Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 19:17, курсовая работа
Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.
Кіріспе
I.Сратегиялық жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1Стратегиялық жоспарлаудың мәні,маңыздылығы және принципі
1.2Мемлекеттің аймақтық стратегиялық жоспарын жасақтаудың әдіснамалық негізі.
II.Аймақтың стратегиялық жоспарын талдау
2.1Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
2.2Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлау және іске асырылу барысы.
III.Аймақтың стратегиялық жоспары және экономикалық өсу мүмкіндігі
3.1Маңғыстау облысының 2011-2015 стратегиялық жоспары.
3.2Аймақтың дамуының негізгі бағыттары.
Соңғы
жылдары қызметкерлердің
Сонымен қатар, азаматтарды кәсіптік даярлаудың құрылымы мен нысаны кәсіптік бөліністе жұмыс күшіне сұраныстағы өзгерістерге барабар емес. Кәсіби даярлық пен жоғары мектеп арасында теңсіздік бар.
Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы ЮНЕСКО-ның халықаралық білім беру стандартты жіктеуішіне сәйкес келеді. Мамандар даярлаудың үш деңгейлі: бакалавр- магистр – PhD докторы моделі енгізілді.
Бағдарламаның
бағыттары бойынша кадрлар
Жоғары
оқу орындары білім, ғылым және өндіріс
арасын байланыстырушы буын болып табылатын
білім берудің инновациялық инфрақұрылымын
дамыту, әр түрлі бейінді ғылыми-
-Техникалық, технологиялық мамандықтар бойынша және агроөнеркәсіп кешені мамандықтары бойынша білікті кадрлар даярлау 186 мамандық бойынша 543 техникалық және кәсіптік білім беру орындарында (бұдан әрі – ТКБ) жүзеге асырылуда, онда 260,9 мың адам білім алуда.
-Сонымен қатар, елдің индустриялық-инновациялық дамуы үшін кәсіби мамандар даярлау қажеттілігін қамтамасыз етуге кедергі келтіретін бірқатар проблемалар бар:
-1,25кадрларға ұзақ мерзім кезеңге арналған қажеттілікті болжамдау жүзеге асырылмайды;
-жұмыс берушілерді кадрлар даярлауға тарту жөніндегі заңнамалық база жеткілікті емес;
-ТКБ оқу орындарының материалдық-техникалық базасы ескірген;
-ТКБ оқу орындарында оқитындардың кәсіпорындардағы өндірістік практикасын және тағылымдамасын ұйымдастыру мәселесі шешілмеген;
-жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының мазмұны жұмыс берушілердің еңбек нарығындағы өзгерістерге байланысты талаптарына толықтай сай келмейді;
-әлеуметтік әріптестік жеткілікті дамымаған. Өндірістік практика базаларымен қамтамасыз ету, оқу бітіргендерді жұмысқа орналастыру, жұмыс берушілерді кәсіптік стандарттар жасауға тарту тетіктері жоқ.
Негізгі міндет:
Индустриялық-инновациялық даму шеңберінде экономиканың басым секторларының қажеттіліктерін білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету.
Нысаналы индикаторлар:
1. Қазіргі
заманғы жабдықтармен
2. Кәсіптік
даярлығының деңгейін
3. Мемлекеттік
тапсырыс бойынша техникалық
және кәсіптік білім беретін
оқу орындарының жұмысқа
4. Экономиканың басым секторларында 100 қазіргі заманғы кәсіптік стандарт әзірлеу.
5. Арнайы
пәндердің және өндірістік
6. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары үшін жоғары оқу орындарында кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен 5000 оқытушы мен өндірістік оқыту шеберін даярлауды қамтамасыз ету.
7. 35 кәсіпорынның
базасында өндірістік
8. 2014 жылға қарай шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы біліктілігі жоғары жұмыс күшінің үлес салмағы – 55 %.
Іс-қимылдар стратегиясы
Экономиканың қажеттіліктеріне және еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін техникалық және кәсіптік, инженер-техникалық және қосымша кәсіптік білім берудің өзара байланысты жүйесін қамтитын үзіліссіз моделді қалыптастыру, теңгерімді, серпінді еңбек нарығын дамыту, экономиканың басым секторларына мамандар тарту үшін мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы, сондай-ақ ішкі және сыртқы көші-қонды пайдалану жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады.
Орта буындағы білікті жұмысшылар мен мамандар тапшылығын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беруге (ТКБ) басым көңіл бөлінбек.
Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
1) ТКБ
оқу орындарының
-экономиканың басым секторларының қажеттіліктеріне бағдарланған жұмыс істеп тұрған оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңарту;
ТКБ жаңа
оқу орындарын салу. ТКБ-ның әкімдіктер
өтінім беретін оқу орындарын
салу жөніндегі жобаларды іріктеу
Индустрияландыру картасына енгізілген
жобалар бойынша жиынтық
-мұнай-газ саласы бойынша Атырау қаласында, отын-энергетика саласы бойынша Екібастұз қаласында, өңдеуші сала бойынша Шымкент қаласында және машина жасау саласы бойынша Өскемен қаласында өңіраралық кәсіптік орталықтар салу;
индустриялық-инновациялық даму жобалары бойынша қазіргі ТКБ ұйымдарының базасында базалық оқу орталықтарын құру;
2) еңбек нарығындағы сұранысқа және халықаралық стандарттарға сәйкес мыналарды:
-жұмыс берушілер бірлестіктерін және қызметкерлерін тарта отырып, ұлттық біліктілік жүйесін;
-кәсіптік стандарттарды;
-құзыретті мамандар даярлаудың интеграцияланған (модульдік) білім беру бағдарламаларын әзірлеу жолымен білім беру бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын жаңарту;
3) ТКБ құрылымы мен басқару жүйесін жетілдіру:
-ТКБ дамыту жөніндегі Ұлттық, өңірлік және салалық кеңестердің экономиканың басым секторларының Индустрияландыру картасының кадрларын мақсатты даярлау үшін республикалық және өңірлік деңгейлерде үйлестіру кеңестерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
-жұмыс берушілерді және салалық қауымдастықтарды тиісті келісімдер жасасу, ТКБ-ны, оқу орындарын және кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарын дамытуды қолдау жолымен әлеуметтік әріптестік шеңберінде кадрлар даярлауға тарту, өндірістік практика, тағылымдамалар үшін жұмыс орындарын, стипендиялар ұсыну;
4) индустрияландыру міндеттерін шешу үшін білікті кадрлар даярлау сапасын қамтамасыз ету:
-мамандар біліктіліктерін сертификаттаудың, оның ішінде халықаралық сертификаттаудың салалық жүйесін енгізу;
-біліктілікті арттыру жөніндегі өңіраралық орталықтар базасында ТКБ ұйымдарының кадрлық әлеуетін күшейту;
-жоғары оқу орындарында ТКБ оқу орындары үшін өндірістік оқыту оқытушылары мен шеберлерін даярлау.
Индустриялық-инновациялық дамуды қамтамасыз ету мақсатында жоғары білім беру жүйесін жетілдіру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
-жоғары оқу орындары, ҒЗИ және жүйе құраушы өнеркәсіп кәсіпорындары арасында өндірістік практикалар базасын қалыптастыруға келісімдер жасасу;
-ұлттық және трансұлттық компаниялардың қаражатын тарта отырып, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
-жоғары оқу орындарының отандық және шетелдік жетекші өнеркәсіп кәсіпорындарымен және жетекші ҒЗИ-мен профессор-оқытушылар құрамын жоғары технологиялық кәсіпорындарда, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында біліктілігін арттыру, қайта даярлау, тағылымдамадан өткізу мәселелері бойынша көп жақты кооперациясы.
-Кадрларға деген қажеттілік ұсынылған кезде салалық мемлекеттік органдар кәсіптер мен мамандықтар (соның ішінде жеке, эксклюзивті даярлау) жобаларын іске асыру үшін қажетті барлық мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыратын болады.
Кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру
Басқарушы кадрларды даярлау жекелеген кәсіпорындардың да, тұтастай ел экономикасының да жаһандық нарықта бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің шешуші факторы болып табылады.
Осы мақсатта экономика саласындағы басшы қызметкерлер мен менеджерлерді шет елге тағылымдамаға жібере отырып, олардың біліктілігін арттыру саласында жергілікті және шетелдік әріптестермен ынтымақтастық жүзеге асырылады.
Персоналды алдын ала оқытуды ұйымдастыру өмір бойы білім мен ілімді үнемі жаңарту үшін жағдай жасауға негізделген. Бұл үшін кадрларды даярлау және қайта даярладың үш деңгейлі жүйесі - жоғары, орта және бастапқы білім беру мекемелерінде; өндірісте (фирмаішілік даярлау), уәкілетті органдардың халықтың мақсатты топтарын жұмыспен қамту жөніндегі оқытуы және қайта оқытуы одан әрі дамытылып, пайдаланылатын болады.
Қызметкерлерді басым тәртіппен қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі қабылданып жатқан шаралар шеңберінде азаматтардың мынадай санаттары қамтылатын болады: толық емес жұмыс режимінде істейтін не қысқару қаупінде тұрған қызметкерлер және халықтың мақсатты топтарының өкілдері.
Осы мақсатта мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде қайта даярлаудан өткен тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылданады.
Мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы бойынша экономиканың басым секторларына мамандар тарту үшін мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
-ішінара ақы төленетін өндірістік практика тетігін дамыту;
-бос орындар жәрмеңкесін өткізу;
-әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын ұйымдастыру;
-«Түлек» дерекқорын қалыптастыру және үнемі жаңартып отыру;
Ішкі және сыртқы көші-қонды пайдалану
-Білікті кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету үшін білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін пайдаланумен қатар ішкі және сыртқы көші-қон тетіктері мынадай жолдармен кеңінен қолданылатын болады:
-өңірлік еңбек нарықтарында, оның ішінде жұмыссыздар арасынан қажетті кадрларды (қызметкерлерді) іздестіру;
-елдің еңбек ресурстары артық өңірлерінен жұмыстың вахталық әдісін қоса алғанда, еңбек ресурстарын тарту;
-нақты жобаларға сұранысқа сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны ұтымды бөлу жолымен шетелдік жұмыс күшін тарту.
Сыртқы еңбек көші-қонын реттеу біліктілігі жоғары жұмыс күшіне сұранысты қанағаттандыруға, ішкі еңбек нарығында ширығуды азайтуға, инвестициялар ағынын ынталандыруға бағытталатын болады.
Көшу ағынын тежеу мен «ақыл-ойдың сыртқа жылыстауы» процесін уақытша және/немесе тұрақты негізде жұмыс істеу, дәріс оқу, бизнес жүргізу үшін біліктілігі жоғары (оның ішінде, бұрынғы отандастар арасынан) мамандар шақыру нысанында «ақыл-ойды байыту» процесіне «түрлендіруге ерекше көңіл бөлінеді.
Теңгерімді, серпінді еңбек нарығын дамыту бойынша мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
-Индустрияландыру картасы базасында салу және пайдалану кезеңін қоса алғанда, алдағы кезеңге нақты мамандықтар бойынша кадрларға қажеттілік айқындалатын болады;
Информация о работе Стратегиялық жоспарлау.Аймақтың стратегиялық жоспары