртқы   және   ішкі саясаттың тұғырнамалық принциптері қаланды. Ел басшылығының салиқалы да сарабдал бағытының арқасында біз қатерлі ішкі саяси қақтығыстарға ұрынбай, халықаралық аренада тұрлаулы мемлекет имиджін және Қазақстан ұлтының бірлігін сақтап қала алдық.

              Бұл кезенде Қазақстанда кеңестік социалистік республика моделінен президенттік басқару нысанындағы мемлекетке көшу жүзеге асырыла бастады. Бүгінде осынау процесс революциялық емес, эволюцялық сипатта жүрді деп батыл айтуға болады. өйткені ол өзімен бірге толықтай іске асырылған реформаларды ала келді. Негізгі бастау елімізде жаңа жоғары мемлекеттік органның белгіленуі болды, оның функцияларын Қазақстан Республикасының Президенті атқарды.

              Бірінші кезекте атқару билігінің жоғарындан төмен қарай ретті негізгі құрылды. Бұл кезеңде атқару органдарының жүйесінде бұрын ресублика юрисдикциясынан іс жүзінде тыс тұрған салаларды басқаруды қамтамасыз еткен жаңа құрылымдар пайда болды. Олар — Сыртқы істер, Қорғаныс, Ішкі істер мнистрліктері, Ұлтық қауіпсіздік комитеті және басқалары.

              Атқару билігінін жүйесін нығайтумен бір қатарда жергілікті өкілетті органдардың реформасы жүргізілді 1994 жылдын басында. Кеңестердің өзін-өзі таратуынан кейін жергілікті орындарда жаңа органдар — мәслихаттар құрылды.

              Іс жүзінде жаңадан құрыла бастаған мемлекеттік басқару Құрылымы барлық деңгейдегі мемлекеттік аппарат жұмысын ұйымдастыруға да жаңа көзқарастарды талап етті. Бұл кезенде біз мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың Қазақстан үшін оңтайлы Моделін іздестіруге кірістік.             

              Мемлекеттік оргаңдарды реформалаудың екінші кезені контитуциялық реформа  өткізумен және   1995  жылғы  тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылдануымен байланысты. Негізінен нақ сол кезде әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер барысының ғана емес, сонымен бірге бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінін тағдыры айқындалды.               

              1995 жылғы Конституция Қазақстан Республикасында президенттік басқару нысанының орнатылғанын жария етті. Конституциялық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарын айқындап, биліктің заң шығару, атқару және сот тармақтарының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нышаны мен кепілі болып табылады. 1995 жылғы Қазақстан Конституцияся мемлекеттік билікті атқару, өкілетті және сот тармақтарына бөлудің демократиялық принципін бекітті, сонымен бірге оның бірлігіне кепілдік берді.

              Елдің қолданыстағы Конституциясы бойынша Қазақстанда атқару билігінің жүйесін республика Үкіметі басқаратын болды. Ал еліміздің өкілетті органдары қос палаталы кәсіби Парламент және жергілікті мәслихаттарға өзгерлілді. Қазақстан Жоғарғы сот басқаратын тәуелсіз сот жүйесі құрылды. Тұңғыш рет Қазақстан конституциялық заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі басты орган ретінде Конституциялық Кеңес тағайындалды.

              Осылайша, 1995 жылғы Конституцияның негізінде түзілген Қазақстандағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі және Жаңа заңдардың қабылдануы бүкіл билік органдарының ретті жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Экономиканы одан әрі мемлекет меншігінен алу және гиперинфляцияны  тежеу, макроэкономиканың тұрақтануы  және ішкі саяси тұрақтылықтың нығайтылуы осынау жұмыстың нәтижесі болды. Сондан екі жылдан кейін сыртқы бакылаушылар Қазақстандағы инвестициялық өрлеу туралы айта бастап, капиталдың ағыны өндірістік салаға көптен күткен жандануды әкелді.

Информация о работе Мемлекеттік қызметті жетілдіру жолдары