Коммерциялық
банктің депозиттік саясат құрамына банк
клиенттері (жеке және заңды тұлғалар),
коммерциялық банк және мемлекетттік
ұйымдар (ҚР Ұлттық Банкі, салық және жинақ
бойынша министрлік) жатады. Ал депозиттік
саясат объектілеріне банктің тартылған
қаражаттары (депозиты, вексельдер
және сертификаттар мен басқа да тартылатын
қаражаттар) және банктің қосымша қызметтері
(комплексті қызмет көрсету) кіреді.
Депозиттік
саясат банктің стратегиясына сәйкес
жасалуы тиіс. Сондықтан банк өзінің
депозиттік саясатын жасау барысында
өзінің әлеуетті клиенттерін, яғни жеке
салымшыларды немесе салымшылар ретінде
заңды тұлғаларды дұрыс таңдай білуі
қажет.
Сонымен
қатар, клиенттерді тартуда банктердің
тиімді саясатын қолданғаны дұрыс. Ол
үшін банк депозиттік саясат шегінде
өзінің тактикасын жасауы қажет.
Депозиттік
саясаттың негізгі мақсаттарының
бірі - өте икемді және тиімді банктің
өтімділігіне тікелей ықпал ететін,
табыс көзін молайта түсуді қамтамасыз
ететін депозиттік портфельді қалыптастыру.Егер
сапасы жоғары депозиттік саясат өте
тиімді депозиттік портфельдіқалыптастыратын
болса, ал өте тиімді депозиттік портфель
депозиттіксаясаттың табысты және
ойдағыдай жүзеге асыруының нәтижесі
болыптабылады.[15. 144б]
Жалпы
банктердегі депозиттік саясатты жүзеге
асыру мынадай принциптерге негізделеді:
- салымдарды
кепілдендіру – Қазақстандық жеке тұлғалардың
салымдарды сақтандыру қорына мүше болу
арқылы банктер салымдардың сақталуы
мен қайтарылуына кепіл беруге тиіс.
- міндеттемені
орындау – банктік салым туралы келісімшартқа
сай және клиенттердің алғашқы талабы
бойынша клиенттер алдындағы міндеттемелерді
толық және уақтылы орындау.
- ашықтылық
– банктің қаржылық жағдайы туралы клиенттердің
барлығына ақпараттың ашық немесе қол
жетімді болуы (заңмен тыйым салынбағаннан
басқалары).
- бәсекелестік
– банк өзінің депозиттік өнімдерінің
депозиттік нарықтағы бәсекелестік қабілетін
арттыру үшін мынадай шешімдер қабылдауы
қажет:
- құпиялық
– клиенттермен қарым – қатынас орнату
барысында алынған кез келген ақпаратты,
соның ішінде: клиенттердің мәліметтері,
олардың қызметі, қаржылық мүдделері қатаң
құпия болуға тиіс.
Қағидалар
әр банкке дербес қалыптастырылады, ғылыми
негізделуі тиіс, сонымен қатар жеделдігі,
икемділігі және тиімді болуы негізіндет
құралады. Депозиттік саясаттың мазмұны
коммерциялық банктердің депозиттік нарықтағы
іс-әрекет қимылдарын түгел қамтуы
керек. Осының ең үлкен бөлігі - банк қызметтеріне
деген тарифты немесе бағаны белгілеу
саясаты немесе депозиттің қызметтің
бағасы. Депозиттік қызметтің бағасы ақы
көрсеткіштерінде өз көрінісін табады.
Депозиттік
саясаттың жалпы қағидалары ретінде макроэкономикалық
деңгейде өтетін орталық банктің мемлекеттік
ақша-несие саясаты үшін және әрбір нақты
коммерциялық банк деңгейінде өтетін
саясат үшін де бірегей болып отыр. Оған
комплексті қызмет көрсету, ғылыми негізділік,
тиімділік пен оңтайлылық, сонымен қатар
банктің депозиттік саясатының элементтерінің
біртұтастығы жатады.
Ал,
бұл банктің өзіндік қағидаларына
банктің оңтайлы шығындар деңгейін
ұстау, депозиттік операцияларды жүргізу
қауіпсіздігі, сенімділігі, өйткені
банк уақытша бос ақша қаражаттарын
оларды болашақ орналастыру мақсатымен
шоғырландыра отырып табысты кез-келген
бағамен емес, өз қызметін жүргізетін
нақты нарық бағасымен алуға
ұмтылады. Келтірілген қағидаларды
ұстану осы банкке депозиттік саясатты
оңтайландыру мен тиімділігін қамтамасыз
ете отырып, депозиттік процесті ұйымдастырудың
тактикалық және стратегиялық бағытын
құруға көмектеседі.
Қарастырылған
жағдайларды негізге ала отырып,
депозиттік саясаттың негізгі мақсаты
ақша қаражаттарын ең төменгі бағамен
неғұрлым көбірек тарту деп санауға
болады. [15. 146б]
Депозиттік
саясаттың міндеті:
- депозиттік
базаны қалыптастыруы барысында заңдық
және нормативтік талаптардың орындалуын
сақтау;
- депозиттік
операциялар банктің пайда табуына ықпал
етуге тиіс;
- тартылған
депозиттік ресурстар банктің өтімділігін
қамтамасыз етуге тиіс;
- депозиттік
ресурстардың субъектілері, түрлері және
мерзімдері бойынша дифференциалдануын
қадағалауы тиіс.
- банк
балансының өтімділігін сақтау,
- ең
төменгі шығынды ресурстар тарту;
- барынша
ұзақ мерзімге қажетті мөлшерде депозит
тартуды қамтамасыз ету;
- алдағы
уақыттарда банкте тұрақты ресурстардың
шоғырлануын қамтамасыз ету.
Депозиттік
саясат макро деңгейде және микро
деңгейде анықталынады.
Макроэкономикалық
факторларға:
- Ұлттық
банктің ақша несие саясаты;
- Мемлекеттің
фискалды саясаты;
- Нақты
сектордың жағдайы;
- Ұлттық
экономиканың дүние жүзілік экономикамен
байланысы;
- Бағалы
қағаздар нарығының даму қарқыны.
Банктердің
депозиттік саясатын қалыптастыруға
әсерін тигізетін микроэкономикалық
факторларға мыналар жатады:
- коммерциялық
банктердің нарықты ортадағы репутациясы;
- коммерциялық
банктердің клиентуралық нарықтағы экспансиондық
іс-қимыл әрекері;
- коммерциялық
банктердің маркетингтік қызметтерінің
тиімділігі, яғни клиентуралық нарықта
өз қызметтерін жария ете білу, бұқаралық
ақпарат құралдарының барлық түрін пайдалану;
- сырттан
тартылған қаражаттарға, әсіресе депозиттерге
дұрыс баға белгілеу, яғни депозиттерді
тартумен байланысты шығындарды мейлінше
азайту жолдарын қарастыру, себебі бұл
шығындар банктің қаржылық жағдайына
тікелей ықпал етеді;
- коммерциялық
банктердің менеджментінің сапасы, яғни
банк қызметкерлерінің кәсіби деңгейі
мен мәдинетінің жоғары болуы;
- коммерциялық
банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігі.
Банк
тепе-теңдігін, банктер тәуекелділіктерінің
кемуін және салым иелері мен банк
клиенттерінің мүдделерін қорғауды
қамтамасыз етуші ең бір маңызды
құрал міндетті резервтер болып
табылады. Бұл механизмнің ықпалы
Ұлттық банк белгілейтін міндетті резервтер
нормасымен реттелініп отырады. Ол өз
кезегінде, яғни міндеттік резервтер
қаржылық рыноктарда операциялар жүргізу
үшін база, негіз жасайды.
Депозиттік
саясаттың мазмұны коммерциялық
банктердің депозиттік нарықтағы іс
- әрекет қимылдарын түгел қамтуы керек.
Осының ең үлкен бөлігі - банк қызметкерлеріне
деген тарифты немесе бағаны белгілеу
саясаты немесе депозиттік қызметтің
бағасы. Депозиттік қызметтің бағасы сыйақы
көрсеткіштерінде өз көрінісін табады.[3.
232 б]
Депозиттік
саясаттың үлкен мазмұны – коммерциялық
банктердің депозиттік базасын орнықты
ету. Әрине коммерциялық банктердің балансындағы
депозиттердің барлық түрі де олардың
депозиттік базасына жатпайды. Депозиттік
база банктердің депозиттерінің белгілі
бір тұрақты бөлігі. Сонымен коммерциялық
банктердің депозиттік базасы дегеніміз
– оның жалпы депозиттерінің белгілі
бір тұрақты бөлігі болып келетін және
нарықтық ортаның конъюктуралық өзгерістерінің
ықпалы нәтижесінде өзгерістерге ұшырамайтын
және сыйақы мөлшері басқа депозит түрлерімен
салыстырғанда төмен болып келетін немесе
банк үшін тарту шығындары төмен болып
келетін депозиттердің бөлігі.
Депозиттік
портфель - коммерциялық банктердің депозиттік
саясаты нәтижесінде қалыптасқан
және банктердің балансының пассивінде
көрсетілетін сырттан тартылған
қаражаттардың немесе банктің міндеттемелерінің
жалпы жиынтығы. Депозиттік портфельде
тартылатын қаражаттардың барлығы
сыйақы негізінде қалыптасады. Депозиттік
портфель коммерциялық банктердің міндеттемелер
портфелінің бір бөлігі бола тұра
депозиттік саясаттың бірден бір
нәтижесі.[10. 534б]
Депозиттік
портфельді қалыптастырумен байланысты
банктер тарапынан белгілі бір
шығындарды жұмсауды қажет етеді. Олар
депозитті портфельді басқарумен байланысты
шығындар деп атайды. Мұндай шығындардың
ең негізгісі сыйақымен байланысты
шағындар құрайды. Егер коммерциялық банктердің
депозиттік саясаты неғұрлым тиімді болса,
депозиттік портфельді басқарумен байланысты
шығындар соғұрлым төмен болуы мүмкін.
Депозиттік
портфельдің мазмұнын оның құрамы мен
құрылымы аша түседі.
Олар
өз алдына мынадай факторлармен байланысты:
- коммерциялық
банктердің банк қызметтерінің көтерме
сауда нарығындағы репутациясы;
- коммерциялық
банктердің банк қызметтерінің көтерме
сауда нарығындағы репутациясымен;
- коммерциялық
банктердің басқа банктермен корреспондеттік
қатынастарының дамуы және олардың ауқымы;
- коммерциялық
банктердің өзінің клиентуралық нарығындағы
стратегиясы мен тактикасы;
- коммерциялық
банктердің географиялық немесе региональдық
орналасу мекен-жайы;
- егер
коммерциялық банктер өндіріс ошақтары
шоғырланған аймақта бөлек қызмет етсе
оның депозиттік портфелінің құрамы және
оның құрылымы соғұрлым күрделі болып
кетеді;
- жұмыспен
қамтамасыз ету деңгейі және жеке азаматтардың
номинальдық табысының мөлшері. Егер банк
қызмет көрсететін ортада халықты жұмыспен
қамтамасыз ету деңгейі жоғары болса,
онда банктің депозиттік портфелінде
жеке азаматтардың салымдары жоғары болады;
- коммерциялық
банктердің өздерінің депозиттік портфелін
басқару барысындағы диверсификациялау
саясаты.
Депозиттік
саясатты жүзеге асыру кезінде оның
қалай құрылғандығына аса мән
беріледі, өйткені оның жүзеге асырылуының
тиімділігі депозиттік саясатты құру
және жүргізу кезінде қойылған мақсаттар
мен міндеттердің табысты аяқталуымен
байланысты.
Депозиттік
саясатты құру кезеңі банктің пайыздық
саясатын жүргізумен тығыз байланысты.
Соған байланысты депозиттік қызметтердің
өзіндік құнын анықтау үшін банк
бағалық механизмін тиімді қолдану
маңыздылығын бақылау керек. Бұл
тұтынушылық құны, клиенттер үшін
күрес пен банк ішілік бәсекелестіктің
өсуі жағдайындағы бағалардың есепке
алынуын ескере отырып, өз қызметтерінің
пайдалылығы мен беделділігін қамтамасыз
ету қажеттілігі болып саналады.
Осы орайда “тартылған қаражаттар
құны” және “банк үшін осы
қаражаттардың нақты құны” сияқты
түсініктер ерекшеленеді. Мұндай ерекшелік
банктің тартылған қаражаттарының
тиімді минимальды көлемін орналастыруды
анықтауы үшін қажет. Соған байлансты
банктердің тартылған ресурстарының нақты
құнына әсер ететін кейбір фактілер анықталған
болатын және олардың қатарына келесілер
жатады:
- операциондық
шығындар деңгейі;
- жарнама
шығындары;
- ҚР
Орталық банкімен бекітілген міндетті
резервтер қорына ақша аударылу нормасы;
- тартылатын
қаражаттардың көлемі мен мерзімі;
- пайыз
төлеу және есептеу тәртібі;
- қаражаттардың
тартылатын және орналастырылатын уақыты
аралығындағы уақыттық айырма;
- мүмкін
болатын ссудалар бойынша жоғалтуларға
резерв құру шығындары;
- табыс
әкелмейтін операциялар айналысынан қаражаттарды
азайту.
Депозиттік
саясаттың маңызды бір қарастыратын
жағы депозиттік саясаттың шекарасы
деген мағынаны білдіретін банкпен
шоғырландырылатын ақша қаражаттарының
мүмкін болатын шегін анықтау
болып табылады, яғни ол жеке тұлғалар
мен заңды тұлғаларға қатысты. Соған
қатысты берілген банк бойынша ол
шекаралардың келесідей сипаттамалар
берейік:
- депозит
нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа қатысты
(экономикалық шекара);
- ҚР
Ұлттық Банкінің нормативтерінің әсері
мен банк өтімділігі (әкімшілік
шекара);
- Депозиттік
қатынас субъектілерінің әсері (сыртқы
және ішкі шекара);
- мерзімді
депозиттік қатынас әсері (уақыттық шекара);
- географиялық
(территориялық шекара);
- құрылымы
мен көлеміне байланысты (сандық және
сапалық шекара).