Мемлекеттік қызметті жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 06:25, реферат

Описание

Мемлекеттік қызмет тиімділігі мен оның қызмет көрсетулерінің сапалығының проблемалары көптеген елдердің күн тәртібінде тұр. Қоғамдық және экономикалық қатынастарды мемлекеттің рөлінің трансформациялық процесінің жүруі өтпелі экономикалық елдердің ерекшелігі. Сондықтан мемлекеттік қызмет тұрғындардың қажеттіліктері мен қоғамның күтімдеріне және де мемлекеттің ауысып жатқан функцияларына көп мән беру керек.

Работа состоит из  1 файл

МЕМ кызмет 1.doc

— 845.50 Кб (Скачать документ)
t-align:justify">              Мемлекеттік аппараты рефоралау мақсатында осы кезенде Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік қызмет туралы" заң күші бар Жарлығы шықты. Нақ соның негізінде мемлекеттік қызметті реформалау және мемлекетке қызмет ететін кәсіби корпусты қалыптастыру жөніндегі нақты жұмыс басталды.

              Мемлекеттік аппаратты реформалаудағы үшінші кезеңнің басталуы 1997 жылы "Қазақстан-2030" стартегиясының қабылдануымен айқындалды. Бұл құжатта кәсіби мемлекеттік қызметті құру Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының негізі басымдықтарының бірі ретінде белгіленді. Стратегияда нарықтық  экономика жағдайы үшін оңтайды және ұзақ мерзімді басым мақсаттарды орындауға қабілетті осы заманғы тиімді мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымдарын құру міндеттері қойылды.

              Алға қойылған міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру жүргізілді. Министрліктер мен республикалық ведомстволардың саны 2 еседен астамға дерлік қысқартылды. Орталық және жергілікті билік органдарынын өкілеттіктері қайта бөлінді. Жергілікті билік органдарынын функциялары әлде-қайда кеңейтілгенін атап өткен жөн.

              14 - ші суретте Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлерге сипаттама төменде келтірілген, ал мамандық бойынша талдама кесте-3 пен сурет-18-де  көрсетілген.

 

Оңтүстік Қазақстанда  жұмыс  істейтін  мемлекеттік  қызметкерлерге  сипаттама


             

              сурет - 14

             

              Қазақстан - 2030" стратегиясының негізінде ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар мен іс-әрекет бағдарламаларына талдау жасалып қазір іске асырылуда.

              Сондықтан облыстың көлеміндегі мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігі мен мамандықтарын да талдау қажет.

 

Кесте - 3

 

Р/с

мерзімі

Мемлекеттік қызметкерлер  саны, барлығы

Басқа  да  мамандықтар

Саны

%

1

2003

6274

1612

25,7

2

2004

6296

1574

25

3

2005

6368

1547

24,3


сурет - 15

 

             

 

              Жоғарыдағы суретте соңғы үш жыл бойынша мәліметтер берілген, яғни 2003, 2004, 2005 ж.ж.ж. аралығындағы манадықтарда қызмет атқарған адамдар саны көрсетілген.

              Мемлекеттік басқару органдарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде мақсатты шаралар қолға алынды. Қазақстан ТМД мемлекеттерінің ішінде бірінші болып "Сыбайлас жемқордыққа қарсы күрес туралы" арнаулы Заң қабылдады.

              Осынау жылдары биліктің өкілетті және сот тармақтары айтарлықтай нығайтылды. Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметін жандандыру үшін жаңа серпін берілді. Алғаш рет ел Президентін баламалы негізде сайлау, сондай-ақ Парламент депутаттарын партиялық тізімдер бойынша дауыс беру арқылы сайлау болды.

 

 

 

 

Кесте - 4

 

 

 

 

 

 

 

 

              Тұтастай алғанда, бұл кезенде біз мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби кадрлар корпусының негізгі қалап, осы заманғы, нарықтық экономика үшін оңтайлы ұқру жолында елеулі де табысты қадамдар жасай алдық. 

              Ақыр соңында, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" жаңа Заңының қабылданып, 2000 жылғы 1 қаңтар күлшіне енгізілуімен төртінше кезең басталды.

              Осынау заңнамалық актінің негізгінде барлық мемлекеттік лауазымдар саяси және әкімішілік болып бөлінді. Саяси мемлекеттік қызметкерлерге барлық тағайындалатын лаузымды адамдар мен олардың орынбасарлары жатқызылды. Биліктің атқару тармағындағы лауазымды адамдар мен олардың орынбасарлары жатқызылды. Биліктің атқару тармағындағы қалған барлық лауазымдар - бүкіл кадр корпусының 90 пайыздан астамы әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Олар саяси тағайындалушылар ауысқан ретте негізсіз жұмыстан шығарудан ел заңдары арқылы толық қорғалған.

              Сонымен қатар, әкімшілік қызкетке кіріскен және оның баспалдағымен жоғарылаған кезде өткізілетін міндетті конкурстық реттеу заң бойынша еңгізілді.     

              Ашық жариялы конкурстық іріктеу азаматтардың мешекеттік қызметке тең мүмкіндікте қол жеткізуінің конституциялық құқығын іске асырудың ықпалды тетігіне айналды. Әкімшілік мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімі барынша ашық және айшықты болды. Мемлекеттік қызмет туралы Заң күшіне енген сәттен бергі бір жылда ғана тұтастай Қазақстан боыйнша 16,5 мыңынан астам бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды иеленуге конкурстар өткізілді. Бұл конкурстарға ресубликаңың 36 —  мың дерлік азаматы қатысты.   13 мыңнан астам   кандидаттар   конкурстың   жеңімаздары  болды.    Орта. есеппен бір бос орынға екі адамнан астам үміткерден келді.

              Жаңа заңнамаға сәйкес Қазақстанда әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадр" резерві нақты қалыптаса бастады. бүінгі күні оның құрамында 2,8 мыңнан астам азамат бар. Осы қатардан түрлі мемлекеттік органдардағы лауазымдарға 700-ден астам адам тағайындалды. 16 суретте аталған мәселенің аймақ көлеміндегі пайыздық көрсеткіштері сипатталған.

Сурет-16


              Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңнамаға аракорлақ ен сөзбұйдалықты түбегейлі жоюға бағытталған айшықты антикоррупциялық жерде сипат тән. Бұдан былайғы жерде сол секілді өзге де құқық бұзушылыққа араласқан адамдарға мемлекеттік қызетке жол толығынан жабық. Ел тарихында тұңғыш рет ""Қазқстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің қызет этикасының тәртібі" талдап жасалып, бекітілді.

              Сөйтіп, тәуелсіздіктің 10 жылында Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі түбегейлі түрде өзгерді. Әміршілдік-әкімшілдік жүйенің қиратылып, жаңа басқару жүйесінің жасалуы мемлекеттік басқару саласындағы реформалардың басты қорытындасы болды. Елімізде презідентік басқару нысны орнықты, кәсіби Парламент, атқару билігінің жоғарыдан төмен қарайғы тұрпаты сұрылып, тәуелсіз сот жүйесінің негізі қаланды.

              Бүгінде жалпы ұлттық деңгейде және жергілікті орындарда жаңа мемлекеттік құрылымдар жұмыс істеуде, олардың қызметі нарықгық экономикаға және демократиялық принциптерге негізделген қоғамдық қатынастардың осы заманғы сипатына қай келді. Солай болсадағы, Қазақстанның мемлекеттік басқару садасында жүзеге асқан елеулі ілгерілеулерге және бұл саладағы айқын жетістіктерге қарамастын, біз әлі де мемлекеттік басқарудың тиянақталған және осы заманғы талаптарға сай келетін жүйесін түзіп болған жоқпыз деп ойлаймын.

              Еліміз өз дамуының қазіргі кезенінде күн тәртібіндегі күрделі де өзекті міндеттерді шешу үшін мемлекеттік билімктің бүкіл жүйесін одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

              Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің негізгі бағытары Президент   Н.Ә.   Назарбаевтың   "Еркін   де   еңселі   әрі   қауіпсіз қоғамға қадам басайық"  аттты Қазақстан халқына Жолдауында айқын да ұғынықты баяндалған.

              Бұл құжатта мемлекеттік билікті дәйектілікпен демократияландырудың Парламент рөлін арттырудын, әкімдердің сайланып қойылуын енгізудің жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құрудың, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар  рөлін нығайтудың міндеттері қойылып, жолдары көрсетілгенін еске сала кетейін.

              Қол жеткен жетістіктермен қатар, бүгінде мемлекеттік басқару жүйесінде проблемалар да жеткілікті олардың әрқайсысы мұқият зерттеуді және шешуді талап етеді. Олардың кейбіріне егжей-тегжейлі тоқталғым келеді. Әсіресе, аймақтарда жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер ішіндегі әйелдерге берілген орын да қоғам талаптарына сай болып отырған жағдайы бар. Әйелдердің әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалмай, оларды қоғам мәсөлелерін шөшуге ат салысып, бірқатар маңызды жұмыстарды атқара алатындықтары көп жылдар мен ғасырла бойы дәлелденген. 14 - суреттен Қазақстан Республикасы бойынша әйелдердің үлесі 56,8% болса, оның ішінде Оңтүстік Қазақстандағы мемлекеттік қызметке араласатын әйелдердің үлесі 32,6% құрайтынын көреміз Бұл көрсеткіш Алматы мен Астана қалаларында сәйкесінше 58,0% және 58,8% құрап отыр.

              Мемлекеттік өзге органдарға да, атап айтқанда, сот инстанциялары мен прокуратураға түсіп жататын шағымдар да аз емес. Және де мұндай араласулардың көптеген оқиғалары айқын сыбайластықтың және лауазымдық құқық бұзушылық пен қылмыстық жәйттермен тікелей байланысты.

              Меніңше, мұнайда практика көп ретте кейбір мемлекеттік органдардың заңға тәуелді әрқилы кесімдерді қабылдауды мен іс жүзінде  қолданылуына  бакылаудың жетімсіздігінен  туындайды. Өкінішке орай, іс жүзінде бүкіл министрліктер мен ведомтсволар, барлық деңгейдегі  әкімшіліктер  осы   мәселеде  шектен  шығып жатады. Кейде бұл тар өрісті ведомстволық нұсқаулар ен әрқилы жергілікті     ережелердің     қисынсыздығы     мен     бытысқандығы соншалық,    олар    еліміздің   қолданыстағы    заңнамасын   бұзып жатады,     өмірлік     маңызды     салаларда     әбігерлік     туғызып, адамдардың қалыпты өмір сүріп, жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Ішкі    ведомстволық   қандай   да   бір    өкіммен    еш   жерде көзделмеген есеп беру белгіленіп, жергілікті органның жекелеген қызметкерлеріне        тіпті    министрлердің    де    түсіне    енбейтін құқыктар мен функциялар берілетін оқиғаларды қажетіне қарай келтіре   беруге   болады.   Жергілікті   органдардың    кәсіпкерлік құрылымдарға   жергілікті   өкіметтің   балансындағы    әлеуметтік нысандарды    күтіп     ұстауға    кейде     ауызша    тапсырма    беру әрекеттерді де құқықтық нормалар мен қолданыстағы заңнамаға жаппай қарама - қайша келіп жатады.

              Қалыптасқан    ахуалды   және   жергілікті   орындардағы    іс жағдайын    ескере    отырып,    бүгінгі    күні    түрлі    мемлекеттік құрылымдардың    заңға    тәуелді    кесімдер    мен    ведомстволық нұсқаулар қабылдау практикасын ретке келтіру қажеттігі әбден  пісіп жетілді деп ойлаймын.  Бәріміз де қызметтік арызы боыйнша  мұны қадағалауға  тиістілер де, жұртшылық та былыққа батқан бюрократияцға еліміздің қолданыстағы заңдарында көзделмеген функциялар мен өкілеттіктерді иемденіп, қаптата беру құқығын ұсын салмауға тиіспіз. Мемлекеттік аппараттың әрбір қызметтері де өз кезегінде шынайы билікке адамдарға қызмет ету арқылы ғана жетуге болатыныңа ой жіберуі керек. Бұл ақиқат бізге көне заңдардан жеткен.  Бұл тәртіптің бүгінгі күні де еш баламасы жоқ.

              Қазақстанның мемлекетік басқару жүйесіне ықпал ететін екінші проблема өзінің пайдакүнемдік мүдделерін қанағаттандыруға қол жеткізігісі келетін әрқилы жекеменшік құрылымдар тарапынан мемлекеттік органдар қызметіне жасалатын келенсіз ықпалдың қаптаған практикасымен байланысты.

              Бүгінде біздің елімізде белгілі дәрежеде саясаттанған қаржы-экономикалық топтар қалыптасты, олар кейбір сәттерде мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал етуге тырысады. Бұл топтар ашықтан-ашық мүдде оздыру қызметімен айналысып, сол мақсатпен "өз адамдарын" атқару және өкілетті билік органдарына өткізуге күш салады. Осы мүдде оздырушылық арқылы жекелеген құрылымдарға пайдалы болғанымен, көп ретте ел мүддесіне қайша келетін басқару шешімдерін өткізу әрекеті жасалады. Бұқаралық ақпарат құралдарында жекелеген мемлекеттік органдардын да, сол секілді лауазымды адамдардын да қызметін сынауға кей реттерде мүдделі экономикалық топтар айдап салады және ондай сындар негізінен солардың тар өріст  мүдделерін көздейді. Бүгінде белгілі бір топтардың мүддесіне бола қолайсыз саяси қайраткерлерге, жекелеген министрлер мек әкімдерге қарсы сын ұйымдастыру қолданылып жүргенін байқамау мүмкін емес. Және де біз мұндай шабуылдардан  мүдделеетікті жиі байқап жүрміз.

 

 

 

Сурет – 17

Аймақтарда   жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлердің

ішіндегі  әйелдер  үлесі

 

             

 

              Бірінші. Проблемалардың бірі мемлекеттік органдардың, әсіресе жергілікті деңгейдегі органдардың жеке тұлғалардың да, сол секілді заңды тұлғалардың да кәсіпкерлік қызметіне негізсіз араласу жәйттерімен байланысты.           

              Президент Әкімшшгіне біздің мемлекетімізді бейнелейтін және оның атынан өкілдік танытатын түрлі органдардың заңсыз әрекеттеріне шағымданған азаматтардан жүздеген хаттар мен өтініштер түсіп жатады. Олардың әркайсысы бойынша біз мұқият тексеру жүргізіп, тиісті шешімдер қабылдайтынымызға іс жағдайын түзетіп, кінәлі лауазымды адамдарға жаза қолданатыңымызға сендіре аламын.

              Мемлекеттік   өзге   органдарға   да,    атап   айтқанда,   сот инстаңциялары мен прокуратураға түсіп жататын шағымдар да аз

              Осындай үрдістің орын алуы салдарынан кейбір мемлекеттік органдардың басшылары мемлекет мүддесі тұрғысының маңызды шешімдер қабылдауға жасқанып, бой тасалай тұруды артық санайтын болыпты. Олардың көпшілігі тіпті елеусіз мәселелер бойынша шешім қабылдауда Президентпен немесе Премьер-министрмен көлегейленуге тырысады және көлегейленіп жүр де. Жағдайдың бұлайша өріс алуы шешуші құрылымдар мен салалар басшыларының жасқаншақ болуына, мемлекет пен халық мүддесі тұрғысынан маңызды шешімдер қабылдау кезінде өзіне жауапкершілік алудан қорқуына соқтырады. Сонымен бірге, сөз билік құрылымдарын қоғамдық сын аймағынан алып кету туралы болып отырмағанын ерекше атап көрсеткім келеді. Керісінше, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан мемлекеттік органдарың жұмысына нак сыни көзқарас мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесін үздіксіз жетілдіру процесінің өзіндік қозғаушысы болып табылады. Алайда, сын бәз бірелеулердің бір сәттік, тар өрісті мүдделерін көздемей, негізді де сындарлы болуы керек.

              Үшінші. Бүгінде мемлекеттік аппарат қызметкелерінің материалдық қамтамасыз етілуінің, ашығын айтқанда, жоғары емес деңгейде болу проблемасын байқамау- мүмкін емес.

              Тұтастай алғанда, мемлекеттік басқарудың барлық органдарының және атап айтқанда, мемлекеттік қызметтін арттыру бірінші кезекте жаңа қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастыруға, біздің Отанымыздың гүлденуне қол жеткізуге және Қазақстан азаматтары үшін прогресіл әлеуметтік жобаларды ілгерілетуге бағытталған.

Информация о работе Мемлекеттік қызметті жетілдіру жолдары