Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 12:15, дипломная работа

Описание

Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас саясаты – бұл ресурстық базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………………………………………………………….5
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі ретінде…………………………………………………………………………….….5
1.2 Банктік депозиттердің классификациясы……………………………………...8
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының
негіздері…………………………………………………………………………….14
2 «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» АҚ ЕБ -НЫҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ……......37
2.1 Қазақстанның депозиттік нарығындағы «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ рөлі………………………………………………………………………………….37
2.2 «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ қызметінің жалпы сипаттамасы………………39
2.3 «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозиттік саясатының негізгі қаржылық көрсеткіштері мен қызметін талдау………………………………………………41
3 «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» ЕБ АҚ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ………………………………......……….……………..47
3.1 «Ресей Жинақ банк» АҚ ЕБ-ның депозиттік саясатын жетілдіру
құралдары…………………………………………………………………………..47
3.2 Банктік секторға депозиттерді тарту…………………………………………59
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………..63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ………………………………………...68

Работа состоит из  1 файл

Жайыкова К 221Депозит.doc

— 662.00 Кб (Скачать документ)

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ ......................................................................................................................3

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………………………………………………………….5

1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі ретінде…………………………………………………………………………….….5

1.2 Банктік депозиттердің классификациясы……………………………………...8

1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының

негіздері…………………………………………………………………………….14

2 «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК»  АҚ ЕБ -НЫҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ……......37

2.1 Қазақстанның депозиттік нарығындағы «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ рөлі………………………………………………………………………………….37

2.2 «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ қызметінің жалпы сипаттамасы………………39

2.3 «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозиттік саясатының негізгі қаржылық көрсеткіштері мен қызметін талдау………………………………………………41

3 «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» ЕБ АҚ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ………………………………......……….……………..47

3.1 «Ресей Жинақ банк» АҚ ЕБ-ның депозиттік саясатын жетілдіру

құралдары…………………………………………………………………………..47

3.2 Банктік секторға  депозиттерді тарту…………………………………………59

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………..63

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ………………………………………...68

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

Коммерциялық кәсіпорын түрлерінің бірі ретінде банктік мекеменің өзіндік ерекшелігі оның ресурстардың басым бөлігі меншікті құралдардан емес, тартылған құралдардан құрылуында. Қаражаттарды тартуда банктердің мүмкіндіктері шектеулі және кез келген елде Орталық Банк тарапынан реттемеленеді. Банк капиталының мөлшері мен тартылған қаражаттар көлемі арасындағы ара қатынасты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі міндетті экокнкомикалық нормативтер арқылы реттейді.

Барлық банктік саясаттың  маңызды құрамдас саясаты – бұл  ресурстық базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.

Біздің елімізде депозиттік саясаттың қалыптасу мәселелеріне қажетті көңіл аударылған жоқ  екендігін белгілеуге болады. Бұл  жоғары инфляция және арзан ресурстардың қолда бар болған кезде банктік ісметтерге сұраныс ұсынысқа қарағанда елеулі асты, ал осы шарттар банктік операциялар тәуекелінің табиғатын өзгерте отырып, жоғары пайда нормасын қамтамасыз етумен байланысты болды. Пайда нормасының төмендеуі, банкаралық несиелер және мерзімдік валюталық нарықта операциялары сияқты табыстың дәстүрлі көздерінің жоғалуы өздерімен тартылған қаражаттың құрылымын оңтайландыру және олар бойынша пайыздық шығындарды қысқартуда коммерциялық банктер депозиттік саясаттың қалыптасуын бірінші нөмерге шығарды. 1998 жылы болған банктік дағдарыс және одан кейінгі Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуы коммерциялық банктердің депозиттік саясатының рөлін көтерудің, сонымен қатар жетілдірудің қажеттілігін растады.

Осы жұмыстың теориялық  және практикалық негізі ретінде, экономистердің еліміздегі мәселелерді зерттеген материалдары, Қазақстандық коммерциялық банктердің жұмысын талдау барысында алынған материалдар, статитикалық материалдар және мерзімдік басылымдардың мәліметтері табылады.

Зерттеу мақсатынан туындайтын негізгі міндеттер:

  • ақша-несие қатынастары жүесіндегі «депозит» экономикалық
  • категориясының мәні мен мазмұнын зерттеу;
  • банктік депозиттердің жіктелуін қарастыру;
  • халық қолындағы салымдарды коммерциялық банкке тартудағы бағыттарды жетілдіру жолдарын анықтау;
  • коммерциялық банктің тұрақтылығын күшейту мақсатында оның депозиттік саясатын оңтайландырудың перспективалы бағыттарды анықтау;
  • депозиттерді сақтандыру қорының қызметіне талдау жасай отырып, оны жетілдіру жолдарын анықтап беру.

Зерттеу пәні коммерциялық банктің депозиттік саясаты және оның қалыптасуы мен жүзеге асырылу үрдісіндегі экономикалық және ұйымдастырушылық қатынастары болып табылады.

Зерттеу объектісі: «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ-ның қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ  ДЕПОЗИТТІК САЯСАТ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

 

1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі ретінде

Банктік депозит (латынан depositum- сақталуға берілген зат) – бұл банкке клиеттердің уақытша бос ақшаларын беру жөніндегі экономикалық қатынас. Алайда депозит терминін түсіндіретін анықтамалар көп. дік тәжірибеде депозит - бұл заңды және жеке тұлғалардың құралдарды салу мерзіміне тәуелсіз қаржылық институтқа салу. Ал  Қазақстанда заңды тұлғалардың салымдары депозит, ал жеке тұлғалардың– салымдар деп аталады. Есеп-айырысу және ағымдағы шоттардағы қалдықтар депозит болып саналмайды [1].

Уақытша бос ақшалай  қаражаттарды Жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталымен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі: біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражат сомасын депозит түрінде Жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл слымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материялдық объектілерінде орналастырылған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктарге меншікті капиталдың тартылған өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет [2].

Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын  жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын Жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды.

Каценеленбаум З.С. банктік  депозиттің мәнін зерттей отырып оның қос табиғатында тұжырымдалатын ерекшеліктерін атап көрсетеді: «Депозиттер салымшы үшін әлуетті ақша болып табылады... Салымшы үшін олар екі рөлде шығады: бір жағынан ақша рөлінде, екінші жағынан пайыз әкелетін капитал рөлінде… бірақ капитал әкелетін пайызға қарағанда депозит аз пайыз әкеледі. Бұл төменделген пайыз – кездейсоқ құбылыс емес, банк табиғатының маңызды мезеті. Өйткені банк табиғатының бүкіл мәні мынада: депозит бойынша төленетін пайыз банк әртүрлі кәсіпорындарға салған капитал үшін алатынпайызға қарағанда төмен. Пайыздардағы бұл айырма активті операциялар бойынша алатын пайыздардың ¼ бөлігін құрайды» [3,35].

Сонымен, депозит тек  қана салымшы үшін ғана емес, және банк үшін тиімді. Көптеген депозиттер банкке несие капиталды құруға ықпалын тигізеді, банк кейін бұл несие капиталын тиімді шарттарда шаруашылықтың кез келген аясына орналастырады. Депозиттер бойынша пайыздармен және қарызгерлер төлейтін пайыздар арасындағы айырма – банк атқарған бос ақша қаражатты тарту және несие капиталын орналастыру жұмыстары үшін сыйақы болып табылады.

Банк үшін пассивті операциялар  маңызды орын алады. Пассивтіге пассивті шоттағы ақша қаражаттардың ұлғаюына әсер ететін банк операциялары жатады. Осылардың көмегімен банктер  ақша нарығындыа несие ресурстарын таба алады.

Коммерциялық банктердің 4 түрлі пассивті операциялары бар:

  1. бағалы қағаздардың алғашқы эмиссиясы;
  2. қор құруға немесе ұлғайтуға банк табысынан аударым;
  3. басқада заңды тұлғалардан алынған несиелер мен борыштар;
  4. депозиттік операциялар.

Пассивті операциялар айналымда бола отырып банкке ақша қаражаттар тартуға мүмкіншілік тудырады. Жаңа ресурстар банк жүйесінде активті операциялар нәтижесінде құрылады. Алғашқы екі пассивті операциялар (1,2) түрімен бірінші ірі несиелік ресурстар тобының меншікті ресурстары құрылады.Келесі екі пассивті операциялар (3,4) түрі екінші ірі ресурстар тобын - қарыздық немесе тартылған несиелік ресурстарды құрайды.Банктің меншікті ресурстары банк капиталы мен оған теңестірілген баптарын көрсетеді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының ролі мен көлемі түрлі басқа қызметтермен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдардан ерекшеленетін айрықша өзгешелікке ие. Банктер меншікті капиталы арқылы қаражаттарының жалпы қажеттілігінің 10%-дайын жабады. Жалпы мемлекет банкткрдің меншікті ресурстары мен тартылған ресурстарының арасындағы қатынастың шекті мөлшерін белгілейді. Қазақстанда банк ресурстарының арақатынасы белгіленген. Яғни коммерциялық банктердің тартылған қаражаты меншікті капиталынан аспауы керек.

Банктің меншікті капиталының мәні оның тұрақтылығын ұстау болып табылады. Банкті құру кезіндегі банк онсыз қызметін бастай алмайтын алғашқы шығындарын (жер, ғимарат, жабдықтар, жалақы) дәл осы меншікті қаражаты жабады. Меншікті ресурстар арқылы банктер өздеріне қажетті қор құрады. Нәтижесінде, меншікті капитал ұзақ мерізімді активтерге салынытын салымның негізгі көзі болып табылады.

Банктің төртінші пассивті операциялар тобы банктік тәжірибеде негізгі болып табылатын –  депозиттік операциялар. Бұл коммерциялық банк қызметіне еркін нарықтағы несиелік ресурстарды сатып алуына делдал ретінде қатысады.

Депозит экономикалық категория  ретінде Жинақ ақшаның құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ, егер Жинақ ақша табыстары бөлу және қайта бөлумен тығыз байланысты болса, депозит қайта бөлу қатынастары аясын қамтиды.

Депозиттер деп депозиттік операциялардың субъектілері – жеке және заңды тұлғалардың депозиттік шотқа белгілі-бір мерзімге немесе талап еткенге дейін салған ақша қаражаттарының сомасын айтамыз.

Егер Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасының дамуы жағдайындағы депозиттік нарықтың даму ерекшелігін ескеретін болсақ, онда депозит анықтамасы келесідей болып түсіндірілуі керек:

Депозит дегеніміз коммерциялық банктерге белгілі-бір мерзімге және мерзімсіз, қайтарылу шартыменен, пайызы төленуі тиіс болып, сақтандырыла отырып салынған кәсіпорындардың ақша қаражаттары.

Банктердің ақшалай  қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру  жұмыстары депозиттік операциялар  деп аталады. Депозиттік операциялар банктік ресурстардың бос ақша нарығында ресурстарды иемденуде инвесторлармен құралдарды пайдаланушылар арасындағы делдал ретіндегі банк қарекетін көрсетеді.

Депозиттерді тарту  арқылы банк клиенттерге, басқа банктерге  несие беру мүмкіндігін арттырады, ал бұл табыс алуға негіз жасайды.

Депозиттік операциялар  бұл – салымға ақша қаражатарын  тарту (пассивті депозиттер) немесе қолда  бар құралдарды басқа банктер  немесе несие-қаржылық институттарда  орналастыру бойынша (активті депозит) операциялар. Депозиттік операциялар негізінде банктің несиелік ресурстарының басым бөлігі құралады. Депозиттік операциялар заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын жұмылдыру бойынша маңызды дәстүрлі банк операцияларының біріне жатады.

Депозиттік операциялардың негізінде коммерциялық банктердің несилік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.

Депозиттердің келесідей қызметтерін атап айтуға болады:

1) Коммерциялық қызмет – жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражаттарын депозитке белгілі бір мүдде төлеу шартымен тарта отырып оны осы қаражаттар қажет болып отырған тұлғаларға өзінің белгілі үстеме ақысын қолдана отырып сатады. Банктің осы қатынасы оның коммерциялық банк деген атына негіз болады.

2) Ынталандыру қызметі – депозиттік салымдардың әр түрлі шартпен құрылуы, салымдардың белгілі бір шарттағы салым түріне ақша қаражаттарын сала отырып табыс алуға деген қызығушылығын тудырады. Ол табыс ақша қаражаты, несие алу мүмкіндігі және белгілі бір сыйлық есебінде алу түрінде болады.

Информация о работе Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері