Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 17:41, реферат

Описание

Экономика ғылым ретінде қадағаланатын экономикалық құбылыстар мен фактілерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде бір жүйеге келтіруге тырысады. Макроэкономика экономиканы біртұтас бірлік ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызметтердің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем баласының жағдайын зерттейді. Макроэкономика курсы мемлекет экономикасында орын алған ғалами экономикалық құбылыстарды зерттеу тұрғысынан алғанда маңызы зор. Ол экономиканың үй шаруашылықтары, жеке меншік, мемлекеттік және сыртқы секторлар сияқты ірі құрамдас бөліктерін ерекшелейді. Макроэкономика ұзақ мерзімдегі өндіріс көлемінің, жұмыспен қамтылудың өзгерістерімен қатар, экономикалық айнымылылардың қысқа мерзімдегі тербелістерін (ауытқуларын) да зерттейді. Макроэкономика курсында студенттер экономикадығы өтпелі үрдістерді түсінуге сеп боларлық білім алуы тиіс. Атап айтқанда, олар мұндай мәселелердің шешімін табуға көмектесуі тиіс: баға неліктен өседі, өндіріс неліктен дағдарысқа ұшырайды, жұмыссыздықтың өсу себебі неде және т.с.с.

Содержание

Курс 1
Семестр 1
Кредит саны 2
Барлық сағат саны 90
Барлық аудиториялық сағат 18
Оның ішінде:
Лекциялар 2
Семинар сабақтары 2
F2F консультациялары 14
Барлық қашықтықтан оқыту сағаты 72
оның ішінде:
СӨЖ: 57
лекциялар 13
семинар сабағы 13
ӨЖ 31
Оn-line, off-line консультациялары 15
Аралық бақылау 2
Емтихан 1 семестр

Работа состоит из  1 файл

ДОТ Макроэкономика Габдуллина каз.doc

— 5.05 Мб (Скачать документ)

Халықаралық сауда  палатасы – кәсіпкерлердің ұлттық федерациясын, экономикалық және қаржы байланыстарын дамытуға мүдделі 100 елдің дерлік іскер топтарын біріктіретін үкіметтік емес халықаралық ұйым.

Халықаралық сауда-саттық – халықаралық рынокта жабдықты сатып алуға берілген тапсырыстарды орналастырудың немесе кешенді объектілерді салу және басқа жұмыстарды орындау

Сыртқы сауда – елдер арасындағы сауда; ол тауарлар мен қызмет көрсетулер әкетілімі (экспорты) мен әкелімінен (импортынан)тұрады.

Сыртқы сауда  айналымы – елдің белгілі бір кезеңіндегі экспорты мен импорты құнының сомасы.  

Сыртқы сауда  саясаты –белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртық сауда қатынастарын дамыту эөніндегі экономикалық ұйымдастыру, саяси шараларының жүйесі.

Сыртқы сауда  жарнамасы –басқа елдердің рыноктарындағы жарнама; онда көрмелер ұйымдастыру, жарнамалық сату, тауармен бірге жіберілетін әдебиетті, жарнамалық фильмдерді басып шығару және тарату. 

ӨЖ орындау  бойынша әдістемелік нұсқау

Студенттердің өздік  жұмысы әрбір студенттің қажетті  ақпаратты талдауына, өзбетінше  даярлануға, қажетті тапсырманы өз уақтысында тиімді қолдануға көмектеседі.

Өздік оқудың мақсаты  студенттердің өзбетінше оқып білім  жүйесін кеңейту болып табылады. Ол олардың білім деңгейіне байланысты орын алады.

  1. Аудиторияда алған білімді кеңейту, тереңірек бекіту.
  2. Жаңа білімді белсене қабылдау.
  3. Проблемалардың шешімін табу.
  4. Студенттің жеке өзіндік ой-пікірін қалыптастыру.
  5. Ситуациялық жағдайда практикалық тәсілдерді қалыптастыру.

Өздік жұмыс  арнайы оқулықтармен жұмыс істеуді, сөздіктерді қолдануды, периодикалық баспаларды, газет-журнал мақалаларымен  жұмыс істеуді дамытады. Сонымен қатар интернетпен жұмысты, ұйымдастыруды, белсенділікті мәселенің шешімін табуды қарастырады.

ӨЖ тапсырмасын  орындауда міндетті түрде әдебиеттерге сілтемелер жасалыну керек.

1 ӨЖ тапсырмасы топтық жұмыс, әр топта 3 студенттен. СӨЖ тапсырмаларынан әр топ 1 тақырыпты таңдау керек және оны жан - жақты зерттейді. Зерттелетін мәселе бойынша барлық ақпараттарды талдау қажет және әр бағыт бойынша әдебиеттерге сілтеме жасалынады. Материалдарды электронды түрде өткізу керек. Арнайы және ғылыми әдебиеттерден берілген тақырып бойынша қысқаша баяндама жазу. Зерттеу мақсаты – студенттерді әдебиеттермен жұмыс жасауға, статистикалық мәліметтерді пайдалануға, қарастырылған проблеманың теориялық және практикалық тұрғыдан сипаттауға, материалды анық және толық жазбаша түрде орындауға дағдыландырады.

2 ӨЖ тапсырмасын орындауда студент сұрақтарға жауап береді. Бұл сұрақтары бүкіл курс бойынша құрастырылған. Кейбір сұрақтар ашық түрде берілген. Бұл сұрақтарға студент өз пікірін беру керек. Нақты мысалдар келтіруі тиіс.

1 ӨЖ тапсырмалары.

    1. Қызметтің бүгінгі таңдағы қоғамда атқаратын ролі.
    2. Кәсіпкерлік және ақпараттық хабар өндірісінің жаңа факторлары.
    3. Стадиялық өсу теориясы негізінде қоғам дамуының кезендерін анықтау. (Дж.Гэлбрейт, Д.Белл т.б)
    4. Тауар шаурашылығын маржиналистік және маркстік тәсілмен зерттеу.
    5. Тауар фетишизмі (соқыр сезім).
    6. Ақшаның мәнін және қызметін талдауда бүгінгі таңдағы көз-қарас.
    7. ҚР тұтыну тауарлар нарығының жағдайы және перспективасы.
    8. Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары.
    9. ҚР жұмыссыздық мөлшері және құрылымы.
    10. Статистикалық мәліметтермен жұмыс жасап казіргі кездегі Қазақстанның экономикалық өсімін анықтау.
    11. Орталық және коммерциялық банктердің қызметтері.
    12. Классикалық саяси экономияның негізін қалаушылар.
    13. Халықаралық экономикалық интеграцияның негізгі кескіндері.
    14. Аль-Фараби зерттеулері, «Жеті Жарғы» мазмұны.
    15. 20-30жж.Қазақстандағы экономикалық ойлардың ерекшелігі.
    16. Қорандағы экономикаға, саудаға байланысты бағыттар.
    17. Ауыл шаруашылығын дамытудың жолдары.

2 ӨЖ тапсырмалары.

  1. Макро- және микроэкономика терминдерінің авторы кім?
  2. Орнына келетін және келмейтін ресурстарға нақты мысал келтіріңіздер.
  3. Өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну стадияларына сипаттама беріп, мысал келтіріңіздер.
  4. Меншік туралы экономистермен заңгерлердің көзқарасы.
  5. Қазақстанда өткен жекешелендірудің мәселелері мен ерекшеліктері.
  6. Төменде көрсетілген айырбас кезеңдерін тауар айырбасының тарихи дамуына сәйкес орналастырыңыздар:

А) 5 мөшек бидай

3 балта                                

30 саңырауқұлақ                = 40 сом

1 кәрзінке жеміс

Б) 1 балта= 5 мөшек бидай

В) 5 мөшек бидай

1 қой = 3 балта                                

30 саңырауқұлақ               

1 кәрзінке жеміс

Г)  1 мөшек бидай

2 балта                          =       5гр. Алтын 

1 кәрзінке жеміс

  1. Валюта конверсияланауы дегеніміз не және оны конверсияланыуының қандай жолдары бар?
  2. Нарық инфрақұрылымының қажеттілігі неде?
  3. Берілген тұжырымдардын қайсысы сұраныс көлемін және қайсысы сұраныстың өзгеруін сипаттайды? Себептерін түсіндіріңіздер.

А) ет бағасының өсуі бағасы арзан балыққа сұранысты өсірді.

Б) кәмпиттерге бағаның  өсуі осы өнімге сұранысты қысқартты.

В) Қалада жаңа жарнамалық газеттердің шығуына байланысты «Кешкі Талдықорған» газетіне «Жарнамалық  қосымшаға» сұраныс қысқарды.

Г) 1992 жылы нанға тұрақты  бағалардың қалыптасуы нанға сұранысты өсірді.

  1. Азаматтық кодекске сәйкес заңды тұлғалар болып коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар табылады. Олардың айырмашылығын көрсетіңіздер.
  2. Негізгі және айналмалы капиталға нақты мысалдар келтіріңіздер.
  3. Рентабельділік деген не?
  4. Есеп.

Сыртқы шығындар – 400

жалданған еңбек төлем -300

шиқызатты әкелген үшін төлем – 100

Ішкі шығындар – 150

ақша капиталы үшін алынбаған  пайыз – 20

жалға бергеннен алынбаған  рента- 30

алынбаған менеджер сыйақысы – 100

Наубайхананың жалпы  табысы – 600.

Анықтаныздар:

бухгалтерлік шығындар

экономикалық шығындар

қалыпты пайда

экономикалық пайда

бухгалтердік пайда.

  1. ЖҰӨ дефляторының тұтыну бағаларының индексінен айырмашылығы неде?
  2. ЖҰӨ, ЖІӨ нақты мысал келтіріңіздер.
  3. Тұтыну, инвестиция, қаражат жинау – мазмұны мен формулалары.
  4. Жиынтық ұсыныс және жиынтық сұранысқа бағалық емес факторлардың әсер етуін график арқылы көрсету.
  5. Кондратьевтің ұзын толқындары.
  6. Өтпелі кезеңдегі инфляция мен жұмыссыздықтың ерекшеліктері.
  7. Стагфляция мәні және себептері.
  8. Инфляцияға қатысты - 70 ереже деген не?
  9. Экономиканы реттеу теориялары.
  10. Орталық банктің ашық нарықтағы операциялары.
  11. Экономикалық жүйе типтерінің жіктелімі.
  12. Өндіріс функциясы.
  13. Өндіріс факторлары нарығындағы тепе-теңдік. Фактор иесінің табысы өндіріс факторының бағасы ретінде.
  14. Экономикалық өсудің жаңа классикалық және жаңа кейнсшілдік моделдері.
  15. Экономикалық өсудің нолдік тұжырымдамасы. (Рим клубы)

3 ӨЖ тапсырмалары

1. Өнім шығару көлемі  жоспарланған шығыннан асқан  кезде, онда төмендегі тұжырымдарды  айтуға болады:

а) өткізілмеген өнім қоры өседі, ал өнім шығару деңгейі төмендейді;

ә) өткізілмеген өнім қоры өседі және өнім шығару деңгейі де өседі;

б) өткізілмеген өнім қоры төмендейді және өнім шығару деңгейі  де төмендейді;

в) өткізілмеген өнім қоры төмендейді, ал өнім шығару деңгейі  өседі.

 

2. Жаңа технологиялық  құрал енгізгеннен кейін банк  жүйесінде ақша айналу жылдамдығы  көбейеді. Орталық банк экономикада өнім көлемі және баға деңгейін қалыптастыру үшін ақша ұсынысын өзгертті. Орталық банктің қалыптастыру сияқты қалай болатынын графикте көрсетіңіздер.

3. Алғашында экономика  өзінің әлеуетті (Y*)  деңгейінде  жұмыс істейді дейік. Кейіннен  шок әсерінен әрбір баға деңгейі  белгісінде жиынтық сұраныс төмендегідей. Бұл қатаң баға жағдайында  тудырады:

А) жұмыссыздық деңгейінің жоғарылауын

Ә) экономикадағы капитал қорының азаюын

Б) әлеуетті ЖҰӨ төмендеуін

В) жұмыс айлығының  және бағаның жоғарылауын

4. Экономика келесі  көрсеткіштермен сипатталады:

Y = C + I + G + Xn

C = 300 + 0.8 Yd

I = 200 + 0.2 Y

Xn = 100 – 0.04Y

G = 200

t = 0.2

Анықтау керек:

а) табыстың тепе-теңдік деңгейін

ә) автономды шығындар мультипликаторының көлемін

5. Экономика келесі  мәліметтермен баяндалған:

Y  = C + I + G + Xn

C = 400 + 0.9 Yd

I = 200 + 0.25 Y

Xn = 200 – 0.1 Y

G = 200

 t = 0.333

Тепе-теңдік табыс деңгейі және автономды шығындар мультипликатор көлемі болады:

А) 4000       Ә) 5000       Б) 4000      В) 4000

      4,5                4,0               2,0              4,0

6. Инвестициялық функция теңдеумен берілген делік: I = 1000 – 30 r, мұндағы r – негізгі пайыз мөлшерлемесі.  Атаулы пайыз мөлшерлемесі 10%, инфляция деңгейі 2% болған кезде инвестиция көлемі болады:

А) 240   Ә) 700   Б) 760   В) 970

7. Жоспарлы тұтыну шығыны 40+0,9 Yd және жоспарлы инвестиция 50болғанда, онда тепе-теңдік табыс деңгейі болады:

А) 90     Ә) 400   Б) 500   В) 900

4 ӨЖ тапсырмалары.

  1. Кестеде көрсетілген мәліметтер бойынша М1, М2, М3 ақша агрегаттарының көлемін анықтаңыздар.
 

Млрд тг

Аз көлемді қысқа  мерзімді салымдар

Көп көлемді қысқа  мерзімді салымдар

Чектік салымдар

Чексіз жинақтық салымдар

Қолда бар ақша

1630

645

448

300

170


  1. Айталық, шарт жасауға арналған әр теңге орта есеппен жылына 6 рет айналады және соңғы тауар немесе қызмет көрсетуді сатып алуға бағытталады. ЖҰӨ атаулы көлемі 2400млдр тг. Шарт жасасуға арналған ақшаға деген сұраныс көлемін табыңыздар.
  2. Кестеде активтерден әр түрлі пайыз мөлшері бойынша ақшаға деген сұраныс көлемі көрсетілген. Мәліметтерді қолданып, ақшаға деген жалпы сұранысты көрсетіңіз.
 

Ақшаға сұраныс көлемі

 
 

Активтер бойынша

жалпы

16

20

420

14

40

440

12

60

460

10

80

480

8

100

500

6

120

520

4

140

540




 

 

 

 

 

  1.  Ақша ұсынысы 480 млрд тг болды. Тепе-теңдік пайыздық қойылымдарды анықтаңыздар.
  2. Мемлекет бюджетінің тапшылығын қысқарту және инфляция деңгейін төмендету үшін үкімет салықты өсіреді. IS-LM үлгісін қолдана отырып, графигін көрсетіңіздер және пайыз мөлшерін өзгертпес үшін Ұлттық банк қандай шаралар қолданады?

13. Мемлекеттік сатып алу 500, салық функциясы Т = 0,4Ү, трансферт функциясы Ғ= 0,2Ү, баға деңгейі: Р= 1. Пайыз мөлшерлемесі R= 0,1 болғандағы қарыз D  = 1000. Нақты өндіріс көлемі 2000, ал әлуетті өндіріс көлемі 2500-ге тең.

а) Мемлекеттік бюджет сальдосы оң мән бе, әлде теріс мән  бе?

ә) Мемлекеттік бюджеттің  циклдік тапшылығы қанша?

14. Экономика келесідей мәліметтермен берілген.

Информация о работе Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері