Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 18:10, курсовая работа
Бухгалтерлік есепке тән әдістерді, арнайы қолданбалы элементтердің маңызы мен мақсатын терең түсініп, күнделікті эконмикалық өмірге пайдалану үшін, біздер қарапайым, түсінікті тілмен сөйлесе білуіміз керек. Бухгалтерлік есеп жүйесінде көптеген күрделі және осы пәнге тән арнайы терминдер көптеп қолданылады. Нарықтық экономика заманында бухгалтерлік есепті «бизнес тілі» деп те атайды.
Нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін пайдаланушылардың мақсаты бәсекелестік тұрғыда болатындығынан ақпараттарды пайдаланушылар мен өзара ақпарат алмастырушылар арасында қарама-қайшылықтар да болуы мүмкін. Сондықтан ақпараттар жүйесі түсінікті әрі қарапайым жолдармен аса бір сапалы және жоғарғы деңгейде орындалуы керек. Ақпараттардың мағынасы мен көрсеткіштері логикалық санаға сиятындай болуы жөн. Осылайша қалыптасқан ақпараттар жүйесі тиісті тұтынушыларға хабарланған кезде капитал рыногының және қаржы салымшыларының экономикалық мүмкіндіктерін біліп отыруға болады.
Көптеген ақпараттарды жинақтап жүйеге түсіру кәсіби мамандардың ғана қолынан келеді. Ақпараттарды жинақтап, бухгалтерлік есеп жүйесіне түсіру үшін арнайы талаптар мен ережелер қажет. Бұларға: өзуақытында істеу, қажетті дәлділік, т.б. талаптар қойылады. Ақпараттар жүйесін жасау немесе ақпараттар алмасу дәлме-дәл өз уақытында, дер кезінде кешіктірілмей орындалуы керек. Бухгалтерлер мен басқа да басқарушы тұлғалар үшін дәлме-дәл осы күні орындалған бухгалтерлік ақпараттар қажет. Мұның үшін қажетті көлемдегі және дәл осы күні орын алған фактілер ғана шындық талабымен ұштасады. Содықтан, қандай да болмасын мәліметтерді пайдаланып, экономикалык өмірге қосқан күнді - өз уақытында және дер кезінде орындалған фактілер деп анықтауға болады.
Келесі талап - қажетті дәлдік. «Бухгал-терия» мен «дәлдік» ұғымы бірімен бірі тығыз байланыста болады. Бухгалтерияда дайындалған есеп құжаттары абсолюттік дәлдікті көрсетуі керек.
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын өзара салыстыру арқылы тиімді экономикалық шешімдер қабылданады. Қандай дәрежеде және қандай маңызда болмасын жақсы қабылданған экономикалық шешімдер бухгалтерлік есеп ақпараттарынсыз орындалмайды.
Енді бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылардың мақсаты мен мүддесін сипатталық. Олар:
6) Отандық экономиканың тұрақтануы мен әлеуметтік салаларды қаржыландыру мақсатында салық және түсетін жарналар жинайтын органдарды ақпараттармен қамтамасыз ету және салық заңдылығын орындау үшін қажетті ақпараттар жүйесі дайындалады.
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын қалыптастырудың түпкі мақсаты - ұйымның активті қаражаттарын, меншікті капитал мен міндеттемелерін бағалау және басқарушылардың мүддесі мен талабын орындау болса, салық органдарының мақсаты -мемлекеттік фискалды саясатты іске асыру болып табылады. Мемлекет өзінің салық жөніндегі фискалды саясатын іске асыру үшін бухгалтерлік есептің бастапқы құжаттарын, ведомостер мен тіркеу регистрларын және арнайы жорналдарды, т.б. құжаттарды пайдаланатындығын есте сақтаған жөн.
Төмендегі 2.2. сүлбеде ақпараттардың қалыптасуы мен бұлардың сабақтастық жолдары берілген.
2.2.
сүлбе
Бұл сүлбеден сабақтастық жолдармен қалыптасатын бухгалтерлік есеп ақпараттары мүдделі жақтар үшш жасалатындығы көрсетілген. Оларға басқарушылар және менеджерлер, потенциалды инвесторлар, еңбеккерлер мен мемлекеттік органдар, несиелендіруші банктер, қоюшылар мен сатып алушылар, салық органдары мен статистикалық мекемелер т.б. жататындығын көруге болады. Мысалы, менеджерлер кәсіпорынның басқару қызметін реттеумен қатар, ұйымдастыру үрдісіне жататын ақпараттарды пайдаланады.
Мұндай ақпараттарға сату бағасы, өндірістік шығындар, сұраныс пен бәсекелестік, тауарлардың реятабельділігі, биржалық қатынастарға байланысты мәліметтер жатады. Акциялар ұстаушы инвесторлар (акционерлер) салынған күрделі қаржы құнына байланысты әрбір акциялардың әкелген пайдасын біліп отыруға мүдделі. Еңбеккерлер еңбекақы дәрежесінің көбейіп отыруымен қатар, жұмыссыздықтың болмауына байланысты ақпараттарды біліп отырғысы келеді. Несиелендірушілер мен қарыз берушілер ұйымдардың қаржылық міндеттемесінің орындалуымен бірге, мұндай кәсіпорындардың төлем өтеушілік қабілетін білуге тырысады.
Мемлекеттік
органдарға жататын статистикалық
мекемелер қазақстандық ұйымдардың
сатқан өнімдері, таза табыс, күрделі қаржы,
тауарлар қалдығы, төленген дивиденттер,
т.б. мемлекеттік деңгейде қаралатын әлеуметтік
мәселелерге байланысты бухгалтерлік
есеп өрісіндегі мәліметтерді салалап
жинақтайды. Сонымен қатар, салық жөніндеп
ақпараттарды (пайдаға салынған салық,
әлеуметтік салық, табыс салығы т.б. салықтар)
салық органдары жинақтап, бюджетке түскен
түсімдер көлемін анықтауды мақсат тұтады.
Бухгалтерлік есепке тән барлық ақпараттар
жүйесі экономиканы басқару жөніндегі
саясатты бағдарлау үшін де қажет.
2.5.
Бухгалтерлік есеп
жүргізуді ұйымдастыру
принциптері
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар мен ұйымдарды басқарушылардың талабын қанағаттандыру үшін бухгалтерлік есеп жүйесі дұрыс ұйымдастырылуы керек.
Ұйымдастыру деп - есеп жүргізудің жағдайын, мұның құрамдас элементтерін, есеп кезеңдерін (бастапқы құжаттан бастап, бухгалтерлік қорытынды есепті тапсыру мен құжаттарды мұрағатқа өткізуге дейінгі аралық) арнайы тәртіпке сай қатаң сақтау, бухгалтерлік есеп жүргізудің түрлерін, жүргізу, есептеу техникаларын тиімді пайдалануды айтады. Сондай-ақ, бухгалтерлік есепке тән ережелер мен нұсқауларды, нормативтік заң актілерін катаң сақтау қажет.
Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың негізі, біздің елімізде қабылданған «24 маусым 2002 жылғы №329-1 Бухгалтерлік есеп және қаржылық қорытынды жөніндегі» Заңда қаралған. Бұл заңның мазмұны бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың тәртібі, бухгалтерлік есеп жүргізудің тиімді әдістерін қолдану, қорытынды есеп жасап, мұны жариялау және бухгалтерлік есеп ақпараттарын анық және сенімді жасау жөнінде тиянақты ұғым береді.
Бухгалтерлік есеп жүйесін дүрыс ұйымдастыру жөніндегі ұстанған жалпы бағыт, ұйымдар ішінде ұстанған жекелеген есеп объектілерін жүргізу жөніндегі бағытпен ұштасқан жағдайда бухгалтерлік есеп ұйымдастыру жағынан орнықты болады.
Ұйымдардың технологиялық ерекшеліктері мен ұжымдық түрлерінің ерекшеліктеріне қарай бухгалтерлік есеп әрбір ұйымдардың өз ішінде ұйымдастырылады. Өнімдер өндірудің өндірістік негізгі ерекшеліктері бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың басты бағыты болып табылады. Өндірістік ерекшелік, негізінен еңбек ақы есептеу мен төлеу, өндірілген өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындарды жұмсау, дайын өнімдерді сату, әріптестермен аралық қатынастарға түсу, есеп айырысу, т.б. есеп объектілері бойынша қалыптасады.
Есеп үрдісін тұрақты түрде ары қарай жетілдіру бухгалтерлік қызмет атқарушылар еңбегін ғылыми және алдыңғы қатарлы тәжірибе негізінде ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп жүргізу шығындарын барынша азайтып отыру бағытымен тығыз байланысты. Бухгалтерлік есеп жүйесі мен талдау жүргізу үрдісіне экономика - математикалық әдістері, әртүрлі модельдерді, мақсатты бағдарламалық принциптерді, сондай-ақ еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың тиімді жолдарын енгізудің рөлі зор.
Бухгалтерлік есеп ақпараттарын қалыптастыру мен жүргізу кезеңдерінде арнайы қабылданып, экономикалық өмірге енген ережелер мен әдістер сақталуы керек. Ұйымдарда нақтылы орын алған шаруашылық операциялары түгелімен үздіксіз жүргізіліп, өзара байланыстағы регистрлар жүйесіне түсетін бастапқы құжаттар жасау арнайы ережелер мен әдістерге сай орындалады. Сондықтан, бухгалтерлік есеп бастапқы құжаттарға тәуелді. Бастапқы құжаттарға жазылған мәліметтер шаруашылық фактілерін іске асыру жөніндегі қабылданған шешімді көрсетеді.
Бухгалтерлік
есепке алынатын барлық кұжаттар ұйымдардың
бухгалтериясына өз уақытында тапсырылады.
Бухгалтерияға тапсырылған
Есеп
мәліметтерін сапалы дәрежеде топтастыру,
жетілдірілген әдістер мен
Есеп жүйесіндегі мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп, аналитикалық және синтетикалық счеттар талабына сай байланыстырып, арнайы жасалған есеп регистрларына түсіріп, бүлардың негізінде қорытынды есеп жасап отыру - бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негізгі мақсатына жатады.
Еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесінін халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сай жүргізілуіне байланысты, бухгалтерлік есеп жұмысының маңызы мен сипаты өзгеріске түседі. Бухгалтерлік есеп объектілерінің көпшілігі өзгеріске түсіп, негізгі құралдар мен күрделі қаржы игеру, жарғылық капитал, арнайы қорлар, пайда мен шеккен зиян, т.б. есебін жүргізудің әдістемелік жолдары халықаралық стандарттарға сай есепке алынатын болды. Бухгалтерлік қорытынды есеп жасаудың құрамы мен маңызы, тапсыру мерзімі, мүның өзінің қашан және кімге тапсырылатындығы жөыіндегі өзгерістер халықаралық тәжірибеге сәйкестіріліп, қорытынды есеп ақпараттарын сыртқы пайдаланушылар үшін мүмкіндік туғызылды. Қолмен атқарылатын көптеген есеп жұмыстарының көлемі азайып, компьютерлік жүйемен атқарылатын болды. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушылар саны көбейіп, есептің сапалы жасалуымен қатар есеп принциптерін қатаң сақтау жөніндегі әдістер мен амалдар кеңінен колданылынып келеді.
Мұның барлығын да сапалы даярланаған іс-тәжірибеден өткен кәсіби бухгалтерлер атқаратындығын, сондай-ақ бухгалтерлік қызмет атқарушы мамандар бухгалтерлік есеп үйымдастыруды жетілдірудің жолдарын белгілеуді, бақылау мен тексеруді, талдау мен шешім қабылдауды мақсат тұтатындығы белгілі бола бастады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жетілдірудің түпкі мақсаты - қандай да ұйымдар болмасын, бұлардың таза пайдамен жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен нарықтық қатынастар жөніндегі экономикалық заңдылықтарды сақтау болып табылады.
Осы жоғарыда қойылған үлкен дәрежедегі бухгалтерлік есепке тән ұйымдастырушылық үрдісті жетілдіру үшін төмендегідей кезеңді жұмыстар атқарылуы керек:
Бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жөніндегі қабылданған бухгалтерлік есеп стандарттарын жетілдіріп, жаңадан жасалатын отандық бухгалтерлік есеп стандарттарын қалыптастыру. Осыған байланысты әдістемелік нұсқаулар мен ережелер, сондай-ақ жетілдірілген есеп принциптерін бухгалтерлік есеп жүргізу тәжірибесінде сақтау;
Ендігі жерде осы жоғарыда айтылған бухгалтерлік есеп жұмысын ары қарай жетілдіруте байланысты қойылган талаптардың маңызына тоқталалық.
Елімізде қабылданған және мұның мазмұны іске асырылып келе жатқан бухгалтерлік есеп жөніндегі заң бухгалтерлік есеп жүйесінің заңдылығын негіздеп, бухгалтерлік есеп жүргізудің бағытын, есеп берудің жағдайын, есеп үрдісін ұйымдастырудың негізі болып салынатындығын білген жөн. Кімде-кім болмасын есеп-қисап жұмысымен айналысатын тұлғалар бухгалтерлік есеп жөніндегі заңдар мен нормативтік актілерді күнделікті басшылыққа алып отыруы керек. Сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің топтарға бөлінуі, бұлардың жіктелуі, меншіктің түрлері, акционерлік қоғам түрлері жөніндегі тиісті заң актілерінің қойған талаптарын бухгалтерлік есеп жөніндегі заңмен байланыстыра білу қажет.
Информация о работе Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері