Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 18:10, курсовая работа

Описание

Бухгалтерлік есепке тән әдістерді, арнайы қолданбалы элементтердің маңызы мен мақсатын терең түсініп, күнделікті эконмикалық өмірге пайдалану үшін, біздер қарапайым, түсінікті тілмен сөйлесе білуіміз керек. Бухгалтерлік есеп жүйесінде көптеген күрделі және осы пәнге тән арнайы терминдер көптеп қолданылады. Нарықтық экономика заманында бухгалтерлік есепті «бизнес тілі» деп те атайды.

Работа состоит из  1 файл

Buhgalterlik esep.docx

— 128.59 Кб (Скачать документ)

 
 

    жедел есеп ақпараттарының заңды тұрғыда  маңызы мен мәні болмайтындығын есте сақтаған жөн..

    Бухгалтерлік  есеп жөнінде қысқаша  түсінік. Есептің басқа да түрлеріне қарағанда бухгалтерлік есеп сенімді және көп тараған есеп. Бухгалтерлік есеп қандай да болмасын ұйымдар құрылғаннан бастап үздіксіз хронологиялық тәртіппен шаруашылық фактілерін бастапқы құжаттар негізінде тіркеп отырады. Мұндағы есеп тск ақшалай өлшеммен жүргізіледі. Яғни натуралды және еңбек өлшемдері ақшалай өлшемге айналдырыл ады.

    Бухгалтерлік ақпараттық жүйе қаржылық және басқарушылық болып екіге бөлінеді. Қаржылық есепті - сыртқы есеп деп, ал басқарушылық есепті - ішкі есеп деп те атайды.

    Осы кезеңдегі жалпы есеп жүйесінің құрылымы 2.1. сүлбеде берілді.

    2.1. сүлбеге сай бухгалтерлік есеп  жүйесі өзіндік ақпараттардан  және жалпы жинақталған басқа да ақпараттардан тұрады. Егер бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушы жақтардың мүддесін қанағаттандырмаған жағдайда, онда бухгалтерлік есептің қажеттілігі де болмайды.

    Көрсетілген сүлбеге қарағанда ақпараттар жүйесі екі саладан тұрады: 1) сыртқы пайдаланушылардың мүддесіне арналған ұйымдардың қаржылық қызметі жағдайын бағалауға қызмет ететін қаржылық есеп; 2) ішкі пайдаланушылардың мүддесіне арналған ұйымдардың шаруашылық қызметін талдау мен бағалауға қызмет ететін басқарушылық есеп.

    Қаржылық  есепте ұйымдардың қаржылық жағдайын жөніндегі мәліметтер жинақталып, жалпы бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттардың белгілі бір бөлігін құрайды. Қаржылық есеп өрісіндегі мәліметтер тиісті құжаттар мен тиісті счеттарда жинақталады. Американың дипломданған бухгалтерлік қоғамы институтының берген анқтамасында: «Қаржылық есеп ақшалай өлшеммен алғандағы ұйымдардың активтерін және осы активтер кездерін, сондай-ақ қаржылық кызмет бағытының өзгеруін және өзгеріске түсу фактілерінің есебін жүргізуге арналған», - делінген.

    Сонымен қаржылық есеп өрісінде жинақталған  ақпараттар сыртық және ішкі пайдаланушыларға арналады. Көпшілік жағдайда қаржылық есеп ақпараттарын сырткы тұлғалар кеңінен қолданады. Қаржылық есеп ақпараттарының көпшілігі коммерциялық құпияға жатады.

    Басқарушылық  есеп қаржылық есептің жалғасы ретінде  өндірістік үрдіс ақпараттарын қалыптастыру мақсатына, мұның негізінде арнайы басқарушылық шешімдер қабылдауға арналған. Басқарушылық есеп өрісінде жинақталған, өңделген және жүйеленген ақпараттар іштей пайдалануға арналып, осы  ұйымды басқарушылар, мұндағы ақпараттарды өндірістік үрдісті жоспарлауға, тексеру  мен бағалауға, өндірістік қызметті талдауға, сондай-ақ қолда бар экономикалық ресурстардың тиімділігін арттыруға  пайдаланылады. Басқарушылық есеп ақпараттары сыртқы тұлғалардың пайдалануына берілмейді және толығымен коммерциялық құпия болып саналады.

    Қаржылық  және басқарушылық есеп бірегей бухгалтерлік есеп жүйесінің екі белігін құрайтын болғандықтан, бухгалтерлік және басқарушылық есеп өрісінде қолданылатын счеттар  жоспары есептің екі түріне тән бірдей болып, ұйымдардың қозғалыстағы активті қаражаттарының есебі мен қозғалысы жағдайын жинақтауға арналған. Бухгалтерлік есептің қай түрі болмасын счеттардың динамикалық және статикалық міндеттерін атқарады. Бухгалтерлік есептің статикалық міндеттері қаржылык есептің мақсатын іске асыруға, ал ұйымдардың активті қаражаттарының қозғалысын бухгалтерлік есеп счеттарында көрсету динамикалық есепке тән басқарушылық есеп өрісінде жүргізіледі.

    Қаржылық  қорытынды есеп ақшалай өлшеммен жүргізіліп, барлық счеттар бойынша  калған қалдық үйымдарда жүргізілетін Бас кітаптардағы мәліметтермен  теңестіріліп жинақтау арқылы дайындалады. Қаржылық қорытынды есеп негізінен  ақпараттарды сыртқы пайдаланушылар үшін жасалынады. Қаржылық есепке тән мәліметтерді бухгалтерлік есептің Бас кітабына жазу алдында, барлық тиісті сомалардын дұрыс есептелуін тексеріп, басқа  да счеттармен салыстырып, екіжақты жазу жүйесіне тән ережелердің барлығы  да орындалуы керек. Осыған орай қаржылық есеп ақпараттарын өңдеу арнайы жорналдар, тіркеу регистрлары, бухгалтерлік есеп кітаптары, басқада есептеулер, екіжақты жазуға негізделгендігін әрқашанда есте сақтау керек.

    Басқарушылық  есепке тән кейбір ішкі шаруашылық есептеулер мен басқарушылық есеп ақпараттарының қозғалысы міндетті түрде екіжақты жазуды талап ете қоймайды. Басқарушылық ақпараттар жекелеген үзінді есептеулерден жинақталып, әрбір бөлімшелер мен кіші құрылымдар бойынша, ақшалай өлшеммен ғана емес, басқа да өлшемдерді қолдану арқылы жинақталады. Басқарушылық есеп үшін ясинақталатын ақпараттарды бухгалтерлік есеп счеттарынан өткізбей, бухгалтериядағы Бас кітаптарға жазбай-ақ алуға болады. Қаржылық есепке қарағанда басқарушылық есеп деңгейі белгілі бір дәрежеде шектеулі және бұдан алынған ақпараттар міндетті түрде пайдалы болуы керек. Яғни басқарушылық есеп пайдалы және тиімділігі бар ақпараттар қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

    Өз  кезегінде қаржылық есеп үйымдардың қаржылық кызметі женіндегі ақпараттарды жіктеуге, қаржылық мәліметтерді жүйелеуге, талдауға және зерделеуге арналған. Сонымен  қатар қаржылық есеп өрісінде дайындалатын қаржылық қорытынды есеп көрсеткіштері  корпоративтік және инвестициялық  деңгейде қолданылынатын болғандықтан қаржылық ақпараттарды бағалау мен  пайдалануға беру жағдайында бухгалтерлік есепке тән жалпы ережелер мен  әдіснамалар, бағалау т.б. шаралардын барлығы да сақталуы керек.

    Бірлескен экономикалық үрдіске қатысушы жақтар мен бизнестік қатынастарға, сондай-ақ алынған ақпараттарды орынды пайдалануға  сенім білдіру ерекшеліктері  бухгалтерлік есеп жүргізуші бухгалтерлік қызметі өрісіндегі қолданбалы әдістерді  және есеп жүргізу ережелері дұрыс  қолданумен шектелген. Мысалға, табыстар мен шығындар құрылымын анықтау, тауарлы-материалды құндылықтар мен негізгі құралдарды бағалау, т.с.с. жұмыстар арнайы қолданылынатын әдіснамалар негізінде орындалады.

    Қаржылық  қорытынды есеп ай сайын, әр тоқсанда, әр жылға жасалынады. Басқарушылық есеп қажет болған жағдайда ғана дайындалып, көбіне басқарушы әкімшіліктің билігі мен қүзырына байланысты болады.

    Қаржылык  есеп аяқталған, нақтылы орын алған  шаруашылық операцияларын жинақтап көрсетеді. Сондақтан есептің бүл  түрі белгілі бір дәрежеде объективті және ұдайы тексеруге жататындай болып қалыптасады. Ал басқарушылық есеп ағымындағы ішкі шаруашылық операцияларының  есебін жүргізу мен тексеруге, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдауға және алдағы болжамды оқиғаларды субъективтік жағдайда бағалауға арналған.

    Қаржылық  есеп осы ұйымда орын алған шаруашылық фактілері операцияларының сомалық ақшалай жиынтығын шығарады. Ал басқарушылық есеп әрбір бөлімшелер қызметін талдауға (құрылымдылық бөлімшелердің, бөлімдердің шығын орталықтарын), болмаса орын алған операциялардың айрықша ерекшеліктері есебін анықтап, басқарушылық шешім қабылдау үшін қолданылынады.

    Сонымен, қаржылық есеп ұйымдардың қаржылық жағдайын толық және дәлме-дәл ашып көрсету мен түсіндіруге арналса, басқарушылық есеп ұйымдардың әкімшілігіне, бұлардың алға қойған мақсаттарын іске асыруға қызмет етеді.

       3. Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызы 

    Меншік  иелігінің кез келген түрлері, нарықтық әрекетке түсуші заңды тұлғалар, ұйымдар мен мекемелердің барлығында бухгалтерлік есеп жүргізіледі. Меншігінде қаражаттары мен мүліктері, қорлары мен капиталы, алған міндеттемелері, өндірілген дайын өнімдері, тауарлы-материалды құндылықтары, негізігі құралдар мен айналым қаражаттары, сатып алу мен сату өрісі, шаруашылык жүргізу үрдісі бар шаруашылық ұйымдарда бухгалтерлік есеп жүргізу жүйесі экономикалық қатынастардың басты мәселесіне жатады. Сондықтан, бухгалтерлік есепті күрделі жүйе деп түсінген жөн. Экономикалық қатынастардың барлығы да есепке алыну керектігі бухгалтерлік есепке тән мән мен мағына, алғы шарт және міндетті турде орындалуға тиісті нақтылы үрдіс болып табылады.

    Бухгалтерлік  есеп жүйесі ұйымдардағы сатылы экономикалық үрдісті қамтамасыз ету бағытында  құрылуы керек. Шаруашылық фактілері  экономикалық үрдістің кезеңдік негіздерін қүрайтын заңдылық сабақтастыққа жауап беретін болып қалыптасады.

    Ол  мынандай кезеңдерге бөлінеді:

  1. активтер мен бұлардың көздерін қалыптастыру;
  2. инвестициялар келтіру;
  3. қаржылық активтерді (экономикалық ресурстарды) қаржыландыру және несиелік міндеттемелер қабылдау;
  4. қалыпты жағдайда жүргізілетін өндірістік үрдістің өзгерістері мен қалыптасуын есепке алу;
  5. өндірістік шығындар жұмсап, табыстар табу жолдарының есебін жүргізу;
  6. түскен табыстар (пайданы) бөлу және қайта бөлу;
  7. бөлінбеген таза пайданың ұдайы көбеюін камтамасыз ету және түскен таза пайданы өндіріс үрдісін кеңейту мен ары қарай жетілдіруге, бұлардың қорлануын қалыптастыруға жұмсау.

    Экономикалық  заңдылықтардың өндірістік үрдісте  іске асырылатын кезеңдеріне тән құрылған жоғарыдағы сабақтастық кезеңдер қаржылық талдау мен басқарушылық шешім қабылдау үшін аса қажет.

    Бұл мақсаттар мен міндеттердің нақтылы іске асатындығын есепке алып, ақпараттар жүйесін қалыптастыруда бухгалтерлік есептің атқаратын релі өте зор. Бухгалтерлік есеп жұмысы экономикалық кезеңді қатынастарды көрсетеді және әр кезеңдерге сай дамиды. Бухгалтерлік есеп - базарлы сауданы, технологиялық ерекшеліктерге сай өнім өндіруді, экономикалық бостандықты, кәсіпкерлік қатынастарды, бірлескен әрекеттерді т.с.с. байланыстар жөніндегі көрсеткіш мәліметтерді даярлап, тиісті тұтынушыларға хабарлап, талдап, мұның негізіне тиімді шешімдер қабылдайтын, өз орны мен әдісі және принципі бар пән. Сондықтан бухгалтерлік есептің алғы шарты экономикалық қатынастарға, мұның өзін теориялық тұрғыда зерттеуге, басқарудың тиімді жолдарын анықтауға ақпараттар дайындайтын ерекше бағыттағы айрықша жүйе.

    Қандайда  болмасын есеп ақпаратары мен көрсеткіштерін, мұндағы цифрларды экономикалық маңызы зор мәселелер деп қараған  жөн. Бухгалтерлік есеп нарықтық қатынастарға байланысты іс-әрекеттерді саналы түрде  жүргізу мен мәліметтерді жан-жақты  қолдану және бұлардың маңызын түсіну үшін ақпаратар жинап, тиімді және тиімсіз, пайдалы және зиянды мәліметтер жүйесін топтастырып, белгілі дәрежеде шешім қабылдау үшін көрсеткіштер мен мәліметтер даярлайды.

    Нарықтық  қатынастар мен меншік иелігіне сүйеніп қол ұшымен жалғасып, сыбайластық әрекеттерге барушы және жұмыс бабын жеке басының игілігіне пайдаланушы, заңсыз жүріп қаражат табушы алаяқтар арасында күрес жүргізуде де бухгалтерлік есептің атқартын рөлі зор. Мұндай әрекеттерді бодырмау үшін әрбір атқарушы бухгалтер өз кәсібін сыйлап, таза және сапалы еңбек етуі керек.

    Бухгалтерлік  есеп бүкіл халықтық ілімге жатады. Мұның диапазон кеңістігі мол, Сондықтан, экономиканы басқару жүйесін  жетілдіру, халықтың сұранысы мен тұтынысын  зерттеу, базарлы саудаға тән  шешім қабылдау, тексеру мен бақылау  жүйесін кеңінен қолдану, есеп көрсеткіштерін қарапайымдау, заңсыз қағаз бастылықты болдырмау үшін бухгалтерлік есеп ілімі  өз мәні мен мақсатын жоймайтын сабақтастық  бағытта болуы керек.

    Бүгінгі күннің талабына сай бухгалтерлік есепте қолданылатын үлгі - мәтін, бастапқы құжаттарды рәсімдеу, есеп регистрлары және қорытынды есеп көрсеткіштері т.б. жазулардың көлемі мен маңызы қарапайым жолдармен жасалып, пайдаланушы қауымға түсінікті болуы керек.

    Енді  бухгалтерлік есеп жүйесінің алдына қойылған жалпы мақсаттар мен  талаптарды шешудің бастапқы сабақтастығына тоқталалық. Жалпы есеп жүйесінде  қабылданған тәжірибеге және көптеген ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда  бухгалтерлік есеп ең әуелі өзінің байқау, өлшеу, тіркеу принциптерін жүзеге асырады.

    Байқау принципі деп - шаруашылық жүргізушілер өрісіндегі фактіні немесе объектіні көзбен көруді айтамыз.

    Өлшеу деп - натуралдық өлшеммен берілген есеп объектісін ақшалай өлшемге айналдыруды айтады.

    Тіркеу  деп - бухгалтерлік есеп мәліметтері мен көрсеткіштерін ақпараттар тасушы құралдарға түсіруді айтамыз.

    Сонымен байқау, өлшеу және тіркеу принциптері бірімен-бірі тығыз байланысқан, бірінің мазмұнын бірі толықтырып отыратын сабақтастық жүйе деп таныуымыз керек.

    Бухгалтерлік  есептің маңызы мен мәні және бұл  жүйені жүргізу мен аяқтау үрдісі, ең әуелі бухгалтерлік есеп негізін  біліп үйренуден, қаржы есебін жүргізу  тәсілдерінен, басқару есебіндегі көрсеткіштерді бағалай білуден, қаржылык қорытынды  есепті сапалы жасаудан, сондай-ақ ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін экономикалық жағынан талдаудан тұрады.

    Бухгалтерлік  есеп жүйесіндегі ақпараттар қазырғы  кездегі Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттар талабына сай кәсіпкерлерге, мамандарға, салық және қаржы салаларындағы қызметкерлерге, т.б. тұлғаларға қызмет көрсетеді. Потенциалды қаржы салымшы инвесторлардың, басқа да несиелендіруші заңды тұлғалардың қаражаттарын іске қосып, түпкі мақсат - таза табыстың көлемін арттырып отыру үшін бухгалтерлік есеп өрісіндегі қалыптасқан ақпараттарды хабарлап отыру қажеттігі туындайды.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері