Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:13, дипломная работа

Описание

Қызметтік мамандануға байланысты несиелік жүйенің ядросын шаруашылық айналымның несие-қаржылық қызмет көрсетуі бойынша жүгін артатын банктік  жүйе құрайды, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі несие институттарының қызметін шоғырландыратын бірыңғай орган болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында  нарықтық қатынастардың орнатылуы  мен кейінгі тереңдеуіне байланысты несиелік қызмет көрсету коммерциялық банктердің қызметінде маңызды рольді алады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың теориялық негіздері 6
1.1 Несие қызметі – банк бизнесінің негізі 6
1.2 Мәселелі несиелер және олардың пайда болу себептері, әдістері 10
1.3 Қазіргі жағдайларда Қазақстан Республикасындағы несие портфелінің сапасын бағалау 20
2 2007-2008 жж. кезеңіндегі «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да мәселелі несиелерді басқару жүйесін ұйымдастыруды бағалау 28
2.1 Банк қызметінің сипаттамасы және негізгі көрсеткіштері 28
2.2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие портфелін талдау 34
2.3 Несие портфелін қалыптастыру мен мәселелі несиелерді басқару бойынша банк саясатын бағалау 45
2.4 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несиелендіру бағдарламалары 54
3 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару механизмін жетілдіру
3.1 Коммерциялық банктердің мерзімі өткен берешекпен жұмысты ұйымдастыру мәселелері
3.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың даму болашағы
Қорытынды 77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 81
А қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ бухгалтерлік балансы 84
Ә қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ табыстар мен шығындар туралы есеп беру
Б қосымшасы Графикалық бөлім

Работа состоит из  1 файл

Комм банктерде мәселелі несиелерді басқару.doc

— 1.27 Мб (Скачать документ)

Кепілдік банктің заңды  тұлғалармен де, жеке тұлғалармен  де өзара қатынасы кезінде қолданылады.

Заңды тұлғаларға қатысты  кепілдік банк пен кепілдік беруші арасында жазбаша түрде келісім-шартпен рәсімделеді. Осыған сәйкес кепілдік беруші белгілі бір уақыт ішінде қарыз алушының берешегін кредитор алдында өтеуге міндеттенеді.

Келісім-шартта кепілдік беруші өтеуді кепілдейтін максималды сома анықталуы мүмкін. Несиені қайтаруды қамтамасыз етудің осы нысанын қолдану кепілдік берушінің несие қабілеттігін мұқият талдауды талап етеді.

Сонымен қатар несиені  қамтамасыз етудің қосымша көзіне талаптар мен құқықтарын басқаларға ұсыну  жатады.

Ұсыну (цессия) — бұл несиені қайтаруды қамтамасыз ету ретінде өз талабын (дебиторлық берешегін) кредиторға (банкке) ұсынатын қарыз алушының (цеденттің) құжаты.

Цессия туралы келісім банк клиентімен алынған несиенің қайтарымдығын  қамтамасыз ету үшін құқықтық негіз  құра отырып, несиелік келісімді толықтырады. Цессия туралы келісім ұсынылған талаптар бойынша ақша құралдарын алу құқығының банкке өтуін қарастырады. Ұсынылған талап құны несиелік берешекті өтеу үшін жеткілікті болуы тиіс. Банк түскен ақшаны берілген несиені өтеу үшін ғана пайдалануға құқылы. Егер ұсынылған талап бойынша ақша құралдарының үлкен сомасы түссе, онда айырмашылығы цедентке қайтарылады.

Тәжірибе жүзінде цессияның  екі түрі қолданылады: ашық және тыныш. Ашық цессия борышқорға (цедентті сатып  алушыға) талаптарды ұсыну жөнінде хабарлауды қарастырады. Мұндай жағдайда борышқор өз міндеттемесін банктің қарыз алушысына (цедентке) емес, банкее өтейді. Тыныш цессия кезінде банк үшінші тұлғаға талапты ұсыну жөнінде хабарламайды, борышқор цедентке төлейді, ал цедент өз кезегінде алынған соманы банкке беруге міндетті. Қарыз алушылар өз беделін түсірмеу үшін тыныш цессияны жақтайды. Бірақ банк үшін тыныш цессия үлкен тәуекелмен байланысты, өйткені ұсынылған талаптар бойынша құралдар қарыз алушылардың басқа банктердегі есеп-шоттарына жиі түседі, сонымен қатар қарыз алушының талаптарды бірнеше рет ұсынуға мүмкіндігі бар, және үшіншіден, қарыз алушы жоқ талаптарды ұсынуы мүмкін. Цессияның құқықтық құрылымы 3 суретінде келтірілген.






 



…..


 



 

 

3-сурет – Цессияның құқықтық құрылымы

 

Жеке талаптарды ұсынумен қатар  банктер жалпы және ғаламдық цессияны пайдаланады.

Жалпы цессия қарыз алушының банк алдында белгілі бір сомаға тауар  жеткізуге немесе қызмет көрсетуге  талаптарды үнемі ұсынуға міндеттенуін білдіреді. Сонымен бірге берілген несиені өтеу үшін ақша құралдарын алуға банктің құқығы жалпы цессия туралы келісім жасасқан сәтте емес, банкке талаптарды немесе дебиторлар тізімін беру сәтінде туындайды. Ғаламдық цессия кезінде қарыз алушы банкке белгілі бір кезең ішінде қолда бар және қайта туындайтын талаптарды ұсынуы қажет. Талаптарды ұсынудың бұл түрі қолайлы деп саналады. Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің мұндай нысанын қолдану кезінде тәуекелді төмендету мақсатында банк берілген несие көлеміне қарағанда едәуір артық сомаға талаптарды ұсынуды қажет етеді. Жалпы және ғаламдық цессия кезінде несиенің максималды сомасы ұсынылған талаптардың құнынан 20-40% пайызды құрайды.

Несие операцияларын жүзеге асыру  кезінде әрбір банк несие бойынша  мерзімі өткен берешектің түзілуі  сияқты жағымсыз сәттермен соқтығысады.

Несие бойынша мерзімі  өткен берешек – бұл төлемдерді өтеу мерзімі бұзылған несие.

Несие бойынша қарыз алушының міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешектің пайда болу себептері объективті және субъективті болып бөлінеді.

Объективті  себептері деп қарыз алушыдан немесе банктен тәуелсіз себептер бойынша  туындайтын жағдайлар, оқиғалар түсіндіріледі, ал олар өз кезегінде тура немесе жанама түрде мерзімі өткен берешектің пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Несие бойынша мерзімі өткен  берешектің пайда болуының объективті себептері келесідей:

- бастапқы жоспарланған жобаның өзгеруіне әкеп соқтырған заңнаманың өзгеруі;

- жобаның экономикалық параметрлерінің өзгеруіне әкеп соқтырған тауарлар мен қызметтер нарығындағы жағдайдың өзгеруі (бағанаң, тұтынушылық басымдылықтардың өзгеруі, нарықта жаңа қатысушылардың пайда болуы және басқа жағдайлар);

- қарыз алушы-жеке тұлғаның, қарыз алушы-заңды тұлға жетекшілерінің немесе құрылтайшыларының қатты ауыруы немес өлімі;

- қарыз алушы-заңды тұлғаның құрылтайшылар құрамының өзгеруі;

- банктік несие бойынша қамтамасыз ету ретінде келтірілген мүлікке үшінші тұлғалар/мемлекет тарапынан талаптар (наразылықтар).

Несие бойынша мерзімі өткен  берешектің пайда болуының субъективті  себептері келесідей:

- қарыз алушының жетекшілер құрамының өзгеруі;

- біліксіз менеджмент, жоспарланған жобаны іске асыру кезіндегі тиімсіз әрекеттер;

- өзінің экономикалық жағдайы жөнінде ақпаратты қарыз алушының жасыруы;

- қарыз алушының өз мүмкіндіктерін асыра бағалауы;

- қарыз алушы мен жоба бойынша серіктестері арасында жанжалдың пайда болуы.

Несие бойынша қарыз алушының мерзімі өткен берешегінің пайда болу себептерінің бірі ретінде жобаны қарастыру мен несиелендіру жөнінде шешім қабылдау барысында банк қызметкерлерімен жіберілген қателіктері болуы мүмкін.

Мерзімі өткен берешектің пайда болуының себептерін шартты түрде екі санатқа бөлуге болады:

- несие бойынша өз міндеттемелерін орындауға қарыз алушының мүмкіндіктері жоқ;

- несие бойынша өз міндеттемелерін орындауға қарыз алушының ниеті жоқ және ол несиені өтеуден жалтаруда.

 

 

1.3 Қазіргі жағдайларда Қазақстан Республикасындағы несие портфелінің сапасын бағалау

 

Қазақстан Республикасының Қаржы  нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және бақылау бойынша агенттігінің (ҚҚА) мәліметтері бойынша 2008 жылдың 01 шілдесінде елімізде қызмет ететін екінші деңгейдегі 35 банктің (ЕДБ) ішінен 18-і шетелдік қатысуы бар банктер болып табылады, ал Қазақстан Республикасында резидент емес банктер өкілдерінің саны 29 құрайды.

Бүгінгі таңда шетелде, бірінші  кезекте ТМД территориясында, біздің еліміздің барлық ірі банктерінің  өкілдері немесе еншілес банктері бар. ҚҚА мәліметтері бойынша шетелде екінші деңгейдегі банктер-резиденттер өкілдерінің саны 16 құрайды.

Жүйеде төрт ірі банк басым болып  табылады: «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Альянс-банк» АҚ, «БТА Банк» АҚ. Олар бұрынғыдай қалған банктер арасында үздік позицияларды алып отыр. Қаржылық дағдарысқа байланысты Қазақстанның банк жүйесі қаржы нарығында өз позицияларын едәуір төмендетті. Мәселелі несиелер санының ұлғаюы нәтижесінде қазақстандық банктер активтерінің сапасы нашарлады. Осыған байланысты тізбектік реакция жүреді, өйткені біздің банктік жүйеміз экономиканың отандық секторларын несиелендіру үшін, соның ішінде ипотекалық несиелендіру үшін капиталдың әлемдік нарықтарын пайдаланды.

Отандық банктердің шетелдік банктер алдында негізгі қарыздың күрт ұлғаюы болды. Әлемдік дағдарыс отандық банк жүйесін ғана емес, әлемнің бүкіл банк жүйесін жанап өткендіктен, шетелдік банктер меншік құралдарының жетіспеушілігіне байланысты пайыздық қарызды қайтаруды талап етті.

2 кестесінде Қазақстанның банк  секторының табыстылық көрсеткіштері  келтірілген.

 

2-кесте – Банк секторының табыстылық көрсеткіштері

 

Банк секторының табыстылығын сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіштер динамикасы

2004

2005

2006

2007

2008

Табыс салығын төлегенге дейінгі таза табыс, млрд. теңге

34,1

39,0

82,6

127,5

89,9

Табыс салығын төлегенге  дейінгі таза табыстың жиынтық активтерге қатынасы (ROA), %

1,98

1,45

1,82

1,44

1,83

Табыс салығын төлегенге  дейінгі таза табыстың баланс бойынша  меншік капиталға қатынасы (ROE), %

14,21

11,26

14,06

14,65

15,77


 

Табыс салығын төлегенге дейінгі  таза табыс 2007 жылмен салыстырғанда күрт төмендеді және 89,9 млрд. теңгені құрады. Бұл банк активтерінің сапасының нашарлауы жөнінде куәландырады. 2004 жылмен салыстырғанда табыс салығын төлегенге дейінгі таза табыстың жиынтық активтерге қатынасы да төмендеді және 1,83 пайызды құрады.

3 кестесінде елдің экономикасын банк секторымен несиелендіруді сипаттайтын абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштердің динамикасы келтірілген.

3 кестесінен экономика секторларына  берілген несиелердің көлемі 2004 жылдан 2008 жыл аралығында күрт ұлғайғанын және 8868,3 млрд.теңгені құрағанын көреміз.

 

3-кесте – Банк несиелерін беру көрсеткіштері

 

Ел экономикасын банк секторымен несиелендіруді сипаттайтын абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштердің динамикасы

2004 год

2005 год

2006 год

2007 год

2008 год

Экономикаға несиелер (млрд. теңге), соның ішінде:

978,1

1812,9

2592,1

4692,7

8868,3

Қысқа мерзімді, млрд. теңге

369,8

634,5

869,2

1257,8

1782,7

Ұзақ мерзімді, млрд. теңге

608,3

1178,4

1722,9

3434,9

7085,6

Несиелердің жалпы көлеміндегі  заңды тұлғаларға несиелердің үлес салмағы, %, соның ішінде:

87,5

79,5

74,2

65,8

64,5

шетелдік валютадағы несиелер, %

53,5

51,9

51,5

48,4

42,7

теңгедегі несиелер, %

46,5

48,1

48,5

51,6

57,3

сыйақылардың орташа өлшенген мөлшерлемесі, %

14,9

13,7

13,0

12,2

14,8

Несиелердің жалпы көлеміндегі  жеке тұлғаларға несиелердің үлес салмағы, %, соның ішінде:

12,5

20,5

25,8

34,2

35,5

сыйақылардың орташа өлшенген мөлшерлемесі, %

20,3

19,5

19,7

18

19,3


 

Көрсеткіштерден заңды тұлғаларға берілген несиелер шетелдік валютада да берілгені және 42,7 пайызды, яғни заңды тұлға несиелерінің жалпы  үлес салмағынан жартысын дерлік құрағаны белгілі. Теңгенің құнсыздануымен байланысты отандық банктерде мәселелі несиелердің шкаласы ұлғаяды, бұл қайтадан активтер сапасының төмендеуіне әкеп соқтырады. Банктер несиелерінің үлес салмағын 4-5 суреттерінен көруге болады.

 

4-сурет – 2007 жылдағы коммерциялық  бантердегі несилердің меншікті салмақ үлесі

5-сурет – 2008 жылдағы коммерциялық  бантердегі несилердің меншікті  салмақ үлесі

 

Берілген несиелердің негізгі  үлесі заңды тұлғаларға жатады. Бірақ  осыған қарамастан, 2004 жылдан 2008 жыл  аралығында берілген несиелердің  
23 пайызға төмендеуі болды және 2008 жылы 64,5 пайызды құрады. Несиелердің жалпы көлеміндегі жеке тұлғаларға несиелердің үлес салмағы 2004 жылдан 2008 жыл аралығында күрт ұлғайды және 35,5 пайызды құрайды.

4 кестесінде тәуекел дәрежесі бойынша банк несиелерінің жіктелуі келтірілген.

 

4-кесте – Коммерциялық банктер несиелерінің жіктелуі   Млрд. теңгеде

 

Көрсеткіштер

2004

2005

2006

2007

2008

Стандартты

445,8

1134,2

2319,5

3989,4

7939,7

1 санаттағы күмәнді

147,3

159,6

142,3

129,6

252,4

2 санаттағы күмәнді

98,2

134,1

27,6

187,1

261,8

3 санаттағы күмәнді

87,5

142,3

23,1

132,2

213,7

4 санаттағы күмәнді

73,1

98,5

19,6

147,4

68,2

5 санаттағы күмәнді

49,6

81,1

44,5

39,7

57,4

Сенімсіз

76,6

60,1

15,5

67,3

75,1

Барлығы

978,1

1812,9

2592,1

4692,7

8868,3


 

Келтірілген кестеден күмәнді және сенімсіз несиелердің көлемі ұлғайғаны  байқалады. Банктердің несиелік портфеліне жағымсыз әсер ете отырып, сенімсіз несиелердің сомасы 2008 жылы 75,1 млрд. теңгені құрайды. Бұл, ең алдымен, қарыз алушының төлем қабілеттігінің нашарлауымен байланысты, себебі қаржылық дағдарысқа байланысты кәсіпорындардың көбі жұмыс күнін қысқартты, еңбекақыны кешіктіре бастады, нәтижесінде мерзімі өткен берешек ұлғайды. Сонымен қатар банктер арасындағы бәсекелестік те зор әсер етеді, өйткені банктер несиені беруде құжаттар санын қысқартады, осылайша тәуекел мен күмәнді және сенімсіз несиелердің санын өздері ұлғайтады.

Коммерциялық банктер несиелерінің жіктелуін көрнекі түрде                            6-7 суреттерінен көруге болады.

Информация о работе Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)