Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:20, дипломная работа

Описание

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында депозит нарығыныңқазіргі жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның меншікті капиталы мен қаржылық жағдайына, «Цеснабанк» АҚ-ның депозит портфелі мен депозит операцияларына талдау жасалды.
Үшінші бөлімде коммерциялық банктерінің депозит тарту және депозиттік операцияларын дамыту жолдары қарастырылды.

Работа состоит из  1 файл

Кенжегуль Комм.банкт.депоз операц.docx

— 354.99 Кб (Скачать документ)

    Дерек көзі: ҚҚА мәліметтері бойынша Business Resourse талдау қызметі 

    Кесте деректері бойынша келесідей қортынды шығаруға болады, депозит нарығында  заңды тұлғалар салымы бойынша 2010 жылдың 1 наурызы мен 2011 жылдың 1 наурызда әртүрлі көрсеткіштерімен ерекшеленді. Заңды тұлғалар бойынша депозиттер өсімі жоғарғы  орынды АТФ Банкі иеленуде, ол 88,2 %-ды алып отыр. Ал заңды тұлғалар салымы БТА Банкі мен Альянс банкінде айтарлықтай азайған, яғни 60 %-ға дейін үлкен минус көрсетіп тұр. Сонымен қатар, депозит нарығының лидер-банктері Казкоммерцбанкі мен ЦентрКредит банкінде заңды тұлғалар салымы көлемі азайған. 

      

    Сурет - 5 - депозиттік нарықтағы салымдардың өсу қарқыны 

    5 – суреттен көріп тұрғанымыздай 2010 жылмен 2011 жылды салыстырып қарайтын болсақ,  жеке тұлғалар бойынша салымдар өскен,  ал заңды тұлғалар бойынша  салымдар көлемі азайған. Яғни, нақты айтатын болсақ  заңды тұлғалардың депозиттері 5266,8 млрд. теңгеге дейін 0,7%-ға төмендеді (жылбасынан бері 1,2%-ға өсу), жеке тұлғалардың салымдары 2247,3 млрд. теңгеге дейін 1,7%-ға өсті (жыл басынан бері 2,4%-ға өсу).[35] 

      

    Сурет – 6– салымдардың валютадағы үлесі бойынша өсімі 

    Көріп отырғанымыздай, 2010 жылдың ортасында  депозиттердің ұлттық және шетел  валютасында өсу дәрежесі байқалуда.Жоғарыдағы мәліметтерге сүйенсек, жалпы елдегі депозиттік салымдар көлемінің жылдан-жылға  артуын байқаймыз.2011 жылы  шетел валютасындағы депозиттер көлемі 2568,3 млрд. теңгегедейін 2,3% төмендеді (жыл басынан бері – 0,8% төмендеді), ұлттық валютадағыдепозиттер 4945,8 млрд. теңгеге дейін 1,3% ұлғайды (жыл басынан бері – 2,9% өсті).

    Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2011 жылғы  қаңтармен салыстырғанда шамалыұлғайып, 2011 жылғы ақпанда 65,8% құрады.

    2011 жылғы ақпанда банктік емес  заңды тұлғалардың теңгедегі  мерзімдідепозиттері бойынша орталық  алынған сыйақы ставкасы 3,9% (2011 жылғы  қаңтарда3,3%), ал жеке тұлғалардың  депозиттері бойынша 9,1% (8,8%) құрады.

    Халықтың (резидент еместерді қоса алғанда) банктердегі  салымдары 2011 жылғыақпанда 2302,5 млрд. теңгеге  дейін 1,7% өсті (жыл басынан бері – 2,3% өсті). Халықтыңсалымдары құрылымында  теңгедегі депозиттер 1297,3 млрд. теңгеге  дейін 3,6% ұлғайды(жыл басынан бері – 3,8% өсті), шетел валютасындағы  депозиттер 1005,2 млрд. теңгегедейін 0,7% төмендеді (жыл басынан бері – 0,5% өсті).

    Нəтижесінде теңгедегідепозиттердің үлес салмағы 55,3%-дан 56,3%-ға дейін көтерілді.Бұл  ретте халықтың депозиттерінің өсуі бүкіл дағдарыс бойы сақталғанын, алөткен 2010 жылдың халықтың 2008-2009 жылдары қалыптасқан, валюталық депозиттергебасымдық беру үрдісін бұзғанын жəне теңгедегі  жинақ ақшаның белсенді өсу жылыболғанын атап өту қажет.

    Қортына келе, қазіргі таңдағы депозит  нарығының нақты даму бағытын  болжау күшті және әлсіз бәсекелестердің  анық көрінуімен байқалады. Бұл жағдай депозит нарығының неғұрлым тиімді депозиттік өнімін шығаруды талап етеді  және осы шара әрбір банкке нарықтағы  табысты жұмысына кепілдік береді. 
 

    2.2. «Цеснабанк» АҚ-ның меншікті капиталы мен қаржылық жағдайын талдау 
 

    Цеснабанк – негізі 1992 жылы 17 қаңтарда сол  кездегі Целиноградта құрылған, бас  кеңсесі Астанада орналасқан Қазақстандағы  жалғыз коммерциялық банк. Бүгінгі  күні Банктің филиалдық желісіндегі 18 филиалы және клиенттерге қызмет көрсететін 59 пункті Қазақстанның 23 облыстық және аймақтық орталықтарында орналасқан. Қазір Банк 60 мыңнан астам клиенттерге  қызмет көрсетеді, оның ішіндегі 48 мыңы – жеке тұлғалар.

    2008 жылдың соңынан бастап 2009 жылдың 01 шілде аралығында банктің бөлшек  сауда клиенттері 40 мыңға артты.  Цеснабанкке артылған сенімді  мынадан көруге болады:

  • Қазақстандағы ЕДБ арасында активтер бойынша 11 орынды ала отырып; Цеснабанк 2010 жылы 01 шілдедегі жағдай бойынша 29 млрд. теңге құрайтын жеке тұлғалардың салымынан 8-ші орынды нық сақтап отыр;
  • 2010 жылдың 01 шілдедегі жағдай бойынша банктің активтері ҚЕХС-ға сәйкес 150 млрд теңгеге жетті;
  • меншікті капиталы – 23 млрд теңгеден асты.

    Өзі қызмет жасаған кезден бері Цеснабанк  белгілі, серпінді дамушы қаржы институты  болды. Құрылған мезеттен бастап Банк әмбебептық принципті ұстанады, яғни өзінің клиенттеріне жоғары сапалы банктік  қызмет көрсетеді, оның ішінде ағымдағы шоттарды, халықаралық пластикалық VISA карталарын ашу және қызмет көрсету, жедел салымдарды ашу және жүргізу, жеке және заңды тұлғаларға несие  беру, American Express жол чектерін сату, Қазақстан  және бүкіл әлем бойынша жылдам ақша аударымдарын жүзеге асырады.

    Цеснабанк Қазақстандағы бірінші мөлдір банк болды. 2006 жылғы маусымда «Банк қызметіндегі мөлдірлікті жоғарылату жөніндегі  мәселелер бойынша ынтымақтастық  пен өзара іс-қимыл туралы»  меморандумға Қазақстанның қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі  мен Банк қол қойды. «Цесна» Корпорациясы 2005 жылғы қарашада «Цеснабанк» АҚ-ның  банктік холдингі дәрежесін алғанда  мөлдірлік принципі Банк үшін ерекше орын алды. Әлеуетті инвесторлар, клиенттер  және басқа да мүдделі тұлғалар үшін ақпараттардың қол жеткізімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ете  отырып, Банк меншіктің құрылымын  толық ашты. Осы жылдар еліміз үшін қоғамда, экономикада, банктік жүйеде даму кезеңі болды. Цеснабанк нарықтың өзгеру серпініне қарап, даму мен  қалыптасудың барлық кезеңдерінен өтіп, әр клиенттің қажеттілігін кең ауқымда  банк өнімдерімен қанағаттандыру барысында  қаржы-несиелік мекемелер арасында үлкен беделге ие болды. [21]  

    Инновациялық  клиенттерге кешенді түрде қызмет көрсету, ең жоғарғы жетістіктерге  жету үшін банк басқарма жұмыстарының жүйелерін тұрақты жетілдіру  негізінде болатын тәуекелділік және табыстылық балансының операциялары – міне, бұл Цеснабанктің ойдағыдай өркендеуі.

    2009 жылдың аяғындағы халықаралық  және жергілікті қаржылық нарықтағы  қиындықтарға қарамастан айтарлықтай  істер атқарылып, 2009 жылды сәтті  аяқтады. 2009 жылы қаржылық сауда  жасалды, оған EDC (экспортты дамытушы  Канадалық корпорация), Deere Credit Inc. US Eximbank қолдауымен, Landersbank Berlin AG SAGE (экспортно-кредитное  агентство, Италия) қолдауымен. 2009 жылдың  мамыр айында халықаралық менеджмент  стандарттарына сәйкестікті растаудың,  сондай-ақ стратегиялық міндеттердің, табысты операциялық қызметтің  сенімді әрі дәйекті орындалуының, қаржылық есеп-қисаптың мөлдірлігінің,  Банктің инвесторлар мен талдампаздарға  ашықтығының арқасында, беделді  халықаралық қаржы Euromoney журналы  Цеснабанкті Орталық, Шығыс Еуропа  және Орталық Азиядағы «Best Managed Companies 2007» номинациясы бойынша  үздік менеджментті банктердің  бірі деп таныды. «Бұл беделді  номинация Цеснабанктің тұрақтылығын  және халықаралық инвесторлардың  сенімін көрсетеді. Euromoney наградасын  алу банктің барлық қызметкерлерінің кәсіпқойлығын мойындау болып есептеледі. Жоғары бағалануымен бірге, үздік халықаралық стандартқа сай басқару жүйесін тұрақты жетілдіруге бағытталған банк қызметіндегі сапалы өзгерістердің атап өтілгені бізге жағымды» - деп, атап өтті «Цеснабанк» АҚ-тың Басқарма төрағасы Д.Ә. Жақсыбек.

    Банк  әрі қарайғы даму стратегиясын жоғарғы  халықаралық стандарттарға, сондай-ақ нарықтық үлесті банк өнімдері спектрін кеңейту және көрсетілетін қызмет сапасын  тұрақты жоғарылату жолымен көбейтуге  жауап беретін әмбебап қаржы  институттарын салудан көреді.[23]  

    Банк  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтай отырып, Клиенттің  тапсырысы бойынша ұлттық және шетел  валютасында ақша аударымдарды, сондай–ақ  Қазақстан Республикасының резидент және резидент еместерінің арасында төлемдерді жүзеге асырады:

  • өзге банк клиенттерінің пайдасына ақша аударулар;
  • «Цеснабанк» АҚ клиенттері арасында аударулар;
  • төлем сомасына қарамастан операция уақытынан тыс ақша аударулар;
  • операциялық уақытта жедел аударулар;
  • жинақтаушы зейнетақы қорларына зейнетақы жарналарын төлеуге аударулар;
  • мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік аударымдарды аударулар;
  • есепшот ашпай–ақ салық және кеден төлемдерін аударулар;
  • кіріс және шығыс төлемдері бойынша (теңге және шетел валютасында) тексеру жүргізу.

    Клиенттің ақша аударымы жөніндегі тапсырысы  «күнбе-күн» жасалынып, Цеснабанктің филиаларалық есептерінің жүйесі негізінде жүзеге асырылуы ақша айналымының мерзімдермен едәуір көрініс табады. ҚР Ұлттық банкінің есеп айырысу жүйесі арқылы және банктің  корреспонденттік жүйесі арқылы аудару Қазақстан Республикасының аумағында  да, одан шет аймақтарда да жүзеге асырылады. Ресейдің және шетел банктерінің  ең алдыңғы қатардағы банктерінде  корреспондеттік шоттар жүйесі әлемнің  қай жеріне болса да, аз уақыт  ішінде ақша төлемдері және аударымдарын жүргізуге рұқсат береді. Клиенттің  өтініші бойынша Клиенттің шотына қызмет көрсетуші банктің қызметкері теңге және шетел валютасындағы  төлем құжаттарына оларды толтыру  талаптарына сай толтыруға көмектеседі. Осы қызметтің төлемі банктің  қолданыстағы тарифтеріне сәйкес жүргізіледі. [23]

    Алынған стратегия барысында Банк корпоративті клиенттерімен өзінің ынтымақтастығын  белсенді дамытып келеді. 2007 жылы заңда  тұлғалардың – клиенттердің (соның  ішінде жеке кәсіпкерлікпен айналысып  жатқан жеке тұлғалары да бар) саны 25%-ға көбейді де 15 000 жуық болды. Заңды  тұлғалар шоттарды ашудың және есептерді  жүргізудің қызмет көрсетулерін, теңгемен және шетел валютасымен кассалық қызмет есеп айырысу қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде төлем шотымен байланысты толық спектр қызмет түрлерін алып жатыр. Тарифтер мен кассалық есеп айырысудың жоғарғы деңгейдегі қызмет көрсету – Цеснабанктің ең негізгі бәсекелестік артықшылығы.

    Жүйеде  жеңілдіктер мен бағаның белгілеуін пайдалана отырып, Банк бизнес - клиенттеріне серіктестермен есептесудің ең қолайлы баламасын ұсынып, төлеу операцияларының ыңғайлы жолдарын табуға көмектеседі.

    Цеснабанкте ашылған ағымдағы шоттар бойынша  клиент келесі операцияларды қолдана  алады:

  1. банктің ішінде немесе басқа банктерге ақша аудара алады (теңгеде немесе шетел валютасында);
  • алынған немесе берілген тауарлар, жабдықтар, өндірістік өнімі, істелген жұмысы, көрсеткен қызметі үшін аудара алады;
  • жинақтаушы зейнетақы қорына, зейнетақы салымдарын төлеуге және міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударым жүргізе алады;
    • салықтарды және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеу мақсатында аудара алады;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа мақсаттарға пайдалана алады.

    2)қолма-қол ақшасыз шетел валютасын конвертациялау (сатып алу/алу);

    кіріс шығыс төлемдері бойынша (теңгеде  және шетел валютасында) тексеру;

    3)қолма-қол ақшамен операциялар жасау (ағымдағы шотқа ақша салу және ағымдағы шоттан ақша алу).

    Банк  филиалдарында өздерінің жеке инкассация қызметі бар, соның салдарынан клиент өзіне қолма-қол ақшаны инкассациялануының ыңғайлы кестесін таңдай алады. Арнайы жаттықтырылған қызметкерлер, брондалған автокөліктер – осының бәрі бизнес клиенттердің құндылықтар мен ақшаларын  қауіпсіз жеткізулері және сенімді  қорғанысы. Қолма – қол ақшаның  және айырбастау тиындардың жеткізілуі және инкассация клиентпен келіскен уақытында әкелінеді. Ол сауда –  саттық әрекетін жасап жүрген, қолма  – қол ақшамен жұмыс істейтін клиенттерге, қауіпсіздіктің аса жоғары дәрежесін қосқанда, өзінің сауда  орындарының жұмыстарын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа ала отырып, Цеснабанк  клиенттердің валюталық операцияларын  жүргізеді. Валюта бақылауынынң агенті бола отырып, Банк клиенттерге қызмет көрсетудің кең тарауын ұсынып отыр:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына және құқықтық нормативті актілеріне сәйкес Банктің Клиенттері жүргізген валюталы операциялардың сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының валюталы заңнамасының талаптарына сай сыртқы экономикалық шарттар, сондай – ақ шарттар жобаларының сәйкестігі жөніндегі мәселеге кеңес береді;
  • валюталық заңның талаптарына сәйкес Банк құжаттардағы банкілерді толтыру тәртібінің орындалуына көмек көрсетіп, кеңес береді;
  • Қазақстан Республикасының кеден арқылы тауарлардың өтетінін ескеретін келісімдер бойынша мәмілелер паспортын жасайды (валюталық бақылауға алу);
  • клиенттің сұрауы бойынша валюталық бақылауға алу құжаттардың дубликаты мен көшірмелерін беру;
  • Қазақстан Республикасында валюталық заңнамасы жағдайда, валюталы операцияларды өткізу және валюта тәртіптерін реттеу (паспортизациялау, тіркелу, ескертіп хабарлау) жайында түсіндірмелерді көрсетіп, клиенттерді хабардар етіп айқындау;
  • өз клиенттерінің халықаралық келісімдері толық аяқталғанға дейін бақылауға алу.

Информация о работе Коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің сапасын арттыру және депозиттік операцияларын дамыту жолдары