Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 17:41, реферат

Описание

Экономика ғылым ретінде қадағаланатын экономикалық құбылыстар мен фактілерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде бір жүйеге келтіруге тырысады. Макроэкономика экономиканы біртұтас бірлік ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызметтердің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем баласының жағдайын зерттейді. Макроэкономика курсы мемлекет экономикасында орын алған ғалами экономикалық құбылыстарды зерттеу тұрғысынан алғанда маңызы зор. Ол экономиканың үй шаруашылықтары, жеке меншік, мемлекеттік және сыртқы секторлар сияқты ірі құрамдас бөліктерін ерекшелейді. Макроэкономика ұзақ мерзімдегі өндіріс көлемінің, жұмыспен қамтылудың өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымылылардың қысқа мерзімдегі тербелістерін (ауытқуларын) да зерттейді. Макроэкономика курсында студенттер экономикадығы өтпелі үрдістерді түсінуге сеп боларлық білім алуы тиіс. Атап айтқанда, олар мұндай мәселелердің шешімін табуға көмектесуі тиіс: баға неліктен өседі, өндіріс неліктен дағдарысқа ұшырайды, жұмыссыздықтың өсу себебі неде және т.с.с.

Содержание

Курс 1
Семестр 1
Кредит саны 2
Барлық сағат саны 90
Барлық аудиториялық сағат 18
Оның ішінде:
Лекциялар 2
Семинар сабақтары 2
F2F консультациялары 14
Барлық қашықтықтан оқыту сағаты 72
оның ішінде:
СӨЖ: 57
лекциялар 13
семинар сабағы 13
ӨЖ 31
Оn-line, off-line консультациялары 15
Аралық бақылау 2
Емтихан 1 семестр

Работа состоит из  1 файл

ДОТ Макроэкономика Габдуллина каз.doc

— 5.05 Мб (Скачать документ)

 Тепе-тендік валюта бағамы 1 rr = ах 1 тг. жағдайда орнайды және де теріс сальдо балансы жоқ деп есеп-тейміз.

Еркін айналым кемшіліктері:

  • Белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік және қауіп сауда жүргізуде қиыншылықтар туты-зады. Мысалы, қазақстандық кәсіпкер АҚШ-тан 90 мың долларға машина алуға шартқа отырды. Ол есептегенде долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайға байланысты толем уақыты келген кезде доллар 150 тг. болды. Сонда кәсіпкер екі есе коп ақша толейтін болады.
  • Сауда жагдайы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының бағамы томендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тәуелді болады.

• Турақсыздық. Ішкі экономикаға жагымсыз эсер етеді. Тағайындалатын валюта бағамы әдісі. Бүл тәсіл жоғарыда қарастырған тәсілге қарама-қарсы әдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валюта бағамын түрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қиын-датылады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайда валюта жетіспеушілігі автоматты түрде жойылады, ал тағайындау жагдайыңда тапшылықты мемлекет жоюы керек. Осы мәселе тагайындалатын валюта бағамының ең күрделі сүрақтарының бірі. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады жэне олар қазіргі замандағы барлық елдерде қолданыла алады:

• Резервшерді қолдану. Бұл валюта бағамын түрақ-тандырудың ең бір жеңіл тәсілі. Ол нарыққа мемлекеттің озінің валюта қорымен эсер ету механизм!. Ал валюта қоры қалай жиналады? Мысал қарастырып отырган еліміз откен жылы оң саль-долы болып, біраз валютаны иемденіп қалды. Ол қор мемлекеттің иелігінде алтын ретінде сақталып, багам ауытқулары байқалган кезде қолданылады.

Бұл тәсілдің тиімсіз жағы: егерде теріс сальдо үзақ уақыт байқалатын болса, онда мемлекеттің валюта қоры таусылып, бүл саясаттан бас тартуга мәжбүр болады.

  • Сауда саясаты. Ол мемлекеттің бағамды бір қа-лыпта үстау мақсатындағы импортты (яғни шет ел валютасына деген сүранысты) шектеу, керісінше экспортты (өз валютасына деген сүранысты) ынта-ландыру саясаты. Импортты квота, қосымша салык салу арқылы шектеуге болады. Ол жеңіл де, бірақ бүл қолдан жасалган шектеулер экономиканың дамуына кедергі жасайды.
  • Валюталық бақылау; оңтайландыру. Тағы да бір балама валюталық бақылау. Оның мәні келесіде: мемлекет өзінің шетке тауар шығарушыларына (экспорттаушыларына) шетел валютасын тапсыру-га міндеттейді. Алынган азын-аулақ шетел валютасын импорттаушыларга бөліп береді. Сонда импорт көлемін елдің экспорт көлеміне байланысты етеді. Бұл жүйенің келесідей кемшіліктері бар:
  • сауданың бүзылуы;
  • кемсітушілік;
  • таңдаманың шектеулілігі;
  • Қара базар.

• Ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясаттарын жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сүранысты азайтады.

Глоссарий

Жиынтық сұраныс  дегеніміз- сатып алушының сұранысы, өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.

Жиынтық ұсыныс дегеніміз- бүкіл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілген қызметтер мөлшерін көрсетеді.

Тұрақтандыру  саясаты дегеніміз- өндіріс көлемін және жұмыспен толық қамтамасыз етуді табиғи деңгейінде ұстап тұруға бағытталған мемлекеттік саясат.

Экономикалық  сілкініс дегеніміз- экономисттер ішкі әсер нәтижесінде болатын жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныс қисықтарының қозғалысы.

Капитал-  көптеген өндіріс циклы ішінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертпей және тұтыну құнын жоғалту дәрежесіне қарай өз құнын өнімге көшіретін өндірістік  капиталдың бір бөлігі.

Инвестиция- фирманың физикалық капиталын сондай-ақ тауар қорын ұлғайтуға жұмсайтын шығыстары.

 

12-тақырып. Айырбас бағамының тәртіптері және жиынтық сұраныс

Мемлекеттің әлемдік  нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарсатыруға болады. Шынында да төлем балансының ішінде елдің барлық жасаған қарым-қатнасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енді. Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына- операциялар балансы мен капитал қозғалысының  балансы жатады. Елдің барлық іс -әрекеттері мен сауда операциялар төлем баланысында көрініс алады.

Елдің экспорттық операцялары (тауар экпорты, қызмет экспорты) елдің  импротынан артық боған жағдайда төлем балансын активті (оң ), ал кем  болған жағдайда пассивті (теріс) сальдолы деп атаймыз. Оң төлем баланысы импортқа қажет шател валютасымен қамтамасыз етіледі.

Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:

  1. ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың) ;
  2. капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар- тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капиталдар қозғалысы;
  3. тұрақтандырушы тармақты қорларды қайта бағалау қозғалысы, ХВҚ қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;
  4. қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының несиелердің өзгерісі.

Валюта бағамы деп - бір  елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастағандағы валюта қатынасын айтамыз.

Қазіргі заманғы валюта бағамын белгілеуде бір біріне қарама қарсы екі әдіс бар:

  1. Валютаның еркін айнымалыдағы бағамы;
  2. Тағайындалатын валюта бағам әдісі.

  Валютаның еркін айналымдағы  бағамы кезінде бағам ұсыныспен сұраныстың әсерінен қалыптасады. Оны келесі графиктен көре аламыз.


              

     Еркін айналымдағы валюта бағамының  сұранысы мен ұсынысы


     Ал бұл  әдістің тиімділігіне келетін  болсақ, онда оны жақтаушылардың айтататын дәлелі: бұл әдісте валюта бағамы автоматты  түрде түзетіліп, соның арқасында төлем балансының тапшылығы мен қалдықтары жойылады. Бұны сұраныс пен ұсыныс функцияларының көмегімен көрсетуге болады.

Тағайындалатын  валюта бағамы әдісі.

Бұл тәсіл жоғарыда қарастырған  тәсілге қарама-қарсы әдіспен  жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің  валюта бағамын тұрақтандырып отыру  қажеттілігінің туындауы мен қиындатылады.

Ақшаның алтын стандартталуы  болуы үшін келесі жағдайлар қажет  деп саналады:

      1. Ұлттық валютаның құрамындағы алтын салмағын белгілеу қажет;
      2. Алтын қоры мен ішкі ақша көлемі арасындағы тепе-теңдік қажет;
      3. Алтынның экспорты мен импортына кедергі болмау қажет.

Ақша нарығындағы тепе-теңдік формуласы:

 =(PQ)/(V(i))=M

 

Мұнда: - ақшаға деген сұраныс;

      P – баға;

             Q – көлем;

             V(i) – ақша айналымының жылдамдығы; пайыз мөлшерлемесі (i)-ге тәуелді;

             M – ақша ұсынысы.

Сатып алу мүмкіндігінің  паритеті теңдеуі:

P=EP*

Мұнда: P - ішкі баға;

             Е – бағам;

             Р* - сыртқы нарықтағы шетел валютасымен  көрсетілген баға.

Пайыздық  төрелік  жүргізушінің қарапайым формуласы:

1+i=(E /E)*(1+i*)

Мұнда: i (i*) – елдегі пайыздық мөлшерлеме;

             E - келесі кезеңдегі бағам.

Мына формуланы табамыз:

MV(i)=EP*Q

Тағайындалған валюта бағам  жүйесінде бізге Е-ге байланысты М-нің мәнін табу керек. Яғни:

M=((EP*Q)/V(i))

Ал бағам еркін тағайындалатын болса, бізге М-ге байланысты Е-нің  мәнін табу керек. Яғни:

E=((MV(i))/(P*Q))

Басқаша айтқанда, бағамды  Орталық банк белгілеген жағдайда Е  экзогенді айнымалы шама болып Орталық  банктің тағайындалуымен анықталады, ал М болса экономикадағы жағдайдан құралып, эндогендік шама болады. Баға еркін тағайындалатын жағдайда керісінше екеуі орындарын ауыстырады.

13-тақырып.  Халықаралық сауда және сауда  саясаты

Ашық экономика проблемаларын  талдау сыртқы сауданы қарастырудан басталады, өйткені халықаралық экономикалық қатынастардың негізін сыртқы сауда құрайды.

Сыртқы сауданың қажеттігі. Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы

Халықаралық сауда теориясы XIX ғасырдың басында Давид Рикардо  айтып өткен салыстырмалы артықшылық тұжырымдамасы негізінде құрылды. Д.Рикардодан бұрын бұл проблемаларды А. Смит зерттеген еді. А. Смит халықаралық сауданың пайда болуын түсіндірді және әр түрлі мемлекеттерде тауар өндіруге кететін абсолютті шығындарының айырмашылығы арқылы пайда табу жолдарын көрсетті. Халықаралық еңбекті бөлісу және мамандыққа бөлу тиімді деп есептеледі. Өйткені әр түрлі мемлекеттерде ресурстар көлемі мен еңбек жағдайлары әр түрлі, бұл ерекшеліктер мемлекеттер арасындағы артықшылықты туғызады. Мысалы, белгілі бір тауарды аз шығынмен өндіру. А. Смиттің абсолюттік артықшылық теориясы, шаруашылықпен айналысатын субъектілердің іс-әрекеттері принципі халықаралық сауда теориясына да таралады.

Егер де шет мемлекеттерден тауарды өз мемлекетіне қарағанда төмен бағаға сатып алуға болса, онда сол тауарды арзан өндіретін мемлекеттен сатып алған жөн.

Еңбекті бөлісу және мемлекеттердің тауар өндіруге мамандануы, өндірісте абсолюттік артықшылыққа ие бола алатындығы — ішкі тұтынуды қанағаттандырғаннан соң, бұл тауарларды экспортқа шығарып, басқа тауарлармен айырбастауға болады — мұның барлығы жалпы үнемдеуге мүмкіндік береді.

Д. Рикардоның теориясы халықаралық  саудаға тағы бір қадам жасады. Бұл теорияның негізінде салыстырмалы артықшылық принципі жатыр.

Сауданың экономикалық негізі

Халықаралық сауда көмегімен  мемлекеттер мамандануды дамытатындығын, өзінің ресурстарын тиімді пайдалана алатындығын, жалпы тауар көлемін өсіре алатынын көреміз.

Жеке мемлекеттер салыстырмалы артықшылықпен өндірілетін тауарларға мамандану арқылы ұтады.

Мемлекеттер неге сауда  жасайды деген сұраққа төмендегідей жауап беруге болады:

1. Экономикалық ресурстар (табиғи, еңбек, капитал) әр мемлекеттерде әр түрлі. Бір елдің капитал сыйымдылығы болса, екінші елдің еңбек сыйымдылығы болады.

2. Әр түрлі тауарды тиімді өндіру әр түрлі технология мен ресурстарды қажет етеді.

Осы айтылғандарға төмендегідей мысалдар келтірейік.

Жапонияда жоғары және орта білімді мамандар күші көп және арзан. Сондықтан Жапония жоғары білімді маман күшін қажет ететін тауарларды салыстырмалы артықшылықпен шығара алады. Оларға фотокамера, радио және т.б. жатқызуға болады. Бұлар - еңбек сыйымдылығы бар тауарлар.

Австралия, керісінше, жер  ресурстарына бай, бірақ еңбек күші тапшылық етеді. Сондықтан олар көп  жерді қажет ететін тауарларды салыстырмалы артықшылықпен шығара алады. Оларға - бидай, жүн, ет бұйымдарын жатқызуға болады.

Бразилияның жері құнарлы, климаты тропикалық, жауын-шашын жиі жауады, қарапайым жұмыс күші өте көп және арзан. Сондықтан олар кофе өндіруде салыстырмалы артықшылыққа ие болады.

Индустриясы дамыған  мемлекеттер капиталсыйымды тауарларды өндіреді. Мысалы: машина, ауыл шаруашылық құралдары, химикаттар. Бірақ мемлекеттердің тауар өндірудегі экономикалық тиімділігі тұрақты емес. Уақыт өте келе олар өзгеруі мүмкін. Мысалы, Оңтүстік Корея соңғы 50 жыл ішінде өзінің жұмысшы мамандануын жоғарылатты және капитал көлемін өсірді. Бұдан жарты ғасыр бұрын көбінесе ауыл шаруашылық тауарларын және шикізатты экспорттаған Корея қазір дайын өнімді экспорттайды.

Сол сияқты технология дамуы да өз әсерін тигізеді.

Мемлекеттер экономикасының дамуына байланысты еңбек күшінің  сәні мен сапасы, капитал көлемі мен құрамы, технология деңгейі өзгереді. Жер мен табиғи ресурстардың сапасы өзгеруі мүмкін. Осы өзгерістер арқасында мемлекеттердің тауарларды салыстырмалы артықшылықпен шығаруы да өзгереді.

Салыстырмалы  артықшылыққа байланысты мамандану.

Халықаралық сауда екі  мемлекеттен тұрады деп қарастырайық. Мысалы, Бразилия және АҚШ. Екі мемлекет те әр түрлі экономикалық тиімділікпен бидай және кофе өндіреді. АҚШ пен Бразилияның өндіріс мүмкіншілігінің қисығы төмендегі суретте көрсетілген.

Шығындар айырмашылығы. АҚШ пен Бразилияның өндіріс мүмкіншілігінің қисығы әр түрлі. Олар ресурстар мен техникалық прогресс деңгейінің әр түрлілігіне байланысты. Басқа сөзбен айтқанда 2 мемлекетте бидай мен кофенің өндіріс шығындары әр түрлі.

Салыстырмалы  артықшылыққа байланысты мамаңдану.

Шығындар арақатынасы  әр түрлі болған жағдайда АҚШ және Бразилияның қандай тауар өндіруге мамандануы керек екендігін салыстырмалы артықшылықтар принципі бойынша табуға болады. Жалпы өнім көлемі жоғары болуы үшін тауар өндіретін мемлекеттің шығындары төмен болуы қажет. Осындай жағдайда салыстырмалы артықшылық принципі мүмкін болады

Шаруашылықты тиімді жүргізу - белгілі бір шектеулі ресурстарды қолданып неғұрлым көп жиынтық тауар көлемін шығару, яғни тауарды салыстырмалы артықшылығы бар мемлекет шығаруы.

Глоссарий

Халықаралық сауда – қалыптасқан мемлекеттік ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер айырбасы.

Информация о работе Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері