Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 17:41, реферат

Описание

Экономика ғылым ретінде қадағаланатын экономикалық құбылыстар мен фактілерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде бір жүйеге келтіруге тырысады. Макроэкономика экономиканы біртұтас бірлік ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызметтердің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем баласының жағдайын зерттейді. Макроэкономика курсы мемлекет экономикасында орын алған ғалами экономикалық құбылыстарды зерттеу тұрғысынан алғанда маңызы зор. Ол экономиканың үй шаруашылықтары, жеке меншік, мемлекеттік және сыртқы секторлар сияқты ірі құрамдас бөліктерін ерекшелейді. Макроэкономика ұзақ мерзімдегі өндіріс көлемінің, жұмыспен қамтылудың өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымылылардың қысқа мерзімдегі тербелістерін (ауытқуларын) да зерттейді. Макроэкономика курсында студенттер экономикадығы өтпелі үрдістерді түсінуге сеп боларлық білім алуы тиіс. Атап айтқанда, олар мұндай мәселелердің шешімін табуға көмектесуі тиіс: баға неліктен өседі, өндіріс неліктен дағдарысқа ұшырайды, жұмыссыздықтың өсу себебі неде және т.с.с.

Содержание

Курс 1
Семестр 1
Кредит саны 2
Барлық сағат саны 90
Барлық аудиториялық сағат 18
Оның ішінде:
Лекциялар 2
Семинар сабақтары 2
F2F консультациялары 14
Барлық қашықтықтан оқыту сағаты 72
оның ішінде:
СӨЖ: 57
лекциялар 13
семинар сабағы 13
ӨЖ 31
Оn-line, off-line консультациялары 15
Аралық бақылау 2
Емтихан 1 семестр

Работа состоит из  1 файл

ДОТ Макроэкономика Габдуллина каз.doc

— 5.05 Мб (Скачать документ)

Рецессиялық үзіліс – тепе-теңдік ЖҰӨ-ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес деңгейіне дейін көтеру үшін жиынтық сұраныстың өсуіне қажетті көлем.

Инфляциялық үзіліс – ЖҰӨ-ді толық жұмысбастылықтың инфляциялық емес деңгйіне төмендету үшін қажетті жиынтық сұраныс кему көлемі.

Үнемділік оғаштығы – қоғамның көбірек үнемдеуге ұмтылуынан азырақ көлемде қор жиналуы.

Автономды шығындар мультипликаторы – тепе-теңдік ЖҰӨ өзгерісінің автономды шығындардың кез келген құрауышының өзгерісіне қатысты.

Жоспарланған  шығындар – үй шаруашылықтарының, фирмалардың және үкімет тауарларға және қызмет көрсетуге жұмсауға жоспарланған отырған сомасы болып табылады.

 

6-тақырып. Ақшаға сұраныс және ұсыныс

Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша -тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі — барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс "Жеке адам өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді" деген афоризммен сипаттады.

Ақша айналысы заңы.

 Ақша айналысы заңы - құн заңының айналыс аясындағы  көрінісі. Ол тауар-ақша қатынастары  болатын барлық қоғамдық формацияларға  тән. Айналыстағы ақшаның саны  К. Маркс ашқан ақша айналысы  заңымен реттеледі. Тауар айналысына  қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына, екіншіден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:

M = P*Y/V

Ақша айналысы заңының  мәні - ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының көбейтіндісін бір аттас ақша өлшемінің айналым санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге теңесуі керек.

Ақша төрт функция  атқарады: айналыс құралы, төлем  бірлігі, кейінге қалдырылған төлем құралы, қор жинау құралы.

Ақша агрегаттары. Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығын пайдаланады:

 — айналыстағы қолма-қол  ақша (банкноттар, тиындар, ал кейбір мемлекеттерде қазыналық билеттер) және банктік ағымдағы шоттардағы қаражат (депозиттер) жатады;

— оған агрегаты және мерзімді 4 жылға дейінгі коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдары кіреді;

— оған агрегаты және арнаулы несие мекемелеріндегі жинақ салымдары кіреді;

L — оған  агрегаты және ірі коммерциялық банктердің депозиттік сертификаттары қосылады. Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдыңғылардың барлық элементтерін өзіне біріктіріп үлкен ақша жиынын құрайды. Бірақ оның алдыңғыға қарағанда өтімділігі төмен.

Ұсыныс - ақша жиынының айналымы, яғни берілген мезетте мемлекеттегі төлем құралы айналымының жиынтығы.

Қолма-қол ақшаның  айналымы олардың банк кассасына  үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.

Эмиссия - мемлекет тарапынан  банкноттардың, тиындардың, бағалы қағаздардың  шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде  де немесе қолма-қол ақшасыз

түрінде де болуы мүмкін.

Қолма-қол ақша түріндегі  эмиссия - айналысқа банкноттар мен  тиындардың қосымша шығарылуын сипаттайды.

Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультипликаторы. Ақша ұсынысы ( ) екі қосындысынан тұрады: 1) Банк жүйесінен тыс қолда бар ақша (С); 2) Экономикалық агенттер қажет кезде мәміле жасау үшін қолданатын депозиттер (D). (Дәлірек айтқанда бүл агрегаты).

= С + D

Қазіргі замандағы банк жүйесі - жеке резервті жабумен байланысты жүйе. Банк депозиттерінің бір бөлігін ғана резерв түрінде сақтайды, ал қалған бөлігін қарыз беру үшін және актив операциялар үшін пайдаланады. Басқа қаржылық институттармен салыстырғанда, банктің ақша ұсынысын өсіру мүмкіндігі бар.

Несие мультипликаторы — коммерциялық банктер жүйесі шеңберіндегі төлем құралдарының эмиссиялық үрдісі.

Ақша мультипликаторы (m) - ақша ұсынысының ақша базасына қатынасы:

 

Ақша мультипликаторын қолма-қол ақша депозиттерінің (c ) депозит коэффициенттеріне және резерв  депозитіне (rr) қатынасы түрінде анықтауға болады.

Сонымен, ақша ұсынысы  ақша базасы және ақша мультипликаторы  көлемдеріне төуелді.

Ақша мультипликаторы — ақша базасы бір бірлікке өскенде, ақша ұсынысының қалай өзгеретіндігін көрсетеді.

Ақша сұранысы: теория.

Ақша — төлем немесе халықаралық айырбас құралы.

Ақша сұранысын талдағанда біз оны нақты баланстарға  сұраныс тұрғысынан қарастырамыз. Бұдан  мынадай тұжырымдар шығады: ақша сұранысы жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу қабілетіне байланысты:

  1. Нақты ақша сүұранысы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады.
  2. Атаулы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.

Сұраныстың 2-мотиві сақтық мотиві бойынша сұраныс деген  атқа ие болды. Ол адамдарда көзделмеген  төлемдерге кез болғанда пайда болады. Бұл үшін оларда белгілі бір ақша қоры болуы керек. Оның көлемі көзделмеген  шығындар көлеміне байланысты болып, ал оның өзі ұлттық табысқа тура пропорционалды болуы керек:

сақтық мотиві бойынша ақша сұранысы.

Бұл 2 сұраныс пайыз  мөлшерлемесіне тәуелсіз болғандықтан, ол тік сызық ретінде көрсетіледі.

Дж. Кейнс ақша сақтаудағы үшінші мотивті — жалдаптық мотивті бөліп көрсетті. Бұл жағдайда ақша қорының дивиденд әкелмеген кезі қарастырылады.

Жалдаптық сұраныс кезінде  ақша қаржы активтерін сату және қайта  сату арқылы табыс әкеледі.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақша сұранысы

 

Классикалық және кейнстік тұжырым ақша сұранысында келесі факторларды бөліп шығарады:

- табыс колемі Ү;

- пайыз мелшерлемесі і.

Классикалық теория ақша сұранысын табыспен, ал кейнстік керісінше  пайыз мөлшерлемесімен байланыстырады.

Ақша сұранысының икемділігі.

Теңдеуде табыстың өсуіне қарай ақша сұранысы пропорционалды артатыны көрсетілген. Басқаша айтқанда, табыстың ақшаға коэффициент - Yn/M табыс деңгейіне қарай артады. Табысы жоғары адам шамамен ақшаны аз мөлшерде үстайды. Бұл жерде кассаны басқаруда экономика деңгейі орын алады. Яғни ақша сұранысының икемділігі 1-ден аз [ол тендеуде1/2-ге тең].

Табыс икемділігі ақша сұранысының  пайыздық өзгеруін өлшейді. Ондағы өзгеріс  табыстағы бір пайыздық өзгерісте  болуы тиіс. Сонымең, тендеу ақша аударымының икемділігі делдалдыққа 1/2 екенін және пайыз мөлшерлемісіне де 1/2 екенін көрсетеді.

Табыс артқан кезде адам қолдағы бір долларын жұмсаған түста  қандай жағдай туындайды? Табыс жоғарылағанда  кассаны басқару нәтижелі болады. Өйткені келісімнің әрбір долларының құны жоғары келісімдерге қарағанда төмендеу. Табыстың сұранысқа икемділігі:

 

Бұдан пайыздық икемділік:

 

 

 Бұл өз кезегінде  келісімдердің төменгі құны - делдалдық  келісімінің нәтижесі болып отыр. 10 долл. аударымның құны 10 млн долл. аударыммен шамалас, яғни бұл аударылған әр доллардың құны көп мөлшердегі аударымдар кезінде төмен болады.

"Делдалдық кұны" (tc - кассадан алу құны) уақытқа  байланысты. Табыс артқанда tc Үм-мен  бірге артады. Ол кезде табыстың өсуі ақша сұранысының артуын көрсетеді де, ол У2-ден көп болады. Өйткені tc YN -пен қатар жүреді.

Глоссарий

Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар.

Ақша айналысы заңы - құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол

тауар-ақша қатынастары  болатын барлық қоғамдық формацияларға  тән.

Ақша жиыны  айналымының баяулауы - ұлттық жиынтық өнімді орналастыру коэффициентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, ол жоғары жағдаяттың (конъюнктура) барлығы және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді.

Ұсыныс - ақша жиынының айналымы, яғни берілген мезетте мемлекеттегі төлем құралы айналымының жиынтығы.

Ұлттық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға эмиссиялық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган.

Эмиссия - мемлекет тарапынан банкноттардың, тиындардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қол ақшасыз түрінде де болуы мүмкін.

Ақша базасы - Ұлттық банк шығаратын ақша. Оған айналымдағы қолма-қол ақша, міндетті және артық резервтер жатады.

Міндетті резервтер – бекітілген нормативке сәйкес Ұлттық банктегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуға міндетті банк депозиттерінің бөлігі.

Артық резервтер - банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шотта қаражатының барлығына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін, екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі корреспонденток шоттағы қаражатының көлемін, яғни банктер өнімділігін реттеу арқылы реттейді.

Несие мультипликаторы — коммерциялық банктер жүйесі шеңберіндегі төлем құралдарының эмиссиялық үрдісі.

Ақша базасы - Орталық банкте сақталатын коммерциялық банктердің резервтері мен банк жүйесінен тыс қолма-қол ақша.

Ақша мультипликаторы — ақша базасы бір бірлікке өскенде, ақша ұсынысының қалай өзгеретіндігін көрсетеді.

Меншікті капитал - банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды.

Ақша — төлем немесе халықаралық айырбас құралы.

Сұраныстағы депозиттер - коммерциялык банктердегі пайызсыз тексерілетін есептер, бірақ онда басқа банктердің, үкімет және шетел банктерінің депозиті болмайды.

Сақтаулы облигациялар - АҚШ үкіметінің ақша салатын салымдағы

сататын облигациялары.

Банктің акцептері - ерекше соманы, банк облигациясын сол уақытта

 төлеу жөніндегі  тапсырысы, әдетте ол халықаралық  сауда кезінде

 болады.

Коммерциялық  іс-қағаздар - бірлестіктердің қысқа мерзімді

пассивтері.

Қысқа мерзімді қазыналық бағалы қағаздар — АҚШ-та

 шығарылатын бағалы  қағаздар (12 айдан аз мерзімде  шығарылған 

 қазыналық қағаз).

 

7-тақырып. Тауар және ақша нарығындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі

 

Ақша нарығы — бұл қысқа мерзімдік несиелік құралдарды, қазыналық вексельдер мен коммерциялық қағаздарды алып-сату тетігі. Бұл нарықты облигация нарығынан ажыратып қарастыру керек. Облигация арқылы берілген ақшаның салыстырмалы бағасы — бұл облигациялардың пайыздық мөлшерлемесі.

Ақша нарығында пайыздық мөлшерлеменің ауытқуы жиынтық шығындар шамасына әсер етеді. IS—LM үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс (Хикс "кресі") 1937 жылы ұсынған.

А. Хансеннің 1949 жылы шыққан "Монетарлы теория және қазыналық саясат" атты кітабы арқылы ол көпшілікке мәлім болды, содан кейін ол Хикс-Хансен үлгісі деп аталып кетті.

IS—LM үлгісі (инвестиция  — қор жинағы, ұнамды өтімділік  — ақша) — жиынтық сұраныс  функциясын анықтау үшін қажетті  экономикалық факторды айқындайтын  тауар-ақша тепе-теңдігінің үлгісі. Тауар және ақша нарықтарында  бір мезгілде тепе-тендік қалыптасу үшін қажетті табыс көлемі Ү пен нарықтық пайыз мөлшерлемесі R-дің тіркемесін табуға үлгі мүмкіндік береді.

Сондықтан да IS—LM үлгісі AD—AS үлгісінің нақтыланған түрі болып табылады.

Инвестициялар пайыз  мөлшерлемесінің теріс функциясы, ал тұтыну — нақты табыстың оң функциясы екенін білеміз, демек жиынтық сұраныс теңдеуі төмендегідей:

AD = С (Ү) + I (R)

Ал ұсыныс, Кейнстің айтуынша, мынадай болады.

AS = С (Ү) + S (Ү)

Тауар нарығындағы тепе-теңдік жағдайы келесі теңдікті орындағанда  ғана орын алады.

I (R) = S (Ү)

Берілген тендеуді Дж. Кейнс анықтаған, ол тауар нарығындағы  классикалық тепе-теңдік жағдайы  үлгісінен басқаша.

I (R) = S (R)

Төмендегі теңдеу классикалық  үлгідегі тауар нарығындағы тепе-теңдікті көрсетеді. Бұл теңдеулердің айырмашылығы қор жинағы функциясының аргументінде.

IS — LM үлгісінің негізгі  теңдеулері:

1)Y=C + I + G + Xn— негізгі  макроэкономикалық тепе-тендік. Мұндағы:

2) С = a + b (Ү-Т) - тұтыну  функциясы.

3) I = е – d • R —  инвестиция функциясы.

4) Xn = g-m'∙Y – n ∙ R — таза экспорт функциясы.

Информация о работе Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері