Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 17:41, реферат

Описание

Экономика ғылым ретінде қадағаланатын экономикалық құбылыстар мен фактілерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде бір жүйеге келтіруге тырысады. Макроэкономика экономиканы біртұтас бірлік ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызметтердің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем баласының жағдайын зерттейді. Макроэкономика курсы мемлекет экономикасында орын алған ғалами экономикалық құбылыстарды зерттеу тұрғысынан алғанда маңызы зор. Ол экономиканың үй шаруашылықтары, жеке меншік, мемлекеттік және сыртқы секторлар сияқты ірі құрамдас бөліктерін ерекшелейді. Макроэкономика ұзақ мерзімдегі өндіріс көлемінің, жұмыспен қамтылудың өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымылылардың қысқа мерзімдегі тербелістерін (ауытқуларын) да зерттейді. Макроэкономика курсында студенттер экономикадығы өтпелі үрдістерді түсінуге сеп боларлық білім алуы тиіс. Атап айтқанда, олар мұндай мәселелердің шешімін табуға көмектесуі тиіс: баға неліктен өседі, өндіріс неліктен дағдарысқа ұшырайды, жұмыссыздықтың өсу себебі неде және т.с.с.

Содержание

Курс 1
Семестр 1
Кредит саны 2
Барлық сағат саны 90
Барлық аудиториялық сағат 18
Оның ішінде:
Лекциялар 2
Семинар сабақтары 2
F2F консультациялары 14
Барлық қашықтықтан оқыту сағаты 72
оның ішінде:
СӨЖ: 57
лекциялар 13
семинар сабағы 13
ӨЖ 31
Оn-line, off-line консультациялары 15
Аралық бақылау 2
Емтихан 1 семестр

Работа состоит из  1 файл

ДОТ Макроэкономика Габдуллина каз.doc

— 5.05 Мб (Скачать документ)

      ЖІӨ 3 түрлі тәсілмен есептеледі:

  • табыс бойынша
  • шығыс бойынша
  • өндірілген өнімдер қосындысы бойынша .

      ЖІӨ ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіші болып табылады. ЖІӨ орталық банк пен үкіметтің қор индекстеріне және ақша-несиелік саясатына зор ықпал етеді.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.

        ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо

Егер де мемлекеттің  жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.

Макроэкономикалық тепе-теңдік

Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.

 

 

    •  Р

 

 

    АD

 

 Ре

 

  АS

 

 

 

Qе Q

 

Егер АД>AS, бұл жағдайда 2 ұйғарымға тоқтауға болады:

  • өндіріс көлемін өзгертпей, бағаны көтеруге болады;
  • өндіріс көлемін кеңейту, сонда ұлттық табыс өседі.
  1. Егер АД<АS, бұл жағдайда:
  • өндірісті қысқарту қажет болады;
  • өндіріс көлемін өзгертпей, бірақ бағаны төмендетуге болады, сонда ұлттық табыс азаяды.

Мұнда, Р - бағаның жалпы дәрежесі,

             Q - тауардың жалпы көлемі,

             Ре - баға дәрежесінің тепе-теңдігі,

             Qе - өндіріс көлемінің тепе-теңдігі.


      Негізгі макроэкономикалық  тепе –теңдік табыс пен шығынның  теңдігін көрсетеді.


 

Глоссарий

 

Ұлттық есепшот  жүйесі (ҰЕЖ) – бұл мемлекеттің экономикасының  жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін, жиынтық табыстың және жалпы өнімнің шамасын көрсететін, статистикалық макроэкономикалық көрсеткіштердің жиынтығы

Тұтыну шығындары – үй шаруашылығының  қызмет көрсетулер мен тауарлар сатып алуға жұмсайтын шығындары.

Инвестициялық шығындар (І) – фирмалардың инвестициялық тауарларды сатып алуға жұмсайтын шығындары, яғни мұндай тауарлар капитал қорын өсіреді.

Инвестициялық шығындар – бұл белгілі  уақыт  аралығында негізгі капиталды қолдауға және  капиталдың өсуіне бағытталған өнімдер ағыны.

Тұтыну – бұл үй шаруашылығында  қолданылатын тауарлар мен көрсетілген қызмет түрлерінің жиынтығы.

Инвестиция қоры – бұл фирманың қордағы  тауарларының бағасының өсімі (егер қорлар  қысқартылса, инвестиция қоры өлшемі теріс мәнге ие болады)

Мемлекеттік шығындар - өкімет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы құны.

Амортизациялық шығындар – ұлттық есеп жүйесінде капиталдың негізгі тозу құны

Жеке табыс – бұл бір жылда өндірілген тауарлар  мен көрсетілген қызметтердің құны.

ЖҰӨ дефляторы – атаулы ЖҰӨ мен нақты ЖҰӨ қатынасы болып табылады.

Трансферттің төлемдер – бұл үй шаруашылықтарына  төленетін төлемдер, бірақ төлемдер үшін үй  шаруашылықтарына ешқандай тауарлар мен қызмет көрсету міндеті қойылмайды.

Қолда бар табыс – бұл жеке табыстан, жеке тұлғалардан алынатын, салықты және салықты емес  төлемдерді шегергенге тән.

Тұтыну баға индексі – бұл Ласпейрес баға индексі болып табылады.

Тұрғын үй-құрылыс инвестициясы – бұл тұратын жаңа үйлер мен жалға беретін үйлерді салудағы шығындар.

 ЖҰӨ - бұл тұтынудың, инвестицияның, мемлекеттік шығындардың және таза экспорт көлемдерінің  жиынтығы.

 

3-тақырып. Макроэкономикалық  тұрақсыздық. Жұмыссыздықтың экономикалық циклдары. Инфляция.

 

Экономикалық циклдар  теориясы, экономикалық өсу теориясымен  қатар экономикалық жүйенің қозғалысын түсіндіретін экономикалы динамикалық  теорияға жатады. Бұл теориялар арасындағы айырмашылық мынадай: циклдар теориясы белгілі бір уақыттағы қоғамның экономикалық белсенділігінің толқуы мен тұрақсыздығының себебін анықтаса, ал өсу теориясы экономиканың ұзақ мерзімділік тенденция ретінде оның демалысыз өзгеруінің жағдай мен факторларын зерттейді.

 


Экономикалық  Шың

белсенділік               Құлдырау

деңгейі

 

Көтерілу       

 

                           Шың

                       Жылжу

                         Құлдырау

Депрессия

Тұңғылық


Уақыт

Анықталған айырмашылықтарды бейнелеу суреті

 

Суреттегі түзу сызық экономикалық дамудың ұзақ мерзімдік бағыттылығын көтерілу тенденциялық формасын көрсетуде жалпы мінездеме берсе, толқынды сызықтар даму тұрақсыздығын экономикалық өсу немесе құлдырауды көрсетеді, жүйелі әрі кезекпен келетін өсу мен құлдырау экономикалық дамуға циклдық мінездеме береді. Экономикалық цикл – деп екі бірдей экономикалық белсенділік көрсеткішінің арасындағы уақытты айтады.

Жеке экономикалық циклдар  бір бірінен ұзақтылығы және интенсивтілігімен  ерекшеленеді. Дегенмен де олар бірдей даму структурасына ие. Даму структурасының цикылы жоғарғы (шың) және төменгі (Тұңғылық) белсенділік нүктесін бөледі, әрі олардың арасында экономикалық экспансия (немесе циклдык көтерілу) және экономикалық рецессия (құлдырау) фазасы жатады. Белгілі бір мезгілде циклдық көтерілу өзінің шынына жетеді. Өзінің шынына жеткенде цикл ең төменгі тұңғыйыққа экономикалық рецессия фазасына өтеді, одан қайта жаңа бетбұрыс қайта көтерілу жаңа кезеңі басталады.

Жұмыссыздық деңгейі  — бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (пайыз түрінде). Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарығының жағдайын бағалайды.

Статистикалық деректер үй шаруашылығьша зерттеу жүргізу  негізінде жиналады. Анкета сұрақтарына байланысты, әрбір адам 3 түрлі санаттың біреуіне жатады. Жұмыс істейтін, жұмыссыз және жұмыс күшіне кірмешіндер. Жұмыс істейтін адам деп — үй шаруасымен немесе оқумен шұғылданбайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдарды осы топқа кіргіземіз. Егерде азамат жаңа жұмысқа шығуды күтіп жұмыс істемесе, яғни уақытша босатылса немесе жұмыс іздеп жүрсе, оңда ол — жұмыссыз деп саналады. Алғашқы екі санада жатаайтын азаматтар (мәселен, студенттер және үй шаруасындағы әйелдер), жұмыс күші құрамына кірмейді: олар жұмыс істемейді, іздемейді және жаңа жұмысқа көшу кезеңін күтпейді.

Жұмыс күші — жұмыссыздар  мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейі — бұл  жұмыс күшінің жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түріндегі анықталуы. Демек,

Жұмыс күші = жұмыс істейтіндер  саны + жұмыссыздар саны.

Жұмыссыздық деңгейі = Жұмыссыздар  саны х 100 / Жұмыс күшінің жалпы  саны

Жұмыссыздық пен нақты  ЖҰӨ көлемі арасында қандай тәуелдік бар? Жұмыс істейтіңдер өндіріс  тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады, ал жұмыссыздар — атқармайды, осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне әсерін тигізеді. Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз тәуелділік, бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші, экономист Артур Оукеннің есімімен Оукен заңдары алды.

                                     Жұмыссыздық деңгейінің қозғалысы

Оукен заңы. Сурет пиктограмма  болып табылады, мұнда горизонталь  ось бойынша жұмыссыздық деңгейінің өзгерісі көрсетілген, ал вертикаль ось бойынша — нақты ЖҰӨ көлемінің өзгерісі пайыз түрінде көрсетілген. Әрбір нүкте белгілі бір жылғасәйкес. Осы екі ауыспалылардың арасында теріс тәуелділік әр түрлі бағытты көрсетеді, ол әрбір жұмыссыздықтың нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуімен байланысты екендігін көрсетеді.

Инфляцияның мәні - тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының  өсуі және тауар тапшылығы мен  қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып  алуы мүмкіндігінің қүлдырауы. Инфляция - қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі . Ол - мемелекеттің табысы мен шығысының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тәң құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.

«Инфляция» - желбуаз  көтерілу, icy деген мағынаны білдіретін латын сөзі. Шындығында да, қауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция және кездейсоқ  жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен жабу, ақша айналымының күрт «көтеріліп», қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Ақшаның құнсыздануы - ақша айналысы арналарының тауар айналымы қажеттерінен артық мөлшерде толуы.

Инфляция қарқынының жай, орташа күрделі кезінде бағаның өсуі 10%-дан аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мүндай инфляцияны экономикалық дамуы үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъект деп есептейді. Мүндай инфляция өндіріс пен сүраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.

  1. Нақты жалақы және жұмыссыздық деңгейі. Эмпирикалық байқаулар және Филлипс қисығы.

Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде олардың жұмысына аз ғана жұмыс күшімен орындағуа болады.

Маусымдық жұмыссыздық ауыл шаруашылығының кейбір салаларында, әсіресе қайта өңдеу енеркәсібінде жұмыс күші тек маусымдық кезеңдерде қолданылғанда болады.

Технологиялық немесе өтпелі жұмыссыздық адамдарды машинамен ауыстыру нотижесінде болады, ол жұмыскерден кәсібін өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді қажет етеді.

Жұмыссыздықтың 3 түрі белгілі: уақытша, құрылымдық және циклдік.

Глоссарий

Экономикалық  цикл - өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу деңгейнің өзгеруін айтамыз. Циклдік өзгерістердің себептері төмендегідей: автономды инвестициялардың азаюы, мультипликатор әсеренің әлсіреуі, ақша жиыны көлемінің өзгеруі, негізгі қорлардың жаңаруы, т.б.

Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші. Статистика агенттігі ай сайын жұмыссыздық деңгейі мен экономикалық саясаттағы еңбек нарғының жағдайын бағалайды.

Жұмыс істейтін адам деп – үй шаруасымен немесе оқумен шұғылдабайтын, апта бойы жұмыс істейтін адамдарды осы топқа кіргіземіз.

Жұмыс күші – жұмыссыздар мен жұмыс істейтіндердің жиынтығы.

Құлдырау – алты немесе одан да көп айға созылатын, жалпы өндіріс көлемі, табыс және жұмыс орындары азаятын кезең.

Құлдыраудың немесе тоқыраудың ең төменгі нүктесі. Құлдыраудың немесе тоқыраудың ең төменгі нүктесінде өндіріс және жұмыс орындары ең төменгі деңгейге жетіп, біртіндеп көтеріле бастайды.

Шың. Бұл нүктеде экономикада өндірістің толықтай жұмыс істеуін және жұмыссыздықтың толық жойылуын байқаймыз.

Көтерілу. Көтерілу фазасында өндіріс өседі, жұмыссыздық азаяды да, толық жойылады. Көтерілу күшейе келе өндіріс толық көтерілмей жатып бағалар өсуі мүмкін.

Іскерлік циклдердің әсері әр жерде, экономиканың әр түпкірінде сезіледі. Экономика элементтерінің байланысы ешкімге депрессиядан немесе инфляциядан қашу мүмкіншілігін қалдырмайды.

Толық жұмысбастылық еңбек күшінің 100%-нан аз бөлігін қамтитын жұмысбастылқ болып табылады.

«Уақытша жұмыссыздар» жұмыс іздеп жүрген немесе орнын алуын күтіп отырған адамдар.

Циклдік жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады.

 

4-тақырып. Жиынтық  сұраныс және жиынтық ұсыныс. AD-AS үлгісі

 

Жиынтық сұраныс  дегеніміз – сатып алушының сұранысы, өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.

Басқа сөзбен айтқанда, жиынтық  сұраныс қисығы әрбір берілген баға деңгейінде сатып алатын тауарлар мен  көрсетілген қызметтер санын көрсетеді.

Біз жиынтық сұранысының  сандық ақша теориясының базасында  қарапайым теңдеуін құра аламыз.

Мұнда: M- ақша ұсынысы

   V- ақша айналымының  жылдамдығы (мұнда ол тұрақты)

   P- баға деңгейі

  Y- өндірілген өнім  және көрсетілген қызмет саны

Информация о работе Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері