Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 06:25, реферат
Мемлекеттік қызмет тиімділігі мен оның қызмет көрсетулерінің сапалығының проблемалары көптеген елдердің күн тәртібінде тұр. Қоғамдық және экономикалық қатынастарды мемлекеттің рөлінің трансформациялық процесінің жүруі өтпелі экономикалық елдердің ерекшелігі. Сондықтан мемлекеттік қызмет тұрғындардың қажеттіліктері мен қоғамның күтімдеріне және де мемлекеттің ауысып жатқан функцияларына көп мән беру керек.
2.2. Мемлекеттік әкімшілдендіруді жетілдіру
Мұны түсіндіру оңай — беделді мемлекеттік қызметте болу іс жүзінде жоғары интеллектуалдық моральдық және дене күш-қуатының болуын әрі оларды толық жұмылдыруды талап етуіне қарамастан, мемлекеттік аппараттағы көпшілік қызметкерлердің жалақысы тым мардымсыз деңгейде.
Мемлекеттік қызетшілердің қалыпты өмірлік қызметі үшін, әсіресе, жоғары мемлекеттік басқару органдарының жаңа астанаға көшуі жағдайында аз қамқорлық жасалған жоқ. Алайда, қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің және олардың отбасы мүшелерінің тұрғылықты жаңа жерге көшуінің барлық материалдық, тұрмыстық және моральдық-психологиялық салдарының еңсерілгені туралы айтуға әлі ерте. Бұл проблеманы еліміздің дағдарыстан шығуы және экономика өсуінің бастапқы жағдайында көтеру жөнсіз деп санайтындармен келісуге де келіспеуге де болады. Дегенмен, басқару органдарында шоғырланған ең жақсы күштердің мемлекеттік қызмет үшін тұрақты түрде азаюы және жоғалуы ахуалының одан әрі өрістеуіне жол беруге болмайтындығы күмән туғызбаса керек.
Басқару органдарындағылардың еңбек ақысын арттыруды біз еліміздегі экономикалық ахуалдың, жақсаруымен байланыстыратынымыз сөзсіз және экономиканын өсуіне: қарай Мемлекеттік қызметішілердің жалақысы артатын болады деп ойлаймын. Мемлекеттік қызметшілерге мұндай мүмкіндік көзделген. Алайда, бүгінді мемлекеттік қызметтің материалдық тартымдылығын арттырудың әлдеқайда қолайлы басқа әдісі де бар, оның мәні қызметкерлер үшін сенімді әлеуметтік кепілдіктер жүйесін жасаумен байланысты.
Әңгіме, ең әуелі, қызмет еткен жылдары мен дәрежесін, халық пен мешекеттік сіңірген нақты еңбегін ескере отырып, мүмкін болатын, айтарлықтай жоғары зейнетақы туралы болып отыр. Бұл өмір бойғы медициналық қамсыздандыру да, асыраушысынан айырылған немесе оның мүгедектігі жағдайында отбасына қамсыздандыру өтемін төлеу де бола алады. Бұл балалардың білім алуына, жылжымайтын мүлік, тұрмыстық заттарды және басқарларын сатып алуға жоғары есем пайызбен субсидиялар бөлу. Оның үстіне қазіргі кезенде үлкен мемлекеттік шығындарды талап етпегендіктен де мұндай мүмкіндік қолайлы көрінеді. Бұл өзіндік бір кейінге қалдырылған төлемдер секілді.
Көптеген пікірлесулер көрсеткеніндей, болашаққа арналған мұндай кепілдіктер олар үшін жалақыны бір рет көттергенге қарағанда, әлдеқайда тартымды болып табылады. Мұның екікші жағы да бар: заңмен бекітілген мұндай кепілдіктер мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің әділ де адал еңбек етуінің сенімді дәйегі болады.
Әрине, мемлекеттік әкімшілдендіруді жетілдірудің әлі де көптеген тетіктері, мүмкіндіктері мен бағыттары баршылық. Оның бәрі мамандардың, жұртшылықтың және мемлекеттік қызметшілердің өздерінің талқылау тақырыбы бола алады және болуға тиіс.
" Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жұмысынан да тауып отыр.
Қазақстан Конституциясының және Президент Н.Ә. Назарбаевтың заң күші бар "Президент туралы және "Республика Президентінің қызметін қамтамасыз ету жүйесі туралы" Жарлықтарына сәйкес Президент Әкімшілігі жоғары мемлекеттік билік органдарының қатарына жатқызылған. Ол ел Президентіне бағыныста әрі есепті және оның қызметін қамтамасыз етуге міндетті.
Президент Әкімшілігіне Мемлекет басшысы өзінің кең ауқымды конституциялық өкілеттіктері бойынша, біртұтас мемлекеттік саясат жүргізуде бүкіл билік құрылымдарының ықпалдастығын ұйымдастыру жөнінде шешімдер қабылдау үшін қажетті барлық материалдарды әзірлеу міндеті жүктелген.
Президент Әкімшілігі Президент тапсырмаларының орындалуын бақытылауды жүзеге асырады, Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік — кеңесу органдарының жүмысын ұйымдастырады, оған ел заңнамасымен берілген басқа да көптеген функцияларды атқарады. Сондықтан да Әкімшіліктің барлық бөлімшелері қызметінің сапасына; оның жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігіне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев айрықша, былайша айтқанда, қатаң талаптар қояды, президент Әкімшілігінің қызет істеу жауапты, қиын және сонымен бірге құрметті, соған орай біз Әкімшіліктің жұмысы Президенттің өзінің қауырт та толымды кестесіне сай болуы үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз.
Әкімшіліктің құрамында бүгінде әр саланың мамандары болып табылатын 280 білікті жауапты қызметкер жұмыс істейді.Олардың арасында 50 ғылым докторы мен кандидаты бар. 20 пайыздайы жоғары заң біліміне, 30 пайыздан астамы экономикалық жоғары білімге ие, 20 пайызы екі және одан да сай жоғары оқу орындарын бітірген. Әкімшіліктің әрбір төртшші қызметкері шетел тілін біледі. Президент Әкімшілігінде "Болашақ" бағдарламасының, Мемлекеттік қызмет академиясының КИМЭП-тің түлектері еңбек етеді. 2000 жылы бос лауазымдарды иемденудің конкурстары бойынша біз 45 адамды, оның ішінде 6 ғылым кандидатың жұмысқа қабылдадық. Осының бәрі — Президентінің толыққанды қызметін қамтамасыз ететін жақсы әлеует.
Әкімшіліктің барлық бөлімшелерінің қызметін түрақты жетілдіруге қарамастан, біздің жұмыстың сапасын одан әрі жақсарту перспективаларын әрдайым көріп отыратынымызды айту керек. Осыған байланысты бүгіннің өзінде шешуі талап ететін бірқатар проблемаларды атап көрсеткім келеді.
Біріншіден, таяу уақытта мемлекеттің алдында тұратын жаңа міндеттер Президент Әкімшілігінің жүмысына өскелең талап деңгейін қояды. Осыған орай біздің барлық бөлімшелердің талдамалық және болжам жасау қызметін күшейту қажет.
Екіншінден. біз Әкімшіліктің барлық құрылымдық буындарының әсіресе, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бақылауды ұйымдастыру мәселесінде басқа мемлекеттік органдармен басқа мемлекеттік органдармен нақпанақ ықпалдастығы мәселесіне көбірек көңіл бөлуге тиіспіз.
Үшіншіден. Әкімшілік басшысы ретінде мені, өзінің мінезіне қарай, немесе бұрынғы жұмыс тәжірибесі бойынша көп ретте мейлі тіпті жақсы болса да, тек атқарушылар болып, табылатын қызметкерлердің бар екендігі мазаламай қоймайды. Ал бүгінде әр қызметкерден біз көбірек бастамашылдық танытуды, жаңа идеяларды жүзеге асыруды, істі ұйымдаетыра білуді талап етеміз, әлбетте, бұл проблемалардың барлығын біз шешеміз де.
Біз жұмыстағы ақпараттарды жойып, әр мәселе бойынша ең оңтайлы шешімдерді табатын боламыз.
Қазақстан өз тәуелсіздігінің он жылдығын экономиканың тұрақтана бастаған жағдайында қарсы алып отыр, мұның өзі бүкіл осы жылары жүргізілген әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалардың негізгі бір нәтижесі болып табылады. Біздің алдымызда бұдан да күрделі міндет-өзгерістер барысында қол жеткізілген табыстарды орнықтырып дамыту, біздің стратегиялық бағдарламаларымызда көзделген барлық мақсаттардың орындалуын толық мәнінде қамтамасыз ету міндеті тұр. Осының бәрі елімізде мемлекетік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруді де талап етеді, ал бұл Қазақстанның гүлденуі мен өркендеуінің басты бір шарты.
2.3. Мемлекеттік қызметтің әлеуметтік психологиялық факторлары мен оның әдістері
Әлеуметтік экономикалық жүйеде басқарудың әлеуметтік психологиялық әдістерінің атқаратын ролі орасан. Бұл жүйедегі негізгі элемент — адам (басшы, субъект).
Басшының өндірістегі функциясы - шешім қабылдау шешемдерді жүзеге асыруға ықпал жасау, болжамдар жасау процесі, оларды тексеру мен анықтау төмендегі іс қимылдан басым- түскенде толық қарастырылмаған шешім қабылдануы мүмкін. Енжар (сапасы нашар) шешімнің әзірленуі бақылаушылық іс қимылдың басым болуымен ұсынылған болжамды үнемі тексерумен сипатталады. Бұл- көп жағдайда шешім қабылдау процесінің ұзаққа созылуыңа әкеледі.
Қабылданған шешімдердің тиімділігі олардың объективті жағдайда қаншалықты сай келетіндігіне ғана емес, сонымен қатар олардың орындалуын ұйымдастыруға адамдарды іріктеп алуға бағыныштылар арасында міндеттерді бөлуге, оларға қажетті ресурстар беруге, орындалуын бақылауға байланыста болады. Адам психологиясы және ұжым дамуының әлеуметтік психологиялық зандылықтарын ескермейінше өз қабілетін толық ашу жұмысты еңбек ету және өндірістік ресурстарды мейлінше тиімді пайдалану мүмкін емес тәрізді. Мысалы: Э. Мейонның экспериментінде жұмысшы әйелдерді іріктеп, оларды бірін — бірі ұнатуына қарай орналастырады. Сонда жеткілікті дәрежеде зиялы компания құнды ойлар мен идеялар пайда болады дейді.
Басшының маман екені көбіне оны еңбек ұжымын басқаруындағы әлеуметтік психологиялық факторларды пйдаланумен анықталады. Еңбек колликтивінде әлеуметтік психологиялық қауымдастық — алуан түрлі әлеуметтік психологиялық процестер мен құрылымдардың жүйесі қалыптасады. Оларда еңбек өніміділігін арттырудың шаруашылық есеп принциптерін нығайтудың резерві мол. Сондықтан осы шарттарды жүзеге асыру үшін басшы:
– Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру шарттарын;
– Материалдық және моральдік ынталандыру жүйесін;
– Идеялық тәрбие жұмысын;
– Өндірісті демократиялық негзде дамытылуын;
– Өзінің қызметтік және қоғамдық функцияларын орындау жөнінде жеке үлгі көрсетуді біліп, пайдалану қажет.
Басшы әлеуметтік психологиялық әдістердің көмегімен еңбек ұжымдарына және жекелеген қызметкерлерге ықпал жасайды. Сондықтан ол әлеуметтік психологиялық факторлардың экономикалық қатнастарға тиімді ықпал жасауға міндетті. Басқарудың әлеуметтік психологиялық әдістері еңбек ұжымдарына алда тұрған міндеттерді мейлінше тиімді шешуге жәрдемдеседі. Яғни олар:
1. Моральдік жағынан ынталандыру әдістері;
2. Әлеуметтік жоспарлау әдістері (нормалау, ішкі тәртіп ережесі, іскерлік этикасы);
3. Тәрбиелік әдістер (насихат, үгіттеу, иландыру);
4. Әлеуметтік бастамалар мен жаңашылдықты жандандыру әдістері;
5. Қызметкерлер арасындағы ресми және бейресми қатнастар.
Өз қызметкерлерінің әлеуметік белсенділігін арттыру үшін басшы өндірісітік ұжымның әлеуметтік даму жоспарын жасауға міндетті. Ол кіріспе және 4 бөлімнен тұрады:
а) Кіріспе — әлеуметтік жоспар туралы:
1. Әлеуеметтік құрылымдағы өзгерістер, квалификация, қайта оқу.
2. Қызметкерлердің жұмыс орны, денсаулығн сақтау.
3. Жұмысшылардың тұрмысының жағдайы, жалақысы.
4. Жұмысшылырдың этикалық, эстетикалық мәселесі.
2.4 Мемлекеттік қызметтің құқықтық негіздері мен принциптері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заң 1999 жылы 23 шілдеде шықты. Ондағы негізгі ұғымдар келесідей:
Мемлекеттік әкімшілік қызметші - мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақгы кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші:
Мемлекеттік лауазым — мемлекеттік органның нормативтік құқылық актілерімен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен лаузымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі.
Мемлекеттік қызмет — мемлекеттік қызметшілердің мелекеттік органдардағы мелекеттік биліктін міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік қызметші — мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республоикалық және жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржысынан ақьі төленетін қызметті жүзеге асыратын және мемлекеттін міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатындағы лаузымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы:
Лауазымды адам — ұдайы, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша өкімет өкілінің міндеітерін жүзеге асыратын немесе мелекеттік органдарда үйымдастырушылық үкім берушілік немесе әкімшілік — шаруашылық қызметтерді орындайтын адам, лауазымдық өкілеттік - заңцарда белгіленген қүқықтары мен негізгі міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында түрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен көзделегн өкілеттік.
Мемлекеттік әкімшілік қызмет санаты — мемлекеттік әкімшілік қызметшілер атқаратын, лауазымдық өкілеттіктің көлемі мен сипатын көрсететін әкімшілік лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы.
Біліктілік талаптары — мемлекеттік әкімшілік қызметті атқаруға үміткер азаматтарға оның кәсіби даярлығының деңгейін, құзыреттілігін және нақты әкімшілік қызметке сәйкес келуін анықтау мақсатында қойылатын талаптар:
Мемлекеттік саяси қызметші — тағайындалуы /сайлануы/, босатылуы және қызметті саяси — айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.