Понятие и виды инновационных стратегий

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 17:31, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» даму стратегиясының басым бағыттарында сипатталғандай, жоғарғы дәрежелі өркениетті нарықта экономикалық өсудің нақты тұрақты өсу қарқынына қол жеткізу барысында салықтық жоспарлау маңызды орынға ие. Аталмыш басым бағыттарды жүзеге асыруды бір жағынан салық әкімшілігін, оның ішінде салықтық жоспарлауды жетілдіру арқылы жүргізуге болады. Сондықтан салықтық жоспарлауды теориялық тұрғыдан талдау өзекті мәселелердің санатына жатады.

Работа состоит из  1 файл

раздел 2.doc

— 709.50 Кб (Скачать документ)
>---

Д.М. Мухияева 

Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қызмет ету механизмінің ерекшеліктері

   Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алуымен бірге  нарықтық қатынасқа тән өзіндік  халықты әлеуметтік қорғау жүйесі қалыптасып келеді. Әр адамның өмірінде кез келген уақытта өзіне қауіп төнетін және өз еркімен шеше алмайтын жағдайлар болып тұрады. Осыған байланысты нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік қорғаудың нақты нысаны бұл жұмысқа қабілетті халықты әлеуметтік тәуекелдерден әлеуметтік сақтандыру болып табылады. Әлеуметтік тәуекелдерге келесідей белгілер тән:1.экономикалық: экономикалық құрылымның өзгерісі, экономикалық дағдарыс немесе өндірісті оңтайландыру нәтижесінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеу салдарынан жұмыс жоғалту қаупі; жұмыс орнында алған өндірістік жарақаттар мен ауру салдарынан жұмысқа жарамсыз болып қалу қаупі; 2.уақытша жұмыс істеу қабілетінен айырылу немесе зейнетақылық жасқа келу уақытымен байланысты тәуекелдер.

   Міндетті  әлеуметтік сақтандыру азаматтарды  еңбек ету қабілетін жоғалтуына және жұмысынан айырылуына, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды әлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандардың бірі.

   Халықты әлеуметтік қорғауда сақтандыру жүйесінің  маңызды шартының бірі сақтандырылушыларды  материалдық қамтамасыз етуде сақтандыру төлемдерінің нақты функциясын анықтау.

   Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың үш деңгейлі жүйесі қалыптасқан:

   Бірінші деңгей – Қазақстан Республикасының  Конституциясымен кепілдендірілген әлеуметтік төлемдер, яғни азаматтың қоғам дамуына  жеке салымдардың есебінсіз төлемдердің  бірдей деңгейде барлық азаматтарға  төленуі;

   Екінші  деңгей – міндетті зейнетақы салымдар есебінен төленетін зейнетақы төлемдері және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы төленетін әлеуметтік төлемдер, яғни азаматтың қоғам дамуына салған жеке салымы есебін ескере отырып төленетін қосымша әлеуметтік қамсыздандыру;

   Үшінші  деңгей – ерікті сақтандыру есебінен төленетін әлеуметтік төлемдер.

   Қазіргі таңда, әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қатынастардың маңызды және қажетті элементтерінің бірі. Республиканың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізін анықтайтын заңнамалық база да жасалған.  Бұл сақтандыру түрінің басқа сақтандыру түрінен ерекшелігі азаматтың еңбек қызметінде қатыса алмауына байланысты адамды материалдық жағынан қамтыла алмауынан қорғауды қаматамасыз етеді. Сол себепті,әлеуметтік сақтандыруға ең алдымен өмір сүрудің негізгі көзі болып жалақысы табылатын жұмысшылар қамтылады.

   Осылайша, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі өз қатысушыларының қатынасын реттейтін  мемлекет қабылдап кепілдендіретін  ереже мен нормалардың жиынтығын  білдіреді.  Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидалары келесідей:

   - Қазақстан Республикасының міндетті  әлеуметтік сақтандыру туралы  заңнамасын орындаудың жалпыға  бірдейлілігі;

   - Әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз  етуде пайдаланатын мемлекеттік  шаралардың кепілдендірілуі;

   -  Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне  қатыса алу мүмкіншілігі;

   - Әлеуметтік тәуекелге ұшыраған кезде әлеуметтік төлемдер үшін әлеуметтік аударымдарды пайдалану;

   - Міндетті әлеуметтік сақтандыру  жүйесінің қатысушыларының әлеуметтік  тәуекел кезіндегі әлеуметтік төлемдердің міндеттілігі;

   - Міндетті әлеуметтік сақтандыруды  қамтамасыз ететін мемлекеттік  органдар қызметінің жариялылығы.

   Негізінен, әлеуметтік қорғау табысты қайта  бөлу қатынасын қамтиды, ол өз кезегінде  әлеуметтік тәуекелдерді қайта бөлу негізін құрайды.

   Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау жүйесі келесідей бөлімдердің  дамуын қарастырады:

   - республиканың барлық азаматтарына бірдей деңгейде әлеуметтік тәуекелге байланысты бюджеттен мемлекеттік төлемдер төлеу;

   -  міндетті әлеуметтік сақтандыру;

   -  жинақтаушы зейнетақы қорлары;

   - бюджет есебінен азаматтардың  кейбір категорияларына берілетін  әлеуметтік көмек пен арнайы  мемлекеттік бағдарламалар;

   Әлеуметтік  сақтандыру жүйесінің қаржыландырылуы  әлеуметтік салықтың біртіндеп төмендеуі және жұмысшының табысынан 3% көлемінде міндетті сақтандыру аударымдарын енгізу есебінен жүзеге асырылады.

   Әлеуметтік  сақтандырудағы мәселелердің бірі ол сақтандыру аударымдарын жекелендіру  үрдісін ендіру, бұл үрдіс арқылы жұмысшының аударылған қаражаттарын бақылап отыруға ынталандырып, мүмкіндік береді. Мұндай үрдісті енгізу әлеуметтік қорғау жүйесін реформалаудың бір шарты болар еді.

   Қазіргі таңда Қазақстанда негізгі мемлекеттік  әлеуметтік стандарттары болып ең төменгі  өмір сүру деңгейі, ең төменгі жалақы сомасы және минималды зейнетақы сомасы табылады. Осы жерде әлеуметтік қорғаудың бір мәселесіне тоқтала кетейік. Әр елде зейнетақы қорлары, банктер және сақтандыру компаниялары жеке (меншік) жинақтарды басқаруда ірі инвестор ролінде болады. Бұл кезде уақытша бос сақтандыру резервтерін инвестициялау мәселесі қозғалады. Инвестициялау кезінде жеке жинақтар пайда болмайды, себебі қаражат сомасы тәуекелге ұшыраған топтардың пайдасына қайта бөлініп кетеді. Жалпы, мемлекеттік әлеуметтік қорғау қоғамдық қажетті тұтыну шегіндегі табыстарды қайта бөлуді қамтамасыз етсе, ал ерікті әлеуметтік қорғау сақталған немесе жиналған тұтыну шегінде қайта бөлуді қамтамасыз етеді. Халықтың табысын дифференциациялау мәселесін айтар болса, әлуметтік қорғау мемлекеттік формалары табыстарды теңестірсе, ал ерікті әлеуметтік қорғау керісінше, табысты бөлуді теңсіздендіреді. Яғни, әлеуметтік қорғауда әлеуметтік сақтандырудың ерікті түрі қарқынды дамыса, сәйкесінше, жинақталатын табыс көлемі екі есеге ұлғаятыны белгілі.  Елдегі әлеуметтік қорғау әлеуметтік тәуекелдерді қайта бөлудің негізгі болып табылатын табыстарын қайта бөлу қатынасын құрайды.

   Сонымен қатар, Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі өз қатысушыларын  әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі болып табылады, яғни республиканың жұмыспен қамтылған халқының бөлігі. 2005 жылдан бастап, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары үшін әлеуметтік тәуекел болған жағдайдағы сақтандыру сомасы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамның (бұдан әрі - АҚ) қаржылық ресурстары есебінен жүзеге асатын болды. Осыған қоса, Қордың қаржылық ресурстары әлеуметтік салықты қайта бөлу және келесідей ставкамен төленетін төлеушілердің қорға аударатын әлеуметтік аударымдар арқылы қалыптасады:

   1 қаңтар 2005 жыл –аударым объектісінен 1,5%;

   1 қаңтар 2006 жыл - аударым объектісінен 2%;

   1 қаңтар 2007жыл – аударым объектісінен 3%:

   1 қаңтар 2009 – аударым объектісінен 4%;

   1 қаңтар 2010 жыл – аударым объектісінен 5%.

   Міндетті  әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып әлеуметтік аударымдарды жузеге асырған және әлеуметтік тәуекел болған кезде әлеуметтік төлемдер алуға құқылы жеке тұлғалар табылады. Аталған қор өз қызметін сақтандыру ұйымдарының қағидаларына сай жүзеге асырады.

   Аталған қор әлеуметтік төлемдердерді әлеуметтік тәуекелдің бес түрі бойынша жүзеге асырады – еңбек ету қабілетінен айырылу, жүктілік және босануына және нәресте күтімі үшін алатын төлемдер. Осыларға қысқаша тоқталып өтейік.

   Еңбек ету қабілетінен айрылу: Егер медициналық-әлеуметтік сараптама Сізге еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілесе, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа Сіз еңбек ету қабілетінен айрылуы бойыншаәлеуметтік төлемақы алуға құқылысыз. Еңбек ету қабілетінен айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы мөлшері орташа еңбек ақы мөлшеріне, еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесіне және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.

   Асыраушысынан айрылу: Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан басқа қайтыс (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған) болған адамның асырауында болған отбасы мүшелеріне асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындалуы мүмкін. Асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік төлемдер орташа еңбек ақысына, асырауында болған адамдар санына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтімділігіне байланысты болады. Жұмысынан айрылу: Жұмысқа орналастыруға көмектесу, кәсіптік дайындау, жергілікті бюджет есебінен қоғамдық жұмыс беруден басқа егер сіз үшін 6 айдан кем емес уақыт әлеуметтік аударымдар жүргізілсе және Сіз жұмыссыз ретінде ресми тіркелсеңіз, Сіз жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемақы алуға құқылысыз.

   1-кесте 

   Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдерді алушылар мен сомасының  динамикасы,2005-2008жж., млн.тг

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   *Мәлімет  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының ресми сайтынан алынған.www.gfss.kz    

     Жүктілігі және босануына:  Әлеуметтік төлем бір рет төленеді және ол әйелдің соңғы он екі айда тапқан табысының орташа мөлшерінде тағайындалады. Қалыпты босанған жағдайда орташа айлық табыс 4,2 коэффициентке көбейтіледі, ал ауыр босанған жағдайда және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда орташа айлық табыс 4,7 коэффициентке көбейтіледі. Ядролық сынақтар өткізілген өңірлерде тұратын әйелдер үшін 5,7 және 6,2 коэффициенттер қолданылады. Жаңа туған баланы асырап алған жағдайдағы коэффициент 1,9 құрайды. Нәресте күтімі үшін: Бала күтіміне төленетін әлеуметтік төлем ай сайын төленеді және әйелдің соңғы 24 айдағы орташа табысының қырық пайызы мөлшерінде тағайындалады. Бұл ретте әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы мөлшері ең төменгі еңбек ақының он еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспау керек, ал әлеуметтік төлемнің бала күтіміне төленетін мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінен кем емес мөлшерде тағайындалады.

   Кестеде көріп отырғанымыздай, берілген әлеуметтік төлем сомасы 2005 жылы – 1,3 млн.теңге, 2006 жылы – 3,4 млн.теңге, 2007 жылы – 21,4 млн.теңге, 2008 жылы – 171,5 млн.теңгені құраған. Аталған кестеден әлеуметтік төлемдердің сомасы соңғы жылдарда ұлғайғанын көруге болады.

   Міндетті  әлеуметтік сақтандыруды енгізудің мақсаты жұмыспен қамтылған азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету.

   Республика  бойынша әлеуметтік төлемдердің  құрылымында 2008 жылдың нәтижесі бойынша  негізгі үлес жүкті болу мен босануына  – 10484,4 млн.теңге (51,2%), және баланы қарауы бойынша – 8998,8 млн.теңге(43,9%) тиеді. Қалған үлес еңбек қабілетінен айырылу 646,3 млн. теңге, асыраушысынан айырылу – 333,1 млн., жұмысты жоғалту 28,6 млн.теңгені құрады. 

   2-кесте 

   2008жыл  ішіндегі тәуекел  түрі бойынша әлеуметтік  төлемдердің құрылымы

       

                       

      

   Мұндағы, 3,2% - 846,3 млн.теңге еңбек ету қабілетінен  айырылуға,

   1,6%- 333,1 млн.теңге асыраушысынан айырылуна  байланысты,

   0,1%- 28,6 млн.теңге жұмыс орнынан айырылу, 

   51,2%- 10434,4 млн.теңге жүкті болу мен босану,

   43,9% -8998,8 млн.теңге бала күтіміне бөлінген.

   Әлеуметтік  сақтандыру төлемдерінің 2008 жыл бойынша  жүзеге асуы Алматы қаласында 18%, Оңтүстік Қазақстан облысында 10%, Астана қаласында 9%.

   «Мемлекеттік  әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ қызметінің талдауынан әлеуметтік сақтандыру әр уақытта әлеуметтік қорғаудың әмбебап механизмі бола алмайтынын көре аламыз. Ол елдің экономикасы, еңбек нарығы, демографиялық мәселелер және т.б. факторларға тәуелді болады.

     Сондықтан, әлеуметтік қорғау  тек мемлекет шешетін мәселе деп қарау қазіргі заманғы талаптарға сай келмейді. Сонымен қатар, әлеуметтік сақтандыру мен қорғау мәселесі тек жұмысшылар, жұмыс берушілер және мемлекеттің қызметтерінің бірігуінен ғана тиімді болуы мүмкін. Тек осындай түсінік қалыптасса ғана еліміздегі әлеуметтік тәуекелдерге төтеп бере аламыз.

          

Әдебиеттер 

   1.Қазақстан  Республикасының “Міндетті әлеуметтік  сақтандыру” туралы Заңы, 2003 ж.

   2. Даутова А. “Потенциал роста”  Рынок страхования №2,2007 г.

   3.Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының ресми сайты, www.gfss.kz

   4.Құлпыбаев  С. “Қаржы” оқу құралы,2007ж.

   5.Жуйриков  К.К. “Страхование как специальное  звено кредитно- финансовой системы”// Банки Казахстана №5, 2007 г. 

   В данной статье изложено механизм функционирования  обязательного социального страхования  в Казахстане, роль социального страхования  в социальной защите населения.

   In this article said about mechanism and role of functioning of obligatory social insurance in Kazakhstan 
 

Б.Ж.  Ермекбаева, А.А. Жаксылыкова  

Совершенствование инструментов налогового регулирования 

в свете Нового Налогового кодекса 

   Среди множества экономических рычагов  при помощи, которых государство  воздействует на рыночную экономику, важное место занимают налоги. Государство широко использует налоговую политику в качестве определенного регулятора воздействия на негативные явления рынка. Налоги является одним из инструментов управления и обеспечения взаимосвязи общегосударственных интересов с интересами  хозяйствующих субъектов.

Информация о работе Понятие и виды инновационных стратегий