Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 18:10, курсовая работа

Описание

Бухгалтерлік есепке тән әдістерді, арнайы қолданбалы элементтердің маңызы мен мақсатын терең түсініп, күнделікті эконмикалық өмірге пайдалану үшін, біздер қарапайым, түсінікті тілмен сөйлесе білуіміз керек. Бухгалтерлік есеп жүйесінде көптеген күрделі және осы пәнге тән арнайы терминдер көптеп қолданылады. Нарықтық экономика заманында бухгалтерлік есепті «бизнес тілі» деп те атайды.

Работа состоит из  1 файл

Buhgalterlik esep.docx

— 128.59 Кб (Скачать документ)
gn="justify">    Ұйымның атқаратын қызметіне және шаруашылықты басқарушының басқарушылық шешім қабылдауына қарай шаруашылық фактілері әрекеттік және оқиғағалық болып бөлінеді. Әрекеттік фактіге ұйымның мақсатты түрде орындаған шаруашылық операциялары жатады. Мысалға, қоюшылардан тауарлы-материалды құндылықтардың алынуын қатаң қадағалауды - әрекеттік факті деп атауға болады. Көпшілік жағдайда әрекеттік факті алдын ала жасалған келісім шартта көрсетіледі.

    Оқиғалық  фактілерге басшылар мен тиісті міндет атқарушылардың болжауынсыз кездейсоқ  жағдайлардан, мысалға, күтпеген апат оқиғалардан, ұрланған, тоналған жағдайлардан орын алған шаруашылық фактілері жатады.

    Екіжақтылық шаруашылық фактілері тәуелсіз қатысушылар арасында құндылықтарды айырбасқа салудан (сатып алу, сату, төлемдер, қарыздар т.с.с.) т.б. туындайды.

    Біржақтылық шаруашылық фактілері - өрттен, су тасқынынан, жарылыстан, жер сілкінісінен, негізгі құралдардың тозуынан т.с.с. туындайды.

    Абсолюттік  шаруашылық фактілері талап ету немесе қайтарып алу мерзімі өтіп кеткен операцияларды (мысалға талап етілмеген қарыздар) сипаттауға арналған.

    Счеттар номенклатурасына қарай шаруашылық фактілерін сипаттау мен жазу тәртібі  осы кітаптың 5- ші тарауында берілген.

    Заңдылық  тұрғыдан қарағанда шаруашылық фактілері заңды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

     
 
 

    Шаруашылық  фактілерінің экономикалық және заңдылық сипаттамасы

    2.1. кесте 
 
 
 

        Шаруашылық  фактілеріиін сипаттамасы
        Экономикалық Заңдылық
        Ұйымның атқаратын рөліне қарай Шаруашылық  қызметіне қарай Жинақтау  денгейіне қарай Мерзімнің ұзақтылығына қарай Счеттар       қаржылық номенкла-тура сына қарай Қаржылық көрсеткішке қарай Құқықтық  сипаттамасы
            Екіжақтылық әрекет     Біржақтылық оқиға     Ішкі     Сыртқы     Жеке  даралық     Күрделі     Осы сәттілік     Ұзақ  мерзімдік     Абсолюттік     Қарапайым     Күрделі     Өзгертілген     Үздіксіздік     Келісім     Заңсыздық әрекет     Әкімшілік әрекет

 

     
 
 

және  заңсыз болып көрсетілуі мүмкін. Шаруашыльщ фактілерін заңдылық тұрғыдан сипаттау келісім, шындық, әкімшіліктік акт болып үш түрде қаралады.

    Келісім алдын ала жасалған келісім-шарттар негізінде сипатталады. Шаруашылық қызметін жүргізу өрісінің тәжірибесінде келісім арқылы шаруашылық фактілерінің көптеген түрлері орындалады. Келісім категориясына қарағанда заңсыздық әрекет біле тура шындыққа жанаспайтын шаруашылық фактілерін мақсатты түрде бұрмалауды айтады. Мысалға, түгендеу кезінде қоймадан артық шыққан құндылықтарды жауапты адамдардың өз басының пайдасына сіңіріп кетуі. Әкімшіліктік акт деп -нормативтік, реттеушілік және заңдастырылған құжаттарды шаруашылық фактілеріне қолдануды айтады. Мұның мысалына: осы ұйымдағы негізгі құралдарға амортизация есептеу, есептелінген еңбек ақыдан ұсталынған табыс салығы, есептелінген қосымша құн салығы жатады.

    Шаруашылық  фактілерінің заңсыздығына қабылданған заңның бұрмалануы, моральдық және этикалық нормалардың сақталмауы жатады.

    2.1 кестеде шаруашылық фактілерінің  экономикалық және заңдылық сипаттамасы  берілген. 

    2. Есеп жүйесінің  түрлері және бухгалтерлік есеп пәні 

    Есеп  жүйесін жіктеп, топқа бөлу жөнінде  көптеген ғалымдардың көзқарасы  әртүрлі. Жүздеген жылдардан бері бухгалтерлер арасында бухгалтерлік есеп жекелеген ұйымдар деңгейінде жүргізіле ме, жоқ, немесе мемлекеттік экономика деңгейінде жүргізіле ме? деген сұрақтарға күні бүгінге дейін жауап табылмай келеді. Бұл тұрғыдан сын айтып, кімнің бағытының дұрыстығын, кімнің бағытының бұрыстығын қолдау мәселесі емес, мәселе нарықтық қатынастарға қарай жалпы есеп жүйесінің түрлеріне тоқталу қажеттігі туындайды.

    Профессор Я.В.Соколов өзінің «Основы теории бухгалтерского учета» («Финансы и статистика», Москва 2000) атты монографиялық еңбегінде есеп жүргізуді: микро және макро есеп деп екі түрге бөлген. Бұл еңбекте (21- бет)жиырмасыншы ғасырдың ортасында көрнекті ағылшын ғалымы Р.Стоунаның (1984 жылы Новель сыйлығының лауреаты атағын алды) дәлелдеуіне қарағанда ұлттық есеп жүргізу ұғымы - ұйымдар деңгейінде қалыптасып, бүтіндей ұлттық экономикалық өмірге енетін үрдіс болып сипатталған. Біздер профессор Я.В.Соколовтың тұжырымы бойынша есеп жүргізудің микроесеп (шаруашылық субъектілеріндегі орындалған шаруашылық операцияларын жүргізуші) және макроесеп (отандық, ұлттық табыс пен жалпы өнімдер есебін жүргізуші) болып екі бағытта қаралғандығын нарықтық экономиканың талабынан туындаған үрдіс деп білеміз.

    Сонымен, микроесеп бухгалтерлік есеп өрісінде жүргізіледі. Мұнда кәсіпорындағы мүліктер мен құндылықтар қозғалысының есебі, табыстар мен шығындар есебі, т.б. бухгалтерлік есепке тән операциялар жүргізіледі. Ал макроесеп мемлекеттік деңгейде болып жатқан бүкілхалықтық әлеуметтік және экономикалық өзгерістердің барлығын, адамдар мен табиғаттағы құбылыстарды есепке алады.

    Ендігі  жерде жоғарыда көрсетілген есептің  екі түрінің мән-мағынасын қысқаша  түрде сипатталық.

    Бухгалтерлік  есеп жүйесі ұйымдардағы активті қаражаттар мен меншікті капитал, міндеттемелер мен алынған несие, негізгі құралдар мен материалды емес активтер, тауарлы-материалды құндылықтар, ақша қаражаттары, есеп айырысудың жағдайы, алашақ-берешектермен есеп айырысу, өндірілген өнім, мұның өзіндік құны, түскен табыс, жұмсалған шығын, жалға беру мен алу, жылдық қорытынды есеп жасау, салықтың жекелеген түрлері бойынша есеп айырысу, инвестициялық қаржы салымы, үлес қосушылармен есеп айырысу дивиденттік төлемдер сияқты т.б. қозғалыстарды және осы жоғарыда айтылған есеп объектілерін бағалау қызметтерін атқарады. Сонымен қатар осы жоғарыда көрсетілген бухгалтерлік есеп объектілері бойынша экономикалық және қаржылық талдау жасау, есеп ақпараттарын пайдаланушылардың талабын қанағаттандыру жұмыстары да атқарылады.

    Бухгалтерлік  есеп жүйесін жүргізу үрдісі негізінен  ресми қабылданған нұсқау ережелерге, тәжірибеде қолданылатын бухгалтерлік есепке тән теориялық принциптерге, баланстың тәсілге, бухгалтерлік есеп жүргізудің әдіснамаларына, бухгалтерлік есеп счеттарына негізделген. Бухгалтерлік есеп жүйесі бастапқы құжаттар жасаудан бастап бұларды жинақтап, тіркеу жөніндегі нақтылы мәліметтерді арнайы үлгідегі реестрлерге жазу, бас кітаптарға жазу, бүлардың негізінде жылдық баланстық қорытынды есеп жасаумен аяқталады. Есеп жүйесі тек қана бастапқы құжаттар негізінде және ақшалай өлшеммен жүргізіледі. Яғни әрбір құжатқа жазылып көрсетілетін мәліметтер үлгі пішімі мен мәтіні бар қағаздарға ақшалай өлшеммен жазылып қабылданған арнайы счеттарға түсіріледі. Бухгалтерлік есеп жүйесіне қатаң талап қойылып, бұл үрдіс арқылы бақылау мен тексеру, түгендеу мен бағалау, жинақтау мен талдау сияқты маңызы зор мәселелер зерделеніп отырады.

    Жоғарыда  айтылғандардың негізіне сүйене отырып, біздер бухгалтерлік есептің өз ерекшеліктеріне  тән пәні мен мәні бар жүйе деп  санауымыз керек. Бухгалтерлік есеп объектілерінің есебін дұрыс жүргізу мұндағы қолданылатын қолданбалы әдістер мен принциптер ұдайы зерттеліп, жетілдіріліп отыруға тиісті.

    Макроесеп немесе статистикалық есеп жүйесінің мақсаты -еліміздегі бүтіндей экономикалык үрдісті басқару мен жетілдіру, мемлекеттік деңгейдегі жоғары орындарға мәліметтер даярлау, инвестициялық мәселелерге байланысты шаралар белгілеу, іске қосылуға тиісті экономикалық резервтер көзін ашу, т.б. аса жоғары деңгейдегі экономикалық, әлеуметтік мәселелердің дер кезінде шешілуіне байланысты мәліметтер мен ұсыныстар, сондай-ақ ақпараттар даярлау болып табылады.

    Еліміздегі  экономикалық, табиғи, шикізат ресурстарын дұрыс пайдалану мен отандық потенциалдың тиімділігін жақсы басқару мен пайдалану үшін жоғарғы мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу - осы макрсесепке тән. Сонымен қатар мемлекет деңгейінде жүргізілетін макроесеп халык санағын жүргізіп, еңбек ресурстарын анықтап, халықты жұмыспен қамтамасыз ету сияқты мемлекеттік мәселелермен де айналысады.

    Нарықтық  экономика жағдайында жалпы есеп жүйесін екі үлкен салаға макро  және микро бөліп қарай отырып, біздер тек қана бухгалтерлік есеп жүйесіне ғана емес, жалпы «есеп» терминіне, мұның маңызы мен атқаратын міндеттеріне, жекелеген құрамдас салаларына түсінік беруді жөн көрдік.

    Сонымен «есеп» деп - орын алған шаруашылық фактілерін байқау, жинақтау, теңестіру  мен үйлестіру (барынша топтастыру), бағалау, классификациялық топтарға жіктеу, өңдеу және осылайша жинақталған  ақпараттарды есеп ақпараттарын пайдаланушыларға хабарлауды айтады.

    Есептің қай түрі болмасын экономикалық үрдісті  басқарудың динамикалық моделін құруға қызмет атқаруы керек. Басқаруды модельдеу ешқашанда біржақты болмайды. Есеп жүйесінің бірегейлігі оперативтік жедел, басқарушылық, қаржылық, бухгалтерлік, статистикалық есеп түрлері арасындағы қондырмалық (синтездік) байланыстардың өзара сабақтастығынан тұрады. Аталмыш есеп түрлері бірінің маңызын бірі толықтырып, басқарушылык тұрғыда өзара экономикалық байланыстарды жүйелей отырып, өз міндеттерін атқаруға тиісті. Көпшілік жағдайда есептің бұл түрлері басқарушылық шешім қабылдау үшін біртектес ақпараттарды топтастырып пайдаланады.

    Жоғарыда  айтылған макро және микро немесе статистикалық, басқарушылық есеп үлгілерін  даярлау мен талдау экономикалық және бухгалтерлік қызмет атқарушы мамандармен бірлесіп жасалады (өзіндік құн, еңбек, өндіріс көлемі, т.с.с.).

    Алайда  басқару үрдісін тиісті ақпараттармен  қамтамасыз ету мақсатында жоғарыда айтылған есеп түрлері өз өрісіне  тән әртүрлі айрықша рөлдер атқарады.

    Оперативтік жедел есеп. Есептің бүл түрі тиісті ақпараттарды жедел алу мен пайдалану және ағымдағы шаруашылық фактілерін дұрыс жолға қою, сондай-ақ өндірістік үрдістің ағымдағы оңтайлылығын жақсы жолға салу мақсатын іске асыруға арналған.

    Бухгалтерлік  есепке алынбайтын сапалы дәрежеде, объективтік  тұрғыда және толық жинақталған  ағымдағы ақпараттар арқылы өндірістік үрдістің, сондай-ақ шаруашылық фактілерінің сандық және сапалық барысы, осы  оперативтік жедел есеп арқылы күнделікті басқарылады. Негізінен оперативтік  жедел есеп ақпараттары бастапқы құжаттардан, ауызша берілген хабарламалардан, телефон, телеграф, факс, интернет жүйесіндегі мәліметтерден қалыптасады. Есептің бұл түріне өлшеу бірлігінің барлық атаулары мен амалдары қолданылып, негізінен натуралды және еңбек өлшемдері пайдаланылады.

    Оперативтік жедел есеп міндеттеріне ұйымдар өміріндегі шаруашылық фактілерінің ағымдағы барысын байқау, бастапқы құжаттардың дұрыс рәсімделгендігін тексеру, бастапқы ақпараттардың сапалы өңделгендігін, сондай-ақ жедел шешім қабылдау, өндірістік үрдістің барысын тексеру сиякты функционалды міндеттер жатады.

    Салалық өндірістік үрдіс ерекшеліктеріне  және жекелеген фактілерді (шығарылған өнімдер есебін, тапсырыс берушілермен жасалған келісім-шарт негізінде қойылатын  тауарлар есебін, жабдықтар мен машиналардың, басқа да өндірістік күштерді, өнім өндіру нормасының орындалуын, өндірілген өнімнің сапасын, тауар айналысының  барысын, тауарлар т.б. сатылуын) көрсету мен бақылау, тексеру жұмыстары да осы оперативтік жедел есеп өрісінде жүргізіледі.

    Оперативтік жедел есеп ерекшеліктеріне: ақпараттарды тездетіп алу мен пайдалану, шаруашылық үрдісі мен фактілердің нақтылы орындалған сәтінде бастапқы құжаттарды тез арада рәсімдеу, сондай-ақ ақпараттардың жедел алынуы мен нақтылык дәлдігі, тіркелуге тиісті фактілер ерекшеліктеріне байланысты мәліметтерді тез арада қабылдау сияқты сабақтастықтар жатады. Алайда оперативтік жедел есеп ұйымдар қызметтерінің барлык экономикалық жан-жақтылығына толық дәрежеде жауап бере алмайтындығын білеміз. Оперативтік жедел есеп ақпараттарын пайдалану уақытқа және кезеңдерге байланысты. Нақтылы орындалған шаруашылық фактілерінің соңынан жинақталған 
 

 

    

    2.1. сүлбе 

    Осы кезеңдегі бухгалтерлік есептің  құрылымы 

Информация о работе Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері