Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:20, дипломная работа

Описание

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында депозит нарығыныңқазіргі жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның меншікті капиталы мен қаржылық жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның депозит портфелі мен депозит операцияларына талдау жасалды.
Үшінші бөлімде коммерциялық банктерінің депозит тарту және депозиттік операцияларын дамыту жолдары қарастырылды.

Работа состоит из  1 файл

Кенжегуль Комм.банкт.депоз операц.docx

— 354.99 Кб (Скачать документ)

    Пассивтік операциялар – бұл нәтижесінде  пассивтік шоттағы немесе активті-пассивтік  шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипттайды.

    Бұл анықтамалар бірін бірі толықтырады  десе де болады, себебі біріншісі пассивтік  операцияның толық түсінігін  бере алмайды.

    Депозиттік операциялар коммерциялық банк  үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, кационерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік органдары, қаражжатарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар, өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар табыс әкеледі. [5. 120б]  

Банктерге орналастырылған уақытша бос  ақша қаражаттары салымшы үшін екі  рөл атқарады:

  • бір жағынан ақша ретінде;
  • екінші жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.

    Депозиттік  операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:

  • банктің пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
  • депозиттік операциялар әрекет етуі керек;
  • банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы тиіс, депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз етуі қажет;
  • депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.

    Банктермен  тартылатын депозиттердің көлемі негізінен негізгі факторға тәуелді балып келеді:

  • халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
  • олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;
  • салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;
  • елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы.

    Банктік депозит – салымшыны банкке алдын  ала келісілген сыйақы қосылып қайтарылуы шарты негізінде берілген ақша қаражаттары.

Ақша  қаражаттарын сақтандыру шоттарына  аудару ерікті сипатта жүзеге асады. Әрбір салымшы ақша қаражатын орналастыру кезінде көптеген шарттарды ескере отырып банкті өз қалауынша таңдайды. Банк менеджері депозит мерзіміне, мөлшеріне, оған есептелетін пайыз және тағы да басқа шарттармен салымшыларын таныстырып, толық және ақысыз кеңес беру.

    Шот ашу үшін салымшы банкпен банктік  салым туралы келісім шартқа отырады. Талап еткенге дейінгі және мерзімді жинақтаушы салымдар бойынша шот  ашу кезінде салымшыға депозиттік сертификат немесе жинақтау кітапшасын береді.   

    Депозит туралы түсініктің ҚР “Банк және банк қызметі туралы” заңындағы үлгісін  қарастаратын болсақ, ол мынадай мағынаны білдіреді: “Депозит – бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға - банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкіне және Ұлттық пошта  операторына олар номиналды түрде  қайтарылатын шартпен, алғашқы талап  етуі бойынша немесе қандай да бір  мерзімнен кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, депозиторға  тікелей не оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілетініне қарамастан, беретін  ақша”.[5. 121б]  

    Депозит деп әдетте клиенттердің банкке белгілі  – бір талаптарының бар екендігін  куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің банктегі келісімдер және шарттар бойынша  салымдар формасындағы ақшалай қаражаттары  түсіндіріледі. Депозиттік операциялар  негізінде банктердің несиелік ресурстарының  көп бөлігінен құралады. Банктік  депозиттер жүйесі ағымдық салымдарды (қажет уақытында талап ететін салымдар), заңды және жеке тұлғалардың  мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.

    Депозиттік  операциялар екі жақты келісілген болып саналады, өйткені салымшы  өз ақшаларын белгілі бір банкке сеніп тапсырады және белгілі  төлемге (пайыз) банктің өз атынан және өз мүдделеріне қатысты операцияларында  оларды қолдануына мүмкіндік береді; банк осы салымшымен іс жүргізуге  және сәйкесінше шот ашып ақшаларын  сақтауға, берілген шотты жүргізуге  рұқсат береді, сонымен қатар сол  салым бойынша келісілген мөлшерде пайыздарды есептеуге және оларды уақытылы төлеуге рұқсат етіледі.

    Жалпы алғанда, депозиттік операциялар активті  және пассивті болып бөлінеді. Активтік депозиттік операциялар – банктің  уақытша бос ақша қаражаттарын басқат корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруға байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлңгңн алады.

    Пассивті  депозиттік операциялар – клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі  уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартуға байланысты операциялар. Бұл  операциялар көмегімен тартылған  депозиттер пассив жағының көп бөлігін  алады және банктік ресурстар  қалыптастырудың негізгі көзі.

    Сонымен, салымдық операциялар банктің өмір сүруіндегі маңызды элемент болып  саналады және осы мағынада банктің  базалық операцияларының біріне жатқызылады. Ешбір банк, оның меншікті капиталы қанша үлкен болғанымен, тартылған қаражатсыз ол қалыпты  жұмыс жасай алмайды. Депозиттік операциялар банктің ресурстық  базасын ұлғайтады, ол өз кезегінде  банкке өз міндеттемелері бойынша уақытылы есептесуге мүмкіндік береді, активті  операцияларының масштабын өсіруге  және өзге жағымды жағдайларда көбірек  табыс табуына мүмкіндік туғызады. Бұл депозиттік операциялар түсінігі қағаз жүзінде де бекітіледі: банктің  жарғысы мен лицензиясында қарастырылатын операциялар тобының жүргізілуі туралы жазылады. [9. 19б]  

    Соған байланысты, банк  клиенттерден депозиттер және салымдар түрінде ақша қаражаттарын тартуда қызығушылыққа ие екенін айтуға болады. Ал екінші жақтың, яғни салымшының қызығушылығы неден байқалады?

    Клиенттің басты қызығушылығы негізінен біреу  ғана – ешқандай қозғалыссыз жататын  және  табыс түсірмеуі мүмкін деп саналатын ақшаларын сеніп  тапсырған банкінен пайыз алу  мүмкіндігі.

    Жоғарыда  айтылғандар жеке тұлғаларға қатысты  болатын. Ал заңды тұлғаларға келетін болсақ, онда тек табыс табу жағы ғана көзделмейді. Мұнда тағы бірнеше маңызды шараларды ескеру қажеттігі туады.

    Өзіне бекітілген шектен асқан уақытша  бос ақша қаражаты бар заңды тұлға, ол қаражаттарды өз кассасында ұстауына құқығы жоқ. Мұндай жағдайда не істеу  керек? Негізінен, заңнамада мұндай “артық” ақшаларды банкте (банктік  сейфте) сақтауға қарсылық көрсетпейді. Онда ол ақшалар иесіне ешқандай табыс  түсірмей жай жататын болады. Сонымен  қоса, сейфте сақтағаны үшін банкке жал ақысын төлеуге тура келеді. Осыған байланысты, мұнда қарастырылатын алғашқы қосымша жағдай болып  кассалық тәртіпті бұзу айыбынан жалтару  табылады.

    Екінші  жағдай келесіммен байланысты. Барлық заңды тұлғалар және заңды тұлғалық білімі жоқ кәсіпкерлер өз төлемдерін контрагенттердің мүддесіне жасауы міндетті, сонымен қатар міндетті (салықтық және басқа) төлемдер олардың  банкте ашқан ағымдық немесе есептік  шоты арқылы жүзеге асырылыу тиіс. Әрбір  жаңа  қажетті төлемді жасау  үшін жаңа банктік шот ашу қажетсіз іс болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда тиімдірек болып банкте тұрақты істеп тұратын ағымдық  немесе есептік шоттың болуы табылады. Берілген заңды тұлғаның адресіне жасалған түсімдер де оның банктік шотында  есепетелуі тиіс. Соған байланысты, банктік шот алдын ала ашылуы тиіс. Ал, банк бос шотты (белгілі  ақша сомасы түспеген) ашпайды.

    Үшінші  жағдай кез-келген заңды тұлға немесе білімі жоқ кәсіпкерге әр кезде тек  банктен алуға болатын қолма-қол  ақша қаражаты қажет. Бірақ, ол үшін сәйкес тұлғада тағы да қолма-қолсыз ақша қаражаты бар банктік шоттың болуы тиіс. Сондықтан, заңды тұлғаға мүдделі және өз қаражаттарының көп бөлігін ұстауға қажет банктік шотсыз іс жүрізу мүлдем мүмкін емес жағдай.

    Заңды немесе жеке тұлға өз банктік шотын  бір немесе бірнеше банкте ашуына мүмкіндігі бар, ол шоттар теңгеде және өзге де валютада жүргізілуі мүмкін.Ал, коммерциялық банкте өздерінің корреспонденттік қарым-қатынастар шегінде ҚР Ұлттық банкінде және бір-бірлерінде ашуларына болады, ол шоттарда келесі ақшалар сақталады:

  • тұрақты - меншікті операциялары бойынша және клиенттерінің тапсырысы бойынша уақытылы есепті жүзеге асыру үшін қолданатын белгілі ақша ресурстары;
  • қажеттілігі бойынша - Қазақстан банктерінде немесе өзге банктерде пайыз бойынша депозиттерді орналастыру (банктердің өз өтімділіктерін реттеу құралы).

    Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер  бойынша жіктеледі:

    - алыну формалары; 

    - салымшылардың категориялары;

    - мақсатты бағыты және табыстылық  дәрежесі бойынша. 

    Депозиттерді  және депозиттік операцияларды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде  шетелдік коммерциялық банктердің тәжірибесі пайдалануы мүмкін.

    Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың  және депозит шоттарының әр түрі кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген  клиенттер топтарының сұранысын  қанағаттандыруға және олардың қаражаттары  мен уқытша бос қаражаттарын банктік  шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

    Экономикалық  мазмұнына қарай депозиттерді мынадай  топтарға бөледі:

    - талап еткенге дейінгі депозиттер;

    - мерзімді депозиттер;

    - жинақ салымдары.

    Сондай-ақ, олардың төмендегідей белгілеріне  байланысты жіктеуге болады:

  • мерзімдеріне қарай;
  • салым иелерінің категориясына қарай;
  • қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
  • пайыз төлеу тәсіліне қарай;
  • банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
  • басқа.

    Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай түрлерге бөлінеді:

  • жеке тұлғалардың шоттары;
  • кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттары;
  • жергілікті билік ұйымдарының шоттары;
  • қаржылық мекемелердің шоттары;
  • шетелдік азаматтардың шоттары

    Талап еткенге дейінгі депозиттер –  бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі  төлем құжаттар арқылы қолма-қол  ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар. Талап еткенге дейінгі  депозиттер ағымдық есептеулерге негізделген. Мұндай шоттарды ашу ынтасы банктер  арасындағы келісімдер негізінде есеп айырысу операцияларын жүргізуге  деген қажеттілік, төлемдер жасау  және ақша қаражаттарын өз иелігіне алу  мүмкіндігіне байланысты клиенттер  жағынан туындайды. Бұл шоттар бойынша  қаражаттар қозғалысы (түсімдер және сызып  тастау) қолма – қол ақшалар, чектер, аударымдар және басқа да есеп айырысу  құжаттарымен жүзеге асырылады.

    Талап еткенге дейінгі депозиттеріне  сонымен қатар корреспонденттік шоттар жатады. Олар біржақты тәртіп бойынша  есептеу және төлем жүргізу немесе екі жақты келісім мақсатында корреспонденттік банктерде ашылады. Көрсетілген банктің басқа банктегі корреспонденттік шоты «ностро», ал берілген банктің басқа банк үшін ашқан  корреспонденттік шоты «лоро» деп аталады. «Лоро» және «ностро» шоттарын банктер  арасындағы жасалған келісім-шарт негізінде  ашады.

    Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

  • мемлекеттік акционерлік кәсіпорындардың, сондай – ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарында сақталатын қаражаттары;
  • әр түрлі мақсаттарға тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражат қалдықтары.

Информация о работе Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары