Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 18:10, курсовая работа
Бухгалтерлік есепке тән әдістерді, арнайы қолданбалы элементтердің маңызы мен мақсатын терең түсініп, күнделікті эконмикалық өмірге пайдалану үшін, біздер қарапайым, түсінікті тілмен сөйлесе білуіміз керек. Бухгалтерлік есеп жүйесінде көптеген күрделі және осы пәнге тән арнайы терминдер көптеп қолданылады. Нарықтық экономика заманында бухгалтерлік есепті «бизнес тілі» деп те атайды.
Жоғарыда келтірілген бухгалтерияның құрылымы міндетті түрде осылайша құрылып, ешқандай өзгеріссіз қалыптасуы мүмкін емес. Бухгалтерия құрылымы ұйымның көлемі мен техникалық және технологиялық ерекшеліктерге және нарықтық қатынастар мен ұйымдардың ұйымдық түріне, халықаралық экономикалык қатынастарға байланысты қалыптасады. Келтірілген сүлбе тек қана үлгі ретінде ұсынылып отыр. Ұйым бухгалтериясы қызметін жетілдіріп отыру, осындағы мамандар мен бухгалтерлік есеп жұмысын атқарушы кәсіби мамандарға байланысты.
Ұйымдардың әр жылдары атқаратын шаруашылық қызметінің ерекшеліктеріне сай бухгалтерия құрамында басқадай бөлімдер құрылуы мүмкін.
Мысалға, егер осы ұйымға көп көлемде инвестициялық қаржы тартылып, бұл ұйым көп көлемде, ұзақ мерзімді қаржы игеретін жағдайда болса, онда бухгалтерия құрамында арнайы бөлім құрылуы мүмкін. Бұл бөлім күрделі құрлыс салуға, мұны қаржыландыруға, жұмсалған шығындар есебіне байланысты ақпараттар қалыптастырып, қорытынды есеп жүргізуге міндетті. Сонымен қатар аса ірі компаниялар мен акционерлік қоғамдар қалыпты жұмыс атқарып, тұрғын халықты әлеуметтік жағынан қамтамасыз етуді өз міндетіне алған жағдайда ұйым бухгалтериясының құрамында арнайы бөлімдер (әлеуметтік, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық) құрылады. Ірі ұйымдар мен бірлестіктердің жоғары деңгейде халықаралық экономикалық қатынастарға түсуіне және жалпы есеп жұмысын барынша автоматтандыруға, сондай-ак интернет жүйесін кеңінен пайдалануға, ірі-ірі халықаралық биржалар жөніндегі ақпараттар алу мақсатына байланысты ақпараттарды компьютерлік жүйемен өңдеу жөніндегі бөлім құрылуы да мүмкін.
Нарықтық қатынастардың ел экономикасына еніп, ұйымдар арасындағы алыс-беріс операциялары деңгейінің күннен-күнге көбеюіне байланысты, кейбір шағын ұйымдар (мүмкін басқадай ұйымдар) бухгалтерлік есеп жұмысын талапқа сай жоғары дәрежеде сапалы жүргізетін ұйымдармен келісім-шартқа отырып, өздеріне тән есеп жұмысын жақсы жолға қоюына болады. Бірнеше шағын ұйымдардан еншілес ұйымдардың бухгалтерлік есебін жүргізуші бухгалтерияны орталықтандырылған бухгалтерия деп атайды. Орталықтандырылған бухгалтерияда есеп жұмысының көпшілігі (есеп мәліметтерін өңдеу мен топтастыру, аналитикалық және сингетикалық счеттарды жүргізу, қорытынды есеп жасау, экономикалық талдау) мамандандырылған бухгалтерияда жүргізіледі.
Орталықтандырылған бухгалтерияның артықшылығы - есеп техникаларын, компьютерлерді, сондай-ақ еңбек бөлісу, оның өнімділігін арттыру, есептің сенімділігін, тексеру мен бақылау жұмыстарын кәсіби білімі жоғары бухгалтерлік есеп мамандарының қатысуымен іске асырылуына байланысты болады.
Бухгалтерлік есеп жұмысын қандай бағытта және қандай түрде жүргізуіне қарамастан барлық шаруашылық субъектілері бойынша бас (аға) бухгалтерлер тағайындалады. Ұйымдардың бас бухгалтері есеп жұмысының жақсы ұйымдастырылуына тексеру мен бақылау, жинақтау мен талдау жұмыстарының барлығына жауап береді.
Бас бухгалтердің қызметін атқарушы тұлға қолда бар ақша қаражаттары қозғалысын тексеру мен бақылау, тауарлы-материалды және мүліктік құндылықтардың дұрыс және мақсатты жұмсалуын, қойылған нүсқаулар мен арнайы ережелерге сай жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар, ол қаржы салымшы инвесторлардың тәуекелшілік талабын орындау, салынған ақша қаражатының тиімді жұмсалуын, дивиденттік төлемдер, пайыздық ставкалардың келісім-шартқа сай есепке алынуын қадағалайды.
Ұйымның бас бухгалтері өндірістік үрдістің тиімділігі мен өндірілген өнімнің сапасын арттыру ісіне тығыз араласып, қолда бар қаржы көздерін ұтымды жұмсау, өндірістік емес шығындарды болдырмау, сондай-ақ орынсыз зиян, талан-таражыға қарсы шаралар белгіліп, ұйым басшысының экономика жөніндегі көмекшісі бола білуі керек. Бас бухгалтер ұйым басшысына тікелей бағынышты болады. Мұның еңбек ақысы ұйым басшысының орьшбасарларына тағайындалған еңбек ақы көлемінен кем болмағаны жен. Бас бухгалтерді қызметке тағайындау мен босату ұйым басшысының бұйрығымен орындалады.
Нарықтық қатынастар жағдайында бас бухгалтердің кәсіби мамандығына, бұлардың атқаратын міндеті мен іскерлік ұйымдастырушылық қабілетіне деген талап қатаң қойылуы керек. Есеп пен тексеру және талдау жөніндегі біліммен ғана шектеліп қоймай, бас бухгалтерлік қызметтегі мамандар осы заманғы есептеу техникасы, жоспарлаудың әдістемесі, қаржыландыру мен несиелендіруді жоспарлау және болжау, өндірісті ұйымдастыру мен технологиясының негізін білу, азаматтык құқық, еңбек және басқару жөніндегі негіздерді іс-тәжірибеге үнемі қолданатындай дәрежеде болғаны жөн.
Өз қызметін кәсіби сапалы дәрежеде атқаруы үшін ұйымдардың бас бухгалтеріне арнайы құқық беріледі. Бұлар осы ұйымда орын алған шаруашылық фактілерін бастапқы құжаттарға тіркеу, ұйым бухгалтериясына тапсырылған құжаттар мен мәлметтердің дұрыстығын тексеру жөнінде өз қарамағандағы бухгалтерлерге нұсқаулар беріп, шешім қабылдай алады. Бас бухгалтерлің қабылдаған шешімі мен нұсқауын ұйымның барлық бухгалтерлері орындауға міндетті. Егер қабылданған шешім немесе нұсқаулар міндет атқарушы бухгалтерлер тарапынан орындалмаған жағдайда бұларға ескертулер жасалып, тиісті шара қолданылады.
Меншікті
және қарызға алынған қаражат
көздерінің тиімділігін арттыру
жөнінде қажетті шаралар
Сонымен қатар, ұйымның бас бухгалтері бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне, арнайы ережелер мен нұсқаулардың орындалуына, қаржы көздерінің тиімді қалыптасуына, келісім-шарттың ұтымды орындалуына, заңдар мен нормативтік актілерге қайшы келетін операцияларды болдырмауға, т.б. есеп-хисап жұмысының барлығына тікелей жауапты.
Бас
бухгалтерлердің қызметіне тән
жоғарыда айтылған міндеттер мен
ұсыныстар, құқықтық жауапкершілік тек
қана бас бухгалтерлің құзырына ғана тән
емес, бүтіндей ұйымның бухгалтериясына
да тән жауапкершілік. Бас бухгалтер ұйым
бухгалтериясында қызмет атқарушы қатардағы
мамандардың барлығына байланысты қызмет
атқарудың міндеті мен өрісін белгілейді.
Әрбір бухгалтер өзінің атқаратын міндетін
біліп, мұның үшін жауапты болуы қажет.
Мәселе осылайша қалыптасқан жағдайда
бас бухгалтердің басшылығымен бухгалтерияда
атқарылатын барлық жұмыстар осы ұйым
экономикасының дамуына тікелей әсер
етеді.
2.6.
Бухгалтерлік кәсіп
және бухгалтерлердің
этикалық жауапкершіліктері
Бухгалтерлік
есеп мамандығына ие болған әрбір
азамат өз қызметіне үлкен
Ұйымдарда қызмет атқарушы бухгалтерлік ақпараттық технологияның жетілдірілуіне, экономикалық үрдістің күннен күнге тұнық қалыптасуына үлкен рөл атқаратындығын білгені жөн. Сауда мен коммерцияның халықаралық сипатқа түсуіне байланысты осы заманғы бухгалтерлер өздерін отандық экономиканың дамуына үлес қосушымын және әртүрлі іскерлік әрекетке қатысушы терең білімді кәсіби маманмын, сондай-ақ бухгалтерлік есептің өміршеңдігін жан-жақты жақсы түсінемін деп міндет қабылдауы керек.
Елімізде нарықтық катынастардың қалыптаса бастауына қарай, бірлескен ұйымдардың, меншікті ұйымдардың, шағын ұйымдардың жалпы шаруашылық ұйымдары мен іс-әрекет етушілердің саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Мұның өзі заңдылық үрдіс және егемендік жағдайда біртіндеп өркендеп келе жатқан базарлы сауданың талабы. Өркениетті елдер қатарына қосылудың болашағын болжау нарықтық қатынастарды іске асырудың тиімді жолдарын белгілеу экономикалық үрдіске қатысушы тұлғалардың интеллектуалды потенциалына тікелей байланысты.
Өкінішке орай, елімізде бухгалтерлік есеп қызметін атқарушы мамандарымыздың көпшілігінің білім дәрежесі әлі де болса төмен және нарықтық қатынастар талабына сай емес. Көбіне бухгалтерлік қызмет атқарушы жауапты адамдар тек салық есебін жүргізу өрісіндегі кәсібін қорғап қана келеді. Көп сатылы, мол мағынасы бар бүтіндей бухгалтерлік есеп жүйесі салық есебіне тәуелді сияқты.
Дейтұрғанмен, заман талабына қарай бухгалтерлік есеп кәсібінің мағынасы біртіндеп жоғары кәсіби мамандьщқа айналып, есеп қызметін атқарушылардың мәртебесі мен қадірі артып, бұлардың алатын еңбек ақысы көбейіп келеді.
Қазіргі кезеңде еліміздегі бухгалтерлерді даярлау мен қайта даярлау төмендегідей төрт бағдарламадан тұрады.
1. Бастауыш деңгейде кәсіби білім беру.
Орта мектептерде, оқыту орталықтарында, лицей, кәсіби-техникалық оқу орындарында, коммерциялық құрылымдарда, курстарда негізгі мамандықтарға қосымша ретінде арнайы жасалған бағдарламаға сәйкес счеттар жүргізуші (счетоводттар) бухгалтерлер даярланады. Бұл деңгейде дайындалған мамандар есептің бір учаскесіндегі счеттарды жүргізіп, бастапқы құжаттарды толтырып, қарапайым экономикалық операцияларды ғана орындайды.
2. Орта деңгейдегі кәсіби білім беру.
Колледждерде, орта дәрежеде кәсіби білім беретін оқу орындарында техник-бухгалтерлер даярланады. Бұл бағдарлама бойынша екінші категориядағы бухгалтерлік қызмет атқарушылар даярланады.
Университеттер, академиялар мен институттарда, бизнес мектептерінде жасалған арнайы бағдарлама бойынша даярланады. Бүл деңгейде даярланған бухгалтерлер бас бухгалтерлер, бухгалтердің орынбасары, бөлімдердің аға бухгалтерлері және бірер жыл тәжірибе жинақтағаннан соң ұйымдардың, басқа да кұрылымдардың қаржы жөніндегі директоры қызметін атқаруына болады.
4. Жоғары оқу орындарын тамамдағаннан кейінгі кәсіби білім беру.
Бухгалтерлердің кәсіби білім беру институттарында, университеттер мен академияларда, халықаралық деңгейде шетелдік сараптаушы маман оқытушылардың қатысуымен жасалған арнайы бағдарлама бойынша ең жоғарғы категориядағы кәсіби бухгалтерлер даярланады. Мұндай бағдарламаның негізінде бухгалтер-аудиторлар даярланады, жоғары дәрежедегі маман бухгалтерлердің білімі жетілдіріледі, магистратураларда және докторантурада оқытылады. Жоғары кәсіби бухгалтерлер даярлау арнайы құрылған бухгалтерлік есеп және аудит кафедралары бар оқу орындарында даярланады. Соңғы бағдарлама бойынша даярланған жоғары категориядағы маман бухгалтерлер аудиторлық, оқытушылық, зерттеушілік жұмыстар атқаруына болады.
Белгілі дәрежеде білім алған бухгалтерлер еліміздегі еңбек заңына қарай келісім-шартқа (контракт) отырып, әртүрлі меншік түрі бар ұйымдарда қызмет атқаруына болады. Кәсіби білім дәрежесі жоғары, өз мамандығын терең біліп, басқа да экономикалық мамандықтармен өз білімін ұштастыра білетін, этикалық нормаларды сақтайтын, есеп-қисап жұмысын ұйымдастыра алатын мамандар өздері қызмет атқарып отырған ұйымдар мен басқа да құрылымдардың экономикасын басқаруға мықты әсерін тигізеді.
Бухгалтерлік
қызмет атқарушылардың түпкі мақсаты
- басқару жүйесін қажетті
Әсіресе нарықтық қатынастар мен базарлы сауда жағдайында, мысалға, акционерлер үлкен сомадағы дивиденд алғысы келеді. Несиелендірушілер ұйымның төлем өтеушілік қабілетінің жоғары болуын қалайды, ал берешектер өз қарызын төлемей кетудің жағдайын ойлайды, салық органдары әрбір ұйымның көп мөлшерде пайдамен жұмыс істеуіне тілектестік білдіреді, жұмыс атқарушы қызметкерлер көп сомадағы еңбекақысын алғысы келеді. Міне, осының барлығы жалпы бухгалтерлік есеп жүйесіне қойылған талап қана емес, орындаушы бухгалтерлерге қойылған этикалық және кәсіби талап болып табылатындығын білгеніміз жөн.
Сонымен, жалпы бухгалтерлік есеп жүйесі ұйым деңгейіндегі орындалатын және шешілетін мәселелер қойса, бұларды шешіп, түпкі мақсатқа жеткізушілер бухгалтерлер мен есеп-қисап жұмысын атқарушылар екендігін әрбір бухгалтерлер терең түсінуі керек.
Қандай түрде болмасын ұйымдар мен басқа да құрылымдарда бухгалтерлік есеп жұмысын атқарушы мамандар кезеңді және күнделікті сабақтастық жұмыстар атқарады. Бухгалтерлік есеп жүргізудің кезеңдері төмендегіше:
Информация о работе Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері