Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:13, дипломная работа
Қызметтік мамандануға байланысты несиелік жүйенің ядросын шаруашылық айналымның несие-қаржылық қызмет көрсетуі бойынша жүгін артатын банктік жүйе құрайды, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі несие институттарының қызметін шоғырландыратын бірыңғай орган болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың орнатылуы мен кейінгі тереңдеуіне байланысты несиелік қызмет көрсету коммерциялық банктердің қызметінде маңызды рольді алады.
Кіріспе 3
1 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың теориялық негіздері 6
1.1 Несие қызметі – банк бизнесінің негізі 6
1.2 Мәселелі несиелер және олардың пайда болу себептері, әдістері 10
1.3 Қазіргі жағдайларда Қазақстан Республикасындағы несие портфелінің сапасын бағалау 20
2 2007-2008 жж. кезеңіндегі «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да мәселелі несиелерді басқару жүйесін ұйымдастыруды бағалау 28
2.1 Банк қызметінің сипаттамасы және негізгі көрсеткіштері 28
2.2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие портфелін талдау 34
2.3 Несие портфелін қалыптастыру мен мәселелі несиелерді басқару бойынша банк саясатын бағалау 45
2.4 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несиелендіру бағдарламалары 54
3 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару механизмін жетілдіру
3.1 Коммерциялық банктердің мерзімі өткен берешекпен жұмысты ұйымдастыру мәселелері
3.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың даму болашағы
Қорытынды 77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 81
А қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ бухгалтерлік балансы 84
Ә қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ табыстар мен шығындар туралы есеп беру
Б қосымшасы Графикалық бөлім
Қорғауға жіберілді
20___ж.«___»_______
Кафедра меңгерушісі ____________ Попп Л.А. __
(қолы) (аты-жөні, тегі)
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде) _____
мамандық бойынша |
050509 |
Қаржы | |||
(шифр) |
(атауы) | ||||
Орындаған |
Омербaевa A. М. | ||||
(қолы) |
(аты-жөні, тегі) | ||||
Топ |
СҚарж-301(2ж) |
||||
Ғылыми жетекші | |||||
«Қаржы» кафедрасының профессоры |
Жатканбаев Е.Б. | ||||
(қызметі, ғылыми дәрежесі) |
(қолы) |
(аты-жөні, тегі) | |||
Нормабақылаушы |
Ещанова Р.С. | ||||
(қолы) |
(аты-жөні, тегі) |
Мазмұны
Кіріспе |
3 | |
1 |
Коммерциялық банктерде |
6 |
1.1 |
Несие қызметі – банк бизнесінің негізі |
6 |
1.2 |
Мәселелі несиелер және олардың пайда болу себептері, әдістері |
10 |
1.3 |
Қазіргі жағдайларда Қазақстан
Республикасындағы несие портфе |
20 |
2 |
2007-2008 жж. кезеңіндегі «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да мәселелі несиелерді басқару жүйесін ұйымдастыруды бағалау |
28 |
2.1 |
Банк қызметінің сипаттамасы және негізгі көрсеткіштері |
28 |
2.2 |
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие портфелін талдау |
34 |
2.3 |
Несие портфелін қалыптастыру мен мәселелі несиелерді басқару бойынша банк саясатын бағалау |
45 |
2.4 |
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ несиелендіру бағдарламалары |
54 |
3 |
Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару механизмін жетілдіру |
61 |
3.1 |
Коммерциялық банктердің мерзімі өткен берешекпен жұмысты ұйымдастыру мәселелері |
61 |
3.2 |
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың даму болашағы |
73 |
Қорытынды |
77 | |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
81 | |
А қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ бухгалтерлік балансы |
84 | |
Ә қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ табыстар мен шығындар туралы есеп беру Б қосымшасы Графикалық бөлім |
85 86 |
Кіріспе
Қызметтік мамандануға байланысты несиелік жүйенің ядросын шаруашылық айналымның несие-қаржылық қызмет көрсетуі бойынша жүгін артатын банктік жүйе құрайды, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі несие институттарының қызметін шоғырландыратын бірыңғай орган болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайларында несиенің негізгі нысаны болып банктік несие, яғни коммерциялық банктермен келтірілетін әр түрлі несиелер болып табылады.
Несие (лат. creditum — кредит, қарыз, credere — сену) — бұл банкпен немесе несиелік ұйыммен қарыз алушыға несиелік келісімде қарастырылған мөлшерде және шарттарында ақша беру, ал қарыз алушы алынған соманы қайтаруға және пайыздарды төлеуге міндеттенеді.
Несиенің мәні бір тұлғаның уақытша бос ақша құралдарының жинақталуында және оларды басқа тұлғаға ақылы түрде уақытша пайдалануға беруде анықталады.
Сонымен бірге несие дербес қаржылық категория болып табылады және өзінің ерекше қызметтері бар. Бұл:
- уақытша бос ақша құралдарын жинақтау;
- қайта бөліп тарату қызметі;
- ақша айналымында қолма-қол ақшаны қолма-қолсыз ақшамен алмастыру.
Несиелендіру принциптері – бұл қарыз алушыға несие бергенде негізге алынатын шарттар.
Несиелендірудің мұндай принциптері болып табылады:
- мерзімділік;
- қайтарымдылық;
- төлемділік.
Банктік несие саласындағы несие қатынастарының субъектілері болып шаруашылық органдар, халық, мемлекет және банктердің өздері болып табылады.
Несиелік келісімде несие
Берілген тақырып бүгінгі
Несиелендірудің бағыты банктер арасында да, тұтынушылар арасында да бұрыннан көпшілікке мәлім болып табылады. Әрине, өйткені екі тарап та ұтыста болады – бұған күнделікті өмірде қол жеткізу қиын. Сатып алушы «ертеңгі ақша – арзанырақ» деп жорамалдап (осы «ертеңгі ақшаның» мөлшерін кейде ескермей), берілген сәтте қалауын сатып алу мүмкіндігіне риза.
Осыған байланысты несиені өтеу бойынша өз міндеттемелерін банк алдында орындамау бойынша қарыз алушымен талаптардың қанағаттандырылмауы туындайды.
Несие беру үшін банк қарыз алушының бүкіл құжаттамасын мұқият талдауы қажет, барлық оң және теріс жақтарын зерттеп, дұрыс шешім қабылдауы тиіс.
Егер қарыз алушының құжаттарын талдау мен тексеру кезінде жалған құжаттарды немесе сенімсіз мәліметтерді келтіру фактісі анықталса, онда несие маманы аталған фактілерді резюмеде баяндап, тұлғаға қарыз беру жөніндегі мәселені әрі қарай қарастырудан бас тартады.
Тіпті мұқият талдау кезінде банк қарыз алушымен несиені төлемеуден сақтандырылмаған.
Банктік қызметте көптеген тәуекелдер бар. Банк ісіндегі тәуекел дегенде банктің өз ресурстарының бөлігін жоғалту қаупі, табыстарды толық емес көлемде алу немесе белгілі бір қаржы операцияларын жүргізу нәтижесінде қосымша қарастырылмаған шығындарды жүзеге асыру деп түсу жөн.
Сауатты басқару кезінде едәуір табыс әкелетін несие операцияларын жүзеге асыру банк ісінде ерекше орын алады.
Сондықтан несиелік тәуекел негізгі банк тәуекелі болып табылады, оларды басқару көбінесе банк қызметінің тиімділігін анықтайды.
Несиелік тәуекел – бұл клиенттермен қаржылық міндеттемелердің күтілетіндей немесе келісімде көрсетілгендей толық немесе уақытында орындалмау тәуекелі, нәтижесінде банк үшін қаржылық шығындар болуы мүмкін.
Қарапайым нысанда несиелік тәуекелді қаржылық мәміле бойынша серіктестің келісім шарттарын орындауға қабілетсіз болу және активті ұстаушының қаржы шығындарын тарту тәуекелі ретінде анықтауға болады.
Несиелік тәуекелдермен жұмыс барысындағы көптеген қиындықтар оның элементтері мен түрлерінің алуан түрлілігімен, банктің несиелік қызметіне әсер ететін себептерінің көптігімен, нәтижесінде несиелік тәуекелдердің жіктелуінің алуан түрлілігімен де себептеледі. Содан басқа осы топта банктің жалпы несиелік қызметіне тән тәуекелдерді бөліп көрсету қажет. Мұндай тәуекелдерге келесілер жатады:
- құрылымдық-процессуалды;
- дербес;
- технологиялық;
- несиелермен заңсыз әрекеттер тәуекелдері.
Тәуекелдердің барлық түрлерін берілген жұмыста толық қарастырамыз.
Көптеген қарыз алушылар жалған кәсіпорын құра отырып, алдамшы жолмен банктен қарыз алуға тырысады. Несие маманының жұмысын жеңілдету үшін қарыз алушының электронды несиелік досьесі қалыптастырылатын қарыз алушылардың мәліметтер базасы құрылды, бұл банк үшін қолайсыз қарыз алушыны анықтауға мүмкіндік береді.
Қарыз алушының несие қабілеттігін қате бағалау банкке елеулі шығын әкеледі, бұл кейіннен оның қызметінде байқалады.
Қазіргі уақытта несиелік тәуекел деңгейінің ұлғаюына ел экономикасының барлық дерлік салаларын жанап өткен әлемдік қаржы дағдарысының әсері әрекеттеседі. Бұл, ең алдымен, қарыз алушының төлем қабілеттігінің нашарлауымен байланысты, себебі қаржы дағдарысына байланысты көптеген кәсіпорындар жұмыс күнін қысқартты, еңбекақыны кешіктіре бастады, нәтижесінде мерзімі өткен берешек те ұлғаяды.
Дипломдық жұмыста зерттеу объектісі – еліміздің 85 жылдық бай тарихы бар ірі коммерциялық банктерінің бірі болып табылатын тікелей «Қазақстан Халық Банкі» АҚ болып табылады.
Берілген зерттеудің пәні – Қазақстан Республикасында мәселелі несиелендіру кезінде туындайтын экономикалық қатынастар.
Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасында мәселелі несиелерді басқарудың теориялық және тәжірибелік сұрақтарын зерттеу. Банк қызметінің жалпы сипаттамасын қарастыру, коммерциялық банктің мәселелі несиелерін басқару механизмі және Қазақстан Республикасындағы шетелдік тәжірибе жұмыстың маңызды аспектісі болып табылады.
Қойылған мақсат шегінде келесі міндеттерді орындау қажет:
- ҚР-да мәселелі несиелендірудің ерекшеліктерін теориялық қарастыру;
- дербес қарыз алушының несиеге қабілеттігін бағалаудың мәселелерін ескере отырып, жеке банктің негізінде ҚР-да мәселелі несиелендіру мен несиелерді өтеу механизмінің талдауын жүргізу;
- несиелендіру кезінде тәуекелдерді басқарудың ең тиімді әдістерін белгілеу, қазіргі заманғы Қазақстанның банктік жүйесінде осы әдістердің қолданылуы.
Жұмыстың құрылымы:
- кіріспе;
- үш бөлім;
- қорытынды;
- қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалар.
Жұмысты жазу кезінде заңнамалық актілер, отандық және шетелдік экономистердің монографиялары, нұсқаулық-әдістемелік материал мен коммерциялық банк «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қаржылық есептілігі қолданылды.
1 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың теориялық негіздері
1.1 Несие қызметі – банк бизнесінің негізі
Кез келген банктің түзілуі мен қызметінің экономикалық мәніне негізделсек, несиелендіру – банк бизнесінің дәстүрлі өзегі екені анықталады.
Несие (лат. creditum — несие, қарыз, credere — сену) — бұл несие келісімімен қарастырылған көлем мен шарттарда банктің немесе несиелік ұйымның қарыз алушыға ақша беруі, ал қарыз алушы алынған соманы қайтаруға және пайыздарды төлеуге міндеттенеді.
Кез келген мемлекеттің несиелік жүйесі елеулі дәрежеде жалпы экономиканың түріне байланысты. Орталықтан басқарылатын несие жүйелері нарықтық экономикадағы ұқсас жүйелерден айтарлықтай ерекшеленеді.
Мұны біздің мемлекетіміздің
несие жүйесіндегі қазіргі
Республиканың несие жүйесінің қалыптасу үрдісі тарихтан терең бастау алады. Халық шаруашылығының экономикалық дамуының әрбір сатысына несие ісін ұйымдастырудың өз түрі және несие-қаржылық қызмет көрсетуде сәйкес қажеттіліктерге жауап беретін несие жүйесінің өз құрылымы тән.
Қазақстан Республикасында Ұлттық банкпен және екінші деңгейдегі банктердің желісімен келтірілген банк жүйесі бар. Яғни, республикада банктер үшін екі жазықтықта: тігінен және бойлық бойынша банктер арасындағы өзара қатынастардың құрылуына негізделетін екі деңгейлі жүйе тән. Тігінен – жетекші, басқарушы ретінде орталық банк (Ұлттық банк) пен төмендегі буындар: коммерциялық және арнайы банктер арасындағы бағыну қатынастары. Бойлық бойынша - әр түрлі банктер арасындағы тең құқылы серіктестік қатынастары.
Несие кредитордың ақша капиталының қозғалыс нысаны болып табылады. Ол кредитор капиталын (меншік немесе депозиттік салымдар түріндегі келтірілген) қарыз алушының несие капиталына айналуды қамтамасыз етеді.
Несие бойынша қатынастар — бұл капитал көлемін өсіру мақсатында капитал айналымымен байланысты кредитор мен қарыз алушының арасындағы қаржы қатынастары.
Несие мәні бір тұлғаның уақытша
бос ақша құралдарының жинақталуында
және оларды басқа тұлғаға ақылы
түрде уақытша пайдалануға
Несие мәні онық қызметтерінде байқалады. Қаржы бөлігі бола отырып, несие де қаржы орындайтын үш қызметті атқарады:
- ақша қорларын қалыптастыру және қолма-қол ақша құралдарын алу;
- ақша қорлары мен қолда бар ақша құралдарын пайдалану;
- басқару қызметі.
Сонымен бірге несие дербес қаржы санаты болып табылады және өзіне тән қызметтері бар. Бұл:
- уақытша бос ақша құралдарын жинақтау;
- қайта бөлу қызметі;
- ақша айналымында қолма-қол ақшаны қолма-қолсыз ақшамен алмастыру.
Болашақта белгілі бір шараны инвестициялау үшін белгілі бір кезең бойы ақшаның біртіндеп жиналуы уақытша бос ақша құралдарын жинақтау қызметінің мазмұны болып табылады. Несиенің аталған қызметінің негізінде «сақтау – инвестициялау» схемасы бойынша ақшаның қозғалысы жатыр.