Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 21:51, дипломная работа

Описание

Дипломдық жұмыс 65 бет көлемінде баяндалып, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздеріне арналған. Осы бөлімде экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының шет мемлекеттердегі ерекшеліктері сипатталған.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................
1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының теориялық негіздері
1.1. Экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының мәні
1.2. Экономиканы ақша-несиелік реттеудегі Ұлттық Банктің рөлі
1.3. Дамыған шет елдердегі экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдарының ерекшеліктері............................................................................
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ БАРЫСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. Ұлттық банктің ақша-несие саясатын іске асыру кезеңдері
2.2. Ұлттық банктің инфляцияны болжау нәтижелері
2.3. Ұлттық банктің валюталық реттеу қызметін талдау
3. ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЭКОНОМИКАҒА ЫҚПАЛ ЕТУ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары және 2010 жылға арналған негізгі көрсеткіштерінің болжамы
3.2. Қаржы секторының тұрақтылығын арттырудағы Ұлттық банктің қызметін жетілдіру бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

НАЦ Банк.doc

— 525.00 Кб (Скачать документ)

Республикамыздың банк жүйесінің дамуын тілге тиек  ете отырып, Ұлттық және коммерциялық банктерге ортақ мәселелерге тоқталып, банктердің қызметін жетілдірудегі өзекті мәселелерді, жалпы банк жүйесін дамытудың маңызды жолдарын талқылап, оң мен солды ажыратып отыру керек. Тұтастай алғанда, ақша-несие саясатының тиімділігін көтеру үшін оған «мемлекеттік» деген мәртебе беріп және оны Республикадағы Ұлттық банк Үкіметпен бірлесе отырып жасау керек. Өйткені ақша- несие саясаты еліміздің қаржы саясатының негізгі бір бөлігі болып табылады. Содан соң «Парламенттің құзырлы функциясын кеңейту керек» деп отырған жағдайда Республикамыздың парламенті экономикалық жағдайға сәйкес, мемлекеттің ақша-несие саясатын мақұлдап, оның қолдануын бақылауға құзырлы болуға тиіс. Ал қазіргі кезде Ұлттық банктің ақша-несие саясаты несие эмиссиясын реттеу мәселесін назардан тыс қалдырып, негізінен, қазіргі көлемді реттеу құралдарымен ғана айналысып отыр. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру туралы елбасының ұсынысын іске асыру үшін алдымен еліміздегі банктерден «Қазақстан Республикасы Ұлттық банк жүйесінің бәсекеге қабілетін дамыту бағдарламасын» жасап, қабылдауын талап етті. Қазіргі таңда банк жүйесінің қарқынды дамуына тосқауыл болып тұрған мәселе – банк заңдарының бүгінгі талапқа банк жүйесімен мемлекеттік басқару құралы ретінде сай келмеуі. Банктік қадағалаудың қазіргі жүйесі банктер қызметіндегі тәуекелдің алдын алуға және шектеуге бағытталған рәсімдерге, банктердің пруденциялдық нормаларды сақтауына, жүйенің дәстүрлі түрде ұсынған лимиттері мен шектеулеріне, банктік операциялардың қауіпсіздік деңгейін анықтауға бағыттап, олар ұсынған ақпараттарды және тексерулерді, банктердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және олардың қолданылып жүрген заңдарды сақтауына негізделеді. Осыған байланысты екінші деңгейдегі банктерді қадағалау және реттеу іс тәжірибесін тиімді етудің қажетті талабы – қадағалау рәсімдерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру. Сонымен қатар тұрақты қызмет ететін қаржы жүйесі мемлекеттің монетарлық және экономикалық саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының банк жүйесі қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып отырған бөлігі болып табылады. Соңғы бірнеше жыл ішінде республиканың банк жүйесі ТМД елдерінде ең серпімді дамыған жүйе болды. Яғни, банктердің жиынтық активтерінің серпіні жоғары өсу үрдісімен сипатталды. Соңғы бірнеше жыл ішінде екінші деңгейдегі банктер активтерінің күрт өсуі салдарынан және банктердің ресурстық базасының жалғасып жатқан өсуі жағдайында орталық несиелік операцияларының абсолютті сияқты салыстырмалы түрде де көлемінің ұлғаюы болды. Сонымен қатар банк секторының несиелік және рыноктық тәуекелге, өтімділікті жоғалту тәуекеліне ұшырағыштығы әлі де болса сақталуда. Банктердің тұрақтылығы үшін елеулі теріс факторы несиелік тәуекел болып табылады, мұны жіктелген активтер динамикасы растап отыр. Дүниежүзілік Банк пен Халықаралық валюта қоры мамандарының қорытындысы бойынша басқа да тең жағдайларда жетілген активтер бойынша провизиялар 100% құралған жағдайда жетілген активтердің  20%-ға өсуі банк секторы капиталының жеткілікті болуының жиынтық көрсеткішінің ең төменгі рұқсат етілген деңгейге, ал 60%-ға өсуі банктердің төлеу қабілетсіздігіне әкеп соқтырады.

Бүгінгі таңда еліміздің банк саласына қаржы дағдарысының әсері қатты тиіп жатыр. Қаржылық бақылау агенттігі елбасының тікелей тапсырысымен 2007 жылы сырттан қарыз алуды шектеді. Яғни, елбасы шектеуінің арқасында біздің еліміздің банк саласы күйзелістен аман қалды. Еліміздегі банк саласы көбінесе жеке меншікте болғанмен, банк саласының дағдарысы бүкіл мемлекеттің құлдырауына әкеп соғады. Сондықтан қазіргі таңда еліміздің банк саласында мемлекеттік қадағалаудың болғаны абзал, сонымен қатар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің бір ерекшелігі – мемлекеттік әсер ету тетігінің өз деңгейінде болуы. Мұндай жағдайда мемлекет қаншалықты билікті қажет етсе, соншалықты билікті өз қолына алуы керек. Мемлекет тиесілі заңнамалық  актілерді қабылдау арқылы ғана банктерге белгілі бір деңгейде әсер ете алады. Сондықтан мемлекет бұл саладағы барлық мәселелерді қамтитын Қаржы кодексін қабылдаса жөн болар еді. Бұдан басқа мемлекеттің ықпал ету тетігі жоқ, өйткені мемлекеттегі екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік жеке меншік негізде қызмет етіп келеді. Бұл тұста айта кететін жайт, мемлекет банктердің қаржылық дағдарысын қатты сезініп отыр. Екіншіден, Қазақстан банктерінің осы күнге дейін шетелден алған қарызы тағы бар, яки банктердің үстіміздегі жылғы шетке қарызы 12 миллиард  теңгені құрайды. Сол секілді келесі жылы да банктер шетелге мерзімі келген қарызды қайтаруы тиіс болады. Осыны біліп отырған мемлекет банктердің мүлдем құлдырап кетпеуі үшін банктік қадағалау жүргізіп, арнайы  шаралар қолданып жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.      ҚР Президентінің 1995 жылдың 30 наурызындағы № 2155 «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі туралы» Жарлығы (ҚР Президентінің    20.07.95 ж. №2370, 02.08.95 ж. №2396, 05.12.95 ж. №2672, 27.01.96 ж. №2830 Жарлықтарына, ҚР 03.07.96 ж. №18-1, 07.12.96 ж. №50-1, 11.07.97 ж.    №154-1, 08.12.97 ж. №200-1, 29.06.98 ж. №236-1 заңдарына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілді).

2.      ҚР Президентінің 1995 жылдың 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы Банктер мен банк қызметі туралы» Жарлығы (1996 жылдың 6 наурызында, 1996 жылдың 7 желтоқсанында және 1997 жылдың 11 шілдесінде енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса ескергенде).

3.      1996 жылдың 24 желтоқсанындағы №54-1 ҚР «Валюталық реттеу туралы» заңы. (1997 жылдың 11 шілдесіндегі №154-1 ҚР заңымен, 1998 жылдың 9 шілдесіндегі №277-1 ҚР Заңымен өзгерістер енгізілді).

4.      Сейтжанов Ә.А. Қазіргі кезеңде банктік қызметті мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері \\ Казахстанский журнал международного права. – 2003 ж. - №2(10).

5.      Сейтжанов Ә.А. Банк саласында мемлекеттік қадағалаудың болғаны абзал \\ Айқын. – 2008.

6.      Давыдова Л., Райманов Д. Банковское право Республики Казахстан. - Алматы: Жеті жарғы, 2000.

7.      Кочетекова М.П. Есть такая профессия банки проверять // Банковское дело.2008. - №4.

8.      Пруденциалдық нормативтер туралы ереже. 3 маусым,2002 жыл, № 213. Банки Казахстана, № 8, 2002 г.

9.      «Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесіне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы». Ұлттық банк, 18 қаңтар 2002 жыл, № 24 қаулы. Егемен Қазақстан 12 наурыз 2002 жыл, № 54.

10.  Банковское дело. Учебник / Под ред. В.И.Колесникова, Л.П.Кроливецкой. – М.: Финансы и статистика, 1995г.

11.  Банковское дело. Учебник / Под ред. О.И.Лаврушина. – М.:Финансы и статистика, 1998 г.

12.  Банковское дело. Учебник / Под ред. Г.С.Сейткасимова. – Алматы: Қаржы-қаражат, 1998г.

13.  Струченкова Т.В. Современные подходы к регулированию банковских рыночных рисков, Банксковые дело,2004 г.

14.  Бор В., Пятенко В.В., Менеджмент банков: Организация, стратегия, планирование. – М.: ИКЦ «ДИС», 1997 г.

15.  Бахмутова Е.Система управления рисками в банках втрого уровня, Банки Казаксана ,2004 г.

16.  Вальравен К.Д. Управление рисками в коммерческом банке: Учеб пособие 2-ое изд.-Вашингтон: Институт экон. Развития Мирового Банка 1997г.

17.  Голубович А.Д., Кулагин М.В., Мирилеская О.М. Валютные операции в коммерческих банках. М.: Менатеп-информ, 1994 г.

18.  Грабовой П.Г. Риски в современном бизнесе, Москва : Аланс,1994.

19.  Жуков Е.Ф. Менеджмент имаркетинг в банках. М.: Юнити, 1997 г.

20.  Ивасенко А.Г. Банковские риски, Учебное издание. – М.: Вузовская книга, 1998 г.

21.  Жамишев Б. Системы управления рисками в банках второго уровня,Рынок ценных бумаг Казакстана, 2005 г.

22.  Редхед К.Хьюс. Управление финансовыми рисками, Москва : Инфра-М,1996

23.  Севрук В.Т. Банковские риски. – М.:Дело ЛТД, 1995 г.

24.  Ахметов Д. Стратегия управления банковскими рисками и факторы, вляющие на ее выбор, Финансы Казакстана, 2005 г.

25.  Стратегия управления банковскими рисками. Новиков И.А., Чумаченко Б.П., Шалгимбаева Г.Н. Алматы : Қаржы-қаражат, 1998г.

26.  Морозов Т.Ю. Подходы к оценке системы управления рисками в банках.Банки Казакстана,2006 г.

27.  Черкасов В.Е.  Финансовый анализ в коммерческом банке,  Москва :  Инфра-М, 1995 г.

28.  Хамитов Н.Н., Корнилова Л.П. Управление банковскими рисками. Алматы 2002 г.

29.  Хандруев А.А. Управление риском банков //Деньги и кредит. 1997г.

30.  Новиков И.А Стратегия управления банковскими рисками,Алматы : Қаржы- қаражат,2000 г.

31.  Джозеф Ф.Синки мл. Управление финансами в коммерческом банке. Москва, 2004.

 

1

 



Информация о работе Қр ұлттық банкі: оның экономикаға ықпал ету механизмдері мен құралдары