Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 17:41, реферат
Экономика ғылым ретінде қадағаланатын экономикалық құбылыстар мен фактілерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде бір жүйеге келтіруге тырысады. Макроэкономика экономиканы біртұтас бірлік ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызметтердің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем баласының жағдайын зерттейді. Макроэкономика курсы мемлекет экономикасында орын алған ғалами экономикалық құбылыстарды зерттеу тұрғысынан алғанда маңызы зор. Ол экономиканың үй шаруашылықтары, жеке меншік, мемлекеттік және сыртқы секторлар сияқты ірі құрамдас бөліктерін ерекшелейді. Макроэкономика ұзақ мерзімдегі өндіріс көлемінің, жұмыспен қамтылудың өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымылылардың қысқа мерзімдегі тербелістерін (ауытқуларын) да зерттейді. Макроэкономика курсында студенттер экономикадығы өтпелі үрдістерді түсінуге сеп боларлық білім алуы тиіс. Атап айтқанда, олар мұндай мәселелердің шешімін табуға көмектесуі тиіс: баға неліктен өседі, өндіріс неліктен дағдарысқа ұшырайды, жұмыссыздықтың өсу себебі неде және т.с.с.
Курс 1
Семестр 1
Кредит саны 2
Барлық сағат саны 90
Барлық аудиториялық сағат 18
Оның ішінде:
Лекциялар 2
Семинар сабақтары 2
F2F консультациялары 14
Барлық қашықтықтан оқыту сағаты 72
оның ішінде:
СӨЖ: 57
лекциялар 13
семинар сабағы 13
ӨЖ 31
Оn-line, off-line консультациялары 15
Аралық бақылау 2
Емтихан 1 семестр
Ақша ұсынысының бұл теңдеуі өндірістің атаулы көлемін анықтайды, ал ол өз кезегінде баға деңгейіне және өндірілген өнім санына тәуелді.
Сандық ақша теориясының теңдеуі ақша қаражатының сұранысы мен ұсыныс көрсеткіштері түрінде нақты көрсетілуі мүмкін.
Мұнда: k=1/V
Бұл теңдеу нақты ақша ұсынысы сұранысқа тең және сұраныс өндірілген өнім Y санына пропорционалды екенін көрсетеді.
16-сурет. Жиынтық сұраныс қисығы
Ақша ұсынысы тұрақты болғанымен Р баға деңгейі мен өндірілген өнім Y саны арасындағы тәуелділік теріс екендігін сандық ақша теориясының теңдеуінен көреміз. (16 -сурет). Р және Y әр түрлі мәндерінің байланысы келтірілген, олар сандық теорияны белгілі бір тұрақты ақша ұсынысы теңдеуін қанағаттандырады. Бұл қисық жиынтық сұраныс қисығы деп аталады.
Жиынтық сұраныс қисығы төмен оңға қарай бағытталған. Әрбір берілген ақша ұсынысының деңгейіне (PY) өнім шығару көлемінің белгілі бір мәні сәйкес келеді. Егер Р баға деңгейі көтерілсе, Y өнім шығару көлемі қысқаруы керек. Р мен Y арасындағы кері тәуелділік механизмін анықтау үшін, ақша ұсынысы мен жалпы шығарылған тауарлар мен қызметтер көлемінің арасындағы тәуелділікті қарастыруға болады.
Жиынтық сұраныс қисығын өзгертетін бағалық емес факторларға, жиынтық сұраныс (AD=C+I+G+XN) компонентінің әрбіреуіне әсер ететін факторлар жатады.
Жиынтық ұсыныс. Жиынтық сұраныс қисығы өз бетінше баға деңгейін немесе өндіріс көлемін анықтамайды, ол тек қана осы айнымалылар арасындағы мүмкін болатын қатынастарды көрсетеді. Жйынтық сұраныс қисығын толықтыру үшін бізге (Р) баға және (Ү) өндірілген өнім көлемі арасындағы тәуелділікті енгізу керек.
Жиынтық ұсыныс – бұл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілетін қызметтер мөлшерін көрсетеді.
Бұл қатынастың түрі уақыт аралығына тәуелді. Сондықтан жиынтық ұсыныс қисығының екі түрін ажырата білу қажет: Ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныстар.
Ұзақ мерзімдік кезеңде экономиканың функциясы классикалық үлгімен сипатталатындықтан, жиынтық ұсыныс қисығы соның негізінде, өндірілген өнімнің, көлемнің, еңбектін және классикалық теория бойынша тұрғызылады.
Жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімдік қисығы
Жиынтық ұсыныс қысқа және ұзақ мерзім кезеңінде және оларға әсер ететін факторлар:
Бағалық факторларға орташа баға деңгейі жатады. Ұзақ мерзім кезеңіндегі жиынтық ұсыныс талдауында баға өзгереді, ал өнім көлемі потенциалды деңгейде болады, яғни ұзақ мерзім кезеңіндегі жиынтық ұсыныс көлемі, баға деңгейіне абсолютті икемсіз.
Бағалық емес факторларға: экономикалық ресурстар (капитал (К) еңбек ( L) адам капиталы (Н), табиғи ресурс (N), технологиялық білім (r) ) . Бұл факторлар ұзақ мерзім кезеңіндегі ұсыныс көлеміне әсер етеді және осы қисықты қозғалысқа алып келеді.
Ұзақ мерзім кезеңіндегі жиынтық ұсыныс қисығының функциясы мынандай түрде бейнеленеді:
AS=AS (K, L, H, N, r).
Ұзақ мерзімдік ұсыныс қисығы (Ү*- әлеуетті өнім көлемі)
Қысқа мерзім кезеңіндегі тауарлар бағасы өзгермейді, өзгерсе курс бағасымен салыстырғанда тез өзгереді. Қысқа мерзім кезегіндегі жиынты ұсыныс көлемі баға деңгейінен тәуелсіз, яғн горизонтальды қисық түрінде (SRAS) болады.
Қысқа мерзімдік кезең: жиынтық ұсыныс қисығы көлденең түзумен берілген. Классикалық үлгі және жиынтық ұсыныстың тік қисығы тек ұзақ мерзімдік талдауға ғана қолданылады. Қысқа мерзімдік кезеңде кейбір тауарларға деген бағалар икемсіз болады және сондықтан олар сұраныстың өзгеруіне бейімделген.
Қысқа мерзімдік кезеңдегі жиынтық ұсыныс қисығы
Қысқа мерзімдік кезеңде жиынтық сұраныс қисығының және көлденң жиынтық ұсыныс қисығының қиылысу нүктесі экономикалық тепе-теңдңк нүктесі болып табылады. Енді жиынтық сұраныс мөлшерінің өзгеруі өнім шығару көлеміне әсер етеді.
Глоссарий
Жиынтық сұраныс дегеніміз- сатып алушының сұранысы, өндірілген өнім саны мен бағаның жалпы деңгейінің арасындағы тәуелділік.
Жиынтық ұсыныс дегеніміз- бүкіл сатушылардың әр түрлі баға деңгейінде ұсынатын тауарлар саны мен көрсетілген қызметтер мөлшерін көрсетеді.
Тұрақтандыру саясаты дегеніміз- өндіріс көлемін және жұмыспен толық қамтамасыз етуді табиғи деңгейінде ұстап тұруға бағытталған мемлекеттік саясат.
Экономикалық сілкініс дегеніміз- экономисттер ішкі әсер нәтижесінде болатын жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныс қисықтарының қозғалысы.
Капитал- көптеген өндіріс циклы ішінде өзінің натуралды-заттық нысанын өзгертпей және тұтыну құнын жоғалту дәрежесіне қарай өз құнын өнімге көшіретін өндірістік капиталдың бір бөлігі.
Инвестиция- фирманың физикалық капиталын сондай-ақ тауар қорын ұлғайтуға жұмсайтын шығыстары.
5-тақырып. Тұтыну және жинақтау
Экономикада кеңінен пайдаланылып жүрген базалық үлгінің бірі – жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс үлгісі немесе AD-AS үлгісі.
Алдымен кең анықталған тауар нарығын, яғни тауарларды ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетуді де қамтитын нарықты қарастырайық. Талдаудың бастапқы нүктесі – тұтыну және инвестициялық игіліктерге сұранысты білдіретін үй шаруашылықтары. Бұл бөлімде басты назар қысқа мерзімдік кезеңге аударылады.
Жабық экономикада соңғы шығындардың саны ретінде алынатын ЖІӨ жеке тұтынуға, жеке инвестицияға және мемлекеттік сатып алуға бөлуге болады. «бірінші кезеңде» бұл мынаны білдіреді:
Y1=C1+I1+G1 (1)
Бірінші кезеңдегі тұтыну және инвестициялардың функциялары мынадай:
G1=C(Ω, Yd) (тұтыну функциясы) (2)
I1=I(r1) (инвестиция функциясы)
G1=G (мемлекеттік сатып алулар)
T1=T (таза салықтар)
Тұтыну (С) жеке байлықтан (Ω) және қолдағы табыстан Yd = Y-T оң тәуелділікте.
Нақты пайыздық мөлшерлеменің тұтынуға ықпалы тұрақты оң немесе теріс болмағандықтан мұнда тек жанама ықпалы қарастырылады: пайыз мөлшерлемесінің өсуі үй шаруашылығының байлығын, соның әсерінен оның тұтынуын азайтады. Инвестицияның қарапайымдандыру мақсатымен – инвестиция функциясы пайыздық мөлшерлемеден ғана тәуелді деп қарастырылады: нақты пайыздық мөлшерлемені үлкейту капиталдың баламалы құны есебінен инвестиция тартымдылығын азайтады.
Кейнстік экономикалық теория бұл өзін өзі реттеу механизмінің болуын сынайды. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі ресурстардың толық қамтылуымен әдетте, сәйкес келе бермейді: А нүктесінде AD=AS теңдігі орнайды, бірақ тепе-теңдік өндіріс көлемі Y0 < Y* .
Бұл сәйкес келмеудегі себептердің бірі - әр түрлі мотивтермен, әртүрлі экономикалық агенттермен іске асырылатын инвестиция және қор жинагы жоспарларының сәйкес келмеуі.
P
P0
AD
Y
1- сурет . Сұраныс және ұсыныс қисықтары.
Классикалық теорияға сәйкес, қор жинағының және инвестициялардың динамикасын анықтайтын фактор – пайыз мөлшерлемесі болып табылады: егер ол өссе, онда үй шаруашылығы табысты әрбір қосымша бірлігінен салыстырмалы түрде көбірек қор жинап, азырақ үй шаруашылықтарының қор жинағының өсуі уақыт өте келе инвестициялардың өсімін қамтамасыз ететін несие бағасының төмендеуіне әкеліп соғады.
Кейнс теориясына сәйкес экономиканың тепе-теңдігін қалыптастыратын негізгі фактор пайыз мөлшерлемесі емес, үй щаруашылықтарының қолда бар табыс көлемі тұтыну және қор жинау динамикасының анықтайтын басты фактор болып табылады.
C = a + b (Y – T)
C – тұтыну шығыны.
a – автономды тұтыну.
b – тұтынудың шекті бейімділігі.
Y – табыс.
T – салықтық аударымдар.
(Y – T) – қолда бар табыс (Yd немесе DI).
ΔC
MPC = ΔYd
MPC – тұтынудың шекті нормасы.
ΔC – тұтыну шығындарының өсімшесі.
ΔYd – қолда бар табыстардың өсімшесі.
C
APC = Yd
APC – тұтынудың орташа бейімділігі.
C – тұтыну шығындарының көлемі.
Yd – қолда бар табыс көлемі.
Қор жинағының қарапайым функциясы.
S = -a + (1 – b) (Y – T)
S – жеке меншік сектордағы қор жинағы.
(1 – b) – тұтынудың шекті бейімділігі функциясы.
ΔS
MPS = ΔYd
MPS – қор жинағының шекті бейімділігі.
ΔS – қор жинағының өсімшесі.
S
APS = Yd
APS – қор жинағының орташа бейімділігі.
S – қор жинағының көлемі.
Yd – қолда бар табыс.
Қысқа мерзімді кезеңде ағымдағы қолда бар табыс өскен сайын АРС кемиді, ал АРS өседі, яғни отбасы табысының өсуімен тұтынуға кеткен шығын бөлігі салыстырмалы қысқарады және қор жинағы салыстырмалы өседі. Бірақ ұзақ мерзімді кезеңде тұтынудың орташа бейімділігі тұрақтанады, өйткені тұтыну шығындарының көлеміне ағымдағы қолда бар табыс көлемі ғана емес, сонымен қатар отбасының жалпы өмір сүру деңгейі және күтіп отырған тұрақты табыс көлемі де әсерін тигізеді.
Кейнстік үлгі – бұл үлгі экономиканы жиынтық сұраныс жағынан қарастыру. Сонымен, жиынтық ұсынысты анықтайтын негізгі фактор ретінде, жиынтық сұраныс есептеледі. Қысқа мерзімді жиынтық ұсыныс қисығының формасы горизонтальды қисық түрінде болады.
Іс жүзіндегі жоспарланған шығындар. Кейнс кресі. Өндірістің тепе-теңдік көлемі. Өндірістің құлдырауынан үлкен шығындары болдырмау үшін жиынтық сұранысты реттейтін белсенді мемлекеттік саясат қажет. Сондықтан кейнстік экономикалық теорияны көбіне жиынтық сұраныс теориясы деп атайды.
Іс жүзіндегі инвестициялар құрылымына жоспарланған және жоспарланбаған инвестициялар кіреді. Соңғысы тауарлы-материалдық қорларға инвестициялардың қарастырылмаған өзгерісі болып табылады. Осы жоспарланбаған инвестициялар қор жинағының және инвестициялардың іс жүзіндегі көлемін қалпына келтіретін және макроэкономикалық тепе-теңдікті орнататын тетік сияқты жұмыс істейді.
Жоспарланған шығындар – үй шаруашылықтарының, фирмалардың және үкімет тауарларға және қызмет көрсетуге жұмсауға жоспарланған отырған сомасы болып табылады. Нақты шығындар кенеттен болған өзгерістер жағдайында тауарлы-материалдық қорларға жоспарланған инвестициялар жасауға мәжбүр болған кезде ерекшеленеді.
Жоспарланған шығындар функциясы E=C+I+G+Xn графикалық түрде жоғары қарай I+G+Xn көлеміне «ығыстырылған» тұтыну функциясы C=a+b(Y+T) ретінде бейнеленеді.
Жоспарланған шығын сызығы, нақты және жоспарланған шығындар теңелген сызықты белгілі бір А нүктеде кесетіні анық (яғни, Ү=Е сызығын ). Келтілірген сызба Кейнс кресі атауын алған.
Үнемділік оғаштығы (парадоксы). АD-АS үлгісінің кейнс кресімен байланысы. Үнемділік оғаштығы – қоғамның көбірек үнемдеуге ұмтылуынан азырақ көлемде қор жиналуы. Егер қор жинау өсімі инвестициялар өсімімен бірге жүрмесе, онда үй шаруашылықтарының кез келген көбірек үнемдеу ұмтылысы мультипликация әсерімен шарттандырылған тепе-теңдік ЖҰӨ-нің төмендеуіне байланысты пайдасыз болып қалады.
Кейнс кресі үлгісі баға деңгейінің Р өзгерісі үрдісін бейнелеуге мүмкіндік бермейді, себебі орнатылған бағаны болжайды. Кейнс кресі АD-АS үлгісін макроэкономикалық талдау мақсатына пайдаланады және инфляция деңгейінің өсуімен немесе төмендеуімен байланысты макроэкономикалық саясаттың ұзақ мерзімді салдарын зерттеу үшін пайдаланады.
Қорта айтқанда
тауар нарығындағы жиынтық
Глоссарий
Неоклассикалық көзқарас – баға нарықта тепе-теңдік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалданатын әдіс.
Кейнстік көзқарас - бір уақыт аралығында кейбір бағалар өзгеруге бейім емес, мұндай жағдайда тепе-теңдік жұмысбастылық көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемімен мүмкін болатын әдіс.
Пайыз мөлшерлемесі - классикалық теорияға сәйкес, қор жинағының және инвестициялардың динамикасын анықтайтын фактор.
Кейнстік үлгі – бұл үлгі экономиканы жиынтық сұраныс жағынан қарастыру.
Тұтыну функциялары — бұл жиынтық тұтынушы шығындары мен табыстарының арасындағы байланысы.
Тұтынуға шекті бейімділік – бұл тұтыну деңгейінің барлық табысқа қатынасы.
Тұтыну – бұл ағымдағы жылда-ғы тауар мен қызмет көрсетуді сатып алуға жұмсалатын үй шаруашылығы табысының бөлігі.
Жеке табыс – бұл берілген жыл ағымындағы үй шаруашылығы-ның алынған табысы.
Өндірістің құлдырауынан үлкен шығындары болдырмау үшін жиынтық сұранысты реттейтін белсенді мемлекеттік саясат қажет. Сондықтан кейнстік экономикалық теорияны көбіне жиынтық сұраныс теориясы деп атайды.
Информация о работе Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері