Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 12:15, дипломная работа

Описание

Барлық банктік саясаттың маңызды құрамдас саясаты – бұл ресурстық базаның қалыптасу саясаты. Банк әрқашан пассивті операцияларын жүзеге асыру үрдісіндегі ресурстық базаның қалыптасуы банктің активті операцияларына қатысты бірінші әрі анықтаушы рөлді ойнайды. Банктік ресурстардың негізгі бөлігі бәрімізге белгілі депозиттік операцияларды жүргізу үрдісінде құрылады, осы операцияларды дұрыс әрі тиімді ұйымдастыруға кез келген несиелік ұйымның қызмет етуінің тұрақтылығы тәуелді. Осыған байланысты пассивтерді тиімді басқару арқылы ресурстар әлуетін өсіру және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету өзгеше өзектілік пен маңыздылықты иеленуде.

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................................3
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………………………………………………………….5
1.1 Депозит - коммерциялық банкте ресурстар базасын құрудағы негізгі көзі ретінде…………………………………………………………………………….….5
1.2 Банктік депозиттердің классификациясы……………………………………...8
1.3 Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуының
негіздері…………………………………………………………………………….14
2 «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» АҚ ЕБ -НЫҢ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТЫ……......37
2.1 Қазақстанның депозиттік нарығындағы «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ рөлі………………………………………………………………………………….37
2.2 «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ қызметінің жалпы сипаттамасы………………39
2.3 «Ресей Жинақ банк» ЕБ АҚ депозиттік саясатының негізгі қаржылық көрсеткіштері мен қызметін талдау………………………………………………41
3 «РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНК» ЕБ АҚ ДЕПОЗИТТІК САЯСАТТЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ………………………………......……….……………..47
3.1 «Ресей Жинақ банк» АҚ ЕБ-ның депозиттік саясатын жетілдіру
құралдары…………………………………………………………………………..47
3.2 Банктік секторға депозиттерді тарту…………………………………………59
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………..63
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ………………………………………...68

Работа состоит из  1 файл

Жайыкова К 221Депозит.doc

— 662.00 Кб (Скачать документ)

3) Қорлану қызметі - депозитке тартылатын қаражаттар ақша түрінде болғандықтан, ол банктің белгілі бір қорларын құруға негіз болады. Олар – банктің өсімділігін жоғары деңгейде ұстап тұруға негізделген қорлар. Бұл қорларды коммерциялық банк реттеуші органдардың талап етуімен және өз қызметін тиімді атқару үшін өз еркімен құрады.

4) Банк ресурстарын құру қызметі – депозиттік салымдар тарихи қалыптасуы бойынша олар банктік ресурстарды құрудың негізгі көзі болып табылады. Өйткені бұл ресурстар банк үшін арзан және әр уақытта бар болып тұратын қаражаттар. Депозиттік қаражаттар банктің пассивтерінің 70-80 % құрайтын ресурс болғандықтан олар активтік операцияларды жүргізуге қажетті банк ресурстарының негізін құрайды.

Коммерциялық банктердің несиелік ресурстары дегеніміз –  бұл оның жарғылық капиталы мен басқа  да пассивті операциялары нәтижесінде құралған және уақытша бос тұрған ақшалай қаражаттарының жиынтығы.

Банктің несиелік ресурстары – бұл меншікті капиталдың және тартылған қаражаттардың ақшалай  түрдегі активті-несиелік операцияларға  бағытталатын бір бөлігі. Несиелік ресурстар несиеге берілген уақытында олар банкке ресурс болудан қалады және олар қор емес (клиент қайтарымдылығы – тәуекелді операция), ол орналастырылған несиелік ресурстарға айналады.

 

 

1.2 Банктік депозиттердің  классификациясы

Банктік депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: ақшаны алу нысыны бойынша (сурет 1), салымшылар категориясы бойынша (сурет 2), мақсаттық арналуы және табыстылық дәрежесі бойынша.

Коммерциялық банктерде  депозиттердің әртүрлі критерийлері бойынша жіктелуі реті 1,2 суреттерде көрсетілген.

Талап еткенге дейінгі  депозиттер- белгісіз уақытта салымшылардың  ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез  клген уақытта салымшылармен  алынуы немесе басқа шотқа аударылуы  мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен процент төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбйді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі формаларда – қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді.

 Банктерде күнделікті төлем операцияларын жүргізу біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады. Клиенттің шоты бойынша күнделікті банкте жүздеген немесе мыңдаған бухгалтерлік өткізбелер жасалынады.

Талап еткенге дейінгі  шоттарды иеленуші клиенттерді жалпы  қарастыратын болсақ, олар өз шоттарындағы бар ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін толықтай пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп немесе аз дәрежеде компенсацияландырады. Банктің  коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берулуі мүмкін.

 

Сурет 1 Кері алу нысаны бойынша депозиттер[3,75].

 


 

 

 

 

 

 

 

Сурет – 2 Салымшылар категориясы бойынша депозиттер [3,80].

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарды үнемі алып және оны  бірнеше күннен немесе аптадан кейін  қайтадан толтырып отырулары нәтижесінде  қалыптасады. Бірақ көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды.Бұл экономиканың айналымдық сипатына негізделеді. Осы қаражаттар қалдықтары мен талап еткенге дейінгі шоттар 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.

Талап еткенге дейінгі  салымдар депозиттік немесе контокоррентік шоттарды орналастыруы мүмкін. Олардың  арасында айырмашылықтар бар. Депозиттік шот жағдайында клиент шоттағы қалдық сомасын ғана алуы немесе аударуы  мүмкін, сондай-ақ ол өз салымдарын иемдене алады. Ал контокорренттік есеп шоттарда теріс немесе оң қалдықтар болуы мүмкін. Клиент кез келген уақытта шоттан өз салымын алып қана қоймай, ол белгілі бір уақытқа несие алуы мүмкін. Алайда, тәжірибеде бұл айырмашылық бірте-бірте шегеріледі. Қазіргі кезде клиент келісім бойынша депозиттік шоттардан несие алуы мүмкін. Бұл шоттар АҚШ-та трансакциялық немесе чектік шоттар деп аталады, сондай-ақ оларға чек жазылып берілуі мүмкін.

Бұл шоттардың жоғары өтімділігі, төлем құралы ретінде  оларды үздіксіз пайдалану мүмкіндіктері олардың басты артықшылығы болып табылады, негізгі кемшілік (салымшы үшін) – шот бойынша төмен пайыз немесе пайыздарды төлеудің жоқ болуы. Бұл шоттардың ерекшелігі банк мерзімді салымдарға қарағанда орталық банкте ең төменгі резервтерді көбірек сақтауға міндетті және ол шоттардың иелері шотты пайдаланғаны үшін банкке комиссия төлейді.

АҚШ-та талап еткенге  дейінгі шоттарға пайыздарды коммерциялық банктерге төлеуге заң бойынша  тыйым салады. Коммерциялық банктер  өз салымшыларын сақтап қалу мақсатымен депозиттік шоттың жаңа түрін салымшыларға ұсынады, ол бір жағынан жоғары өтімділік деңгейін, шоттарды есеп айырысу үшін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етсе, ал екінші жағынан салымшыларға белгілі бір табыс алуды қамтамасыз етті. Бұл шот – наушот деп аталады. Ол тек жеке тұлғаларға ғана ашылады. Бұл үшінші тұлғаға төлемдер үшін пайдалануы мүмкін есеп айырысу траттасы немесе қаражаттарды алу туралы бұйрыығы, сондай-ақ ол чектер сияқты есеп айырысу тратталарын беруге болатын депозитті шот, ол бойынша нарықтық мөлшерлеме пайыздық төлемдер түрінде табыс алуға болады. 1981 жылдан бастап заң арқылы АҚШ-тың бүкіл аймағында шоттың бұл формасы рұқсат етілді.

Депозиттердің екінші тобын  мерзімді салымдар құрайды. Терминнің  өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай-да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар талап еткенге дейінгі шоттарда орын алатын ағымдағы төлемдер үшін пайдаланылмайды. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауы бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай-ақ ол өз ақшаларын кез келген келесі күндерде кері ала алады.

Ескертуі бар мерзімді депозиттерде салымшының ақшаларды кері алу туралы арнауы арызын банкке алдын ала түсіруі талап етіледі. әдетте ескерту мерзімдері – 1 айдан 3 айға дейін, 3 айдан 6 айға дейін, 6 айдан 12 айға дейін және 1 жылдан жоғары. Ескерту мерзіміне байланысты сәйкес пайыздық мөлшерлемелер белгіленеді. Көбінесе тәжірибеде алдын ала ескертуге (хабарламасы бар) мерзімді депозиттер қолданылады.

Депозиттердің үшінші түрі – Жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі Жинақ шоты немесе Жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын Жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін Жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздарды төлеуінің Жинақ салымдарын құнтты демеу және салымшылардың Жинақтарын банктерде сақтауды ынтыландыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі Жинақ салымдарын кеңінен қолданады. АҚШ-та корпорациялар, фирмалар және басқа да коммерциялық ұйымдар үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген.

Халықтың салымдарын тарту мақсатында Жинақтардың түрлі формалары қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға мақсатты және т.б. Әдетте олар халыққа қосымша қызметтерді (почталық, телеграфтық, саудалық және т.б.) ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын-ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер берілмейді.

Қазақстан Республикасының  коммерциялық банктері депозиттік операцияларды Конституцияға, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» №2444 1995ж. 31 тамыздан, «Салықтар және бюджетке басқада міндетті төлемдер туралы» 1995 ж. 24 сәуірден, «валюталық реттеу туралы» 1996 ж.24 желтоқсанынан заң күші бар Қазақстан Республикасының Президент жарлықтарына, Ұлттық Банктің екінші деңгейдегі банк клиенттерінің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырады.

Депозиттік немесе Жинақ сертификаты – бұл банк-эмитенттің ақша қаражаттардың салынуы туралы жасбаша куәлігі, бұл куәлік салымшының ақша қаражаттарын белгіленген мерзімнің өтуі және пайыздары бойынша алуға құқығын куәландырады. Сертификаттар сатылған тауарлар мен қызметтерге есеп айырысу немесе төлем құралы ретінде шыға алмайды. Депозиттік сертификаттар ірі сомаларда шығарылады және заңды тұлғалар үшін. Табысталмайтын депозиттік сертификаттар салымшыда сақталады және уақыты өтуі бойынша банкке ұсынылады. Табысталатын депозиттік сертификаттар қайталама нарықта сатып алу-сату жолымен үшінші тұлғаға беріле алады. Депозиттік сертификаттар 14 күннен 18 айға дейінгі мерзімге шығарылады. Жинақ сертификаттары жеке тұлғаларға сатуға арналған. Мерзімдік Жинақ сертификаттардың айналыс мерзімі егер олардың шығарылу шарттары Ұлттық Банкпен келісілген болса 1 жылдан 3 жылға дейін. Егер депозит немесе сертификат бойынша салымды алу мерзімі өткен болса, онда осындай сертификат талап ету құжаты болып қалады. Банк онда көрсетілген соманы иемденушінің бірінші талабы бойынша төлеуге міндетті. Жинақ сертификаттары тек қана жеке тұлғаға ғана табыстала алады

Жоғарыда қарастырылған  депозиттер банктік ресурстардың басты  көзі болып табылады. Коммерциялық банктерде салымдар құрылымы  ақша нарығы конъюктурасына және салымдар бойынша пайыздың мөлшерін мемлекеттік реттеуге тәуелді өзгереді. Депозиттермен байланысты пассивті операцияларды жүргізе, банк менеджерлері салымдардың әртүрлі категориясы бойынша шығындар көлемін, мүмкін болатын тәуекелдерді ескере отырып салымдарды тарту және олардың құрылымын оңтайлатуға күш салады.

Банктер және басқа қаржылық құрылымдар арасында заңды және жеке тұлғалардың салымдары үшін бәсекелестің шиеленісуі депозиттердің және оларға бағалардың және қызмет көрсету әдістерінің көптеген түрлерінің пайда болуына әкелді. Шетел мамандарының деректері бойынша, қазіргі уақытта дамыған елдерде 30-дан астам банктік салымдардың түрлері бар. Олардың әр біреуі өзінің ерекшелігін иемденеді, бұл клиенттерге оның мүддесі мен мүмкіндігі бойынша ақша қаражаттарды Жинақтау және тауарлар мен қызметтерге төлеудің аса тиімді нысанын таңдауға мүмкіндік береді.

Пассивтерді басқару  тұрғысынан қарағанда активті операцияларды  кеңейту және ең жақсы тәсілмен пайда  алу үшін депозиттердің негізгі  түрлерін; оларға талап еткенге дейінгі және мерзімдік депозиттердің түрлерін көбейтіп, әртараптандыру қажет. Мерзімдік депозиттерді тарту арқылы банк балансының өтімділігінің қамтамасыз етілуі шешіледі, ал талап етілмелі салымдар ең арзан ресурстар болғандықтан олардың көмегімен пайда алынады, өйткені клиенттердің ағымдағы және есеп айырысу шоттарына қызмет ету бойынша шығындар төмен.

Қаржылық ресурстардағы талап етілмелі депозиттердің үлесін ұлғайту жолымен банк пайыздық шығындарды азайтады, бұл банктік активтерде осы қаражаттарды пайдаланудан банкке  аса жоғары пайда алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар есеп айырысу  шоттары – бұл пассивтердің молжаға  болмайтын элементі. Сондықтан қарыз  капиталындағы олардың жоғары үлесі  банк өтімділігін қатты әлсіздендіреді. Осыған байланысты басқарудың басты міндеті болып банктің депозиттік базасының оңтайлы құрылымын анықтау табылады. Банктік жүйеде депозиттердің құрылымы мен көлеміне үкіметтің ақша-несиелік және салықтық саясаты шешуші әсер тигізеді. Және банктік менеджментің сапасы да айтарлықтай маңызды мәнді иеленеді.

Банктермен тартылған  қаражаттар құрамы бойынша әр түрлі  болады. Олардың  ішіндегі ең негізгісі  болып, банктердің клиенттермен жұмыс  істеу процесінде тартылған қаражаттар, өз қарыз міндеттемесін шығару арқылы, банкаралық несие және Ұлттық Банктен алған несиелерінен құралады.

Бірақта депозиттер ғана тартылған қаражаттар көзі болып  табылмайды. Практикада банктерге тартылған  қаражаттар көзінің  депозиттік емес көзін тапқан. Оларға: банкаралық нарықта  несие алу, қайта сатып алу  келісімімен бағалы қағаздарды сату, Ұлттық Банктен несие алу және банктік акцепттерді сату, коммерциялық қағаздарды шығару.

Қазақстандық банктер  көбінесе мына көздерді қолданады: олар банкаралық несие және Ұлттық Банк несиелері. Банкаралық несиелер нарығында  Ұлттық Банктің корреспонденциялық шотындағы қаражаттар сатылады, сатып алынады. Ұлттық Банктің несиелері қазіргі кезде негізінен коммерциялық банктерді қайта қаржыландыру ретімен ұсынылады. Соның  нәтижесінде орталықтандырылған несиелердің тек 10% ғана банктерге конкурстық түрде сатылады. Әр банк аукционда ұсынылған несиелердің 25% ғана ала алады. Бірақ банкаралық несиелер коммерциялық банктердің қарыз ресурстарының негізгі көзі болып табылады. Қазіргі кезде жақсы таралған орталықтандырылған несиелерге ломбарттық несиелер, коммерциялық банктерді кепілге бағалы қағаз алып несиелендіру түрлері жатады [4,305].

Орталықтандырылған және банкаралық несиелер резевті қамтамасыз етуін талап етпей-ақ банк-қарыз  алушы мәмілесін орындайды. Банкаралық несие нарығының мазмұны, оның кейбір банктердің жетіспейтін ресурстарын қайта  бөлумен, бұл нарық банктік жүйеде несие ресурстарының қолдану эффектілігін жоғарлатады. Сонымен бірге, банкаралық несие нарығының дамуы қаражаттардыдың аз бөлігін өздерінің ликвидтілігі үшін банктің оперативті резервінде ұстауға мүмкіндік береді.

Несие мекемелерінің  міндетті резерві туралы нұсқасында ақшалай қаражаттардың жалпы  сомасына пайыз қатынасы құрылады. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап келеседей аударым нормалары бекітілді:

Информация о работе Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері