Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:13, дипломная работа

Описание

Қызметтік мамандануға байланысты несиелік жүйенің ядросын шаруашылық айналымның несие-қаржылық қызмет көрсетуі бойынша жүгін артатын банктік  жүйе құрайды, ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі несие институттарының қызметін шоғырландыратын бірыңғай орган болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында  нарықтық қатынастардың орнатылуы  мен кейінгі тереңдеуіне байланысты несиелік қызмет көрсету коммерциялық банктердің қызметінде маңызды рольді алады.

Содержание

Кіріспе 3
1 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың теориялық негіздері 6
1.1 Несие қызметі – банк бизнесінің негізі 6
1.2 Мәселелі несиелер және олардың пайда болу себептері, әдістері 10
1.3 Қазіргі жағдайларда Қазақстан Республикасындағы несие портфелінің сапасын бағалау 20
2 2007-2008 жж. кезеңіндегі «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да мәселелі несиелерді басқару жүйесін ұйымдастыруды бағалау 28
2.1 Банк қызметінің сипаттамасы және негізгі көрсеткіштері 28
2.2 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несие портфелін талдау 34
2.3 Несие портфелін қалыптастыру мен мәселелі несиелерді басқару бойынша банк саясатын бағалау 45
2.4 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ несиелендіру бағдарламалары 54
3 Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару механизмін жетілдіру
3.1 Коммерциялық банктердің мерзімі өткен берешекпен жұмысты ұйымдастыру мәселелері
3.2 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқарудың даму болашағы
Қорытынды 77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 81
А қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ бухгалтерлік балансы 84
Ә қосымшасы «Қазақстан Халық банкі» АҚ табыстар мен шығындар туралы есеп беру
Б қосымшасы Графикалық бөлім

Работа состоит из  1 файл

Комм банктерде мәселелі несиелерді басқару.doc

— 1.27 Мб (Скачать документ)

- моральдік тәуекел;

- іскерлік тәуекел;

- қаржылық тәуекел;

- қамтамасыз ету тәуекелі.

Әдетте, аталып өткен тәуекелдер нақты  несие алушының қызмет саласына жатады.

Моральдік тәуекел теріс іскерлік атағы бар клиенттерге тән. Қаржылық тәуекел (немесе өтімділік тәуекелі) өтімділік, пайдалылық, айналымдылық көрсеткіштерін, кәсіпорын мүлігінің құрамы мен құрылымын, сонымен қатар жеке тұлғалардың табыс деңгейі мен тұрақтылығын талдауды жүзеге асырған кезде анықталады.

Іскерлік тәуекел қарыз алушы-кәсіпорын жұмыс істейтін және өз өнімін өткізетін саланың дамуы жөніндегі мәліметтер негізінде бағаланады. Қамтамасыз ету тәуекелі, қажет болған жағдайда, кепілденген мүліктің төмен өтімділігі мен жоғарылатылған кепілдік құнына байланысты оны сатудың қиындығы туындайтын қаупімен сипатталады. 1 кестесінде банктік несие тәуекелінің жіктелуі келтірілген.

 

1-кесте – Банктік несие тәуекелінің жіктелуі

 

Көрсеткіштер

Түр

1

2

Талдауды жүзеге асыру  деңгейі

- жиынтық

- жеке

Пайда болу саласы

- қарыз алушының тәуекелі

- несие өнімінің тәуекелі

Қарыз алушының түрі

- ел тәуекелі

- заңды тұлғаны несиелендірудің тәуекелі

- жеке тұлғаны несиелендірудің тәуекелі

1-кестесінің жалғасы

1

2

Тәуекелдің байқалу  сипаты

- моральдік

- іскерлік

- қаржылық (өтімділік)

- қамтамасыз ету

- құрылымдық-процессуалды

- дербес

Қарыз алушы әрекетінің сипаты

- негізгі қарыздың пайыздарын төлеуден бас тарту

- банктік бақылауға кедергі жасау

- несиені жөнсіз пайдалану

Тәуекелді басқарудың дәрежесі

- оқшауланған

- оқшауланбаған

Тәуекел дәрежесі

- жоғары

- орташа

- төмен


 

Сонымен бірге осы топта банктің  жалпы несиелік қызметіне тән  тәуекелдерді ажырату қажет. Мұндай тәуекелдерге келесілерді жатады:

- құрылымдық-процессуальды;

- дербес;

- технологиялық;

- несиелермен заңсыз әрекеттер тәуекелдері.

Кең ұғымда құрылымдық-процессуалды сипаттағы тәуекелдер банктің несиелік саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру  үрдісінде туындайтын қателіктермен  байланысты. Тар мағынада олар несие  үрдісін ұйымдастырудың мәселелерін  қозғайды. Дербес тәуекелдердің тармағы қызметкерлерді іріктеу сатысында қате шешімдерді қабылдаумен сипатталады және де оларды белгілі бір лауазымдарға тағайындаумен байланысты. Сонымен қатар, қызметкерлердің кәсіби деңгейлерін жоғарылату, персоналдың даму мәселелеріне банк жетекшілігінің жеткіліксіз көңіл бөлу жағдайларында несиелік тәуекелдің жалпы көлеміне тәуекелдердің берілген тармағының әсері үнемі өсіп отырады. Несие мамандарының жұмыс орындарын техникалық қамтамасыз етуді, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалануды қарастыратын қолайлы еңбек жағдайларын құру мәселелерінен банктің жетекші қызметкерлерін шеттету технологиялық тәуекелдердің пайда болуының себебі болып табылады.

Келтірілген жіктеуді бірнеше екінші дәрежелі белгілермен толықтыру  жөн. Оларға жататындар:

- қарыз алушы әрекетінің сипаты;

- тәуекел дәрежесі;

- тәуекелді басқару дәрежесі.

Осылайша, қарыз алушының әрекетіне  байланысты оқиғаның дамуының әр түрлі  нұсқаларын қарастыру мақсатқа лайықты: пайыздарды және (немесе) негізгі қарызды төлеуден қарыз алушының бас тартуы, несиені жөнсіз пайдалану, банктік бақылауға кедергі жасау және несиелік келісімнің шарттарын басқа бұзулар.

Тәуекел дәрежесі бойынша жалпы  оның үш деңгейін ажырату жөн:

- жоғары;

- орташа;

- төмен.

Тәуекелдің дәрежесін нақты  анықтау қажеттілігі туындаған  жағдайда әрбір деңгей бірнеше деңгейшелерге  талдануы мүмкін.

Несиелік тәуекелдің басқару дәрежесіне байланысты ажыратылады:

- оқшауланған тәуекелдер (анықталған және бақыланатын);

- оқшауланбаған, яғни жете бағаланбаған тәуекелдер және оларды басқару мүмкіндіктері едәуір шектелген.

Банктік несие тәуекелінің келтірілген  жіктелуі оның құрамына қатысты маңызды мәселелерді қозғап қана қоймай (критерийлер: талдауды жүзеге асыру деңгейі, пайда болу саласы, қарыз алушының түрі, несиелік тәуекелдің байқалу сипаты, қарыз алушы әрекетінің сипаты), тәуекелді басқарудың кейбір жалпы аспектілерін де ескереді (критерийлер: тәуекел дәрежесі және оны басқару дәрежесі). Мұның бәрі қажетті тәуекелді дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.

Басқа жағынан жіктеуді тәуекелдің пайда болу шарттарының тұрғысынан келтіруге болады:

- несиелендірудің тура тәуекелі;

- несиелендірудің шартты тәуекелі;

- контрагенттің келісім шарттарын орындамау тәуекелі;

- эмиссиялар мен орналастырулар;

- клирингтік.

Қазіргі уақытта коммерциялық банктер  мерзімі өткен берешектердің  пайда болу тәуекелдерін алдын алу  үшін несиені қамтамасыз етудің әр түрлі әдістерін қолданады. Сонымен бірге қазіргі сәтте кепіл ең тиімді және заңмен реттелетін болып саналады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес, кепіл дегенде қарыз алушының міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде қарыздар тұлғамен бөлінген немесе осы мақсатта басқа тұлғамен келтірілген мүлікке қатысты кредитордың өкілеттілік кешені болып табылатын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету әдісі түсіндіріледі. Мүлік (жылжымалы және жылжымайтын) кепілі егер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалмайтын болса, кредитор-кепіл ұстаушы осы мүлікті сатуға құқылы екендігін білдіреді. Кепіл күшіне қарай кредитор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені қарыздар-кепіл берушімен орындалмаған жағдайда кепілденген мүлік құнынан қанағаттануға құқылы. Кепіл несиенің қайтарылуын ғана емес, сонымен қатар сәйкес пайыздарды және келісім шарттары орындалмаған жағдайда тұрақсыздық айыбын төлеуді де қамтамасыз етуі қажет. Сонымен бірге кепілденген мүліктің нарықтық құны төмендеуі мүмкін екендігін ескеру қажет. Сондықтан барлық жағдайларда кепіл құны сұратылатын несие көлемінен жоғары болуы тиіс. Кепілмен заңды тұлғалардың да, жеке тұлғалардың да міндеттемелері қамтамасыз етілуі мүмкін.

Кепіл келісім немесе заң арқасында  туындайды. Келісім арқасында туындайтын кепіл ең кең тараған, мұнда борышқор кредитормен келісім жасасып, мүлікті еркін түрде кепілге береді. Кепілмен тек нақты талап қана қамтамасыз етілуі мүмкін.

Бұл кепіл туралы келісім-шарттың  дербес сипат алмайтынын білдіреді, яғни орындалуды қамтамасыз ететін басқа келісіммен байланыссыз келісім жасауға болмайды. Кепілдің мұндай түрі кепілдік механизм ретінде алға шығуға мүмкіндік береді.

Кепіл заты ретінде Қазақстанның заңнамасына  сәйкес кепіл берушімен иесіздендірілетін  кез келген мүлік, сонымен қатар құнды қағаздар мен мүліктік құқықтар болуы мүмкін.

Кепіл беруші ретінде кепіл затына жеке меншік немесе толық шаруашылық жүргізу құқығындағы тұлға болуы  мүмкін. Мүлікпен толық шаруашылық жүргізу құқығы шаруашылық жүргізуші  субъектіге меншік иегерге сияқты көлемде мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік жүргізуге мүмкіндік береді, егер заңмен және құрылтай құжаттарында меншік иегермен басқасы қарастырылмаса. Мүлікті иесіздендіруге шектеулер мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты, өйткені олар мекемелер мен ғимараттарды кепілдендіруге мүлікті басқару бойынша сәйкес комитеттен рұқсат алуы тиіс.

Кепіл ретінде нақты болуы мүмкін:

- жалпы кәсіпорын (немесе кәсіпорындар кешені);

- негізгі қорлар (мекемелер, ғимараттар, жабдықтар);

- тауар-материалды құндылықтар;

- тауар-транспорттық құжаттар (темір жол жүкқұжаттары, варранттар, қойма куәліктері, келісім-шарттар және т.б.);

- валюта құралдары;

- құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, сертификаттар, депозиттік салымдар).

Кепілдің екі түрін ажыратады:

- кепіл заты кепіл берушіде қалатын жағдайдағы кепіл;

- кепіл заты кепіл ұстаушыға иелікке берілетін жағдайдағы кепіл.

Кепілдің бірінші түрі ең кең  тараған.

Мүлікті кепіл берушіде қалдырған  жағдайдағы кепіл кезінде соңғысы  құқылы:

- кепіл затын мақсатқа сәйкес иеленуге және пайдалануға;

- кепіл затын кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша қарыз алушыға аударумен иесіздендіру арқылы басқаруға.

Мүлікті кепіл берушіге қалдырған  жағдайдағы кепіл бірнеше нысандарда болуы мүмкін, төмендегілер негізгі  болып табылады:

- айналымдағы тауарлар кепілі;

- қайта өңдеудегі тауарлар кепілі;

- жылжымайтын мүлік кепілі.

Айналымдағы тауар кепілі (ауыспалы құрамы бар кепіл) – бұл берешектің белгілі бір бөлігін бір уақытта өтеу немесе жарамсыз тауарларды басқа тауарлармен, несиелендірудің берілген түріне сәйкес тең немесе артық сомадағы құндылықтармен алмастыру жағдайында қарыз алушының кепілденген құндылықтарды сатуға құқылы кепіл нысаны.

Қарыз алушы кепілденген құндылықтардың сәйкес есебі мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті және осы үшін жауапкершілік артады.

Қайта өңдеудегі тауар кепілі – бұл қарыз алушы өз өндірісінде кепілденген шикізатты, материалдарды, жартылай фабрикаттарды қайта өңдеуге құқылы, бірақ сонымен бірге кепілдік құқық өндірілген жартылай фабрикаттарға, аяқталмаған өндіріске, дайын өнімге және жүктелген тауарларға таралатын кепіл нысаны.

Айналымдағы тауар кепіліне сауда  және жабдықтау ұйымдары несиелендірілді  және әлі де несиелендіріліп келеді. Қайта өңдеудегі тауар кепіліне мемлекеттік өнеркәсіптік, құрылыс, транспорттық, ауыл шаруашылық кәсіпорындары несиелендіріледі.

Жылжымайтын мүлік кепілі (ипотека) – бұл сәйкес жер учаскелерімен немесе пайдалану құқығымен бірге кәсіпорындардың, мекемелердің, ғимараттардың немесе жермен тікелей байланысты басқа объектілердің кепіл нысаны.

Мекемелер, жабдықтар және басқа  жылжымайтын мүлік кепіліне несие  бере отырып, банк олардың сатылау  дәрежесіне емес, қарыз алушының несиені  өтеу үшін жеткілікті пайда табу қабілетіне мүдделі болуы тиіс.

Банк кепіл ұстаушы ретінде кепіл берушінің кепілін қалдырған кезде құжаттар бойынша оның нақты қолда барын, көлемін, жағдайы мен кепіл затын сақтау шарттарын тексеруге құқылы. Егер кепіл заты жоғалса және кепіл беруші оның орнын толтырмаса немесе кепіл ұстаушының келісімімен құны бойынша тең басқа мүлікпен алмастырмаса, онда банк-кепіл ұстаушы кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені мерзімінен бұрын өтеуді талап етуге құқылы.

Кепілдік механизмді іске асырудың негізгі сатылары болып  табылады:

- кепіл заты мен түрін таңдау;

- кепіл заттарын бағалауды жүзеге асыру;

- кепіл туралы келісімді жасау және орындау;

- кепілді өндіріп алу тәртібі.

Клиент мүлігі кепіл  заты болуы үшін оның қабылдарлық  және жеткіліктік критерийлеріне сәйкестігі қажет.

Кепілдің сапа критерийлері:

- кепілденген мүліктің құны мен несие сомасының қатынасы;

- кепілденген мүліктің өтімділігі;

- банктің кепілденген мүлікке бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі.

Қазақстанда кепілден басқа несиені  қайтаруды қамтамасыз ету бойынша  шаралар ретінде кепілдеме мен  кепілдік сияқты нысандар қолданылады. Бұл жағдайда қарыз алушы үшін мүліктік жауапкершілікті, әдетте, үшінші тұлға артады.

Кепілдемелі міндеттеменің  субъектілері ретінде қаржылық тұрақты  кәсіпорындар мен мүмкіншілігі бар  арнайы мекемелер бола алады.

Несиені қайтаруды қамтамасыз етудің нысаны ретінде кепілдеменің тиімділігі бірқатар факторларға байланысты:

а) бастапқы мәні кепілдеменің қаржылық тұрақытылығына несие беретін банктің нақты бағасына ие. Осыған байланысты кепілдеменеің екі түрін қолданады:

1) егер кепілдемешінің қаржылық тұрақтылығы күмәнді немесе белгісіз болса, онда кепілдемеші мүлігінің кепілімен қамтамасыз етілген кепілдемесі қолданылады;

2) кепілдемешінің қаржылық тұрақтылығына сенім артқан жағдайда қамтамасыз етілмеген кепілдеме қолданылады.

б) банк-кредитор кепілдемешінің өз міндеттемесін орындауға дайын екендігіне көз жеткізуі тиіс;

в) кепілдемешілер орындау мүмкіндігінен артық сомаға кепілдеме бермеуі тиіс.

Кепілдік келісімі – бұл келісім-шарт түрі, осыған сәйкес кредитор алдында басқа тұлғаның (қарыз алушының, борышқордың) өз міндеттемелерін орындау үшін жауап беруіне кепілгер міндеттеледі.

Информация о работе Коммерциялық банктерде мәселелі несиелерді басқару («Қазақстан Халық банкі» АҚ үлгісінде)