Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 17:41, реферат
Экономика ғылым ретінде қадағаланатын экономикалық құбылыстар мен фактілерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде бір жүйеге келтіруге тырысады. Макроэкономика экономиканы біртұтас бірлік ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызметтердің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем баласының жағдайын зерттейді. Макроэкономика курсы мемлекет экономикасында орын алған ғалами экономикалық құбылыстарды зерттеу тұрғысынан алғанда маңызы зор. Ол экономиканың үй шаруашылықтары, жеке меншік, мемлекеттік және сыртқы секторлар сияқты ірі құрамдас бөліктерін ерекшелейді. Макроэкономика ұзақ мерзімдегі өндіріс көлемінің, жұмыспен қамтылудың өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымылылардың қысқа мерзімдегі тербелістерін (ауытқуларын) да зерттейді. Макроэкономика курсында студенттер экономикадығы өтпелі үрдістерді түсінуге сеп боларлық білім алуы тиіс. Атап айтқанда, олар мұндай мәселелердің шешімін табуға көмектесуі тиіс: баға неліктен өседі, өндіріс неліктен дағдарысқа ұшырайды, жұмыссыздықтың өсу себебі неде және т.с.с.
Курс 1
Семестр 1
Кредит саны 2
Барлық сағат саны 90
Барлық аудиториялық сағат 18
Оның ішінде:
Лекциялар 2
Семинар сабақтары 2
F2F консультациялары 14
Барлық қашықтықтан оқыту сағаты 72
оның ішінде:
СӨЖ: 57
лекциялар 13
семинар сабағы 13
ӨЖ 31
Оn-line, off-line консультациялары 15
Аралық бақылау 2
Емтихан 1 семестр
ДӘРІС КЕШЕНІ
1-тақырып. Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері
Макроэкономика - экономиканы
бір үлкен бүтін құбылыс
Макроэкономика ғаламдық мәселелерді де зерттейді. Белгілі бір уақыт аралығында ұлттық экономиканың байлығы өсті ме, әлде кеміді ме? Қарастырып отырған мемлекеттегі халықтың қор жинағының мөлшері қандай? Неге кейбір мемлекеттерде инфляция бар, ал тағы біреулерінде он жоқ? Міне, осындай және тағы басқа да сұрақтарға макроэкономика жауап береді.
Экономикалық өсу халық санының артуы және техникалык прогресс сияқты салыстырмалы тұрақты факторлар әсерінің нәтижесі болып табылады. Осы факторлардың ұзақ мерзімдегі динамикасы әлеуетті өндіріс көлемінің динамикасын анықтайды. Ал қысқа мерзімде экономика осы негізгі траекториядан ауытқып отырады. Сол себепті тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін осы циклдік толқуларды басқарып отыру қажет.
Жалпы, экономика ғылымы екі басты бөлімнен тұрады: макроэкономика және микроэкономика. Микроэкономика — фирмалар, үй шаруашылықтары, үкіметтік агенттіктер сияқты шағын бірліктер жасайтын тандауларды зерттейтін экономиканың бөлімі. Макроэкономика - экономиканың инфляция, жұмыссыздык, экономикалық өсу секілді ірі масштабты экономикалық құблыстарын зерттейтін бөлігі.
Макроэкономика экономиканың жалпы проблемаларын зерттейді және жиынтық көрсеткіштер пайдаланады, олар: ЖҰӨ, ЖІӨ, ұлттық табыс, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жиынтық тұтыну, инвестиция, жалпы баға деңгейі, жұмыссыздық, мемлекеттің қарызы және тағы басқалар.
Макроэкономика зерттейтін негізгі проблемалар:
Макроэкономика пәнін оқып үйренудің маңыздылығы:
Макроэкономика төрт макроэкономикалық агентті, атап айтқанда - үй шаруашылығын, фирмаларды, мемлекетті, шет мемлекетінің секторын қамтиды.
Позитивті және нормативті талдау
Макроэкономика теориясының негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланылады. Микроэкономика пәні - үй шаруашылықтары мен фирмалардың берілген экономикалық шарттарда шешім қабылдау және сол "берілген" шарттарды өзара қызметтері арқылы қалыптастыру механизмдері болып табылады. Микро талдауда тұтынушылардың табысы тек берілген өлшем ретінде қарастырылады да, негізгі назар үй шаруашылықтарының шығындары әр түрлі тауарлар мен қызметтер арасында бөлінуіне аударылады. Ал макро талдауда, керісінше, басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және тағы сол сиякты ірі, бөлшектелмеген көрсеткіштерге аударылады. Пайыздың нарықтық мөлшерлемесі, инфляция, жұмыссыздық сияқты макроэкономикалық факторлар үй шаруашылықтары мен фирмалардың қор жинау, инвестиция, тұтыну шығындары секілді қабылдайтын шешімдеріне әсерін тигізеді де, ал олар өз кезегінде жиынтық сұраныстың көлемі мен құрылымын анықтайды. Микро және макроэкономикалық үрдістер өзара тығыз байланыста болады. Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, макроэкономикалық талдауды үш кезеңге белеміз:
1-кезенде фирмалар
мен үй шаруашылықтарының
2-кезеңде фирмалар мен үй
шаруашылықтарының жиынтық
3-кезеңде макроэкономикалық
акпаратты талдау жә-не жинау а
Макроэкономикалык талдау және саясат тыгыз байланысты. Өйткені үкіметтің қолында экзогенді айныма-лылардың бірқатары бар. Егер макроэкономика жеке оқигалардын экзогенді оқиғалармен немесе саяси шешімдермен байланыстарын қарастырса, онда ол позитивті экономикалық талдау болады. Позитивті талдауда экономикалык саясаттағы, экономикалық шарттардағы өзгерістерді өндіріс, сауда-саттық, баға сияқты факторлардың өзгеруімен түсіндіруге тырысады. Осы позитивті экономика аркылы экономист "егер ... болса, онда ... болады" деген секілді тұжырымдар жасайды. Содан кейін бұл тұжырымдар фактілермен және сандармен салыстырылу арқылы расталуы немесе жоққа шығарылуы мүмкін. Позитива талдау нақты фактілермен, сандармен, тәуелділіктермен жұмыс жасайды. Позитивті талдау қорытындының жақсы-жамандығына баға бермейді.
Талдаудан шыққан балама қорытындылардың қайсысы салыстырмалы түрде бағалылырақ екенін білу үшін оларды бағалау қажет. Балама шешімнің негізгі шешіммен салыстырғанда қаншалықты дұрыс не теріс екенін нормативті экономикалық талдау бағалайды. Нормативті талдауды не болуы мүмкін деген сұраққа салыстырмалы түрде дұрыс жауап алу үшін қолдануға болады. Нормативті тұжырымдар тек кеңес береді. Бұл тұжырымдар көбінесе мынадай түрде болады: "мынадай шараларды жүзеге асырған дұрыс", "осындай саясатты жүргізу оңды болады". Мысалға: "Еркін сауданы шектейтін саясат тоқтатылғаны дұрыс" деген тұжырымда еркін сауданың болуының дұрыстығы жайында пікір қорытылады. Нормативті талдаудан шыққан тұжырымдарды фактілермен растау немесе жоққа шығару қиын, себебі олар негізінен болжам түрінде емес, бұйрық түрінде болады. Сонымен нормативті талдау нақты экономикалық шарттардың, экономикалық саясаттың жақсы не жаман екендігі туралы қорытынды шығаратын экономикалық талдау деп айтсақ та болады.
Глоссарий
Табиғи ресурстар - өндірісте өңдірусіз табиғи түрде қолданылатынбарлық заттар, мысалы; құнарлы жер, құрылысқа арналған бос орындар , тоғайлар, минералдар және т.б
Өндіріс факторлары - тауарды немесе қызметті өндіруде пайдаланылатын еңбектің, капиталдың және табиғи ресурстардың негізгі салымдары.
Капитал - өнер-кәсіптік құрал-сайман, жабдықтармен инфрақұрылымды қоса алғанда адамның жасаған барлық өндірістік құралдары.
Микроэкономика - фирмалар, үй шаруашылықтары, үкіметтік агенттіктер сияқты шағын бірліктер жасайтын тандауларды зерттейтін экономика бөлімі.
Макроэкономика - экономиканың инфляция, жұмыссыздық, экономикалық өсу секілді ірі масштабты экономикалық құбылыстарын зерттейтін бөлігі.
Макроэкономикалық үлгі - әртүрлі экономикалыққұбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама.
Экономикалық айналымдар - әр түрлі мәндерге ие бола алатын өзгеретін өлшемдерді немесе ақша сомаларын айтамыз.
Экзогенді айнымалылар - алғашқы ақпараттар, «сырттан» ендіріледі.
Эндогенді айналымдар - кейінгі ақпараттар, олар үлгінің өзінде қалыптпсады.
Сиректілік - кез-келген адамның қажеттілігін қанағаттандыруға ресурс көлемі жетпейтін жағдай.
Өндіріс факторлары - тауарды немесе қызметті өндіруде пайдаланылатын еңбектін, капиталдың және табиғи ресурстардың негізгі салымдары.
Экономика - адамдар өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шектеулі ресурстарды пайдаланғанда туындайтын таңдауларды зерттейтін қоғамдық ғылым.
2-тақырып. Макроэкономикалық көрсеткіштер.
Экономикалық статистика - бұл объективті ақпараттың қайнар көзі. Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс - әрекеті туралы, яғни белгіленген бағалардың деңгейін және сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді. Алынған деректер бойынша әр түрлі статистикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы экономиканы қалпын, жағдайын сипаттайды.
Макроэкономистер
бұл статистиканы өздерінің
Экономикалық
көрсеткіштер экономикалық
Жалпы ұлттық өнім
Жалпы
ұлттық өнім экономика
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Жалпы ұлттық өнім экономикадағы табыс пен өндірістегі шығын көлемін бірдей өлшейді. Себебі бұл өлшемдер соңында бірдей болады. Жалпы, экономика үшін табыс көлемі шығын көлеміне тең болуы керек. Бұған көз жеткізу үшін, біз ұлттық есепшотты, ЖҰӨ статистикалық жүйе өлшемін және басқа да сонымен байланысты көрсеткіштерге талдау жасап, оқып - үйренуіміз керек.
Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ номиналды және нақты түрге бөлінеді.
Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.
ЖҰӨ -ді есептеудің бірнеше әдістері бар:
Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары;
G – мемлекеттің сатып алуы;
І – жалпы инвестициялар,
Х – таза экспорт.
Мұнда: W – жалдамалы жұмысшының жалақысы;
R – ренталық төлемдер;
I – жинақ капиталының пайызы (%);
P – фирма мен корпорацияның пайдасы.
Жалпы ішкі өнім: мәні мен мағынасы
Жалпы Ішкі Өнім (ЖІӨ) (ағылшынша: Gross Domestic Product) — мемлекет территориясындағы экономиканың барлық салаларындағы өндіріс факторларының азаматтыққа байланыссыз қолдануға, экспорттауға және жинақтауға бір жыл ішінде өндірілген барлық ақырғы (яки тікелей пайдалануға арналған) тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағасы.
Номиналды (ағылшынша: nominal GDP) ЖІӨ (абсолютті) және нақты ЖІӨ (ағылшынша: real GDP) ЖІӨ (инфляцияға түзетілген). Нақты ЖІӨ -де қандай дәрежеде ЖІӨ өсімі, баға өсімімен емес, нақты өндіріс өсімімен анықталатындығы есепке алынады.
ЖІӨ - импортты есептемегенде,
пайдалану, инвестиция, мемлекеттік
шығыс пен экспорттар
Информация о работе Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері