Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:20, дипломная работа
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында депозит нарығыныңқазіргі жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның меншікті капиталы мен қаржылық жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның депозит портфелі мен депозит операцияларына талдау жасалды.
Үшінші бөлімде коммерциялық банктерінің депозит тарту және депозиттік операцияларын дамыту жолдары қарастырылды.
Францияда жинақтарды тарту саясаты мемлекеттің пайыз ставкасының жоғарғы шектерін анықтауына және регламентациялануына негізделеді. Мемлекеттік реттеу салымдар мен боналар бойынша шекті пайыз көлемін бекіту арқылы көрінеді. Бірақ, шектеулерге қарамастан француздардың 50%-ы Француз жинақ банкісінің салымшылары болып табылады, сонымен қатар 28%-ның жанұялық салымдары бар. Негізгі ұйымдастырушылық депозиттік формалары: есеп айырысу кітапшалары «А» типті; мерзімді депозиттік шоттар; жинақ сертификаттары; чектік шоттар; тұрғын үйге алған ссудаларды өтеу ұшін жинақ шоттары; бағалы қағаздарды инвестицияланатын жинақтар және т.б. болып табылады. Бүкіл Еуропа мемлекеттері арасында француз банктері банктік технологияны, оның ішінде несиелік (төлем) карточкаларын таратуда, қолдануда және қаржыландыруда алда келе жатыр. Италияда 1991 жылы 83 жинақ кассасы суперхолдингтік компанияға бірікті. Мұндай жинақ кассалар стратегиясының қажеттілігі Италия ссудалық капиталының нарығындағы жоғарғы бәсекелестігінен туындады. Иатлия банктерінің тәжрибесіндегі жинақ шоттары, негізінен банктік құжаттарының формаларына байланысты бөлінеді, олардың түрлері: қарапайым жинақ кітпашасы (ағымдағы шотқа ұқсас) оның пайыздық ставкасы 5%-ға дейін; мерзімді жинақ кітапшасы; мәлімдеушіге жинақ кітапшасы және т.б. [16. 62б]
Халықтың жинақтарын салымдарға тарту Германияның барлық несиелік мекемелері айналысады (жинақ, коммуналдық және жер банкілері, несиелік қоғамдар және т.б.). Ең көп таралған салымдар: мерзімді салымдар (екі түрлі); жинақ келісімді (екі түрлі салымдар); ағымдағы шоттары болып табылады. Талап етуге дейінгі салымдар – бұл классикалық пайызсыз депозиттер. Мерзімді салымдар бекітілген мерзімді салымдарға және алудың икемді режимі бар салымдарға (30-80 күн; 90-179 күн; 180-359 күн; 360 күн және жоғары) бөлінеді. Мерзімді салымдар бойынша пайыздар салымның сомасына және мерзіміне байланысты бекітіледі. Еуропаның басқа да жинақ және әмбебап коммерциялық банктері сияқты Германия банктері де халықтың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларына да бағытталады. Осыған байланысты клиенттерге қаржылық қызметінің кең ассортименті ұсынылады.
Еуропаның дамыған мемлекеттеріне қарағанда АҚШ-та халықтың жинақтарын тартумен, негізінен жинақ институттары айналысады, олар жинақ банктерінен; ссуда-жинақ инвестициондық коммерциялық банктерге, брокерлік үйлерге, сақтандыру, зейнетақы және басқа да қаржылық компанияларға да тән. Негізгі депозиттер талап етуге дейінгі салымдарға, жинақ және мерзімді салымдарға бөлінеді. Талап етуге дейінгі салымдары мен NOW шоттарын, жоғарыда аталып өткендегідей, чектік салымдар деп атайды. АҚШ-та талап етуге дейінгі депозиттерді салымшының өзі шоттан алуы мүмкін немесе банкті алдын ала хабарлауынсыз кез келген уақытта басқа тұлғаға аударылуы мүмкін. Банктік депозиттердің бұл категориясы ең өтімді болып табылады, өйткені олар есеп айырысу төлем операцияларына тікелей қатысады. Сөйтіп, АҚШ-та чектер көмегімен алынатын талап етуге салымдар бүкіл ақша массасының 70%-ын құрайды. Бәрімізге белгілі, АҚШ-тағы төлем айналымының 90%-ы чектер арқылы жүреді. АҚШ-та NOW шоттарын ашудағы салымшылардың кейбір категориялары үшін шектеулер сақталған. Мәселен, жеке тұлғалар өздерінің ақша қаражаттарын қарапайым пайызсыз шоттарда (талап етуге дейінгі салымдарда), банктердің барлық категорияларында NOW шоттарында да сақтауы мүмкін. Ал заңды тұлғаларда тек пайызсыз чектік шоттар ғана болуы керек, өйткені банк заңдылығы бойынша оларға өздерінің ақша қаражаттарын NOW шоттарында сақтауға тыйым салынған. АҚШ-тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік шоттармен қатар сондай түріндегі нау-шотты және куәландырылған чектер сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады. Нау-шоттың мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады:
Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының депозиттік шоты жатады. [16. 63б]
Оның мынадай ерекшеліктері бар:
Коммерциялық
банктердегі депозиттердің сыныптамасын
жүргізуде мына тұжырымға сүйенеміз: қазіргі
банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің
және депозиттік емес ресурстардың шоттарының
әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің
жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне
деген клиенттер топтарының сұранысына
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары
мен уақытша бос қаражаттарын банктік
шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
2.
«Цеснабанк» АҚ-ның қаржылық
2.1.
Қазақстан Республикасының
Қазақстандық депозиттік нарық – нарықтық экономиканың өте маңызды және ажырамас бір бөлігі. Депозиттік мекемелер, капиталдарды қайта бөлуде делдал бола отырып, өндірістік жалпы тиімділігін көтереді, қоғамдық еңбек өнімділігінің артуына көмектеседі.
Қазақстандағы қазіргі кездегі депозиттік мекемелер – бұл клиенттеріне банк ісінің негізін қалаушы: дәстүрлі депозиттік-ссудалық және есептесу-кассалық операциялардан бастап, депозиттік мекемелер қолданатын ең жаңа акция-кредиттік және қаржылық құралдарға дейін сан алуан қызмет көрсететін мекемелер. Депозиттік нарық құралдарының дамуы, депозиттік мекемелердің дамуы жағдайында, халықтың экономикалық біліміділігінің өсуі мен жоғары сапалы әрі сенімді депозиттік өнімдер мен қызметтерге сұраныстың өсуі жағдайында іске асады.
Депозит нарығы туралы тек 1994 жылдың ортасынан бастап айтуға болады, себебі сол кезеңде ғана қаражат жинақтауға нақты шарттар қалыптасқан. Осы уақытта теңге бағамы салыстырмалы түрде тұрақтанып, айлық инфляция деңгейі түсіп, бюджеттен жалақы алатын адамдарға бірнеше айдың төленбеген жалақысын бере бастады. Осы кезде адамдар қаражатты жинақтау үшін салым түрін талдау жасады.Осы кезде банктерді ресурстар тартуға итермелеген себептерді конъюктуралық деуге болады. Өйткені, олар қысқа мерзімге маңызды болып табылады, ал жағдай өзгерсе болды, өзекті болмай қалады.
Халықтың бұл кезде бірқатар жинағы болды. Ресми мәліметтер бойынша 1994 жылдың соңында қолдағы қолма-қол ақша мен жинақтар 5092,2 млн. теңгені құрады. Нақтырақ айтсақ, азаматтардың жинақтары бұл шамадан көп болды, өйткені халық өз жинағын тез арада кайта капитализациялап алды. Осыншама қаражаттың болуы банктердің көңілін аулады, яғни депозиттерді тартуда бұл бірінші себеп болды.
Халық
осы кезде өз қаражатына ең тиімді
әрі сенімді салым түрін
Сонымен қатар, бірқатар банктер потенциалды салымшыларды тартатын әр түрлі бағдарламалар жасай бастағанын атап өткен жөн. Яғни, қаржы нарығында банктер арасында салымшылар үшін бәсекелестік туындады. Бұл бәсекелестік әлі күнге дейін күшеюде. Бұл белсенді депозит саясатын жүргізудегі үшінші себеп болды.
1994
жылдың соңына қарай банктер
депозит түрлерін
1994 жылдың аяғында инфляцияның түсуі банктің салымдар бойынша пайыздық мөлшерлемесіне оң әсер етті. Қазіргі кезде ьбанктер арасында потенциалды клиенттерге пайыздық күрес жүруде. Алайда, олар депозиттерді сақтандыру қоры белгілеген пайыздық мөлшерлемеден асып кете алмайды.
1995 жылы банктік жүйедегі депозиттік пайыздық мөлшерлемелер позитивтік пайыздық мөлшерлемелер позитивті болды және салымшылар үшін тартымды көрінді. Оны депозиттердің 1995 жылдың басына 7,7 млрд.теңгені құрып, 1995 жылдың соңында 18,15 млрд. теңгені құрағаны дәлелдейді. Осы кезеңде көптеген банктер депозиттерді неғұрлым ұзақ мерзімге тартуға тырысты, алайда, банктердегі депозиттік портфельдерде талап етуіне дейінгі депозиттер мен қысқа мерзімді депозиттер көп үлес алады. Сөйтіп, сол кездегі инфляцияның неғұрлым қалыпты жағдайында пассивтер мен активтердің құрылымын сәйкестендіру қажеттігі банктерді депозиттік нарықта неғұрлым белсенді орын алуға мәжбүр етті.
1995-жыл
депозит нарығының әрі қарайғы
қалыптасуы мен кеңеюінің жылы
болды. Осы жылы банктер
Қазіргі
кезде банктер талап етуіне дейінгі
депозиттерді тек жеке тұлғалардан
қабылдайды. Ол бойынша пайыздық мөлшерлеме
дамыған банктік жүйелеріндегі
пайыз есептеу жүйесімен сәйкес
келеді. 1995-1996 жылдары талап етуіне
дейінгі депозиттер көп қызмет атқармады.
Мысалы, ол бойынша электрондық
Кез келген мемлекеттің нарығына өзіндік ерекшеліктер тән. Қазақстандағы депозит нарығының құрылымына институттар мен нарықтың қаржылық құралдары тұрғысынан қарауға болады. Институтциональды құрылым қадағалау органдары мен тікелей қатысушылар – шаруашылық субъектілердің жүйесінен тұрады. Депозиттік нарықтағы қаржылық институттар өз қызметін жүргізу мақсатында салымдар тартатын ұйымдар болып табылады.
Жалпы
институттарға байланысты депозит
нарығының құрылымын келесідей көрсетуге
болады. (сурет-6)
Сурет
- 2-Қазақстан Республикасы депозит нарығының
институтциональды құрылымы
2010 жылдың 1 қаңтарына (2009 жылдың соңына) Қазақстанда екінші деңгейлі 39 банк жұмыс істеді, олардың барлығы бүгінде Депозиттік кепілдендіру қорының мүшелері.[35]
Енді
Қазақстан Республикасының аймақтары
бойынша салымдарының көлеміне тоқталып
өтейік(кесте-1)
Кесте
– 1 - Қазақстан Республикасы аймақтары
бойынша депозит тарту қарқыны