Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 17:41, реферат
Экономика ғылым ретінде қадағаланатын экономикалық құбылыстар мен фактілерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде бір жүйеге келтіруге тырысады. Макроэкономика экономиканы біртұтас бірлік ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызметтердің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем баласының жағдайын зерттейді. Макроэкономика курсы мемлекет экономикасында орын алған ғалами экономикалық құбылыстарды зерттеу тұрғысынан алғанда маңызы зор. Ол экономиканың үй шаруашылықтары, жеке меншік, мемлекеттік және сыртқы секторлар сияқты ірі құрамдас бөліктерін ерекшелейді. Макроэкономика ұзақ мерзімдегі өндіріс көлемінің, жұмыспен қамтылудың өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымылылардың қысқа мерзімдегі тербелістерін (ауытқуларын) да зерттейді. Макроэкономика курсында студенттер экономикадығы өтпелі үрдістерді түсінуге сеп боларлық білім алуы тиіс. Атап айтқанда, олар мұндай мәселелердің шешімін табуға көмектесуі тиіс: баға неліктен өседі, өндіріс неліктен дағдарысқа ұшырайды, жұмыссыздықтың өсу себебі неде және т.с.с.
Курс 1
Семестр 1
Кредит саны 2
Барлық сағат саны 90
Барлық аудиториялық сағат 18
Оның ішінде:
Лекциялар 2
Семинар сабақтары 2
F2F консультациялары 14
Барлық қашықтықтан оқыту сағаты 72
оның ішінде:
СӨЖ: 57
лекциялар 13
семинар сабағы 13
ӨЖ 31
Оn-line, off-line консультациялары 15
Аралық бақылау 2
Емтихан 1 семестр
Глоссарий
Бюджет – мемлекеттің, кәсіпорынның не жеке адамның белгіленген кіріс пен шығыс ақшасының сметасы.
Мемлекеттік шығындар - өкімет тарапынан сатып алынатын тауарлармен қызмет жалпы құны.
Мультипликация – көбейтуші, ұлттық табысқа қосылатын күрделі қаржының жалпы сомасы өскен сайын күрделі қаржыға ол «а» мөлшерінде артады, міне сол «а» мөлшері мультипликтор болып табылады.
Дискреция - лауазымды адамның немесе мемлекеттік органның қандайда бір мәселені өзінің қалауы бойынша шешуі.
Баланс – таразы, кәсіпорынның шығыс және кіріс қаражат көрсеткіштері
Салық – мемлекеттік және жергілікті бюджетке (кәсіпорындар мен мекеменің) басқару органның заңды құқығы бар жеке адамдардың міндетті түрде алып отыратын ( түсімдер ) төлемдері, салық негізгі бір бюджетке түсетін табыстың көзі, кредиторлы қарызды міндеттеме бойынша толтыру
9-тақырып. Капиталдың жинақталуы және экономикалық өсу
Экономикалық өсу – бұл белгілі бір уақыт аралығында ұлттық экономика дамуының жиынтық көрсеткіштердің өзгеру тенденциясы.
Экономикалық өсудің көрсеткіштері жалпы және жеке болып 2 топқа бөлінеді: жалпыға жататындар: ЖҰӨ, ТҰӨ, ҰТ, жеке факторларғ: еңбек өнімділігі және өндіріс тиімділігі.
Экономикалық өсуді өлшеудің әдістері:
Қоғамдық өндірістің дамуы мен кеңеюі 2 типімен іске аырылады.: экстенсивті және интенсивті.
Экономикалық өсудің экстенсивті типінде өндіріс кешенінің өсуі сандық факторлар есебінен іске асырылады, а.а қосымшм ресурстарды тарту есебінен.
Экономикалық
өсудің интенсивті типінде
өндіріс кешенінің өсуі тиімді
еңбек құралдарын пайдалану
Экономикада
экономикалық өсудің аралас ( интенсивті
+ экстенсивті( формасы да
Экономикалық өсудің факторлары (жағдайлары) келесі:
1) Ұсыныс факторлары - өндіріс кешенінің физикалық өсуіне мүмкіндік береді: табиғи ресурстар мен қамтамасыз етілу, ресурстар дамуы, негізгі капитал көлемі, технология.
2) Сұраныс факторлары
– тұрғындардың жиынтық
3) Сұраныс пен ұсыныс факторларының үйлеіділігі( арақатынасы).
3. Экономикалық өсу үлгілері.
1. Харрод –Домар жаңа классикалық моделі:
Капитал - экономикалық өсудің жалғыз факторы.
G = S :C мұнда: G – экономикалық өсу қарқыны,
К (капитал)
С ═ ────────────
Q (өнім шығару)
Кейнсиандық модель:
2. S = I ( жинақ ақша = инвестициялар) - бұл экономикалық өсудің шарты.
а) егер . S > I болса , онда босалқы қор пайда болады, жұмыссыздық өседі;
б) егер S < I болса, онда инфляция өседі.
3.Кобб – Дуглас моделі – экономикалық өсу еңбек өңімділігі (L) мен капиталдың (К) жоғары деңгейінде мүмкін болады.
Y = F (L, K) - өндірістік функция ,
мұнда Y - өндірілген өнім көлемі;
L- еңбектің жиынтық шығындары;
K – жұмсалған капитал.
Неоконсервативтік концепция:
10-тақырып. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік қарыз
Дискрециялық қазыналық саясат – үкіметтің арнайы шешімі бойынша салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың көлемін мақсатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының жағдайын, инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмысбастылық деңгейін өзгертуге бағытталған.
Дискрециялық емес қазыналық саясат – жиынтық табыстың циклдік тербелістердің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі. Жалпы ұлттық өнімнің өсуі (төмендеуі) кезеңдерінде мемлекет бюджетіне түсетін таза салық салымдарының дағдылы түрде өсуін (төмендеуі) дискрециялық емес саясат қарастырады.
Бұл саясат экономикадағы тұрақтылыққа әсерін тигізеді. Таза салық түсімі – бюджетке түсетін жалпы салық мөлшері мен үкімет тарапынан берілетін трансферттің арасындағы айырма. Дискрециялық қазыналық саясат экономикадағы құлдырау кезеңінде жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты түрде мемлекеттік шығындарды өсіре отырып немесе салық мөлшерін төмендетіп мемлекеттік бюджетте тапшылық құрылады. Экономиканың өрлеу кезеңіне сәйкес мақсатты түрде бюджет артықшылығы туындайды.
Үкіметтің дискрециялық
саясаты ішкі уақытша кешеуілдеумен
байланысты болады, өйткені мемлекеттік
шығындар құрылымының және алық салымы
пайыз мөлшерлемесінің
Дискрециялық емес қазыналық саясатта бюджет артықшылығы және тапшылығы дағдылы түрде пайда бола отырып, экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы арқылы болуы мүмкін.
Кіріктірме тұрақтандырғыш – үкіметтің экономикалық саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмыс бастылық деңгейінің циклдік амплитудасын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік. Өркениетті, дамыған мемлекеттерде мұндай тұрақтандырғыш ретінде үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы бөлуге қатысу жүйесі алынады.
Циклдік тапшылық (артықшылық) – мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (артықшылығы), іскерлік белсенділіктің құлдырауы (өрлеуі) жағдайында мемлекеттік трансферттердің өсуі (азаюы) және салық түсімдерінің азаюының (өсуі) дағдылы жүзеге асуымен байланысты болады.
Циклдік тапшылықтың және артықшылықтың көлемі салық және бюджет функциялары графиктерінің «шұғыл тіршелігіне» байланысты болады. Салық функциясы (Т) бұрыштық көлбеудің шекті салық мөлшерлемесінің (t) көлеміне тәуелді. Ал мемлекеттік шығындар функциясының (G) бұрыштық көлбеуі - көлеміне тең, бұл шама трансферттер сомасы мен табыс көлемі өзгерісінің қатынасын сипаттайды. Сәйкес түрде, табыс деңгейі неғұрлым үлкен болған сайын, солғұрлым мемлекеттен алынатын салық мөлшері жоғары және трансферт төмен болады.
Бюджет тапшылығы және артықшылығы.
Қазыналық саясаттың қысқа және ұзақ мерзімдегі әсерлерінің біреуін таңдау күрделі макроэкономикалық проблема болып есептеледі. Бұл проблеманы шешу өркениетті мемлекет болсын, өтпелі кезеңдегі экономика болсын қиын тиеді. Әлеуетті деңгейде тепе – теңдік ЖҰӨ циклдік тербелісінің себебін кіріктірме тұрақтандырғыш жоққа шығара алмайды, тек қана бұл тербелістерді шектейді.Циклдік бюджеттік тапшылық пен артықшылықтың мәндері арқылы қазыналық саясаттың әрекеттерінің тиімділігін бағалауға болмайды. Өйткені циклдік теңгерілмеген бюджеттің болуы экономиканы ресурстардың толық қамтылған жағдайына жақындата алмайды, мұндай жағдай кез келген өнім көлемінің деңгейінде бола береді.Сондықтан да экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы шартты түрде ресурсттардың толық қамтылуын қамтамасыз ететін үкіметтің қазыналық дискрециялық шараларымен байланыста жүргізіледі. Нәтижесінде мемлекетік бюджеттің құрылымдық тапшылығы (артықшылығы) туындайды. Бұл – жұмыспен толық қамтылған жағдайдағы бюджет шығындары (табысы) және табысы (шығындары) арасындағы айырма. Циклдік тапшылық көбіне бюджет тапшылығының нақты мәні мен құрылымдық тапшылықтың арасындағы айырма арқылы анықталады.
Бюджет артықшылығын тұрақтандыру әсерінің ең жоғары жағдайы. Бюджет артықшылығын жою. Мемлекеттік қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемесін төлеуге, әлеуметтік трансферттердің өсуі немесе мемлекеттік шығындарды осы жоғарыда айтылған қаржылар арқылы қаржыландыруға кедергі болатын жағдайлар пайда болады.
Циклдік бюджет артықшылығының өсуі экономиканың өрлеу кезеңдерінде болатындықтан, бұл жағдай жиі инфляцияның күшеюіне әкелетіндіктен, онда қаржылардың бір бөлігін халыққа төлемақы ретінде беруі (облигацияларды өтеу, әл – ауқаты нашар отбасыларға жәрдемақыны өсіру) жиынтық шығындардың және сұраныс инфляциясының өсуіне әсер етеді. Керісінше, бюджет артықшылығына «тыйым салу» артық жиынтық сұранысты шектейді және экономикадағы инфляциялық дүрлігісті ұстап тұрады.
Бюджет тапшылығының
тұрақтану деңгейіне әсері
Тапшылықты жою үшін тиын шығару жағдайында сеньораж пайда болады. Сеньораж – ақша шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы.
Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық болған жағдайда сеньораж пайда ьолады, бұл құбылыс орташа баға деңгейін өсіреді. Барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді және олардың табыстарының бір бөлігі бағаның жоғарылауы арқылы мемлекетке түсіп отырады.
Бюджет тапшылығын қарыз арқылы қаржыландыруды көбіне тиын шығару тапшылығының инфляцияға қарсы баламасы деп қарастырады.
Мемлекет бюджетіне
салық түсімін көбейту
Мұндай жағдай Лаффер қисығында көрсетілген.
Мемлкеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру тәсілдерінің ешқайсыс бір-бірінен аса оқшауланбайды және де ешқайсысын инфляциялық емес деп айтуға болмайды.
Глоссарий
Дискрециялық қазыналық саясат – үкіметтің арнайы шешімі бойынша салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың көлемін мақсатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының жағдайын, инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмысбастылық деңгейін өзгертуге бағытталған.
Дискрециялық емес қазыналық саясат – жиынтық табыстың циклдік тербелістердің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі. Жалпы ұлттық өнімнің өсуі (төмендеуі) кезеңдерінде мемлекет бюджетіне түсетін таза салық салымдарының дағдылы түрде өсуін (төмендеуі) дискрециялық емес саясат қарастырады.
Кіріктірме тұрақтандырғыш – үкіметтің экономикалық саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмыс бастылық деңгейінің циклдік амплитудасын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік.
Циклдік тапшылық (артықшылық) – мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (артықшылығы), іскерлік белсенділіктің құлдырауы (өрлеуі) жағдайында мемлекеттік трансферттердің өсуі (азаюы) және салық түсімдерінің азаюының (өсуі) дағдылы жүзеге асуымен байланысты болады.
11- тақырып. Төлем балансы және оның құрылымы
Мемлекеттің әлемдік нарық-тағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да толем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді. Ал халықаралық валюта қорының анықта-масы бойынша оның қүрамына — операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің бар-лык іс-әрекеттері мен сауда операциялары толем балан-сында көрініс алады.
Толем балансы төмендегідей тармақтардан қүралады:
Валюта багамы деп бір елдің валютасын екінші еддің валютасына айырбастағандағы валюталардың қатынасын атаймыз. Мысалы: 153 тг = 1$, 70 тг = 1DM, 4 тг = 1RR.
Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі әдіс бар:
Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар эсер етеді. Олар:
Информация о работе Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері