Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:20, дипломная работа

Описание

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында депозит нарығыныңқазіргі жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның меншікті капиталы мен қаржылық жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның депозит портфелі мен депозит операцияларына талдау жасалды.
Үшінші бөлімде коммерциялық банктерінің депозит тарту және депозиттік операцияларын дамыту жолдары қарастырылды.

Работа состоит из  1 файл

Кенжегуль Комм.банкт.депоз операц.docx

— 354.99 Кб (Скачать документ)

    Дерек көзі: Ұлттық Банк мәліметі бойынша  Business Resours талдау қызметі 

    Депозиттер бойынша алынған сыйақы ставкаларының өзгеру диамикасы әртүрлі көрсеткіштермен сипатталады.Банк тәжірбиесінде тартымды сыйақы мөлшері көптеген факторларға байланысты тіпті бір аз ғана уақыт ішінде өзгеруі мүмкін, мұндай факторларға валюта бағамы, тұрақтылығы, экономиканың жағдайы, банктердің қолайлы деп табатын анықталған уақыт мерзіміне тәуекелді болып келеді. 

    Кесте - 6 - жеке тұлғалардан тартылған депозиттер бойынша банктердің сыйақы мөлшерлемері (мерзімдері мен валюта түрлері бойынша)

   
 
 
2008 2009 2010
KZT СКВ KZT СКВ СКВ KZT
Жеке  тұлғалардың депозиттерi 6,5 8,2 7,2 4,9 6,2 6,3
талап ету бойынша 0,4 1,1 0 0 0,2 0
шартты 0 1,1 8 2,8 4,9 5,9
мерзiмдiк, барлығы 11,3 9,3 10 6,7 6,8 8,8
1 айға дейін 4,7 6,7 0,3 1,4 1,7 0,1
1-ден  3 айға дейін 5,7 1,8 7,6 3 3,7 5,8
3 айдан 1 жылға дейін 8,7 6,9 10,1 7,2 5,4 8,8
1-ден  3 жылға дейін - - - - - -
1-ден  5 жылға дейін 12,2 10,1 11,5 8,9 7,5 10,2
3 жылдан аса - - - - - -
5 жылдан аса 5,7 6,3 3,2 7,4 8,6 3,1

    Дерек көзі: Ұлттық Банк мәліметі бойынша  Business Resours талдау қызметі 

    6 - кесте мәліметтерін талдайтын болсақ, депозиттер бойынша алынған сыйақы ставкаларының өзгеру диамикасы мынадай әртүрлі көрсеткіштермен сипатталады. Ұлттық валютадағы мерзімді салымдар (мерзімі 1-5 жылға дейінгі) бойынша сыйақы  ставкасы 12,2   %-ды құрады, 2010 жылғы деңгейден 0,1 %-ға жоғары. Ал шартты салымдар бойынша сыйақы мөлшері 2011 жылы 1,1 %-ды , 2010 жылғы деңгейі 6,0%-ды құраған.Банк тәжірбиесінде тартымды сыйақы мөлшері көптеген факторларға байланысты тіпті бір аз ғана уақыт ішінде өзгеруі мүмкін, мұндай факторларға валюта бағамы, тұрақтылығы, экономиканың жағдайы, банктердің қолайлы деп табатын анықталған уақыт мерзіміне тәуекелді болып келеді.

    Қорыта  келгенде, тұрғындардың салымдар нарығының ерекшелігі болып депозитке деген сұраныстың қалыптасуындағы маңызды орынды алатын пайыздық ставканың өлшемі табылады, яғни банктің депозитке деген бекіткен пайыздық ставкасы олардың ресурстық базасының өсуіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Бұл әсердің тиюі әр банкте әр түрлі жағдайда көрінеді. Осындай әр түрлілік банктер арасындағы нарықтағы үлесті бөліп алуына көмектеседі және осы жағдай нарықтағы күшті бәсекелестердің пайда болуына алып келеді.

    Еліміздегі  екінші деңгейлі банктердегі халықтың салымдарына талдау жасап көрейік.

    Депозиттік  нарықтағы үлесті бөліп алған  банктердің тізімін төмендегі суреттен көруге болады. Көрсеткіштерге сәйкес депозиттік нарықтың үлесін он  банк көлемінде бөліп қарастырдық, яғни осы банктер депозиттік үлес бойынша  алдыңғы орындардағы банктер  деп саналады. Көріп отырғанымыздай алдыңғы орындарды Казкоммерцбанк, Қазақстан Халық Банкі, БТА Банкі, Альянс және АТФБанк өзара бөлісіп  отыр. Соңғы үш жылдағы банктердің депозиттік салымдарының жағдайын  6-кестеден толығырақ көруге болады.  

    Кесте -7 - Екінші деңгейлі банктердегі салымдарының өзгерісі  

    млрд  теңге

  
Банктің атауы 2008 өзгерісі 2009 өзгерісі 2010 өзгерісі
«Казкоммерцбанк»  АҚ 298 - 292 -6 298,7 +6,7
«БТА  Банк» АҚ 252 - 216 -36 192,6 -23,4
«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ 354 - 363 +9 359,5 -,35
«Альянс Банк» АҚ 100 - 75 -25 69,2 -5,8
«АТФ Банк» АҚ 131 - 138 +7 145,1 +7,1
«Банк ЦентрКредит» АҚ 130 - 226 +96 230,2 +4,2
  «KASPI BANK» АҚ 29 - 65 +36 68,2 +3,2
«Темірбанк» АҚ 20 - 28 +6 24 -4
«Евразиялық банк» АҚ 18 - 59 +41 65,6 -6,6
«Цеснабанк» АҚ 27 - 29 +2 28,5 -0,5

    Дерек көзі: ҚР Қаржы нарығын және қаржы  ұйымдарын реттеу мен қадағалау  агенттігі 2010 жылғы 1 сәуір 

    Кесте бойынша талдай кететін болсақ, 2010 жылдың сәуір айына ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің берген мәлімдемесі бойынша 2008 жылмен салыстырғанда біршама өзгерістер болған, ол өзгерістер әрине еліміздегі болып жатқан дағарыстың әсері деп айтуға болады. Бұл өзгеріс коммерциялық банктерден депозит салымшыларының өз ақша қаражаттарын мерзімінен бұрын алу жағдайымен түсіндіріледі. Жеке тұлғалардың салымдарынан бастайтын болсақ, салымшыларынан айырылған банктердің көшбасшысы «Қазақстанның Халық Банкі» болып отыр. Бұл көрсеткіш сәуірге берілген мәлімет бойынша 1,1%, 359,5 млрд.теңгеге, яғни 4 млрд.теңгеге азайған. «Казкоммерцбанкте» керісінше 2,3%-ға (6,7 млрд.теңге) өсім байқалған, яғни 298,7 млрд.теңгеге депозиттік салымдар ұлғайған. Ал, жеке тұлғалардың салымдары бойынша үшінші орындағы «Банк ЦентКредитте» 2,1%-ға, яғни 230,2 млрд.теңгеге дейін өсім (5,2 млрд.теңге) болды. «БТА Банкке» келетін болсақ, бұл банк салымшылардың сенімінен шыға алмай көрсеткіші 11%-ға, нақты айтатын болсақ 23,8 млрд.теңгеге азайып, тұрғындардың депозиттері 192,6 млрд.теңгеге жетті. Бесінші орында «АТФ Банк» келеді, оның жеке тұлғаларының салымы 4,8%-ға, 145,1млрд.теңгеге өсті, ал «Альянс Банктің» көрсеткіші 5,3 млрд.теңгеге (7,1%) төмендеп 69,2 млрд.теңгені құрады. Ал, бұл жағдай KASPI BANK үшін алдыңғы алтылыққа кіруге жол ашты, өйткені сәуірде бұл банкте 68,2 млрд.теңгеге дейінгі өсім байқалды. Осы ондыққа салымдарының біршама азайғандығына қарамастан (28,5 млрд.теңгеге дейін төмендеген) «Цесна Банкке» кіре алды. [40]  

    Банктердің  салымдарының өзгерісін диаграмма  түрінде былай көрсете аламыз.

    

    Сурет – 3 - Екінші деңгейлі банктердің салымдарының өзгерісі 

    Көріп отырғанымыздай, он банктің ішінен тек үш банкте ғана өсім байқалады, ал қалған банктердің көрсеткіштері  төмендеген.

    Отандық банктер ресурстық базаларын  жеке тұлғалардың салымдарын тартуға  көздеп отыр. Алайда, жеке тұлғалармен  қатар заңды тұлғалардың салымдары  қалыс қалып отырған жоқ. Сонымен қатар, заңды тұлғалар салымынталдасақ, мұнда да көбіне салымдардың азайғандығын байқап отырмыз, бірінші орында «Казкоммерцбанк» келеді, депозиттерінің ағыны 1,8%-ға жетіп, 1 трлн 707,7 млрд.теңгеге дейін төмендеді. «БТА Банктің» депозит ағыны 51,7 млрд.теңгені құрады, яғни 1 трлн 306,7 млрд.теңгеге қысқарды. Бұның қасында, «Қазақстан Халық Банкінің» жағдайы мүлдем нашар, депозит ағыны 254 млрд.теңгені (шамамен 1,7 млрд $) құрап, қорытындысы бойынша 22,2%-ға дейін қысқарды. «Альянс Банктің» депозиті 1,4%-ға, 474,9 млрд.теңгеге дейін, «Банк ЦентрКредитте» де 1,4%-ға, 380,1 млрд.теңгеге дейін, «АТФ Банкте» - 3,6%-ға, яғни 263 млрд.теңгеге, «Нұрбанкте» - 0,9%-ға, 168,5 млрд.теңгеге, «Темірбанкте» - 3%-ға, яғни 147,6 млрд.теңгеге дейін депозиттік салымдар көлемі азайған.[40]  

    Енді  депозит нарығының бүгінгі күнгі  жағдайына тоқтала кететін болсақ.

    2010 жылмен 2011 жылды салыстырғанда депозит нарығында бір жыл ішінде көшбасшы банктер орындарын ауыстырды. Егер  2010 жылдың шілде айында салымдар көлемі бойынша бірінші орында Казкоммерцбанкі болса, 2011 жылдың наурыз айында бұл орынға Халық Банкі ие болды. 

    

    Сурет - 4 -Коммерциялық банктердің депозиттер бойынша үлес салмақтары

    Диаграммадан  көріп тұрғанымыздай Казкоммерцбанкі  өз кезегінде бірінші орыннан  түсіп, екінші орынды иеленді. Айта кеткен жөн, алғашқы үштік жыл ішінде өзгерген жоқ. Өткен жылдағыдай депозиттік салымдардың көлемі бойынша алғашқы  үштікке Халық Банкі, Казкоммерцбанкі, БТА Банкі.

    Депозит  нарығы қалыпты динамикада дамуда. Соңғы 3 жылдан бері Қазақстанның банктері үшін сыртқы капитал нарығы мүлде  жабық болды. Сол себепті басты  қорлану көзін ішкі қаржылық ресурстар  болды, әсіресе депозиттер.

    Соңғы уақыттарда отандық банктер ресурстық  базаларын жеке тұлғалардың салымдарын тартуға көздеп отыр. Алайда, жеке тұлғалармен  қатар заңды тұлғалардың салымдары  қалыс қалып отырған жоқ.

    Қазақстанның  коммерциялық банктерінің  арасында жеке және заңды тұлғалар арасында үлесті бөліп қарастыратын болсақ. Қазақстанның Халық Банкі жоғарғы  көрсеткіш көрсетіп алдыңғы орынға ие. Ол  екі сегментте де депозиттік нарықтың 19,2 %-ін иеленуде. Алғашқы орындарға сонымен қатар, Казкоммерцбанк пен БТА Банкі кіріп отыр. (кесте – 8). 

    Кесте – 8 - Жеке тұлғалар салымы бойынша банктердің рейтингі 

  
Банктер 2010 жыл 1 наурыз 2011 жыл 1 наурыз Көлемінің өзгеруі %
млн. теңге Үлесі, % млн.теңге Үлесі, %
Қазақстан Халық Банкі 409 345 20,5 501 056 21,8 +22,4
Казкоммерцбанкі 345 919 17,3 462 509 20,1 +33,7
ЦентрКредит Банкі 315 848 15,8 335 272 14,6 +6,1
БТА Банкі 162 950 8,2 267 573 11,6 +64,2
Kaspi Bank 107 507 5,4 159 965 6,9 +48,8
АТФ Банкі 227 827 11,4 134 710 5,8 -40,9
Еуразиялық  Банкі 93 679 4,7 80 032 3,5 -14,6
Альянс  Банкі 52 570 2,6 78 714 3,4 +49,7
Цеснабанк 37 679 1,9 64 240 2,8 +70,4
Қазақстан тұрғын-үй құрылыс  жинақ Банкі 29 587 1,5 45 134 2,0 +52,5
Нұрбанкі 32 215 1,6 39 271 1,7 +21,9
Жеке  тұлғалар депозиттерінің жалпы көлемі 1 995 006 100 2 303 676 100 +15,5

      Дерек көзі: ҚҚА мәліметтері бойынша Business Resourse талдау қызметі 

          Кесте мәліметтері  бойынша талдай кететін болсақ, жеке тұлғалар депозиттері бойынша коммерциялық банктердің 2010 жылдың 1 наурыз және 2011 жылдың 1 наурызы жағдайы бойынша бірінші үштікке Халық Банкі, Казкоммерцбанкі және ЦентрКредит банкі кіруде. Ал осы жылдары АТФ Банкі мен Еуразиялық Банктерінің  жеке тұлғалар салымының көлемі  басқа банктермен салыстырғанда төмендеген. Тіпті проблемалы болып табылатын Альянс Банкі мен БТА Банктерінде жергілікті тұрғындар салымы айтарлықтар өскен (бұл банктердің ұсынып отырған депозиттер бойынша жоғарғы қойылымы есебінен). [35]  

    2010 жылдың депозиттік ұйымдардағы  депозиттік операцияларының көлемі жыл соңына өсімді байқатты, жыл соңына халықтың «бос ақшасының» азаюына байланысты болды, жарты жылда небәрі – 2,6%-ға артып, өсім 23 640 млн.теңгені құраса, жыл соңына – 4,4%-ға азайып, 39 399 млн.теңгеге кеміді.жеке тұлғалардың депозиттік салымдарды ұлттық валютада сақтауда сенімі азайды – негізінен, ол дағдарыс жағдайының салдарына байланысты, 

    Кесте – 9 -  Заңды тұлғалар салымының көлемі бойынша коммерциялық банктердің рейтингі 

  
 Банктер  2010 жыл 1 наурыз  2011 жыл 1 наурыз  Көлемінің өзгеруі %
 Көлемі, млн. теңге  Үлесі, %  Көлемі, млн.теңге  Үлесі, %
Қазақстан Халық Банкі  907 749  16,2  969 626  20,7  +7,2
Казкоммерцбанкі  977 563  17,4  922 682  19,7  -5,3
ЦентрКредит Банкі  569 426  10,2  455 700  9,7  -20,0
БТА Банкі  1 218 567  21,8  421 601  9,0  -65,4
АТФ Банкі  200 168  3,6   376 756  8,0  +88,2
Қазақстан Ситибанкі  169  835  3,0  217 760  4,6  +28,2
Жинақ Банкі  113 156  2,0  178 636  3,8  +57,9
Еуразиялық  Банкі  132 353  2,4  159 794  3,4  +20,7
Альянс  Банкі  443 446  7,9  134 722  2,9  -69,6
Цеснабанкі  86 571  1,5  125 258  2,7  +44,7
Заңды тұлғалар депозиттерінің жалпы көлемі  5 588 182  100  4 687 844  100  -16,1

Информация о работе Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары