Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 18:10, курсовая работа
Бухгалтерлік есепке тән әдістерді, арнайы қолданбалы элементтердің маңызы мен мақсатын терең түсініп, күнделікті эконмикалық өмірге пайдалану үшін, біздер қарапайым, түсінікті тілмен сөйлесе білуіміз керек. Бухгалтерлік есеп жүйесінде көптеген күрделі және осы пәнге тән арнайы терминдер көптеп қолданылады. Нарықтық экономика заманында бухгалтерлік есепті «бизнес тілі» деп те атайды.
Бұл айтылғандарға қосымша: бухгалтерлік есеп стандарттары халықаралық деңгейде кабылданған непзгі әдістер мен есеп жүргізудің бағыттары жөніндегі (принцип) жинақталған құжат болып табылатындығын білген жөн. Бухгалтерлік есеп стандарттарына қойылған талаптар, мұның маңызы мен мәні, қажетті тараулар мен есеп стандарттарына тән есеп жүргізу объектілері Қазақстан Республикасында орталықтандырылған әдістемелерге сәйкес жүргізіледі.
Бухгалтерлік есепке тән нұсқаулар мен ережелер бухгалтерлік есеп объектілерінің жекелеген учаскелерінде қолданылады. Көпшілік жағдайда нұсқаулар мен ережелер ұсыныс ретінде қабылданып, есеп объектілерінің жекелеген түрлері (мысалға, амортизация есептеу, құндылықтарды бағалау, өнімнің өзіндік құнын шығару, пайыздық ставкалар белгілеу т.с.с.) өрісінде қолданылады.
Ұйымдарда аткарылатын шаруашылық қызметтер мен технологиялық ерекшеліктерге сай, ұйымдар өздеріне тән және ыңғайлы болып танылған есеп саясатын қабылдайтындығына байланысты ішкі ережелер мен нұсқаулар енгізуіне болады. Сапалы түрде жасалған ұйымдардың есеп саясаты бухгалтерлік есеп жүргізу жолдарын оңтайлы бағытта ұйымдастыруға негіз бола алатындығын есте сақтаған жөн.
Ішкі
ереже-нұсқаулар жекелеген
Нарықтык қатынастар жүйесінің заңдылығы мен коммерциялық құпияның сақталуына байланысты көптеген есеп көрсеткіштері шектеулі түрде жариялана бастады. Мұндай жағдайларды бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдық тұрғыдан қараған кезде ескерген жөн.
Нарықтық қатынастар заңдылығына тән әрбір өнім өндіріп, қызмет көрсетуші ұйымдар базарлы сауданың жеңімпазы болғысы келетіні рас. Сондықтан ұйымдар тұрақты сатып алушыларды іздеп, бұлардың төлем өтеушілік қабілеті мен беделі және атағын зерттейді. Осыған орай әрбір тауар өндірушілер өз еліміздегі және шетелдік сатып алушылар мен тұрғын қалықтар тобын зерттеп, сату нәтижесінің қаржылық тиімділігін мақсат тұтады. Сапалы тауарлар өндірудің бұларды саудаға салудың тиімді жолдарын табу жөніндегі тактикалық және старатегиялық шешімдер қабылдау тұрғысында бухгалтерлік ақпараттар мен маркетингтік зерттеулер арасында тығыз байланыс орнауы керек. Бухгалтерлік есеп мәліметтерін кеңінен пайдаланып, соның негізінде нәтижелі талдау жұмысын ұйымдастыру, экономикалық шешім қабылдау бухгалтерлік есептің соңғы кезеңіне жатады.
Бухгалтерлердің жұмыс орнын автоматтандырудың болашағы зор. Сондықтан ұйымдар осы заманғы өлшеу мен есептеу аспаптарын, ақпараттарды тіркеуді және оларды механикаландыру мен автоматтандыру құралдарын кеңінен пайдаланып, интернеттік жүйеге енуді мақсат тұтуы қажет. Осы айтылғандарды іске асыру үшін әрбір ұйымдарда бухгалтерлік есеп мәліметтерін автоматтандыру мен өңдеу жөнінде арнайы бағдарлама жасау қажеттігі туындайды.
Бухгалтерлік есеп мамандарының кәсіби тұрғыда аса жоғары деңгейде болуы, бұлардың ұйымдастырушылық қабілетінің ерекшелігі, саналы түрде шешім қабылдап, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін аянбай еңбек етуі - нарықтық экономиканың қозғаушы күшінің негізіне жатады.
Ұйымдарда тағайындалған бухгалтерлер өздеріне тапсырылған міндетті жұмыстар атқарып, есеп объектілеріне тән бастапқы құжаттардан туындайтын ақпараттарды жинақтап, қойылған тәртіпке сай қорытынды есеп жасап, мүның өзін тиісті органдарға тапсырады. Аталмыш жұмыстарды атқару үшін кез-келген ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жүмысы жақсы және сапалы үйымдастырылуы керектігі бұрын да айтылған. Бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру жауапкершілігі ұйым басшысының құзырында болады.
Ұйым басшысы есеп жұмысының дұрыс жүргізілуін, барлық бөлімшелер мен мұндағы есеп жұмысын атқарушы қызметкерлерге, сондай-ақ есеп-хисап жұмысына қатысты адамдарға, бастапқы құжаттар жасаушы жауапты тұлғаларға жақсы жағдай туғызуы керек.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру ұйымдар бухгалтериясында іске асырылады. Бухгалтерияның аппаратын бас бухгалтер басқарады. Ұйымның бас бухгалтеріне өз уақытында және сенімді есеп жүргізу, тауарлы-материалды құндылықтардың тиімді жұмсалуы, қаржы ресурстарын қалыптастыру, экономикалық және қаржылық талдауды өз мәнінде жүргізу, болашақтағы жағдай үшін ұсыныс енгізу т.б. экономикалық-қаржылық мәселелерді ұйымдастыру тапсырылады.
Бухгалтерияда
атқарылатын жұмыстардың өрісі
немесе ұйымның бухгалтерлік аппараты
өндірістік бөлімшелер, цехтар, баска
да бөлімшелер мен басқармалар және
есеп беруге міндетті адамдармен тығыз
байланыста болуы керек. Нарықтық экономикалық
қатынастар бағытын жетілдіру мақсатына
сай үйымның бухгалтериясында қызмет
атқарушы бухгалтерлер сыртқы қаржы
салымшы инвесторлар мен
Бухгалтерлік есеп аппаратының айрықша атқаратын міндетінің ең негізгісі - тексеру мен бақылау міндетін орындау болып табылады. Бухгалтерия аппараты орындайтын тексеру жұмысы алдын-ала, ағымдағы және келесі тексеру болып үшке бөлінеді.
Алдын-ала тексеру деп - мүмкін болатын шаруашылық операцияларының орындалуына дейінгі жүргізілетін тексеруді айтады. Алдын-ала тексеру жұмысы ақша қаражаттарын кіріске алып, бұларды жұмсау, тауарлы-материалды құндылықтар қозғалысы, қаржылық қорытынды нәтижесі, несие алу мен жұмсау, т.б. шаруашылық операцияларының барлығы да ұйым басшысының және бас бухгалтердің қойған қолымен бекітіліп расталады. Сондықтан, ұйымның бас бухгалтері немесе басқа да өкілеттілігі бар жауапты адамдар бастапқы құжаттарға жазылған мәліметтердің заңдылығы мен тиімділігін, дұрыстығын алдын-ала мұқият тексеруге міндетті.
Ағымдағы тексеру деп - шаруашылық операциялары орындалған сәтте немесе оның артынан іле-шала жүргізілетін тексеруді айтады. Шаруашылық операциялары тіркелген құжаттардағы мәліметтер заңдылық пен тиімділік жағынан тексеріліп, мұндағы қолданылған арифметикалық есептуелер мен бағалау амалдарыньщ дұрыс қолданылғандығы қадағаланады. Құжаттар ағымдағы тексеруден өткен соң, ондағы мәліметтер бухгалтерлік есеп регистрларына жинақталып жазылады.
Келесі тексеру деп - шаруашылық операцияларының орындалған сәтінен бастап белгілі бір уақыт өткеннен кейінгі жүргізілетін тексеруді айтады. Келесі тексеру есепті кезеңге сай жүргізіледі. Тексерудің бұл түрі ұйымның және осы ұйым құрамындағы бөлімшелер мен қаржы-шаруашылық қызметі өрісінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда кейбір есеп объектілері бойынша орын алған шаруашылық операцияларының маңызын, он күндік, айлық, тоқсандық, т.с.с. кезеңдер бойынша да тексереді.
Ұйымдардағы есеп пен тексеру жұмысын осы ұйым құрамында құрылған бухгалтерия, мұндағы бухгалтерлер атқарады. Бухгалтерия ұйымдық құрылымның ең бастысы болып табылады. Бухгалтерия аппараты ұйым басшысына бағынышты болып, ұйымның атқаратын жұмыстарының көлеміне қарай міндетті қызметтер атқарушы бухгалтерлер тағайындалады. Бухгалтерия жұмысын тиімді қалыптастыру үшін бухгалтерия аппаратын, мұндағы бөлімдерді дұрыс қарап, есеп қызметкерлерін, бұлардың білімі мен тәжірибесіне қарай орналастырудың маңызы зор.
Ұйымдарда ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп түріне (форма) сай бухгалтерлік аппараттың құрылымы деп - өзара байланыста болатын ұйымдық тұрғыдағы бөлімдер мен құрылған топтарды, бұлардың құрамы мен біріне-бірінің бағыныштылығын, сондай-ақ атқаратын кәсіби міндеттерін айтады. Яғни бухгалтерлік аппарат құрылымы жекелеген бөлшдер мен еңбектің бөлінуіне, бухгалтерияда қызмет атқарушы мамандардың кәсіби білімі мен тәжірибесіне қарай қалыптасады.
Ұйым көлемі мен атқаратын шаруашылық қызметінің ерекшеліктеріне сай есеп жүргізу еңбегі кәсіби түрде белгіленеді. Мысалға, негізгі өндіріске жұмсалатын шығындар есебін бухгалтерияның бір бөлігі жүргізсе, жанама өндіріс шығындары есебін жүргізу бухгалтерияның басқа бөліміне тапсырылуы мүмкін. Яғни бір циклға тән есеп жұмысын басынан аяғына дейін бір адам немесе бір бөлім орындайды.
Сонымен қатар, есеп жүмысын кәсіби түрғыда орталықтандырып ұйымдастырған жағдайда әрбір бухгалтер бір тектес шаруашылық операциялары жөніндегі есепті жүргізеді. Мысалға, еңбекке ақы төлеу жөніндегі есеп жүргізу үшін бір бухгалтер (топ) есептің осы учаскедегі бастапқы құжаттарды қабылдап, мұның дұрыстығын тексерсе, екінші бухгалтер осы құжаттарға сай еңбекақы есептейді, оның мөлшерін көрсетеді, ал үшінші бухгалтер есеп регистрларын жасап, счеттарды корреспонденциялайды. Бухгалтериядағы атқарылатын еңбек пен атқарылатын міндеттерді бөлісу, ұйымның өндірістік немесе қызмет көрсету көлеміне байланысты болады. Бухгалтерлік аппарат құрылымы мен мұның күрделілігі ұйымдағы еңбек етуші адамдар саны мен технологиялық ерекшеліктер, атқарылатын жұмыстардың маңыздылығы мен күрделілігіне де байланысты.
Көлемі жағынан шағын құрылымдарда бухгалтерлік аппарат құрылымы қарапайым және жеңіл жолдармен қалыптасады. Мұндай құрылымдарда атқарылатын бухгалтерлік есеп жұмыстарын жекелеген бөлімдер құрмай-ақ, атқарушы бухгалтерлерге есеп объектілері мен жүргізетін счеттарды бөліп беру мен тапсыру арқылы да орындауға болады.
Көлемі жағынан үлкен және орта ұйымдарда есеп объектілері едәуір күрделі жағдайды қамтамасыз ету үшін құрылады. Ұйым қызметінің көлемділігі мен есеп объектілері өрісіне қарай бухгалтерия аппаратын жекелеген бөлімдер құру арқылы қалыптастырған жөн. Бухгалтерия құрамында арнайы бөлімдер кұру ісі есеп объектілерінің негізгі учаскелеріне байланысты болады. Ұйым бухгалтериясында жүргізілетін есеп жұмыстарының күрделілігі мен көлеміне қарай жекелеген бөлімдер мен секторлар құру ісі де тәжірибеге енген.
Мұндай бөлімдер мен секторлар: еңбекақы төлеу, материалдық ресурстар, өндірістік шығындар, дайын өнімдер мен бұларды сату, есеп айырысу операциялары, басқадай операциялар жүргізу үшін құрылады. Сонымен қатар есеп ақпараттарын жинақтаушы және қорытынды есеп жасау жөніндегі бөлім құрылуы да мүмкін.
Іс-тәжірибеде қалыптасқан және көптеген ірі ұйымдарда қазіргі кезеңде құрылып, қалыпты жұмыстар атқарушы бухгалтерия құрылымын төмендегі 2.3. сүлбеден көреміз.
Еңбекақы
төлеу білімі (есеп айырысу еңбек
уақытының есебін, тиісті адамдарға
есептелінген еңбек акының есебін төлеу
ведомосы, осы жүйедегі операциялар)
еңбекақыға байланысты есеп-хисап жұмысының
басынан бастап соңына дейін жүргізеді.
Еңбекақыға байланысты тиісті қорытындылау
мен тексеру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық
мәліметтер негізінде басқарушылық үрдісіне
байланысты талдау жұмыстарын да ұйымдастырады.
2.3. сүлбе
Материалдық ресурстар есебін жүргізуші бөлім тауарлы-материалды құндылықтар, негізгі құралдар мен материалды емес активтер. салынған күрделі қаржы қозғалысын, бұларға тән есеп жүргізудің барлық әдістемелік жолдарын пайдаланып, түгендеу мен талдау жұмыстарын тиянақты орындауға міндетті. Сонымен қатар халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына және есеп саясатына байланысты материалдық принципті сақтауға міндетті.
Өндірістік бөлім - өндіріс шығындары есебін, өндірілген өнімнің өзіндік құнын, еңбек және материалдық шығындарға тексеру мен талдау жүргізу, аяқталмаған өндірістің есебі мен түгендеуге тән есеп жұмысын жүргізеді. Бұл бөлім қорытынды есеп жасап, ақшалай өлшем мен өзіндік құн принципін сақтауы керек.
Дайын өнімдер бөлімі-өндірілген дайын өнімдер есебін, қолда бар дайын өнімдер қозғалысын, өнімдерді жөнелту мен сату, сатып алушылармен жасалған келісім-шарттың, сондай-ақ есептесу принципін, қоюшы - мердігерлермен есеп айырысуды қатаң түрде бақылай отырып, осы бөлімге байланысты есеп-қисап жұмысын толығымен орындауға міндетті.
Егер ұйым бойынша банктермен есеп айырысу, басқалай есеп айырысу операциялары, бюджетпен есеп айырысу, салық төлеу декларацияларын толтыру, сондай-ақ ақша қаражаттары жөніндегі операциялар көп көлемде орындалатын жағдайда, ұйым бойынша арнайы бөлім құрылуы мүмкін. Мұндай бөлімге қаржы кызметін ұйымдастыру жағы да тапсырылуы мүмкін. Қаржы қызметінің жұмысын бұл бөлімге тапсыру, осы ұйым бойынша қаржылық бөлім ұйымдаспаған жағдайда орындалады.
Меншікті капитал, қорлар мен қаржы қортындысының есебі, еншілес ұйымдар арасындағы қаржылық қатынастар, Ішкі шаруашылықтық қатынастар, қаржы салушы инвесторлардың жағдайы жөніндегі мәліметтердің есебі, ұйым ерекшелігі мен көлеміне қарай басқадай операциялар есебін жүргізуші бөлімге тапсырылады.
Бухгалтерлік есеп жөніндегі барлық ақпараттар мен мәліметтерді жинақтау, бухгалтерлік баланспен қорытынды есеп жасау, бухгалтерияның барлық бөлімдері арасындағы жұмыстарды үйлестіру, ұйымдағы барлық есеп-хисап жұмысын ұйымдастыру, қажет болған жағдайда бухгалтерлік есеп объектілері бойынша ішкі әдістемелік құжаттар жасап, есеп саясатын жасау жинақтаушы бөлімнің міндетіне жүктеледі.
Информация о работе Бухгалтерлік есеп - бизнестің тілі және шаруашылық фактілері