Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:20, дипломная работа
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында депозит нарығыныңқазіргі жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның меншікті капиталы мен қаржылық жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның депозит портфелі мен депозит операцияларына талдау жасалды.
Үшінші бөлімде коммерциялық банктерінің депозит тарту және депозиттік операцияларын дамыту жолдары қарастырылды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – тақырыпты ашу, яғни коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын талдау және оларды дамыту және жетілдіру бойынша тиімді ұсыныстар беру.
Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер айқындалды:
Дипломдық жұмыстыңзерттеу объектісі- «Цеснабанк» Акционерлік Қоғамы.
Зерттеу пәні коммерциялық банктердің депозиттік операциялары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері және зерттеу объектісі мен зерттеу пәні қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде депозиттік операциялардың теориялық негіздері қарастырылып, депозиттің коммерциялық банктің ресурстар базасын құрудағы рөлі және оның жіктелуі мен коммерциялық банктердің депозиттік саясаты, шетел тәжрибесіндегі коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының ерекшеліктері қарастырылды.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында депозит нарығыныңқазіргі жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның меншікті капиталы мен қаржылық жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның депозит портфелі мен депозит операцияларына талдау жасалды.
Үшінші бөлімде коммерциялық банктерінің депозит тарту және депозиттік операцияларын дамыту жолдары қарастырылды.
Қортындыда
жалпы жазылған жұмыс бойынша ой қортындыланып,
белгілі тұжырымдар жасалды жәнеанықталған
мәселелер бойынша бірқатар ұсыныстар
берілді.
1.
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының
теориялықнегіздері
1.1.
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының
мәні және жіктелуі
Депозиттік операцияларды қарастырудан бұрын, депозит ұғымына назар аударайық.
Депозит латын сөзінде depositum – банкке сақтауға берілген затты білдіреді. Бұл зат ретінде ақша, бағалы қағаз, алтын немесе өзге құндылықтар болуы мүмкін. Қазіргі банктік тәжірибеде депозит ретінде тек қана сақталған ақшалай қаражатты түсінеміз.
Кацеленбаум
З.С. банктік депозитті зерттей
келе оның артықшылығы – екі
Жоғарыда
айтылғаннан көріп
Депозит экономикалық категория ретінде жинақ ақшаның құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ, егер жинақ ақша табыстарды бөлу және қайта бөлумен тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды. Сонымен қатар, қазіргі нарықтық экономикалық қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып депозитке келесідей анықтама беруге болады.
Депозиттер деп – депозиттік операцияның субъектілері жеке және заңды тұлғалардың депозиттік шотқа белгілі бір мерзімге немесе талап еткенге дейін салған ақша қаражаттарының сомасын айтады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының даму ерекшелігін ескеретін болсақ, депозиттерге келесідей анықтама беруге болады.[9. 5б]
Депозит – дегеніміз коммерциялық банктерге белгілі бір мерзімге және мерзімсіз, қайтарылу шартымен пайыз төленуі тиіс, сақтандырыла отырып салынған халықтың және сақтандырусыз салынған халықтың бос ақшалай қаражаттары.
Депозиттер екі жолмен туындайды: банк жеке тұлғадан немесе фирмадан ақша қабылдап, оны депозиттік шотқа салады немесе клиентке несие беріп, депозит ашады да, осы депозиттер үшін чекпен есеп айырысуға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманғы банктер
Банктің «алтын ережесі» бойынша оның қаржылық талаптарының мөлшері мен мерзімі міндеттемелерінің мөлшері мен мерзіміне сәйкес келуі керек. Осы ережеге сәйкес банктер ағымдағы шоттардағы қаражатты несиелеу ресурсы ретінде қолдана алмас еді. Алайда, әдетте клиенттер бір мезгілде барлық қаражатты алмайтындықтан, банктің қолма-қол ақша резерві тым көп болмауына да болады. Сонымен қатар, көптеген банктік операциялар қолма – қолсыз түрде жүреді. Кассалық резерві ретінде қолданылмаған қолма – қол ақша қаражаттары банктің өтімділігін көбейтіп, несие беруге ресурс түрінде қолданылуы мүмкін.
Банк өз қызметін жүзеге асыру үшін белгілі бір ақша сомасымен және материалдық активтерді иеленуі тиіс, сол айтылған қаражаттар оның ресурстық құрамын толықтырады. Мұндай ресурстар банкпен жүргізілетін пассивтік операциялар көмегімен құрылады, яғни меншікті капиталды ұлғайту және шеттен қаражаттарды тарту операцияларын жатқызуға болады.[7. 7б]
Өмір
сүруге және жұмыс жасауға көмектесетін
банктің негізгі қаражаттарын тартылған
қаражаттар құрайды, соның ішінде клиенттерінен
(банкпен тұрақты қатынаста
Ал, әйгілі экономист К.Маркстің айтуы бойынша: “Банктер біреуге несие беріп қана қоятын ерекше ұйым емес, басқадай ақша қаражаттарын тартатын және солардың сақталуына жауап беретін ұйым”. Осы әйгілі экономистің сөздерінен депозиттің банктер үшін қаншалықты қажет екенін көруге болады. Банкпен тартылатын түрлі формадағы қаражаттар, өз кезегінде екі топқа топтастырылады: депозиттік (салымдық) және өзгелері (салымдық емес, депозиттік емес). Алдағы уақытта осы екі топтың алғашқы құрамын қарастырамыз. Келтірілген операцияларды қысқаша салымдық деп атауға болады, клиенттің көзқарасымен ол салым салу, ал банк тарапынан алатын болсақ салымды алу болып табылады.
Депозиттік операциялар – бұл клиенттердің (заңды және жеке тұлғалар, сонымен қатар өзге де ұйымдар) уақытша бос ақша қаражаттарын екі жақтың келісілген шарты бойынша ерікті түрде банктік салым (депозит) көмегімен құрылған тартылған қаражаттар бөлігінің (кем дегенде төмендеуге жол берілмейді) ұлғаю нәтижесі болып табылатын пассивті операцияларының бөлігі.[7. 7б]
Ал, тартылған қаражаттардың басқа бөлігі, яғни салымдық емес құрамы банктің несие түрінде, займдар және нарықта ұзақ мерзімді меншікті міндеттемелерін сатумен жүзеге асырылады. Нақты айтатын болсақ, төмендегідей операциялардан тұрады:
- банктік вексельдер;
- сертификаттар (жинақтық және депозиттік);
- банкік карта және өзге де қаржылық құралдар.
Депозит
банк клиентінің кез келген уақытта
талап етуін және банктік депозит
шартында көзделген мерзімнің аяқталуына
орай толығымен немесе бөліп-бөліп
пайыздық үстемесімен немесе үстемесіз
өзіне қайтару шарттылығымен
банкке сақтауға берілген ақша қаражаты
болып табылады. Банктер капиталының
90%-ға жуығын әдетте клиенттерден тартылған
ақша қаражаттары құрайды. Нарықтық
қатынастар аясындағы заңды немесе
жеке тұлғалардың уақытша бос
және өзге де қаражаттарын депозит (салымдар)
ретінде банкке тарту депозиттік
операциялар деп аталады. Банктер
үшін депозиттік операциялар олардың
пассивтік операцияларының
Банкке қолма-қол және қолма-қол емес нысанда ұлттық немесе шетелдік валютада белгілі бір мәнжайларды көздеп меншік иесі (клиент) берген депозиттер “банктегі ақшалар“ ретінде өзінің иесіне ақшасын қандай болмасын түрде жұмсауына әрі капитал ретінде проценттік табыс алуына мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, депозит – бұл белгілі бір уақыт өткен соң немесе алдын ала келісім бойынша депозитордың алғашқы талабымен қайтарылатын немесе алдын-ала келісім бойынша депозитордың алғашқы талабымен қайтарылатын немесе үшінші бір тұлғаға толық не жартылай берілетін, бір тұлғаның (депозитардың) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы делінген. [5. 119б]
Осы
анықтамаға сәйкес, банктік депозиттерді
пассивті және активті деп екі
топқа бөлуге болады (1-сурет).
Сурет
- 1 - Банктік депозиттердің түрлері
Мұндағы
активтік депозиттер – бұл банктің
басқа банктерде пайда табу және
өтімділігін қолдау мақсатында орналастырылған,
сондай – ақ корреспонденттік қатынас
негізінде жасалған келісім-шартқа
сай пайдалануға мүмкіндік
Отандық тәжірибеде активтік депозиттер Қазақстан Республикасының Ұлттық банктердің депозиттері мен өзге коммерциялық банктерде, соның ішінде шетелдік немесе отандық банктерде орналастырылған ұлттық және шетел валютасындағы шоттардағы қаражаттарын сипаттайды.
Банктік тәжірибеде активті депозиттерді банкаралық депозит деп те атайды. Банкаралық депозит негізінен банкаралық несиенің қалыптасуына себеп болады.
Пассивтік депозиттер – бұл банктің ресурсының негізінен құрайтын тартылған қаражат көзін білдіреді. Пассивтік депозиттер банктерге клиенттердің инициативасы бойынша жинақтайды. Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операцияларлдың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.