Понятие и виды инновационных стратегий

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2011 в 17:31, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2030» даму стратегиясының басым бағыттарында сипатталғандай, жоғарғы дәрежелі өркениетті нарықта экономикалық өсудің нақты тұрақты өсу қарқынына қол жеткізу барысында салықтық жоспарлау маңызды орынға ие. Аталмыш басым бағыттарды жүзеге асыруды бір жағынан салық әкімшілігін, оның ішінде салықтық жоспарлауды жетілдіру арқылы жүргізуге болады. Сондықтан салықтық жоспарлауды теориялық тұрғыдан талдау өзекті мәселелердің санатына жатады.

Работа состоит из  1 файл

раздел 2.doc

— 709.50 Кб (Скачать документ)

   Сонымен қатар, мемлекет басшысы әлемдік  дағдарыстан Қазақстан экономикасын сауықтыру үшін қазіргі таңда  атқарылатын жұмыстарды саралай келіп, бес бағытты нақтылап берді. Оның біріншісі – банк секторын тұрақтадыру, екіншісі – құрылыс саласын және үлескерлер мәселесін шешу, үшіншіден – дағдарыс жағдайында шағын және орта бизнестің зардап шекпеу керектігін, төртінші – ауыл-шаруашылығы ойдағыдай дамыту, бесінші – индустриялық-инновациялық бағдарламаларды дамыту. [9]

   Қазақстан Республикасында ағымдағы жылы көптеп күткен жұмыстар қолға алына бастады. Мысалыға айта кететін болсақ, Мойнақ су электр стансасы құрылысының бірінші кезеңі аяқталса, Қазақ-Қытай магистральды газ құбыры, Батыс-Еуропа - Батыс Қытай транзисттік автокөлік жолдарын жөндеу, Қорғаныс–Жетіген темір жолын салу жобаларын орындайтын құрылыс мекемелері анықталып, нақты жұмыстың алғашқы қадамына негіз қаланып, инвестиция тарту арқылы жүргізілмекші.

   Сонымен қатар, Қытайдағы “Датанг” корпорациясы мен Талдықорғандағы “ТТ –  ГРУПП” ЖШС өзара келісімге келіп, бірлескен кәсіпорын құру арқылы Көксу өзенінен екі бірдей су электр стансасын салуды қолға алмақшы. Өңірде қолға алынатын басқа да жобалар толыққанды жүзеге асса, тұтынушыны қуат көзімен қамтамасыз етумен қатар оны сатып пайда табуға да мүмкіндік бар. [8]

   Соңғы жылдары жаһандану үрдісінің  символына айналған БЭФ-ке Елбасы алғаш  рет 1992 жылы қатысқан болатын. Содан  бергі өткен жылдар ішінде дүние жүзілік озық ой мен тың тәжірибелер тұғырына айналған Давос форуымына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сегізінші рет қатысып отыр. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Давос форумындағы екінші күнін өз салалары бойынша дүние жүзінде бірінші орын алатын әлемнің ең ірі 30 компаниясының жетекшілерімен арнайы кездесулер өткізуден бастады. Бұл компаниялар мұнай, мұнай-химия, энергетика, металлургия және өнімді қайта өңдеу салалары бойынша мол тәжірибе жинақтап, әлем экономикасында өзіндік қолтаңбаларын қалдырған. Президентіміздің әлемдік форумда осы компания жетекшілерімен арнайы жеке кездесу өткізудегі мақсаты, бүгінгі дағдарыс кезіндегі күрделі уақытта Қазақстанға келетін инвестиция тасқынын төмендетпеу және дағдарыстан кейінгі кезеңде қуатты инвестиция арқылы ел экономикасының дамуына тың серпін беру болып табылады. Сонымен қатар, бұл кездесуде инвестициялық қор жетекшілері, Майкл Портер сияқты әлемдік дәрежедегі экономистер, Дж.Сорос секілді дүние жүзіне әйгілі қаржыгерлер қатысты.

   Елбасы  кездесуде сөйлеген сөзінде дүние  жүзінің ірі іскер топтарының өкілдеріне Қазақстанда жан-жақты  таныстырды. Қаржы дағдарысына қарамастан елімізде іске асырылып жатқан үлкен  индустриялдық-инновациялық жобалар  туралы айтты. Әлемдік қаржы дағдарысының қиындықтарына қарамастан біз жұмыс істеп жатырмыз және экономиканың әртүрлі салаларына инвестиция тартуға мүдделіміз, деп атап көрсете келіп, Президент шетел инвесторларын қызықтыратын ауыл-шаруашылығы, қайта өңдеу өндірісі, минералды шикізаттарды қайта өңдеу, мұнай-химия және мұнай-газ өндірісінің машиналарын жасау салаларына инвестиция салуға шақырды. [10] 

Әдебиеттер 

   1. «Инвестициялар туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы. 2003ж.

   2. Алжанова Н.Ш. «Инвестициялық  жоба» / Қазақ Университеті. А. 2006ж.

   3. О.Фаминских «Сила притяжения»  // Капитал. Инвестиция. Технология. №20 (75) 2008 г.

   4. А.С.Жарқынбаева «Привлечение иностранных  инвестиций в экономику Казахстана: современное состояние и перспективы» // ҚазЭУ Хабаршысы №4. 2005 г.

   5. Т.Батизева «Горнарудный сектор соседних стран начинает конкурировать с Казахстан в привлечении иностранных инвестиций» // Капитал. Инвестиция. Технология. №15-16 2008 г.

   6. А.Мусин «Влияние корпоративного  управления на улучшение инвестиционного  климата в Казахстане» // РЦБК №3 (155) 2007г.

   7. Д.Т. Бохаев «Инвестициялық жобалардың  тиімділігін бағалау әдістері»  // Экoномика негіздері. А. 2006 г.

   8. Күмісжан Байжан “Кәсіпкерліктің  кемелдену кезеңі” // Егемен Қазақстан  16.01.2009 ж.

   9. Жылқыбай Жағыпарұлы “Мақсат  – сын сәттен қысылмай шығу” // Егемен Қазақстан 16.01.2009 ж.

   10. Жылқыбай Жағыпарұлы “Альпі бигінен  көрінген ел мүддесі” // Егемен  Қазақстан 31.01.2009 ж.

Информация о работе Понятие и виды инновационных стратегий