Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 18:10, курсовая работа

Описание

Бухгалтерлік есепке тән әдістерді, арнайы қолданбалы элементтердің маңызы мен мақсатын терең түсініп, күнделікті эконмикалық өмірге пайдалану үшін, біздер қарапайым, түсінікті тілмен сөйлесе білуіміз керек. Бухгалтерлік есеп жүйесінде көптеген күрделі және осы пәнге тән арнайы терминдер көптеп қолданылады. Нарықтық экономика заманында бухгалтерлік есепті «бизнес тілі» деп те атайды.

Работа состоит из  1 файл

Buhgalterlik esep.docx

— 128.59 Кб (Скачать документ)

Алматы экономика  және статистика академиясы 
 

«Есеп және аудит»кафедрасы 
 

Реферат 
 

    Тақырыбы:  

    НАРЫҚТЫҚ  ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП НЕГІЗДЕРІ 

          Пәні: «Бухгалтерлік есеп принциптері»  
 
 

Топ: Есеп және аудит – 

Білімгер:

Жетекші:

Қорғауға  жіберілді:

«_____»  __________ 2007 ж.

Бағасы:___________ 
 
 
 

Алматы – 2007 ж.

    НАРЫҚТЫҚ  ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП НЕГІЗДЕРІ 

    1. Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі  және шаруашылық  фактілері 

    Бухгалтерлік  есепке тән әдістерді, арнайы қолданбалы элементтердің маңызы мен мақсатын терең түсініп, күнделікті эконмикалық өмірге пайдалану үшін, біздер қарапайым, түсінікті тілмен сөйлесе білуіміз керек. Бухгалтерлік есеп жүйесінде көптеген күрделі және осы пәнге тән арнайы терминдер көптеп қолданылады. Нарықтық экономика заманында бухгалтерлік есепті «бизнес тілі» деп те атайды. Сондықтан, бухгалтерлердің сөйлем қүрап сөйлеуі, терминдер мен ұғымдарды, синонимдерді өз орнымен мәдениетті түрде қолданып, пайдалануы түсінікті болуы керек. Мұның барлығының түпкі мақсаты - бухгалтерлік есеп ерісіндегі күрделі фактілерді бағалау мен өлшеу, сондай-ақ шаруашылық жүргізудің ұтымды жолдарын таңдап алу үшін арнайы қолданбалы тіл мен терминдерді білу. Яғни ең бірінші кезектегі сенімді ақпараттар алу, есепке түсетін объектінің аты-жөнін анықтау, өлшеуге түсетін, байқап қарауға жататын шаруашылық фактілерін аньщтап білу - бухгалтерлік есептің объектісіне жатады. Уақыт пен кезеңдер өзгерген сайын шаруашылық фактілері немесе ұйымдардың шаруашылық жүргізудегі тәртібі, өнімдер өндіру, айырбас саудаға түсу, материалдар мен тауарлар пайдалану, аралық қатынастарға түсуші жақтармен сенімді жұмыстар атқару жиі-жиі өзгеріп отырады. Сондықтан да әрбір шаруашылық фактілерін, есеп ақпараттарын тұрақты түрде тексеріп, экономикалық көрсеткіштермен салыстырып отыру талабы туындайды.

    Экономикалық  тиімді шешім кабылдау талаптарын орындау  үшін ең әузлі тиісті және орын алған фактілердің дүрыстығы анықталады. Шаруашылық фактілерін бірден ала салып, өз орнына қою мүмкін емес. Мұның үшін ең әуелі бастагщы құжаттар рәсімделіп, мұндағы мәліметтер жинақталып, сенімді ақпараттар қалыптастырылады. Сенімді ақпараттар жүйесі бухгалтерлік есеп объектілеріне жазылып, шын мәніндегі шаруашылық фактілері туындайды. Ендігі жерде шаруашылық фактілері деп - заңды тұлғалар арасындағы экономикалық қатынастарды (операцияларды) айтамыз.

    Бизнестік әрекеттерге түсуші барлық күрылымдар бір-біріне тауарлар қояды, қызметтер көрсетеді, счет-фактуралар қойып, өз счеттарын төлеп отырады, сатып алушылардан ақша алып, бухгалтерлік есепке тән құжаттар жасайды. Бизнестік әрекеттерге қатысушылардың мақсаты - бухгалтерлік есеп өрісінде қалыптасып жинақталатын ақпараттардың сенімділігі және тұнықтылығы.

    Сондықтан бухгалтерлік есеп жүйесіне тіркелетін барлық шаруашылық фактілері сенімді және екі жаққа да ұтымды, ешбір қатесіз және толығымен орындалуы керек. Сенімді және тұнық қалыптастырылған шаруашылық фактілерінің негізінде басқарушылық шешімдер қабылдап, мұның өзін шаруашылық үрдісін ары қарай дамытуга оңтайландырады. Шаруашылық фактілерін тіркеу мен жүйелеуге жұмсалған шығындар басқарушылықтың тиімділігіне жұмсалған шығындардан аз болуы шарт. Яғни шаруашылық фактілерінің құны, қабылданған экономикалық шешімдерге жұмсалған қүннан төмен болғаны жөн.

    Бухгалтерлік  есеп жүйесінде жинақталған маңызды  ақпараттар бизнестің тілі ретінде танылып, мұның негізінде түсінуге жеңіл экономикалық шешім қабылданады. Яғни шаруашылық фактілері бухгалтерлік есептің тілі және аралық бизнестік қатынастарды өзара түсінуге арналған сөйлемдер жүйесі болып табылады. Бухгалтерлік есеп жүйесін бизнестің тілі деп атаудың басты себебі, әуелгіде рәсімделген бастапқы құжаттар негізінде қалыптасқан ақпараттарды жақсы және өз бағыты мен мақсатына қарай пайдалана отырып, алға қойған мақсаттарға жетуге немесе ұтымды экономикалық бағытты таңдап алуға болады. Шаруашылық фактілеріне, бизнестік қатынастарға, әсіресе қаржылық үрдіске, ұйымдардың шаруашылық қызметіне тікелей қатысы бар әрбір адам бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттарды жеңіл және түсінікті түрде оқи білуі керек. Осыған орай әрбір бухгалтерлік қызмет атқарушы маман кез-келген бухгалтерлік ақпараттар мен стандарттарды, бухгалтерлік есепке тән принциптерді толығымен түсініп, бұлардың барлығын да бухгалтерлік есептің тілінде сөйлете білуі керек. Әрбір бухгалтерлік есеп стандарттары мен принциптерінің түсініктілігі кез келген шаруашылық фактілерінің экономикалық маңызы мен мақсатына байланысты болады. Яғни бухгалтерлік есеп өрісінде қолданылатын әдістер мен ережелер, арнайы қолданылатын принциптер мен стандарттардың түпкі мақсаты - шаруашылық фактілерінің маңызын түсінікті тілмен жинақтап пайдаланушыларға хабарлау болып табылады.

    Бухгалтерлік  есеп жүйесіндегі ақпараттарды зерттеп  экономикалық өмірде қолдану бір  жағынан өте киын, екіншіден өте пайдалы. Мұның қиындығы сол, бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттар өзіне тән айрықша тілмен баяндалады. Ал бухгалтерлік есептің пайдалылығы сол, мұнда кәсіпкерліктің көптеген аспектілері сандық және сапалық жағынан өлшеніп, арнайы жолдармен тіркеліп, жинақталып, пайдалы экономикалық шешімдер қабылданады.

    Нарық экономикасы дәуірінде ешнәрсе  ешкімге жайдан-жай беріле салмайды. Әр нәрсенің қаржылық көзі болады. Сондықтан әрбір бухгалтер жекелеген экономикалық фактілердің барлығын да зерттеп, зерделеуі керек. Бухгалтерлік есепке алынатын фактілердің барлығы бағаланады, мұның экономикалық маңызы ашылады, әрбір факті арнайы құжаттарға түсіріледі, шашыранды фактілер жинақталып, топтастырылып, мұның негізінде арнайы басқарушылық шешімдер қабылданады.

    Сонымен, шаруашылық жүргізу үрдісі мен қызметін біздер шаруашылық фактілерінің жиынтығы деп тануымызға болады. Жекелеген  шаруашылық фактілерінің негізінде ұйымдардың экономикалық жағдайлары өзгеріске түседі. Шаруашылық фактілерінің негізінде өзгеріске түскен экономикалық қатынастарды - шаруашылық операциялары деп айтамыз.

    Шаруашылық  операциялары бухгалтерлік есептің  байқау және бақылау объектілеріне жатады. Көптеген ғалымдар, әсіресе нарықтық қатынастар жағдайында, байқау мен бақылауды бухгалтерлік есептің пәні деп те есептейді.

    Жекелеген шаруашылық фактілерінің маңызы мен  мәліметтері шаруашылық үрдісін  жүргізу мақсатында бастапқы құжаттарға жазылып, тиісті есеп объектілерінде тіркеледі. Бухгалтерлік есеп жүргізу тәжірибесінде әрбір бухгалтер сабақтастық бағыттағы қызметі: 1) шаруашылық операциясының қашан орындалғандығын; 2) шаруашылық операциясының құндық өлшемін; 3) шаруашылық операциясының қалай классификацияланатындығын (қай топқа жататындығын) шешуі керек.

    Сондықтан шаруашылық фактілерін талдау мен ақылға сиярлық мағынасын түсініп, сипаттау үшін негізінен үш мақсаттары қойылады. Олар: 1) шаруашылық фактілерін орын алған уақытына қарай теңестіру мен ұйқастыру; 2) шаруашылық фактілерін бағалау; 3) бухгалтерлік есеп счеттары номенклатурасына (тізіміне) қарай шаруашылық фактілерін топтастыру.

    Теңестіру мен үйлестіру мақсатында шаруашылық операцияларын қай кезеңде тіркеу керектігі (теңестіру нүктесі) туындайды. Мысалы, кейбір ұйымдар сату мен сатып алу операцияларын жүргізген кезде осы ұйымға қоюшылардан түскен счет-фактураларды, тауардың түсуі немесе түспеуіне қарамастан шаруашылық операциясының нақтылы орындалғандығы деп санайды. Кейбір ұйымдар сатып алушылардың қоймасына тауарлардың нақтылы түскен уақытындағы операцияларды орындалған фактілер деп қабылдайды. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары талаптарына сай қызмет атқарушы ұйымдар меншік құқысы сатушылардан сатып алушыларға өткен кезеңді орындалған факті деп санап, тауарлардың жөнелтілген уақытын шаруашылық операциясының толығымен орындалғандығы деп таныйды.

    Мысалы, кейбір ауыл шаруашылығы құрылымдары бірінші жылы шығындар жұмсап, келесі жылы өнімдер жинайды. Сол сияқты салынып жатқан үй құрлысына бірнеше жылдар бойы әр түрлі шығындар жұмсап, құрлыс аяқталған кезде құрлысқа жұмсалған шығындар мен нақтылы бағаланып кіріске алынған осы құрлыстың құны теңестіріледі. Шаруашылық өмірінде болатын осындай операцияларды теңестіру (теңестіру нүктесі) үшін әрбір кезеңдерде (өткен шақтарда, осы кезде, болашақта) нақтылы орын алған шаруашылық операцияларының маңызын үйлестік мәніне қарай бухгалтерлік есеп объектілеріне теңестіру жолдарымен кезеңдеп жазуға тура келеді.

    Шаруашылық фактілерін бағалау. Шаруашылық фактілері деңгейінде нақтылы орын алған шаруашылық операцияларының маңызы ұйымдардың қаржылық жағдайына тікелей әсер етеді. Сондықтан шаруашылық операциясын жүргізуші бухгалтер кез келген шаруашылық фактіні бағалауы керек немесе бағасын анықтау арқылы осы операцияның мазмұны жазылған бастапқы құжатты рәсімдеуге міндетті. Яғни шаруашылық фактісін растайтын бастапқы құжаттарда орындалған операциялардың құндық бағасы шығарылып отырады. Тауарларды қою, немесе алу, жөнелту, сату операциялары орындалған кезде алдын-ала жасалған келісім шарттардағы бағаның дұрыстығы немесе қолданылған прейскуранттық бағалардың дұрыс рәсімделгендігін, сондай-ақ қойылған бағалардың бастапқы құжаттарға дұрыс жазылғандығы салыстырылып, тексеріліп отырады. Шаруашылық операцияларын құндық бағалаудың мысалына өндірілген өнімдердің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын есептеу, калькуляциялау жатады. Калькуляциялау арқылы жекелеген бұйымдардың, қызметтердің, аяқталмаған өндірістің т.б. құнын шығаруға болады.

    Бухгалтерлік  есеп счеттары номенклатурасына қарай шаруашылық фактілерін топтастыру. Бухгалтерлік есеп ақпараттары жүйесін жүргізу үшін және бұларға бухгалтерлік есептің әрбір объектілері жөніндегі мәліметтерді күнделікті түсіру мен бухгалтерлік есептің тексеру жәш байқау функцияларын іске асыру үшін тіркеушілік міндет атқаратын бухгалтерлік есеп счеттары қолданылады. Есеп жүргізу циклының сабақтастығы мақсатында ұйымдардың бухгалтериясында ашылған және жүргізілетін счеттардың тізімін - счеттар жоспары деп атаймыз. Ұйым деңгейінде орындалған шаруашылық фактілеріне тән шаруашылық операцияларының мазмұны ақшалай өлшеммен өлшеніп, жекелеген счеттарға жазылады. Есеп жүргізу тәжірибесінде бухгалтерлік есеп счеттары өз номенклатурасына қарай шаруашылық фактілерін жинақтап топтастырады және классификациялық тұрғыдан әрбір жекелеген счеттарға жазады.

    Мұндай әдіснамалық тәсілді - счеттардың корреспонденциялануы деп атаймыз.

    Шаруашылық фактілерін жіктеу. Ұйымдардың шаруашылық қызметінде іске асырылған шаруашылық фактілері міндетті түрде экономикалық және заңдылық мән мен мағынада болады. Әрбір шаруашылық фактілерін талдау мен теңестіру, бағалау мен жіктеу және тиісті счеттар номенклатурасына қарай топтастырып жазу, сондай-ақ фактілерді экономикалық және заңдылық маңызына сай сипаттаудың атқаратын рөлі зор.

    Шаруашылық  қызметінің ерекшеліктеріне сай  кейбір шаруашылық фактілері ішкі және сыртқы болып сипатталады. Ішкі шаруашылық фактілері осы ұйым ішіндегі әрекеттер мен оқиғалардан (ішкі ортада) туындап, осы ұйым өрісінен сыртқа берілмейтін ақпараттардан қалыптасып, агенттік байланыстарды, мысалға, есептелінген еңбек ақы, қоймадан өндіріске жіберілген материалдар қозғалысын сипаттайды. Сыртқы шаруашылық фактілері екіжатылық корреспонденттік байланыстарды, осы ұйым өрісінде ғана шектелмейтін операцияларды, сыртқы ортаға тартылатын, басқа да ұйымдар ақпараттарының жиынтығына, жекелеген заңды тұлғалардың ақпараттарына әсер ететін фактілерді сипаттайды. Сыртқы шаруашылық фактілеріне қоюшылардың счетын төлеу, бюджет пен есеп айырысу т.с.с. фактілер жатады.

    Жинақтау  деңгейіне қарай шаруашылық фактілері  жеке даралық және күрделі болып ажыратылады. Жеке даралық шаруашылық фактілері тек бір объектіні ғана сипаттап жазуға (мысалға бір адамға ғана есептелген еңбекақы, бір ғана өндірістік операцияның орындалуы) арналған.

    Күрделі шаруашылық фактілері бірнеше жеке шаруашылық фактілерімен қосылып, қауымдастырылған шаруашылық фактілерін (мысалға, цех жұмысшыларының барлығына есептелген еңбекақы, есепті жылы жұмсалған барлық материалдардың сомасы) сипаттайды.

    Шаруашылық  фактілерінщ мерзімді кезеңдерде орындалуына  қарай осы сәттегі және ұзақ мерзімдегі болып ажыратылады.

    Осы сәттегі фактілер тек қана есептің бір циклында, немесе бір-ақ кезеңде орындалады. Мұндай фактілерге кассадан бір реткі берілген ақша, материалдарды қоймаға кіріске алу сияқты шаруашылық фактілері жатады.

    Ұзақ мерзімділік шаруашылық фактілері есеп циклының бірнеше кезеңдерінде, мысалға ұзақ мерзімді активтер құнын пайдалы кезеңдердің бірнешеуіне бөліп жазуды көрсетеді.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері