Стратегиялық жоспарлау.Аймақтың стратегиялық жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 19:17, курсовая работа

Описание

Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің – «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз ұйымның міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабылдаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу, сыртқы ортаға бейімделу, ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжамдау.

Содержание

Кіріспе
I.Сратегиялық жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1Стратегиялық жоспарлаудың мәні,маңыздылығы және принципі
1.2Мемлекеттің аймақтық стратегиялық жоспарын жасақтаудың әдіснамалық негізі.
II.Аймақтың стратегиялық жоспарын талдау
2.1Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайы
2.2Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлау және іске асырылу барысы.
III.Аймақтың стратегиялық жоспары және экономикалық өсу мүмкіндігі
3.1Маңғыстау облысының 2011-2015 стратегиялық жоспары.
3.2Аймақтың дамуының негізгі бағыттары.

Работа состоит из  1 файл

Басқарудағы жоспарлау функциясы.doc

— 410.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстандық  Каспий тасымалдау жүйесі (ҚКТЖ)

Мұнайдың  Қашаған және Теңіз кен орындарынан  Каспий теңізі және Баку – Тбилиси – Джейхан жүйесі және/немесе басқа мұнай тасымалдау жүйелері арқылы халықаралық нарыққа экспортауға арналған ҚКТЖ мыналардан құралатын болады:

1. Ескене  – Құрық мұнай құбыры;

2. Транскаспий  жүйесі/жобасы (ТКЖ), оған кіретіндер: Каспий теңізінің қазақстандық жағалауындағы мұнай құю терминалы; мұнай тасымалдауға және көмекші операцияларға арналған танкерлер мен кемелер; Каспий теңізінің әзірбайжандық жағалауындағы мұнай ағызу терминалы; Баку – Тбилиси – Джейхан жүйесімен қосу құрылыстары.

Каспий  құбыр жолы консорциумы (КҚК)

Жалпы ұзындығы 1510 км болатын КҚК мұнай  құбыры «Теңіз» кен орны мен Қара теңіздің ресейлік жағалауындағы Новороссийск портына жақын мұнай терминалын біріктіреді.

Мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 67,0 млн. тонна мұнай айдауға дейін ұлғайту көзделіп отыр. 

Қазақстан – Қытай мұнай құбыры

Қазақстан – Қытай мұнай құбыры Атасу  – Алашанькоу және Кеңқияқ –  Құмкөл мұнай құбырының жобасын  іске асыруды қамтиды. Қазақстан  – Қытай мұнай құбырының қазіргі  қуатының өткізу қабілетін жылына 20 млн. тоннаға дейін кеңейту көзделіп отыр.

Атырау  – Самара

Атырау  – Самара мұнай құбыры мұнайды  Қара теңіз немесе Балтық теңізі бағытында  Ресей Федерациясының аумағы арқылы тасымалдаудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

«Бейнеу – Бозой – Ақбұлақ» газ құбыры

Елдің оңтүстік өңірлерінің газға деген  қажеттілігін қамтамасыз ету және газ  импортына тәуелділігін жою мақсатында «Бейнеу – Бозой – Ақбұлақ» газ құбырын іске қосу кешендері  бойынша пайдалануға беру көзделіп отыр:

1-кезектің 1-іске қосу кешені – 2011 жыл;

1-кезектің 2-іске қосу кешені – 2013 жыл;

2-кезек  – 2019 жыл.

Сервистік инфрақұрылымды қалыптастыру

Мұнай-газ  өнеркәсібінің біліктілігі жоғары кадрларға және ғылыми-зерттеу ресурстарына, сондай-ақ техникалық, басқарушылық және коммерциялық қызметтерге сұранысын қанағаттандыруға арналған озық технологиялардың (Каспий энергетикалық хабы) интеграцияланған көпфункционалды орталығын құру мәселесі пысықталатын болады.

Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету

Мұнай-газ  саласының 16 мамандық бойынша кадрларға мұқтаждығы Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беретін (бұдан әрі – ТжКБ) 18 оқу орнында даярлау шеңберінде өтелетін болады.

2011 жылы  мұнай-газ саласы үшін Атырау қаласында 700 оқушы орынға арналған Өңіраралық кадрлар даярлау және қайта даярлау орталығы пайдалануға беріледі.

 Мұнай-газ  саласындағы кәсіптік білім жүйесін  одан әрі табысты дамыту үшін  саладағы оқытудың әлемдік стандарттарына  көшу:

1) жастарға  кәсіптік білім беру және қазақстандық  кадрларды даярлауда компаниялардың  жауапкершілігін көздейтін нормативтік-құқықтық  базаны әзірлеу;

2) әлеуметтік  әріптестермен: оларды кадрлар  даярлауға тарту, қазақстандық  кадрларды оқыту процесінде мұнай компанияларының оқу орталықтарын бірлесіп пайдалануды қамтамасыз ету жолымен өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асырылатын болады.

Мұнай-газ  саласы үшін мамандар даярлау мемлекеттік  тапсырыс және шетелдік ірі мұнай  компанияларының мақсатты білім  беру гранттарының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Техникалық  регламенттерді енгізу

Мыналардың:

1) бензинге, дизель отыны мен мазутке;

2) бензинге  қоспаларға;

3) көлік  құралдарына арналған жағармайларға  және арнайы сұйықтықтарға;

4) мұнай-газ  кәсіпшілігі, бұрғылау, геологиялық-барлау және геофизикалық жабдықтарға;

5) магистральдық  мұнай құбырларына;

6) суасты  құбырлар мен кәбілдердің   қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды  белгілейтін техникалық регламенттер  қабылданатын болады.

Машина  жасау кешеніне 13 кіші сала кіреді: темір жол, мұнай-газ, кен-шахта және металлургия, автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы, электр жабдығы және т.б. Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі машина жасау кешені өнімінің үлесі 1990 жылы 15,9%-дан 2008 жылы 2,9%-ға төмендеді. 2008 жылы нарық сыйымдылығы 16 663 млн. долларды құрады, оның ішінде негізгі үлесті 15 475 млн. доллар импорт құрайды, бұл тауар импортының жалпы құрылымында 41%  құрайды.

Саланы  дамытудың негізгі проблемалары: кәсіпорындардың технологиялық  артта қалуы; өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі; әлемдік өндірушілермен байланыстың болмауы; конструкторлық құжаттамаға қолжетімділік; инвестиция көлемінің аз болуы; зауытаралық кооперацияның болмауы; жабдықтың тозу деңгейінің жоғары болуы (43-80 %); білікті кадрлардың тапшылығы; машина жасау өнімінің сатудан кейінгі сервисі деңгейінің төмен болуы.

Мұнай-газдағы, кен шахтасындағы және металлургия  машиналарын жасаудағы проблемалар: машина жасау кәсіпорындарының жер  қойнауын пайдаланушылардың сатып  алуының перспективалы жоспарлары, техникалық қайта жарақтану жоспарлары, кен орындары, өңірлер бөлінісінде мұнай-газ машиналарын жасау өнімдерінде қажеттілік, өнім импорты бойынша жоспарлар туралы хабардар болмауы болып табылады.

Ауыл  шаруашылығы машинасын жасаудағы  проблемалар: импортталатын құрамдас бөліктер мен материалдарды пайдалану; ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің төлем қабілеттілік сұранысының төмендігі; кредиттік ресурстарға қол жеткізудің қиындығы; отандық машина жасау өнімін өндіруді лизингтік компаниялардың қаржыландыру мүмкіндігінің заңнамалық шектелуі болып табылады.

Көлік  машинасын жасаудағы проблемалар: ірі габаритті құймалардың болмауы, импортталатын құрамдас бөліктер мен  материалдарды пайдалану болып  табылады.

Мыналар  қорғаныс өнеркәсібіндегі проблемалар болып табылады: ғылыми зерттеулердің мүлдем болмауы;  өндірістің толық циклінің жоқтығы (негізінен жинақтауыштары шығарылады); басты тұтынушылар – Қазақстанның Қарулы Күштерімен,  басқа да әскерлерімен және әскери құрылымдарымен тиімді өзара қарым-қатынастың жоқтығы; әлеуетті тұтынушылар (негізінен Қазақстанның әскери өнімдері ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерді ғана қызықтыра алады) санының шектеулі болуы; өндіріс рентабельдігінің төмендігі, мемлекеттің жеткіліксіз қаржыландыруы.

Негізгі міндет

Ішкі  нарықтың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру және қосылған құны жоғары түпкі өнім өндіруді ұлғайту есебінен экспортты кеңейту.

Нысаналы  индикаторлар

1. Жалпы  қосылған құнды 74%-ға өсіру;

2.  Саладағы  еңбек өнімділігін бір адамға  шаққанда жылына 52 мың долларға дейін ұлғайту.

Саланы  дамытудың негізгі бағыттары

Шығарылатын ассортиментті кеңейту жөніндегі  икемді өндірістер құру мақсатында жұмыс  істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және машина жасау өнімінің жаңа түрлерін игеру.

 Бөлшектер  мен құрамдас бөліктер өндірісін игеру арқылы жергіліктендіру деңгейін ұлғайта отырып, ірі құрастыру өндірістерін ұйымдастыру.

Қосылған  құны жоғары машина жасау өнімін өндіру бойынша қазіргі заманғы жаңа кәсіпорындар құру.

Көлік машинасын жасауда  2014 жылға қарай  жергіліктендіру деңгейін 30%-ға дейін жеткізе отырып, жеңіл автомобильдер мен құрамдас бөліктерді құрастырып өндіру ұйымдастырылады. Жылына 200 бірлік көлемінде жол-құрылыс техникасын өндіру жолға қойылады.  Темір жол машинасын жасауда локомотивтер, жүк вагондарын жасау ұлғаяды. Қуаты жылына 1200 бірлікке дейінгі мамандандырылған платформа, жылына 5000 бірлік темір жол арбасын, жылына 4000 бірлік хоппер-вагон өндіру игеріледі. Темір жол машинасын жасаудың мұқтажы үшін жылдық шығару көлемі 30 мың тонна болатын ірі габаритті құйма өндіру ұйымдастырылады.

Ауыл  шаруашылығы машиналарын жасауда 2014 жылға қарай өнім шығару 2 есеге, оның ішінде комбайн жасау жылына 800 бірлікке дейін ұлғаятын болады, жылына 1 мың бірлік көлемінде трактор  құрастырып шығару және аспалы жабдық жасау ұйымдастырылады. Елдің ірі облыстарында ауыл шаруашылығы техникасын сату және қызмет көрсету бойынша тоғыз сауда-сервистік орталықтан тұратын желі құрылады.

Мұнай-газ  машиналарын жасауда 2014 жылға қарай  отандық өнім үлесін 22%-ға арттырып өнім шығару 2,5 есеге артады. Құбыр арматурасы, сұйықтық сорғыштары мен ұтқыр бұрғылау қондырғылары өндірісі дамиды, жылына 8 бірлік газ айдайтын агрегат және жылына 6 бірлік газ-турбина электр станциясын өндіру игеріледі. Газ-құбыр қондырғылары мен жабдығын жөндеу мен сервистік қызмет көрсету жөніндегі зауыт іске қосылады.

Кен машиналарын  жасауда 2014 жылға қарай өнім шығару көлемі прокатты орнақ, рольганг, шахталық гидробағандар, гидрожылжытқыштар  өндірісін дамыта отырып, гидравликалық  және пневматикалық перфораторлар, өздігінен жүретін бұрғылау және тиеу-көлік жабдығын игере отырып, 2,7 есе артады.

Электр  техникалық машиналарын жасауда 2014 жылға қарай өнім шығару 1,7 есеге  артады. Аккумулятор, трансформатор  және оқшаулағышпен оралған сым  жасау артып, қуаты 220 вольт және одан да жоғары трансформаторлар шығару игеріледі.

Мынандай  инвестициялық жобаларды іске асыру  жоспарланып отыр:

Локомотив құрастыру зауыты, Астана қ. – жылына 100 локомотив және  Астана қаласының  АЭА аумағында бөлшектер мен  құрамдас бөліктер өндіру.

Автомобиль  құрастырып шығару, Шығыс Қазақстан  облысы – жылына 120 000 автомобиль және бөлшектер мен құрамдас бөліктер шығару жөніндегі технопарк.

Комбайн құрастырып шығару – жылына  800 бірлік, жол-құрылыс техникасы – жылына 200 бірлік және  автобус – жылына 300 бірлік, Қостанай облысында, бөлшектер мен құрамдас бөліктер шығару.

Магистральды  электровоздар құрастырып шығару, Ақмола облысы – жылына 50 электровоз және бөлшектер мен құрамдас бөліктер шығару жөніндегі шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дамыту.

Қорғаныс  өнеркәсібінде 2014 жылға қарай қазіргі  бар проблемаларды шешуге және республиканың  мемлекеттік қорғаныс тапсырысындағы  қазақстандық қамтудың үлесін барынша  ұлғайту үшін  нақты әлеует құруға бағытталған  бағдарламалық шаралар  іске асырылатын болады.  

Қазақстанның  қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарын дамытудың негізгі бағыттары  мемлекеттің Әскери ұйымының әскери мақсаттағы тауарларына деген барынша  перспективалы қажеттіліктермен айқындалатын болады.  

Мемлекеттік органдар мен қорғаныс кәсіпорындары қазақстандық әскери мақсаттағы өнімдердің экспортын ұлғайту жөнінде  тиімді, келісілген шаралар қабылдайтын болады.

Мемлекет  пен қорғаныс кешенінің қорғаныс өндірісі саласындағы  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының саны мен сапасын  ұлғайтуға  бағытталған  өзара іс-қимылы жанданатын болады.

Осы жағдайды көре отырып Маңғыстау облысында  машина жасау саласына өте қолайлы  жағдай жасауға болатыны байқалады.Осыған орай Маңғыстау облысының әкімияты қазіргі таңда Маңғыстау облысының  аумағында «Арнайы экономикалық аймақ» құруды жоспарлап отыр.

 Осының барлығын орындау үшін білікті кадрлар керек екені жасырын емес.

Орнықты экономикалық өсу және экономиканың онымен байланысты құрылымдық өзгерістері  ұлттық еңбек нарығының ауқымымен  және оның құрылымының өзгеруімен қатар жүрді. Еңбек ресурсына сұраныстың ұлғаюы белгілі бір деңгейде өндіріс көлемінің ұлғаюына ғана емес, салыстырмалы түрде еңбек өнімділігі өсуі қарқынының төмендеуіне және арзан еңбекті пайдалану мүмкіндіктеріне де байланысты болды.

Информация о работе Стратегиялық жоспарлау.Аймақтың стратегиялық жоспары