Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 18:10, курсовая работа

Описание

Бухгалтерлік есепке тән әдістерді, арнайы қолданбалы элементтердің маңызы мен мақсатын терең түсініп, күнделікті эконмикалық өмірге пайдалану үшін, біздер қарапайым, түсінікті тілмен сөйлесе білуіміз керек. Бухгалтерлік есеп жүйесінде көптеген күрделі және осы пәнге тән арнайы терминдер көптеп қолданылады. Нарықтық экономика заманында бухгалтерлік есепті «бизнес тілі» деп те атайды.

Работа состоит из  1 файл

Buhgalterlik esep.docx

— 128.59 Кб (Скачать документ)

    Төртінші  кезеңге ұйымдар мен шаруашылык жүргізуші тұлғаларда әр жылы жасалып, бекітілетін есеп саясаты жатады. Есеп саясаты қаржы қорытындысын даярлап, тиісті орындарға тапсыру  жөніндегі арнайы принциптер мен  негіздерден, есеп жүргізудің ішкі ережелерін белгілейтін әдістерден, нақтылы  тәжірибеде қолданылатын әдістемелерінен тұрады. Есеп саясатын қалыптастырудың негізгі базисі (қондырмасы) бухгалтерлік есеп стандарттарының негізінде жасалады. Есеп саясатын даярлау кезінде қаржы есебінің қорытындысын жасаудың концептуалды нггізіне сүйене отырып орындаған жөн. Есеп саясатының құрамына қолданылатын негізгі әдістердің қысқаша түсінігі, қаржы қорытындысын жасауда қолданылатын ережелерден үзінділер енгізілуі керек. Есеп саясатын жасауды ұйымдарға берілген құқық деп түсінген жөн. Есеп саясатын жасау белгілі бір нормативтік құжаттар мен нұсқау ережелерге сай, ұйым қызметі тиімді жолдармен іске асырылуы керек.

    Ұйымдар деңгейінде жылма-жыл жасалатын есеп саясатының мәні мен маңызы, осы кітаптың 9-шы тарауында толық қарастырылған.

    Тек экономистер ғана емес, баршамызға нарықтық қатынастар дейтін үрдіс 1985 жылдан басталғаны мәлім. Осы уақыттан бастап көптеген шетелдермен бірлескен  кәсіпорындар пайда болды. Шетелдік бизнесмендер Қазақстанның бай потенциалын  көре отырып, өз капиталын сала бастады. Әрине бұл бағыт көптеген елдер экономикасында орын алған сөзсіз прогрессивті бағыт екендігін түсіне бастадық. Батыс елінің қаржы салымшы инвесторлары біздің елімізде жүргізіліп келе жатқан бухгалтерлік есеп жүйесі нарық экономикасы мен халықаралық бухгалтерлік есеп стандарт жүйесімен сай келмейтіндігін дәлелдей бастады. Таза пайда түсіру ұғымы әр жақты болды. Таза пайдамен жұмыс істеу әрбір бизнесменнің мақсатты қызметі екендігі дәлелденді.

    Шетелдік  қаржы салымшы инвесторлар белгілі  бір дәрежеде Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінен, Қаржы министрлігінен, т.б. басшы органдардан қолдау таба отырып, еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесін реформалауды және бухгалтерлік есепті халықаралық стандарт жүйесіне көшіруді ұсынады. 1 қаңтар 1997 жылдан бастап (дайындық мәселелері 1992 жылдан) Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлер қауымы халықаралық бухгалтерлік стандарт жүйесінің негізіне қарай жұмыс істей бастады.

    Қазақстан Республикасы бойынша бухгалтерлік есепті реформалау екі бағытта: 1) ұйымдардағы  бухгалтерлік есеп мамандары мен  жоғары және арнаулы оқу орындары оқытушылары мен студенттерін даярлау  және қайта даярлаудың жобасы жасалып, іске асырылды; 2) еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесіне өзгерістер енгізіліп, нәтижеде 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары қабылданды.

    Бірінші бағыт бойынша 1994 жылы Қазақстанда  «Шотландияның ант беруші бухгалтерлері  институтының» жасаған жобасы бойынша 1999 жылға дейін бухгалтерлік есеп мамандығы оқытушыларын, салық органдары  мамандарын, т.б. қаржы саласының  мамандары, барлығы шамамен 1200 жуық мамандар Алматы, Тараз, Қарағанды және Астана қалаларында халықаралық  бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша  қайта даярланды.

    Сонымен қатар, ЮСАИД жобасы бойынша АҚШ-тың  «Баренц-групп», «Корана» сияқты корпорациялары күні бүгінге дейін еліміздегі бухгалтерлік есеп жүйесіне өзгерістер енгізіп, үйымдардың бухгалтерлік есебін халықаралық стандартқа көшіру жөнінде әдістемелік және нақтылы көмек көрсетіп келеді.

    Екінші  бағыттың іске асырылуы біршама қиындықтар туғызды. Мұның өзі күрделі жағдайда өтіп келеді. Терминологиялық тұрғыда көптеген қателіктер күні бүгінге дейін түзетілмей отыр. Сонымен қатар бүтіндей бухгалтерлік есеп жүйесі «Салық есебіне» тәуелді болып, бухгалтерлік есеп мәліметтерін жіктеп-талдау деңгейі ұмыт қалып келеді. Бухгалтерлік есептің дербестігі өте төменгі дәрежеде. Аталмыш бағыт деңгейінде қорытынды есеп үлгісіне (форма) жылма-жыл өзгерістер енгізіліп, қорытынды есептің маңызы мен құрамы түбегейлі қалыптаспай отыр. Есеп саясатын жасаудың ресми түрде белгіленген нұсқауы жоқ. Өндірілген өнімдер кұнын шығару жұмсалған, шығындарды өндірілген өнім, көрсетілген қызмет құрамында есептеу мәселелерінің әлі де жетіспейтін жақтары жеткілікті. Бухгалтерлік есеп өрісіндегі кеткен кемшіліктер мен әлі де жетіспейтін нормативтік нұсқау-ережелерді тізбектеп отырудың орны жоқ.

    Аса қажетті ресми құжаттарды экономикалық өмірге қосу үшін бухгалтерлік есеп жүргізудің техникалық, сатылық және сабақтастық жолдарын білумен катар, салық, инвестиция, лизинг, т.с.с. елімізде қабылданған заңдардың да бухгалтерлік есепке тән жақтарын іске асырудың маңызы зор.

    Өзіне тән пәні мен мәні бар бухгалтерлік есеп жүйесін басқа да салалармен, салық, құнды қағазадар жөніндегі  заңдар, салалық нұсқаулар, т.с.с. жеке ведомствалық орындардың мүддесін қорғайтын құжаттармен «жабдықтамаған» жөн. Мұндай жағдай орын алған кезде ұйымдар бухгалтерлері күнделікті жұмыс бастылыққа айналып, қарама-қайшылықтарға түсіп, әсіресе салық органдары мен ортақ шешімге келе алмай, экономикалық тұрғыдағы мүдделі межеге жету қиындай түседі. 
 
 
 
 
 

Информация о работе Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері